Г.Спенсер – әлеуметтанудың негізін қалаушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 18:18, реферат

Краткое описание

Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында өмір сүру күрес құралдары әртүрлі келеді. Қоғамның бірінші түрі әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске жетеді. Осындай күрес түрі қоғам үшін қолайлы, себебі бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді. Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді. Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.

Содержание

1 Г.Спенсер – әлеуметтанудың негізін қалаушы.
2 Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі сипаты.
3 Герберт Спенсер позитивизмнің негізін қалаушы.
4 Ғылымдарды топтастыра жіктеу.
5 Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 25.81 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар:

1 Г.Спенсер – әлеуметтанудың негізін қалаушы.

2 Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі сипаты.

3 Герберт Спенсер позитивизмнің негізін қалаушы.

4 Ғылымдарды топтастыра  жіктеу.

5 Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастаудың негіздері» (1862), «Биология негіздері» (1864-1867), «Психология негіздері» (1870-1872), «Әлеуметтану негіздері» (1876—1896) деген еңбектерінде баяндады. Спенсердің әлеуметтануының аса құнды жағы — «Әмбебап эволюция заңы». Бұл заң бойынша эволюция — дамудың бірден-бір қайнар көзі. «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінде Г. Спенсер осы идеясын тереңдете келіп, коғам организм іспетті немесе асқан органикалық агрегат сияқты деген басты тезисін негіздеді. Коғам мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы қарым - қатынас энергияның реттеу принципі арқылы болады. Бұл заңдылық әр түрлі коғамдар мен сол коғамдарды құрайтын жеке адамдардың арасында өмір сүру үшін болатын күрестерде көрінеді. Күрес әмбебап және коғамдық эволюцияның негізгі қозғаушы күші болып табылады.Спенсер коғам мен биологиялық организм арасындағы ұқсастықты толық мойындағанымен, бұл мәселеде ол жалғыз емес еді.

Қоғамды толығымен биологиялық организмге ұқсастыру қате болған болар еді, өйткені олардың принциптікі тұрғыдан өзгешеліктері бар, ол кем дегенде үш мәселеде көрінеді:

1)    биологиялық организм — бұл нақты тұтастық, оның бүкіл органдары тығыз байланысқан. Қоғам - дискреттік тұтастық, оның тірі құрылымдары мен элементтері бір-бірінен азды - кепті еркін және уақыт пен кеңістікте бытыраңқы орналасқан;

2)    ойлау және сезім функциялары био организмнің белгілі бір бөлімінде ғана шоғырланған, ал коғамда ойлау мен көңіл - күй (эмоция) барлық құрылымдар мен элементтерге тән;

3)    биологиялық организмде элементтер тұтастық үшін өмір сүреді, ал коғамда бұл жағдай керісінше болады. Адамдар коғамға қызмет етпейді, керісінше коғам адамдарға кызмет етеді.

4)құрылым мен функциялардың күрделенуі жекелеген бөлімдер арасындағы өзара әрекеттің дамуына соқтырады;

5)    жекелеген бөлімдер (органдар) тіптен тұтастықтың өмірінің берекесі кеткен жағдайдың өзінде де белгілі бір уақытқа дейін өмір сүре алады.

Спенсер организмнің ерекшелігін индивидтің автономиясын сақтап қалуға, жүйенің адамды жұтып қоюына жол бермеуге тырысқандығында деп түсіндірді.

Г. Спенсер қоғамдық өмірде мемлекеттің ролін шектеуді, тіптен кедейлерге көмек немесе балаларға тәрбие беру жөніндегі қамқорлығынан да бас тартуды ұсынды. Ол отаршылдық экспансияны сынады, өйткені бұл мемлекеттік бюрократияның күшеюіне әкеліп соғатын еді. Спенсердің пікірінше, кез келген коғамның дамуы органдардың үш жүйесінің негізінде іске асады:

1) сүйемелдеуші жүйе. Бұл  организмді қоректендірісі, оның дамуын қамтамасыз ететін болса, қоғам да оның дамуына қажетті өнімдерді шығаратын өндіріс бөлімдерінен құралады;

2) бөлуші жүйе - еңбек бөлінісінің  негізінде қалыптасқан әлеуметтік  организмнің әр түрлі бөлімдерінің байланысын қамтамасыз етеді;

3) реттеуші жүйе —  қоғамның кұрамды бөлімдерін біртұтас орталыққа бағындырып, мемлекет тарапынан оның дамуын реттеп отырады. Осы жүйелердің әрқайсысы әлеуметтік институттардан тұрады. Бұл ұғымдармен Спенсер «әлеуметтік әрекеттің тұрақты құрылымдарын» белгіледі. Реттеу жүйесін сипаттай келіп, ол адамдар мінез - құлқын қадағалайтын «әлеуметтік бақылау» институттарын бөліп көрсетеді және оның қатарына мемлекетті (саяси басқару), шіркеуді, отбасын, салт және дәстүрлерді жатқызады. Әлеуметтік институттарды зерттеу, Спенсердің пікірі бойынша, әлеуметтанудың маңызды міндеті.О. Конт, Г. Спенсермен катар әлеуметтанудың ғылым болып дамуына зор үлес қосқан К. Маркс пен Ф. Энгельс болды.

Спенсер өз өмірінің көп бөлігін түрлі академиялық және ресми қызметтерден бас тартқан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол темір жолда инженер-бақылаушы болып (1837-1846), «Экономист» журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет атқарды, саяси әмірге араласуға тырысты.

Спенсердің басты еңбегі – «Синтетикалық философия» жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: «Негізгі бастамалар» (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), «Биологияның негіздемелері» (1876-1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері «Әлеуметтік статистика» (1850) және «Социология зерттеу пәні ретінде» (1873).

Спенсерді позивитизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен  сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.Спенсердің барлық социологиялық ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған, Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық теориясы – табиғат философиясының қосалқы бөлшегі, өйткені әлеуметтік эволюция – әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволюция заңы басқарады. Ғылым да, философия да дүниені бір ғана бағалау және индукция тәсілімен зерттеп біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген.Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды.Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ,1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.Г.Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді. Спенсер дің философиялық көзқарасы О.Конттың, Д.Юмның, Дж.Милльдің әсерімен қалыптасты. Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Ғылым жеке тұлғаның тәжірибесіне немесе жалған негізге сүйенгендіктен құбылыстардың ішкі мәніне бойлай алмайды деп білді. Объективті дүниені танып-білуге болмайды деген ұйғарым діни көзқараспен сабақтасып жатуынан, Спенсер дің ғылым мен дінді ұштастыратыны көрінеді. Спенсер дің ілімінде агностицизм объективті идеализм элементтерімен ұштасып жатады. Спенсер дің эволюц. тұжырымдамасы оның әлеум. көзқарасымен қоғамның органик. теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социалдық құрылымға қарсы болып, төңкерісшілдікті қоғамдық организмнің індеті деп білдіСпенсер өзінің «Синтетикалық философиясында» жасағанын еске салу аса қажет бола қоймас. Осынау ұлы туындыда әлеуметтану принциптері психология мен биология принциптерінің шығарылған болатын. Әлеуметтік даму органикадан жоғары тұрған эволюция ретінде қарастырылады. Ол адам өмірінің барлық органикалық және психикалық құбылыстары ең ауқымды пошымдарда шым-шытырақ, бірақ дұрыс байланысқан про-цестерден тұрады. Спенсерде қоғам уғымы Конттікінен неғұрлым айқынырақ. Спенсердің пікірі бойынша, қоғам Гоббс 
«Левифанындағы» жай ғана фантастикалық ұқсастыру түріндегі организм емес, нақты болмыста бар, тек инсанияттық кана емес, физиологиялық турғыдағы организм, өйткені қо-ғамның құрылысында жекелеген кісілерден сол кісілердің топтары мен ұйымдарына берілетін еңбек бөлінісі байқалады. Онда өнеркәсіп топтарынан тұратын қоректендіруші жүйе; сауда операцияларынан тұратын бөліну жуйе; саяси жэне діни қызметтен тұратын реттеуші жүйе бар. Спенсер адамзаттың этикалық прогресі мен бақыты қоғамның осынау кызметтік ұйымдасуына тәуелді екенін көрсетуге көп күш жұмсайды, бірақ ол Платонның еңбегін әлеуметтік бөлінісінен этикалық өмірдің тұғыры мен шынайы тұрпатын тапкан, сөйтіп қоғамды адамның кісілік жетілінуінің құралы деп уғынуға жол ашқан ойын, біз қалай алатын дәрежеде, әрі қарай соншалық толық дамытпайды. 
Спенсер бұл тұрғыдан оншалық қанағаттандыра қоймаса да, оның әлеуметтік ұйымды бүкіләлемдік физикалық процеспен біріктірудегі толық айқыидылығы жөнінде біз қояр кінә мардымсыз. Спенсердің әлеуметтік доктриналарына өз үкімдерін шығарған жазушылардың көпшілігі оның байламдары шығарылған принциптерге көңіл аудармады. Олар оның әлеуметтанушылык жуйесін әлеуметтанушылық атауы бар кітаптарынан іздеді, ал шындығында оның әлеуметтанушылық ойларының негізгі теоремалары «First Principles» деп аталатын еңбегінің бүкіл екінші бөлігінде шашырап жатыр және бұл ойларды бір жерге жинақтау ушін оқырманның біраз тер төгуіне тура келеді. Жинап алынған бұл теоремалар қозғалыстың кұші, бағыты мен ырғағы, тұрақтылығы материяның кірігуі мен пошымнын жіктелуі заңдары арқылы әлеуметтік өзгерістердің түсудірілуіне қызмет етеді олардың барлығы бірігіп Спенсердің бүкіл әлемдік эволюция туралы жақсы таныс формуласын құрайды. Материалдық дүние мен тірі организм сияқты қоғам да кірігу мен жіктелуге бейім. Ол ұйымдаспаған ахуалдың біртекттілігі мен бұлдырлығынан ұйымдасқан ахуалдың көп тектілігі мен айқындығына көшеді. Осынау барлық өзгерістердің түпуі себебі — қуаттың бүкіләлемділік тепетеңдігі. Конт таза риторикалық мәнінде «әлеуметтік статика» терминін әлеуметтік реттіліктің атауы ретінде, ал «әлеуметтік динамика» терминін прогресс атауы ретінде қолданды. Неғұрлым ғылыми негізден айнымайтын Спенсер неғұрлым дәл физикалық уғымдарды ұстанады. Әлеуметтік статика оның ойынша, әлеуметтік күштерді тепетеңдік калпында зерттеу. Нақты болмыста, қоғам мен оның ортасының арасындағы қуат тепе-теңдігінің салдары болып табылатын өзгерістер салдарынан мінсіз тепе-теңкке ешқашан қол жеткен емес. Алайда, нақты болмыста статикалық және кинетикалық ұмтылыстар өзінен-өзі теңеседі және соньң нәтижесі Күн жүйесіндегі немесе тірі тәндегі сияқты, қоғамдағы орнықсыз тепе-теңдік болып табылады. Франклин Гиддингс (1855- 1931-) американ әлеуметтанушысы. Герберт Спенсердің эволюииялық идеяларын салыатырмалы және тарихи талдау саласында колданған алгашқы американ әлеумет-танушыларының бірі. Оның бастсапқы еңбектері психоло-гиялық эволюционизм мәселелеріне арналған болатын. Он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған оның еңбектері американ әлеуметтануының дамуындағы бірнеше сипатты бағытты, соның ішінде психология саласындағы теорияларға ынта қойғанын көрсетеді.Кеиінгі еңбектерін-де бихевиоризм мәселелерін құлшына зерттеп, бұл жұмыс американ неопозитивизмін дамыту үшін елеулі түрткі болды. Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында өмір сүру күрес құралдары әртүрлі келеді. Қоғамның бірінші түрі әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске жетеді. Осындай күрес түрі қоғам үшін қолайлы, себебі бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді. Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді. Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Спенсер фи-лософиясында бұл пікір ішінара теріс ыңғай алды. Мемлекеттік қайраткер өз өнерімен қоғамды жақсарта алмайды, есесіне оны шексіз құлдырата алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 Артемьев А.И., Бейсенов Б. “Тұлға социологиясы”

2 Әбсаттаров Р. Дәкенов М. “Әлеуметтану” Алматы.

3 Әбдікерова Г.О. “Тұлғаның саяси әлеуметтенуі” Алматы.

4 Әлемдік әлеуметтану  антологиясы 1-том.К.Ү.Биекенов 
     қазақш. ред. басқ. Н. Оразбек ; аударма сарапшы: Ж. 
     Ысмағұлов. (Алматы 2005)

5 Б. Ғ.Аяған, М. С. Әженов қазақш. ред. басқ. Н. Оразбек 

 


Информация о работе Г.Спенсер – әлеуметтанудың негізін қалаушы