Шешуші сұлбалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 18:05, реферат

Краткое описание

Шешуші сұлбалар (орыс. решающие схемы). Дискретті ақпаратты тарату жүйесіндегі берілуге тиіс хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысына жататынын анықтайтын қабылдау орнындағы құрылғыны шешуші сұлба деп айтады. Қабылдау құрылғысы жұмысының негізі — кез келген қабылданған сигналды s(t) хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысына жататынын анықтау. Ол үшін берілген хабарларды көптеген бөліктерге бөліп, солардың біреуіне айналдырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шешуші сұлбалар.docx

— 101.71 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

 

Шешуші сұлбалар (орыс. решающие схемы). Дискретті ақпаратты тарату жүйесіндегі берілуге тиіс хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысына жататынын анықтайтын қабылдау орнындағы құрылғыны шешуші сұлба деп айтады. Қабылдау құрылғысы жұмысының негізі — кез келген қабылданған сигналды хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысына жататынын анықтау. Ол үшін берілген хабарларды көптеген бөліктерге бөліп, солардың біреуіне айналдырады. Мұндай айналдырудың бірнеше әдістері бар. Қазіргі іс жүзінде кездесетін байланыс жүйелерінде қабылданған сигнал, алдымен кодалық символдарға, содан кейін хабарға айналдырылады. Қабылданған сигналды бірнеше бөліктерге бөліп, кодалық символдарға айналдырушы құрылғыны шешуші немесе бірінші шешуші сұлба деп атайды. Бірінші шешуші сұлба қабылданған сигнал бөлігін белгілі бір кодалық символға телиді. Мұндай жұмысты, әдетте, модуляциядан шығару немесе жай ғана демодуляциялау дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Шешуші сұлбалар

 

 

Шешуші сұлбалар (орыс. решающие схемы). Дискретті ақпаратты тарату жүйесіндегі берілуге тиіс хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысына жататынын анықтайтын қабылдау орнындағы құрылғыны шешуші сұлба деп айтады. Қабылдау құрылғысы жұмысының негізі — кез келген қабылданған сигналды хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысына жататынын анықтау. Ол үшін берілген хабарларды көптеген бөліктерге бөліп, солардың біреуіне айналдырады. Мұндай айналдырудың бірнеше әдістері бар. Қазіргі іс жүзінде кездесетін байланыс жүйелерінде қабылданған сигнал, алдымен кодалық символдарға, содан кейін хабарға айналдырылады. Қабылданған сигналды бірнеше бөліктерге бөліп, кодалық символдарға айналдырушы құрылғыны шешуші немесе бірінші шешуші сұлба деп атайды. Бірінші шешуші сұлба қабылданған сигнал бөлігін белгілі бір кодалық символға телиді. Мұндай жұмысты, әдетте, модуляциядан шығару немесе жай ғана демодуляциялау дейді.

Алдымен  реттелген бұзушылықтарымен бөгеуліктері бар арна мен қабылданған сигнал бойынша берілген хабарды анықтаудың жалпы түрін қарайық.

Үзілісті информацияны тарату жүйесіндегі қабылдау құрылғысының міндеті берілуге тиіс хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысының берілгендігі туралы шешім шығару. Қабылдау құрылғысының жұмысының негізгі кез келген қабылданған сигналды көп хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың біреуіне айналдыру. Мұндай айналдырудың көптеген әдістерін қабылданған сигналдарды көптеген бөліктерге бөліп, оның әр қайсысын берілетін хабарлардың әрқайсысына телу әдістеріне келтіруге болады.

Қазіргі іс жүзінде кездесетін байланыс жүйелерінде қабылданған сигнал бірден берілген хабарға айналдырылмай, алдымен кодалық символдарға айналдырылып содан кейін хабарға айналдырылады.

Қабылданған сигналды көптеген бөліктерге бөлуші сұлбаны шешуші сұлба немесе  бірінші шешуші сұлба деп атайды. Бірінші шешуші сұлбада қабылданған сигнал бөлігін белгілі бір кодалық символға телиді. Мұндай жұмыстымодуляциядан шығару деп те атайды.

 

 

  1. Модуляциядан шығару әдістері

 

 

Модуляциядан шығару жұмысының нәтижесінде сигналдар элементтерінің тізбегі кодалық символдар тізбегіне айналдырылады. Осыдан кейін кодалық символдар тізбегі берілген хабардағы әріптер тізбегіне айналдырылуы керек. Оны кодадан шығару деп атайды.

Кодадан шығару жұмысы “екінші шешуші сұлбамен ” атқарылады. Бұл сұлба қабылданған кодалық символдар тізбегін топтарға бөліп және сол топтарға келетін әріптердің сәйкестігін шешеді.

Кейде қабылданған сигналдар элементтерінің тізбегін кодалық символдарға айналдырып жатпай бірден хабарлардың әріптерін табатын біріккен сұлбалар болады. Қабылдаудың мұндай әдісін “бірден қабылдау ” әдісі деп атайды. Белгілі бір жағдайларда “бірден қабылдау” әдісінің “біртіндеп қабылдау” әдісіне қарағандағы жетістігі қабылданған хабардың өте жоғары дәрежедегі дәлдігін қамтамасыз етуінде болып отыр. Бірақ біртіндеп қабылдау әдісі өте қарапайым сондықтан оның орындалуы жеңіл. Сол себепті жоғары дәрежелі дәлдік талап өтілмейтін жағдайда біртіндеп қабылдау әдісі көп қолданылады.

Шешуші сұлбаларда қабылданатын көптеген сигналдар элементтерін кодалық символдарға (хабарлар элементтеріне) айналдырудың көптеген әдістері болады. Байланыс теориясының алдында қойылатын ең маңызды мәселе сол әдістердің ішіндегі ең қолайлысын табу. Ол үшін математикалық статистика есебін шығарып теориялық болжам тексерісін қолдану керек. Бұл жердегі болжау қандай хабар берілгенін шамалауы керек. Шешуші сұлбаны осы болжамдардың біреуін қалауы керек. Әрине барлық уақытта болжам нақтылы нәтижемен сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Кодалық әдісі бірдей болғанның өзінже хабар тарату жүйесінің негізгі сипаттамалары (жылдамдық, орташа тәуелділік және т.б.) модуляциядан шығару әдісіне және оның кодадан шығару ісіне үйлесімділігіне байланысты болады.

Бірдей уақыттағы екілік жүйемен істейтін қабылдағышқа бұзылған сигнал бөлігі келеді делік. Ол қабылдағышта өңделіп сигналына  айналдырылады.

 



 

 

2.1-сурет. Сигналды өңдейтін қабылдағыштың сұлбасы

 

Жалпы алғанда  -сигналының шамасы кездейсоқ шама. Егер n-орынды кодалық комбинациясы берілген болса қабылдағыштан шығатын сигнал болуы керек. Осындай сигналдар жиынтығына қарап қандай хабар берілгендігі туралы шешім қабылдануы керек. Ол сигналды түрлендіру модуляциядан шығару әдісіне байланысты болады.

Екілік жүйеден берілетін хабар каналдағы кездейсоқ сигнал немесе заңдылығымен таралған көптеген кездейсоқ шамалардың бірі болады. Егер кодалық комбинацияның – орындағы символ =0 болса, онда заңдылығы болады да, ал егер =1 болса, онда заңдылығы болады.

 

 

 

2.2-сурет. Кодалық комбинацияның заңдылығының сұлбасы

 

Осы заңдылықтардың орташа мәндері

 

                                                                (2.1)                           

 

Қазіргі уақыттағы күрделі сигналды қабылдаудағы көп таралған “біртіндеп қабылдау” әдісі. (2.3-сурет)

 

 

                                                                                                    шешім                                    


   


 

 

2.3-сурет. “Біртіндеп қабылдау” әдісінің сұлбасы

 

Қабылдағыштан шыққан сигнал 1-ші шешуші сұлбада модуляциядан шығарылып кодалық символдарға (“0” немесе “1”) айналдырылады. Одан кейін орынды символдардан тұратын кодалық комбинация 2-ші шешуші сұлбада берілген хабар бөлігіне (әріпке) айналдырылады. Екінші шешуші сұлба кодадан шығарушы құрылғының міндетін атқарады. Қабылдау құрылғысының белгілі бір жұмыс жағдайында белгілі кода мен берілген сигналдың кодадан шығару жұмысымен модуляциядан шығару жұмысымен модуляциядан шығару жұмысын үйлестіріп ең қолайлы түрін табу символы мен символына айыратын шекті шамасын анықтауға саяды.

Сөйтіп қабылдау құрылғысының қолайлы жұмыс істеу жағдайын шешілген мәселенің өзі  “ бірден қабылдау ”  сұлбасындағыдай  (2.4-сурет)

болмайды.

 

 

                                                                                  шешім


                                                      12                                         


 

 

2.4-сурет. “Бірден қабылдау” әдісінің сұлбасы

 

Мұнда “ бірден қабылдау ”  сұлбасы қабылданған сигналдар тізбегіне сәйкес бөлігін (әріпті) бірден анықтап шешім қабылдайды. Бірақ ол үшін жиынтығынан тұратын сұлбаларды салыстырып сәйкестігін анықтау үшін “ бірден қабылдау ” құрылғысының құрылысы “ бірден қабылдау ”  әдісіндегі құрылғылардан әлдеқайда күрделі болады.

Осыған байланысты модуляциядан шығарушы құрылғы (бірінші шешуші сұлбамен) кодадан шығарушы (екінші шешуші сұлба) жұмыстарын үйлестірудегі ең қолайлы жағдайын табу үшін сараптап талдау жұмыстарын жүргізуі керек. Біртіндеп қабылдау әдісінің қарапайымдылығын сұлба құру жұмысының жеңілдігін пайдаланып, бірақ олардың жұмыстарын үйлестіргендегі алынатын нәтиженің дәлдігі “ бірден қабылдау ”  сұлбасына жақын жағдайын қарастыру керек.

 

 

3. Кодадан шығару әдістері

 

 

Осындай әдістердің бірнеше түрлері болады:

 

   1.Аналогтық символмен кодадан шығару әдісі. Қабылданған аналогтық сигналдар тізбегінің кездейсоқ мәндерін () рет түрлендіріп салыстыру арқылы берілген хабар бөліктерін () анықтайды. Мұндағы –хабар бөліктерінің (әріптердің) саны, - кодалық комбинацияның информациялық орындарының саны.

Бұл әдіспен кодадан шығарудың тиімділігі қабылданған сигналды күні бұрын қабылдағыш сыртында бөлшектеп бөліп жатпайды. Оларды - түрлі сұлбамен салыстырып берілгенхабар бөлігін (әріпті) бірден анықтайды.

 

    2. Бірінші шешуші сұлбадағы кейбір сипаттамалары екінші шешуші сұлбада да пайдаланылады. Яғни бірінші шешуші сұлба шешім шығарғаннан кейін ондағы мәліметтерді тастап қоймай, егер керек болып қалған жағдайда екінші шешуші сұлбада да пайдаланады. Осындай әдіспен орындалатын құрылғының блок схемасы 3.1-суретте көрсетілген. Қабылдағыштан шыққан 1-ші шешуші сұлбада “біртіндеп қабылдау” әдісіндегідей модуляциядан шығарылып немесе символдары анықталады. Ұқсастықты тексеру құрылысында сигналының кездейсоқ шамаларының жалпы түрде қарағандағы ұқсастығы туралы салыстырмалы талдау жасап оны екінші шешуші схемаға береді. Соның нәтижесінде екінші шешуші сұлбаның шешімінің дәлдігі жоғарылайды. Осы прнципке негізделген әдістердің жұмысы кейінірек қаралады.

 


                                                                                                        шешім



 



 

 

 

3.1-сурет. Ұқсастық тексеру құрылғысы бар қабылдағыштың сұлбасы

 

3. Экстрополяциялы біртіндеп  қабылдау әдісі деп аталатын  әдісте “біртіндеп қабылдау” әдісіндегі бірінші шешуші сұлбадағы алдыңғы элементтің шешімінің ықпалы келесі элементтің шешіміне тиеді. (3.1-сурет)

Бірінші шешуші сұлба -элементіндегі мен деңгейініңайырым шегін қоярда одан алдыңғы қабылданған символдар мәндері ескеріледі. Мысалы, сызықтық кодамен кодланған мәлімет беріледі делік. Информациялық -ші символ қабылданып болғаннан кейін -ші тексеруші символдың мәні оның алдындағы символдарды екілік модулмен қосқан қосындысына тең болуы ықтималдығы болса, оған қарсы нәтиже ықтималдығы болады. Осыған қарап символдың шектік шамасы белгіліенеді. Эктраполятордың негізгі -міндеті алдыңғы қабылданған символдардың мәндерін сараптап талдау жасап, келесі символдағы мен -дің шегін айыратын шаманы белгілеу.

Әрине, мәлімет қабылдау дәлдігін арттырып сонымен қатар құрылғыны тым күрделендіріп басқа да әр түрлі әдістер болулары мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Кодадан шығару жұмысы екінші шешуші схемалармен атқарылады. Бұл сұлба қабылданған кодалық символдар тізбегін топтарға бөліп және сол топтарға келетін әріптердің сәйкестігін шешеді. Кейде кабылданған символдар элементтердің тізбегін кодалық символдарға айналдырып жатпай, бірден хабарлардың әріптерін табатын біріккен схемалар болады. Қабылдаудың мұндай әдісі арқылы "бірден қабылдау" әдісінің "біртіндеп қабылдау" әдісіне қарағанда артықшылығы қабылданған хабарлардың ете жоғары дәрежедегі дәлдігін қамтамасыз етуге болады. Бірақ "біртіндеп қабылдау" әдісі өте қарапайым. Сондықтан жеңіл орындалады. Сол себепті, жоғары дәрежелі дәлдік талап етілмейтін жағдайда "біртіндеп қабылдау" әдісі қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Ниеталин Ж. Электрлік байланыс теориясы. Алматы: - Республикалық баспа кабинеті, 1994. 211-216бет.
  2. Интернет желісі

 

 


Информация о работе Шешуші сұлбалар