Кореядағы Пульгукса, Соккурам ғибадатханалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июля 2014 в 16:28, реферат

Краткое описание

Пульгукса-Кенсан Намдо провинциясында Кенджу қаласынан 13 км оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан будда монастыры. Оның ескі ағаштан жасалған құрылысы осы күнге дейін сақталмаған. Жаңадан жасалған ғибадатхананың түрі, жасы көп емес жаңа құрылыстар, ғибадатханаға жаңа кейіп береді. Оның ішінде Кореяның ұлттық қазынасының құрамына кіретін ,Таботхап пен Соккатхап таспагодаларды,Чхонгунге көпір мен алтынмен қапталған қола Будда мүсінін қосқанда 7 ескерткіш бар.Олар Силла дәуіріндегі Будда өнерінің асқан шеберлігімен жасалған тамаша туындылар.Монастырьдың салыну тарихы авторы будда монахы Ирен болып табылатын «Самгук Юса» деп аталатын дерекнамасында жазылған.Бұл монастырьды 751 жылы Силла патшасы Кендоктың билік құрған кезіндегі бірінші министр Ким Дэ Сон өзінің ата-баба рұхына арнап, салдыруға бұйрық берген.