Мұсылман құқығының көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 08:10, реферат

Краткое описание

Мұсылман құқығы-қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелердің бірі. Кезінде ол Шығыс елдеріне көптеген ықпалын тигізген және қазір де ықпалын тигізуде. Мұсылман құқығы VIII ғасырдың басында фикх ілімінің ерекше бөлігі ретінде пайда болды. Фикх ілімін оқудың негізгі қайнар көзі ретінде Қалам Аллах пен Суннат ан-Набиді қарастыруға болады. Ол Алланың сөзі мен Мұхаммед Пайғамбардың сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер. Сүннеттерде- Сунна, шиіттерде-ахбар. Юридикалық және діни нормалар Исламда қызмет ету механизмі арқылы мұсылман елдеріндегі реттеуші нормалар болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3
I тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ…………………………………………...5
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері…………………....6
1.2. Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы……………….8
II тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ……………16
2.1. Құран……………………………………………………………………...12
2.2. Сунна……………………………………………………………………...23
2.3. Иджма…………………………………………………………………….23
2.4. Қияс……………………………………………………………………....24
2.5. Фирман, Канун…………………………………………………………...25
III тарау. МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ РЕТТЕЙТІН ҚАТЫНАСТАР………..26
3.1. Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері…………………...26
3.2. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу……………………………….31
3.3. Қылмыс, жаза, сот ісі…………………………………………………….34
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ…………………………………...39

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мұсылман құқығы бакылау.doc

— 174.00 Кб (Скачать документ)

Дінге байланысты кейін пайда болған тұжырымдаманы негізге алды. Басқа жағынан алғанда, араб мұсылман империясының жеңімпаздарын өз жүйесімен, тәртібімен өсіруге мәжбүр болды. Жаулап алынған елдердегі өмір құбылыстарынан тәлім ала отырып, өмір сүрді. Ал иудейдің христиандыққа өту кезеңіне қарағанда ислам догмасы әлдеқайда дәлелденген болып табылады.

Араб жаулап алу жылдарында (639-750) жаулап алушылар қабілетті болып шықты: олар дамыған мәдениеттің жетістігін алып, шын көңілмен пайдаланды, жаңа үлгідегі мұсылмандар ислам дініне өздерінің ойлары мен тәсілдерін әкелді. Бағынышты болған халықтармен ақыл-ойлылық, мазмұндылықпен, шыдамды түрде араласа білді.

Арабтардың бақытына қарай олар әртүрлі облыстардың жақсы мәдениетін қабылдап, осының арқасында мұсылман құқығының негізін жасауға мүмкіншілік алды.

"Діни тарихтардан бізге жақсы  белгілі, - деп жазады көрнекті кеңестік ислам зерттеушісі Е.Н. Беляев.'2 - Бұрын болып кеткен оның оқуын және әсер етуін сынамаған, бұған жатпайтын. Мұндай идеологиялық жүйелер мүлде жоқ. Мұсылман құқығы мен ислам дінінің өзіндік ерекшелігі мынада: олар қоғамдық болмыста қандай да бір кезеңде қандай да бір аумақта көп мәдениет қоныстанған халықтармен бірге дамытты. Олардың экономикалық және мәдени арақатынасы және мәдениеттің болып өткен әсерлері орта ғасырлардағы араб мәдениетінің жарыққа шығуы болды және адамзаттың мәдени даму тарихындағы оның орны ерекше еді. Құран - бұл исламның "Библиясы". Бұны бір жағынан күрделі, қарама-қарсы мағынадағы ережелердің жинағы деуге келеді. Ал екінші жағынан-күрделі варварлық әдет-ғұрыпқа қарсы реакция байқалады. Ол араб тілін, шығыс христиандығын, еврей әдет-ғұрыптарын және басқа да тәуір үлгілерді өзіне қабылдады.

Құранды түсіну үшін ислам діні туралы әртүрлі көзқарастар болған Француз ислам зерттеушісі А. Массэнің айтқандарынан мысал келтіреміз: "Мұхаммедтің діни және саяси данышпандығына орай, әдіс-тәсілмен жұртты біріктірген арабтар өздерін тани отырып, өз орнын тарих дамуынан мәңгілікке орын алу үшін, мәдениетсіздіктен және анархиядан шыға отырып мынаған дайын болды: "Ол Мұхаммедті Меккенің буржуасы ретінде анықтайды. Ол араб жаулап алушыларын ислам империализмінің пайда болуы деп санайды".

Мұсылман құқығында істің бес түрлі категориясы бар: міндетті, айтылған, бейтарап, ұрысқан, жабылып тасталған.

Мұсылман құқығы ғылыми орта ғасырларда терең қалыптасты, сондықтан көптеген нормалар архаистік сипатқа ие болды, бұл жүйелендірілмеген казуистика болып табылады. Бірақ мұнда бастысы мұсылман құқығының өз табиғаты түпнұсқалық өзгеше орында.

Исламның бір бөлігі - мешіт құқығы. Кім оның талабына бағынбаса, сол кәпір деп саналып, ол мұсылмандар қоғамынан қудаланады. Әкімшілік тәртіппен, өздерінің келісімімен оны жаңа заманға бейімдейтін мұсылман құқығы өзгеріссіз, бірақ үлкен мүмкіншіліктер ұсынады. Дүние жүзінде мұсылман құқығы төрт мағынада өмір сүреді:

1) Ханифиттік (Иран, Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет);

2) Малакиттік (Солтүстік және Батыс Африка);

3) Шафегиттік (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка);

4) Ханбалиттік (Аравия).

 

2.1.Құран

 

Шариғаттың бастауы мұсылмандардың киелі кітабы – Құран, ( араб тілінен аударғанда, ал-құран-“дауыстап оқу”, “ілім”). Ол 610 және 632 ж ж аралығында Мұхаммед қалдырған хадистерден, үгіт-насихаттардан тұрады. Зерттеушілер Құраннан ерте Шығыстың құқықтық ережелерін және Исламға дейінгі Аравияның салт-дәстүрлеріне ұқсас жақтарын тапты.

Алғашқыда пайғамбар хадистері ауызба–ауыз беріліп отырды. Олардың көбісін дінге сенушілер жазып алып отырды, кейіннен Мединада Мұхаммед пайхамбардың бұйрығы бойынша олар жүйелі түрде жазылып алынып отырды. Құран мазмұнын заңдастыру және оны басып шығару Олиф халиф (644-656жж) тұсында болды. Құран арабтарға “әкелер дәстүрін” тастап, Ислам орнатқан ережелерді ұстануға шақырады. Оның құқықтық маңызы жөнінде Құранның өзінде былай делінген: “Сонымен, біз оны арабтардың құқықтық жинағы ретінде жібердік”.

Құран 6219 аятқа бөлінген, 14 сүреден тұрады. Аяттардың көп бөлігі аңыз тұрінде, тек 500 аяты ғана мұсылмандардың өзін-өзі ұстау ережелерінен тұрады. Соның ішінде оның 80 көбін ғана құқықтық ережелерге (бұл ережелердің басым көпшілігі отбасы мен жанұяға арналған), қалған бөлігі діни міндеттер мен дәстүрлерге арналған. Құранның басым бөлігі кездейсоқтық сипатта және Пайғамбардың басынан өткен жағдайларды талқылайды. Бірақ көпшілік ережелердің мағынасы анық емес және жағдайға байланысты оны әр-түрлі талқылауға болады. Көпшілік діни соттарда және құқықтық доктринада олар әр-түрлі талқыланып отырды, кейде мүлде қарама-қайшы сипатқа ие болды.

        2.2.Сунна

 

Мұсылмандарға міндетті тағы бір құқықтық ереже, Мұхаммедтің іс-әрекеті мен ой-пікірлерінен (хадис) тұратын –Сунна. Хадистерде де араб қоғамының әлеуметтік дамуын көрсететін құқықтық ережелерді көруге болады.  Хадистерді соңғы басып шығару 9 ғасырда жүзеге асты, ол кезеңде суннаның жинақтарыда шығарылды, ол әсіресе Бұхарада мәлім болды. Суннадан неке және мұра,сот құқығы, құл туралы ережелер т.б. алуға болады. Сунна хадистері, талқылаудан өткеніне қарамастан көптеген қарама-қайшы ережелерден тұрды және оның ішіндегі ең нақты делінгендердің өзі діни көсемдер мен соттардың еркімен бұрмаланып отырды. Мұхаммедтің шәкірттері айтқан хадистер ғана заңды күшке ие деп саналды, ал сүннитерге қарағанда шейттар халиф Али мен оның жақтастарын мақтаған хадистерді ғана мойындады. Сонымен, “Сунна Алла елшісі” (Суннаның толық аты) – Мұхаммедтің өмірін, оның сөзі мен ісін баяндаған мәтін жиынтығы, ал толық қарастырсақ - Құранды толықтыратын және онымен бірге киелі саналатын, діни ережелер жиынтығы. Суннаны оқыту- діни білім мен тәрбиенің ең маңызды бөлігі, ал Суннаны білу және оны ұстану- дін жолындағы адамның ең алғашқы бастаушысы.

 

2.3.Иджма

 

Мұсылман құқығының үшінші сатысы иджма, мұсылман қоғамының жалпы келісімі. Құран және Суннамен бірге, ол шариғаттың ең беделді бастауының бірі болып табылады. Иджмада Мұхаммедтің жақтастары немесе мұсылман діндарлары (имам, муфти) айтқан діни және құқықтық мәселелер қарастырылған. Иджма, Құран және Суннаның мәтіндерін түсіндіру арқылы және де Мұхамедке қатысы жоқ, жаңа ережелер арқылы да дамып отырады. Олар, өзін ұстау ережелерін қамтып, егер мүфтилер мен муджатахидтер қолдаса міндетті ережеге айналып отырды.

Мұсылман құқығының мұндай жолмен дамуы “Иджитихад” деп аталды. Шариғаттың негізгі бастауы болған иджманың заңдылығын Мұхамедтің мына сөзінен білуге болады: “Егер сендер өздерің білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар”. Шариғаттың дамуындағы иджманың үлкен рөлін мынадан көруге болады: ол Араб халифатының діни, билеушілеріне, басып алған елдердің ерекшеліктері мен феодалдық қоғамның өзгерістеріне сәйкес, жаңа құқықтық ережелер енгізуге мүмкіндік берді. Шариғатты толықтыратын құқықтық ереженің бастауы иджмаға, мүфтилердің жеке көзқарастары мен шешімдері – Фетвада кіргізілді.

 

2.4.Қияс

 

Мұсылман құқығының әр бағытында көп талас тудыратын даулы бастауы, қияс – құқықтық істерді ұқсастығына байланысты шешеді. Қиясқа сәйкес Құранда, Суннада немесе Иджмада орнатылған ережелер, бұл бастауларда тікелей көрсетілмеген істерде де қолданылуы мүмкін. Қияс жаңа қоғамдық қатынастарды тез реттеп қана қоймай, сонымен қатар, шариғатты теологиялық шабуылдан  қорғап қалады.

Бірақ мұсылман соттарының қолында Қияс көпшілік кездерде мықты қаруға айналды. Мұндай әдісті әсіресе Абу Ханиф және оның ізбасарлары – халифаттар қолданды.

Мұсылман құқығына кірмеген, бірақ оның ережелеріне қайшы келмейтін жергілікті дәстүрлер де шариғатқа қосымша ретінде қолданылады.

Соның ішінде араб қоғамында  (УРФ) орын алған, сонымен қатар арабтар жаулап алған көпшілік халықтардың және мұсылман  құқығының әсеріне іліккен елдердің құқықтық дәстүрлерін есепке алынды.

 

        2.5.Фирман, Канун

 

Соңғысы шариғат туындысы, мұсылман құқығы – халифтардың жарлықтары мен бұйрықтары -  Фирман. Кейіннен, басқа мұсылман мемлекеттерінде заң шығарушы қызметтің дамуына байланысты, құқықтың бастауы ретінде, маңызды рөлді – Канун заңдары алды. Фирмандар мен Канундарда шариғатқа қайшы келмей, керісінше халықты мемлекеттік басқару ережелері арқылы толықтыруы тиіс.

ІІІ тарау. Мұсылман құқығы реттейтін қатынастар

3.1 Отбасылық және мұрагерлік  құқық ерекшеліктері

 

Отбасылық құқық. Неке-екі жақтың, әйел мен еркектің келісімі негізіндегі нәтиже. Некенің шарты: екі адамның келісуі, неке жөнінде жұрт алдында және ашық түрде жариялау.

Құқықтанушылардың көпшілігі келесі жағдай некеге тұру үшін керекті деп есептейді: екі жақтың әлеуметтік теңдігі; мұсылман дінін тұтынуы; бостандықта, еркіндікте болуы, денсаулығы күшті, шындықты айтуы, жұбайының жұмысы бар болуы.

Молда неке қиярда кәмелетке толған мұсылманнан екі куәгер сұрайды.

Некенің түрлері. Сунниттерде тек бір неке. Ол мәңгілік және мерзімсіз. Шейіттер тағы уақытша неке қосады, бір жұбайының жақындығынан бастап ондаған жылдарға дейінгі аралықта. Бұл некеден туған балалардың өз мәртебесі бар. Бұл неке мұрагерлік алуға құқық бермейді.

Құран қандас туысқандардың некесіне тыйым салады. Туысқандарға жататындар: ана, әпкелер, екі жақтың апайлары, ағалары мен қарындастарының қыздары, асыраушысы, емшектес қарындастары, әйелінің анасы, яғни енесі, өгей қызы, өз баласының әйелдері, яғни, келіндері. Апалы-сіңлілерді бірден әйелдікке алуға болмайды. Құран еркек пен әкенің толық басшылығын қолдайды. Еркек әйелдерден жоғары тұрады. Себебі құдай дүниені оған бұрын берді. Сондықтан олар өз дүниесін әйелдер үшін жұмсайды.

Құран төрт әйел алуға дейін рұқсат етеді. Ері әйелін азық-түлікпен, баспанамен, киімдермен қамтамасыз етуге міндетті. Әйел дүниесінің жағдайы талапқа сай келуі және ерінің әйелмен бірдей қарым-қатынаста болуы талап етіледі.

Еркектерге үйінен басқа жерде тұруына да рұқсат берілген. Ал әйелі өзінің ар, ұят тазалығы мен еріне сенімділігін таза ұстауы керек. Неке заттық келісімге ұқсайды, әйел қандай да бір зат ретінде алынады. Ажырасу жағдайында кезектегі уақыт белгіленеді. Некелескен адамдардың ажырасу құқығы бүтіндей еркектің қолында.

Тек "Құранның" бір жерінде сатып алған қалыңмалын қайтарған жағдайда әйелге ажырасуға рұқсат етілетіні айтылған. Еркек үшін ажырасуға әйелінің кішігірім кінәсі де себеп бола алады. Ажырасу еш сылтаусыз болуы да мүмкін. Ажырасу жағдайында тек тиісті салт жорасын өткізсе болды. Бірақ ажырасқан әйел үш ай ерінің үйінде қала алады. Өйткені балалар ерінің қамқорлығында қалады. Құран бойынша ажырасудың үш түрі бар:

Талақ. Егер жұбайлар иддат кезінде бір-бірімен жанаспаса, ал оның бітуінен кейін үш ай ері әйеліне қайтармайды. Талақтың тұрақты қағидасы: "Сен аластатылдың! Сен кесілдің! Сен жабылдың! Тізгінің өз мойныңда! Өзіңнің руыңа барып қосыл! Сен айырылдың! Мен сені төркініңе қайтарамын! Мен сені жіберемін! Өз ісің өз қолыңда! Сен боссың! Төсекті босат! Таза бол! Кет, жоғал! Баста! Кет! Тұр! Жолдасыңды ізде!".

Иддат біткеннен кейін әйел үйден кетеді. Ері иддат ажырасуы бітіп, келесі некесінен кейін қайтарып ала алады.

        Талақ-иддат біткеннен кейін салыстыру басталады.

Ажырасудың екінші түрі - Зихар (зихр-бел). Өзінің әйелін өз жотасы деп атай отырып, ері некені бұзады. Бұл ажырасу аяқталмаған, сатып алуынан кейін жоққа шығарылғанмен бірдей болуы мүмкін.

Ажырасудың үшінші түрі - айман. Еркек әйелімен жұбайлық қатынасқа түспеуге ант береді. Бұл аяқталған ажырасу.

Шариғат бойынша тағы екі ажырасудың түрі бар: олар ила және хульча. Ила-уәде, төрт ай ұстағаннан кейін, аяқталған ажырасу болады. Хульча - екеуінің ажырасуға келісуі, әйелдің сатып алынғандағы ақшасын төлеуге келісу жайындағы ажырасу.

Әйел шариғат соты арқылы ажырасуды талап ете алады. Бұл ажырасу аяқталған, қадидің араласуы кезінде егер еркек адам өзінің жұбайлық міндеттерін орындамаса, тиісті өтеуін төлемейді, өзара "келіспейтін жағдайда" ақшасын ұстауға бермейді3. Туысқандарының жұбайларды татуластыруға құқы бар, бірақ ажырасу мүліктік қарым-қатынастарға тәртіпсіздік енгізеді. Ажырасу кезінде мүліктердің бөлінуінің де құқықтық негізі бар. Құран еркекке, әйелі жоғына мүліктің көп мөлшерін беруді қостайды.

Мынадай жағдайда, егер өлшемі "некенің өтеуінде туысқандары мен оның әкесінің үлкендігі мен бағалығы тізімде тұратын болса, сол сияқты әйелінің жасы, әдемілігі, байлығы, ақылы, тұрғылықты жері мен ар тазалығы некелік шартта анықталған болса, ол мехр" беруге міндетті.

Егер мехр төленсе, онда оны қайтаруға мәжбүр етпейді. Шариғат сол сияқты еркектің әйелге ажырасу кезінде сыйлық беруін қостайды (киім немесе сәнді заттар). Бұл тартулар оның тұрмыстық жағдайына көмек беру үшін беріледі. Әйел көшеде бетін жауып жүрсін деген сөз "Құранда" анық айтылмаған. Олар ерінің рұқсатынсыз үйінен шыға алмады, ешкіммен таныса алмады.

Баланы адам ету ата-ананың борышы. Балалардың мынадай екі түрі әкесінің қарауына жатпайды:

1) Нәресте заңды некеден кейін туылғанымен, әкесі оны өзімдікі емес деп жариялаған жағдайда (дәлелсіз кезде);

2) Некесіз бала (Әкесімін деп мойындаған адамның заңды балам деп айтуға құқы бар).

Әке отбасын асырауға міндетті. Әйелінен ажырасып, анасы асырай алса да, әкесі ұлын 9 жасқа дейін, қызын 11 жасқа дейін асырауы керек.

Мұрагерлік құқық.

Өсиет-васипа. Мүліктің 1/3 бөлігі кімге тиесілі болса, өсиетте соның атына қалады. Бірақ 2/3-і міндетгі түрде заң негізінде туысқандарына таратылады. Мұнымен мұрагерлік заттарға бөтен біреулердің көздеу мақсатына кедергі жасайды және оны отбасы үшін жүзеге асырады. Тек мұсылмандарға ғана емес, сол сияқты мұсылман еместерге де өсиет қалдыруға болады.

Информация о работе Мұсылман құқығының көздері