Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 21:07, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3-4
І бөлім: Дін теориялары мен дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.
1.1. Діни интеграция және әлеуметтік өзгерістер...............................................5-21
1.2.Дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.........22-33
ІІ бөлім: Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы.
2.1. Қазақстан Республикасында секталардың таралуы және өзекті проблемалары......................................................................................................34-42.
2.2.Ұлттық дүниетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі және исламның таралуы..................................................................................................................43-52
2.3.Социологиялық зерттеу нәтижесі.................................................................53-62
Қорытынды...........................................................................................................63-64
Пайдаланған әдетиеттер......................................................................................65-66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Дін-теориялары-мен-дін-әлеуметтануының-қалыптасуы-және-әлеум.doc

— 324.00 Кб (Скачать документ)

- діни киелі нәрселер  мен нышандарды құрметтеу және  қорғау, сондай-ақ  бұл үшін тиісті  шаралар қолдану.

Жоғары айтылғандарды  негізге ала отырып. біз әлемдік  және дәстүрлі діндер лидерлері былай  деп шештік:

- бірлескен кездесулер,семинарлар  өткізу БАҚ-та материалдар жариялау, Интернетт және басқа құралдарды пайдалану жолымен дінаралық қатынастарды оң қабылдау мен көрсетуді ынталандыру бойынша бірлескен нақты шаралар қабылдау керек.

- жастар арасында дінаралық  төзімділіктің таралуына және  оның жалпыадамзаттық құндылықтары серпінді қабылдауына жағдай жасау.

- жас адамдар діни  және мәдени айырмашылықтарды  құрметтеуі мен өшпенділіксіз  қабылдауына көмектесу үшін өркениеттер  мен діндер арасындағы үнқатысу  практикасын барлық білім беру  деңгейлерінің оқу жоспарларына кіріктіру керек.

-өзіміздің рухани  ықпалымызды, біздің діни бірлестіктердің  билігі мен ресурстарын бейбітшілікті,  қауіпсіздік пен тұрақтылықты  нығайту, сондай-ақ түрлі діни  қоғамдастықтар арасындағы проблемаларды  болдырмауға және шешуге бірлескен үзілісімізді қосу үшін байланыстарды нығайту керек.

- шиеленісті бәсеңдетуге  жәрдемдесу және қажет болған  жағдайда олармен келіс сөздер  жүргізуге бірлескен делегациялар  құру үшін біздің тәжірибеміз  бен күш-жігерімізді жанжалдарға  тартылған үкіметтерге халықтарға, түрлі топтар мен күштерге ұсыну керек.

- осы  Деклорацияда  жарияланған мақсаттарды тарату  мен іске асыру үшін күш-жігер  жұмсау және Съездің Хатшылығына  бұл ұсыныстарды барынша тиімділікпен  жүзеге асыру үшін жоспар әзірлеуді  тапсыру керек.

- діни лидерлердің Форумын тұрақты негізде өткізіп, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерінің ІІІ Съезін 2009 жылы өткізу керек.

-Съездің өркениеттер,  мәдениеттер мен діндер арасындағы  үнқатысуды ілгерілетуден  тұғырнамалық  және практикалық рөліне және  оның дінаралық өзара түсінікті жолға қоюдағы елеулі жетістіктері мен Съездің бұдан былайғы қызметіне қолдау білдіруге БҰҰ Бас Ассамблеясының назарын аудару керек.

Съезд соныңда шет  елден келген дін лидерлер өз елдерінде  де осындай дін проблемаларына байланысты дөңгелек үстел өткізетіндерін атап өтті.

Осымен  қоса қазіргі Оңтүстік Қазақстандағы  діни ахуал өте күрделі болып  отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында  қазіргі кезде 17 конфессияға енетін 732 діни бірлестік тіркеуден өтіп, әрекет етеді. Оның 639 исламдық (87 %), 93 исламдық емес (13 %) бағыттағы діни бірлестіктер болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, облыс көлеміндегі заңды тұлға белгісі жоқ, саны аз шағын діни топтар, намазханалар ОҚО ішкі саясат департаментінде тіркелуде. Бүгінге тіркелгендер саны 74. Олардың 69 исламдық, 5 исламдық емес бағыттағы саны аз діни топтар болып есептеледі.

Жергілікті халықты  түрлі кереғар діни ағымдардың құрсауынан сақтандыру мақсатында ОҚО әділет және ішкі саясат департаменттерінің қызметкерлері  мен дінтанушылардан және дін өкілдерінен  құрылған үгіт-насихат тобы «Діннің ішкі саяси тұрақтылыққа ықпалы» тақырыбында ағымдағы жылдың 14-16 тамыз күндері облыстың Арыс, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында, 20-21 қыркүйек күндері Кентау, Түркістан қалаларының елді мекендерінде халықпен кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл өткізілген жиындарға жалпы саны 5500-ден аса адам тартылды.

      Облыстық  «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің  жанынан құрылған діни экстремизм  мен терроризм көріністерінің  алдын алу бойынша үгіт – насихат тобының жұмыстары жүргізілуде. Топ мүшелері есептік мерзім ішінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, мекемелерде, т.б. орындарда барлығы 21 кездесу ұйымдастырды. Онда дәстүрлі Ислам діні жөнінде түсініктер мен діннің тарихы және діни экстремизмге бой ұрушы кейбір жекелеген діни топтардың бағыттары жөнінде, т.б. көптеген әңгімелер жүргізілуде. Атап айтқанда, топ мүшелерінің қатысуымен жылдың басынан бері облыс орталығындағы  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің Шымкент институтында, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында, Қазақстан Халықтар достығы университетінде, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледжінде, Шымкент экономика және құқық колледжінде, Шымкент қаласындағы Балалар және жасөспірімдер орталығында, т.б. жерлерде студент жастармен және мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылып, өткізілді. Қазіргі кезде жұмыстар жалғасын табуда.

 

 

 

 

 

 

2.2. Ұлттық дүиетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі.

Дүниетаным бұл адамды және қоғамды алаңдататын қоршаған дүние туралы ойлардың жиынтығы десе болады. Әлемде адамның алатын орны қандай? Біз өмір сүріп отырған қоғам қандай? Біз қоғамнан не көреміз? Біздің қоғам болашаққа не қалдырады? деген сұрақтар кімді болса да толғандырмай қоймас.

Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі кезең де біздің қоғамдық санада төңкеріс басталды. Бұл, әрине, біздің жаңа құндылықтарға деген көзқарастарымыздың қалыптасуына жол ашты. Қазақ жері, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, ұлтты саясат, ұлттық тәрбие, діни тәрбие өзекті мәселелерге айналды. Соңғы кезенде Республикада жарық көрген газет-журналдарға шолу жасасақ, еліміздегі діни ахуалдың ұлттық мәселеге тікелей қатысты екендігін көреміз: "біз бір ащы шындықты мойындауымыз қажет. Ол тәуелсіздікті алған жылдары елімізде дін мәселесін жете меңгерген мамандардың болмағандығы және мемлекет билігінің жоғары сатыда жүрген азаматтарының осы мәселені жете бағаламағандығы. Кейбір деректерде 100 мың, ал кейбір газет хабарламаларында 500 мыңға жуық қазақтар басқа діндерді қабылдаған делінеді" [8].

Қазақстанда ресми түрде  тіркелген діндер өте көп. Ал осы  саны көп діни ошақтардың сапасы қандай екені, олар қандай идеяларды уағыздайтыны және олардың идеяларын қабылдаушылар  кімдер екені көбінесе назардан тыс  қалуда.

Діни жағдай феноменінің  негізгі ерекшелігі оның үздіксіз жаңаруы, тосын құбылыстардан көрініп отыруы. Діннің пайда болуы мен таралуының өзі әр қоғамда әр түрлі болады. Демек, бұл мәселені зерттеу де толассыз ізденісте болуы керек;

Бұрын Кеңес өкіметі  тұсындағы қалыптасқан жүйелілік пен тәртіптің желісі үзілгеннен соң, әркімі өзімен-өзі болып, бейберекеттік пайдаболды. Жастарды қойып, егде тартқан адамдардың көбінде экономикадағы және мәдениеттегі тоқырауға қарсы тұруга дәрменсіздіктен көңіл күйлерінде қорқыныш пайда болды. Бұл психологиялық жағдайдағы үрей, өкініш, қасірет, торығу сияқты эмоциялық қолайсыз сәттердің басым болуы өмірдегі келеңсіз жағдайлардан туындайды. Адам әлеуметтік  дәрменсіздіктің салдары ретінде қабылданатын осындай кері эмоциялардан арылудың жолдарын іздейді және нәтижесінде дінге келеді. Сондықтан дінді зерттегенде адамдардың психологиясына; тұрмыс жағдайына, рухани дүниетанымы мен менталитетіне ерекше көңіл бөлінуі керек.

Қоғамдағы діннің орны мен  қызметі  аса күрделі мәселелердің бірі. Оның бірыңғай шешімі болуы мүмкін емес. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда Қазақстан Республикасына көптеген діни ұйымдардың пайда болуына орай дін мәселесіне байланысты саясаттың бағыттары айқындала бастады. Оның Конституциялық және басқа да қоғамдық сфераларға қатысты зандық принциптері мен нормалары бекітілді.

Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрініс беріп отырады. Сондықтан тек бір ғана діни қатынастар мәселесімен айналысу мүмкін емес. Діни қатынастар табиғатының құпиялығы мен көп жақтылығы оның өте күрделі құбылыс екендігін дәлелдейді. Осыған орай   дін   мәселесіне  байланысы   мемлекетік

саясаттың рөлі ерекше арта түсуде. Қазакстанда бүгінде дінді тұтыну жағынан көп сипатты қоғам өмір сүреді. Дін өкілдері дәстүрлі бірлестіктерге де, дәстүрлі емес бірлестіктерге де ұйымдасқан. Дін ұстану және оны уағыздау бостандығының жүзеге асырылуы қоғамдық тәртіпті және басқа азаматтардың өмір сүру, денсаулық сақтау, имандылығын, бостандықтарын қорғау мақсатында ғана заңмен шектелуі мүмкін.

Қазақстанды мекендейтін  түрлі ұлт өкілдері қоғамдық өмірдің барлық сфераларында заң жүзінде және күнделікті өмірде тең саяси, мәдени, әлеуметтік құқықтарға ие болып отыр. Мұны нығайту қажет. "Осымен бірге республикада мұсылман дінімен қатар басқа да діндердің еркін дамуына қамқорлықтар көрсету пайдалы. Жеке адамның рухани тазаруында, ізгілікті мұраттарды пір тұтатын жас ұрпақты тәрбиелеуде діннің үлкен роль атқаратынын өркениетті,елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. Өз мәнінде уағыздалған діни нанымдар бір халықты екінші халыққа қарсы қоюды мақсат етпейді. Керісінше, дін барлық адамзатты бейбітшілікке, сенімге,тәубаға, келісімге шақырады. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық саясатында діннің зор рухани потенциалы қажетті орын ала бастады. Бұл құбылысқа жан-жақты қолдау көрсету республикадағы дін иелерінің ғана міндеті емес [9]

Діни қатынастарды ұлттық маңызы бар мәселе деп зерттеп, шешімін іздестіру керек. Ата-ана тәрбиесінен бастап, мектептерде, жоғарғы оқу орындарында дінтану мәселесі алға қойылғаны жөн. Себебі, тәуелсіздігін жуырда ғана алған Қазақстан мемлекетінің өтпелі кезенде тоталитарлық социалистік қоғамның зиянды мұраларынан толық құтылып, өркениетті елдерге тән қоғам құра алуы оның ұлтаралық, діни қатынастарда дұрыс бағыт ұстануына, түрлі дін өкілдерінің татулығын тұрақты ете алуына байланысты. Көп ұлтты Қазақстан қоғамындағы әр түрлі діни қауымдастықтардың арасында бірлік пен татулық болса, елдің шаруашылығын және рухани сфераларын жөндеуге, дағдарыстан шығуға мүмкіндігі болады. Сондықтан мемлекет діни қауымдастықтар арасындағы өзара байланысты және олардың қоғамның рухани өмірімен пайдалы байланысқа түсуін қамтамасыз етуі керек.

Сонымен коса, Қазақстандағы  барлық діни ұйымдардың мақсат- мүдделеріне  сай шаралар жүйесі жасалып және тәжірибеге асырылып отырғаны дұрыс. Сонда ғана діни қатынастар орнықты болып, діни қауымдастықтар татулығы сақталады.

Бүгінгі таңда күл талқан болған тоталитарлық жат идеологияның орны босап әр түрлі діни топтар олқыны толтыруға ұмтылды. Олардың ішінде исламның елеулі орын алуы заңды. Бұл діни "қайта өрлеу" кезінде православие, баптистік, иудаистік және басқа да дәстүрлі емес кришнаизм сияқты бағыттар өз орнын алды. Сондай-ақ республикадағы діни сананың ыдыраңқылығы бұл қозғалыстардың әлеуметтік тұрмыста басты орын алуына мүмкіндік бермеді. Осы және басқа себептердің салдарынан дін санада қоғамдық қатынастардың елеулісі бола алмады. Сондықтан да Қазақстан жаңашыл мемлекет болып келеді, солай қалады деп сенімді түрде мәлімдеп жүр [10].

Әйтсе де біз Қазақстандағы  діни жағдайды назардан тыс қалдырмай, әлеуметтік қатынастардың құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруымыз міндет. Өтпелі кезендегі діни өзгерістер мәнін түсінбей, жалпы қоғамдық санадағы өзгерістер мәнін ұғыну қиын. Діні өзгерді екен деп өз қоғамымыздың мүшелеріне үрке қарап және басқаларды оларға қарсы қою заңға да, адамгершілікке де қайшы келеді. Қазіргі кезде еліміздегі діндер; туралы халықта газет-журналдардан үстірт жазылған дүниелерден немесе ұзын құлақтан естіген әңгімелер арқылы көзқарас қалыптасуда. "Дұрысы әркім өзінің жақсы білетіні жайлы жазса, ғылым үшін де, білім үшін де өте-мөте пайдалы болар еді. Дін -күрделі рухани құбылыс. Оның бір көрінісін немесе бір. конфессиялық (бағыттық) түрін немесе қағидаларын әр жердең естіген әңгімелер негізінде талдаудан дінді танимын деу ағаттық" [11].                            

Қазақстан даму институтының зерттеуі бойынша, Қазақстан тұрғындарының діндарлық деңгейі мен діни бағыттарын аңықтау мақса-тында жүргізген зерттеулері бойынша тұрғындардың 56%-ының діни көзқарастары нақтылы орнықпаған. Олар дінге сену мен сенбеудің аралығында. Соңғы кезде Қазақстандағы миссионерлік жұмыстың жүгенсіз кеткендігіне алаңдаған азаматтардың ащы үні көп естілуде. Миссионерлік дін өкілдерінің арасында саяси қызмет атқаратын басқа елдің сенімді адамы болуы мүмкін. Оның түпкі төркіні басқа халықтарды отарлау саясатында жатады. Сондықтан да бүкіл Республикадағы бар діни ұйымдардың жұмысын, сырттан келетін миссионерлердің жұмысына бақылау жүргізетін заң қабылдау керек деген ұсыныстар да айтылады.

"Жаңаша ұлттық ойлаудың  тұңғыш үлгілерін жасаған қазақ  зиялылары ол кезде екі мәселемен  айналысты: жерге иелік және халықтың мәдени, рухани жетілуі... қазақ халқының ойлау мәдениетінің түп төркіні көне түркі заманынан басталады. Сондықтан қазақтың ұлттық санасының генезисін түсіну үшін түркі ғұламаларының    еңбектерін    зерттеу    қажет. Себебі қазақ халқының қоғамдык санасы калыптасуына бұл ғұлама. ойшылдардың ықпалы өте зор болған. Яссауи арқылы түркі тілдес халықтар дүниетанымында шешуші орын алды. Түркі жүртының бұрынғы сыйынған Тәңірі еді енді Алла болды" [12].

Бір топ авторлар қазіргі  қазақ халқының мәдениетінің төмендеп кеткеніне, жастар тәрбиесінің қажетті  деңгейде жүргізілмейтіндігіне қатты  аландаушылық білдіреді. Сондықтан осы уақытта діннің қоғамдық ролін қолдана білу керек деген ұсыныстар айтады. "Қазақ халқының бүгінгі рухани келбетіне көз салсаң, Абай ұсынған, Абай бағыштаған үш асылдың "Сүю, табыну және сенудің" тым көмескіленіп. тым даттанып кеткенін байқаймыз. Қазақ ұлтының біршама бөлшегінің мәңгүрттеніп, дүбаралануы көзі ашық, ұлттық санасы жетілген қандай азаматты болсын толғандырмай қоймайды. Мәңгүрттенуден құтылып шығудың жолы -қазақ халқын жоғалтқан Алласымен, жоғалған тәубесімен, махаббатымен жәңе әділетімен қайтадан қауыштыру" [13].

«Абай бойынша адамдардың  руханилығындағы негізгі нәрсе  – дін, ол күнделікті тіршіліктегі, өтпелі әлемдегі азғындыққа қарсы тұратын  Құдайдың мәңгі шындығын көрсетеді.

Абай философиялық данышпандылықпен ХХ ғасырдағы руханилықтың тоқырауын  болжап береді. Бұл кезде ақыл толқ жеңіске жетті. Себебі ғасырлар бойы дін мен ақыл-ойдың егіздігі жоғалды, ғылым дінді толығымен өмірдің іргетасы мен мәніне айналды. Дүниетаным діннің орнына келіп, оны әлемдік тарихтан ысырып тастады. Осы кезеңнен бастап сенім өз мағынасын жоғалтып, тек ресми дәстүр дәрежесін қабылдады. Бұл көптеген қайшылықтардың туына әкелді: адам рухы басылып тәннің шырмауына айналды»[14].

Қазақстанда дінді жан-жақты  түсіндіріп уағыздау басқа елдердегідей қойылмаған. "Радио, теледидар және баспасөз арқылы берілетін хабарлар үстірт, жастарды баурамайды" деген сындар да айтылуда. Әлеуметтік даму мен рухани жетілу кезіндегі адамзат баласы діни тағылымдарды тиімді құрал деп ойлап тапқан. Оның үстіне әлеуметтік тұрақтылық пен ұлтаралық қарым-қатынастарды жүйелеу барысында діннің күшті ықпаланың маңызын жоққа шығармау керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда саяси әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеудің қажетті шарттарының бірі ретінде діни құндылықтарға сүйену қажет". Сонымен бірге елдің өркениетті дәстүріндегі ерекшеліктерді ескере отырып, тамыры терең діни тағылымдарға жүгінетін саяси мәдениет пен әлеуметгік идеологияны қалыптастыру керек деген ойлар айтылады.  "Саяси өмірдегі діни сананың орнын дұрыс анықтау үлкен дипло-матия. Бұл тек әлемдік деңгейде емес, көп дінді Қазақстан үшін қажет. Біздің (қазақстандық) мұсылман болып, дін жолына түсуіміз республикамызда өмір сүретін өзге халықтар тұрмысына қолайсыз жағдайлар тудырмауы керек. Саяси консенсус сияқты, діни консенсус болуы әбден орынды. Діни плюрализм діни кон-сенсусты талап етеді, бұл өркениеттің басты белгісі" [15].

Информация о работе Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс