Тест по"Электронике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 14:06, тест

Краткое описание

Работа содержит тестовые задания по теории электрических цепей на казахском языке.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бакыт Махаббат.docx

— 28.45 Кб (Скачать документ)

1. Толқындық кедергі дегеніміз:

  1. Активті кедергіден және реактивтік кедергіден (индуктивтіктер мен сыйымдылықтар әрекеті тоққа қарсы бағытталған) тұратын электрондық тертполюстіктік толық кедергі
  2. Активті кедергіден және реактивтік кедергіден (индуктивтіктер мен сыйымдылықтар әрекеті тоққа бағыттас) тұратын электрондық тертполюстіктік толық кедергі.
  3. Тек қана активті кедергіден  тұратын электрондық тертполюстіктік толық кедергі.
  4. Тек қана реактивтік кедергіден (индуктивтіктер мен сыйымдылықтар әрекеті тоққа қарсы бағытталған) тұратын электрондық тертполюстіктік толық кедергі.
  5. Активті кедергіден және реактивтік кедергіден (индуктивтіктер мен сыйымдылықтар әрекеті тоққа қарсы бағытталған) тұратын электрондық полюссіз толық кедергі.

2. Біртекті байланыс жолының  толқындық кедергісі тізбектің  барлық жерінде бірдей болып,  неге тәуелді және қандай заңдылықпен  өзгереді?

  1. тек тізбектіің ұзындығына тәуелді және экспоненциалды зандылықпен өзгереді
  2. тек тізбекпен өтетін ток жиілігіне тәуелді және экспоненциалды зандылықпен өзгереді
  3. тек тізбектіің ұзындығына тәуелді және синусоидалы зандылықпен өзгереді
  4. тек тізбекпен өтетін ток жиілігіне тәуелді және синусоидалы зандылықпен өзгереді
  5. тек тізбекпен өтетін кернеудің жиілігіне тәуелді және экспоненциалды зандылықпен өзгереді

3. Толқындық кедергі тең:

  1. Zc=√С0/L- мұндағы, L- линия ұзындығы, м ; C– меншікті сыйымдылық, Ф/м
  2. Zc=√C0/L- мұндағы, L-толқындық ұзындық, рад. ; C– меншікті сыйымдылық, Ф/м
  3. Zc=√L0/C0- мұндағы, L0-меншікті индуктивтілік,Гн/м ; C– меншікті сыйымдылық, Ф/м
  4. Zc=√L0/C0- мұндағы, L0- линия ұзындығы, м; C– меншікті сыйымдылық, Ф/м
  5. Zc=√L0/C0- мұндағы, L0- толқындық ұзындық, рад.  ; C– меншікті сыйымдылық, Ф/м

4. Толқындық кедергі қандай  шама?

  1. Тек активті
  2. Тек реактивті
  3. Активті де, реактивті де
  4. Реконструктивті
  5. Дұрыс жауабы жоқ

5. Линияның екінші параметрін  көрсетіңіз:

  1. Толқындық кедергі
  2. Сыйымдылық
  3. Өткізгіштік
  4. Индуктивтілік
  5. Барлық жауап дұрыс

6.  Көрсетілген теңдеудегі кернеудің модуль бойынша орташа мәні u(t ) = 20sin(ωt + 30° ) + 10sin(3 ωt + 10° ) + 15sin(5 ωt + 210° ), В тең:

  1. 10 В;
  2. 14.1 В;
  3. 15 В;
  4. 22 В
  5. 20 В.

7. Кіріс кернеуі u( t) = 60 + 112,8sin 2ωt В болған кездегі R =10Ом , ωL = 5Ом параметрлі тізбектің активті және толық қуатын есептеңіз:

  1. P = 580Вт, S = 824ВА;
  2. P = 680Вт, S = 724ВА;
  3. P = 480Вт, S = 824ВА;
  4. P = 680Вт, S = 624ВА;
  5. P = 680Вт, S = 824ВА.

8.  Екі оң зарядты шардың электр өрісі:

  1. Дөңгелек
  2. Құйынды
  3. Біртекті
  4. Біртекті емес
  5. Дұрыс жауап жоқ

9. Вакуумдегі Q зарядтың Е кернеулігі мына формуламен анықталады:

  1. Е = Q / .
  2. Е =  Q / .
  3. Е = Q.
  4. Е = Q.
  5. Е =  .

10. Зарядталған конденсаторы бар электр өрісінің энергиясы:

  1. Wэ = CU /2
  2. Wэ = Q U/2
  3. Wэ = Q С/2
  4. Wэ = Q /2 U
  5. дұрыс жауап жоқ

11. Шағын сыйымдылығы бар конденсаторларды қолданып, үлкен сыйымдылық алу үшін батареяға қалай қосады?

  1. Параллельді
  2. Тізбектей
  3. Вертикальды
  4. Горизонтальды
  5. Мүмкін емес

12. Бағыты периодты өзгеретін электр тоғы қалай аталады?

  1. Тұрақты
  2. Айнымалы
  3. Айналмалы
  4. Өзгермелі
  5. Өзгеретін

13. Участок электрической цепи, через все элементы которого протекает одинаковый ток, называется

Барлық элементтері арқылы бірдей ток өтетін электр тізбегінің бөлігі:

  1. Контур
  2. Тармақ
  3. Граф
  4. Түйін
  5. Дұрыс жауап жоқ

14. Бес түйіні бар тізбектегі тәуелсіз түйіндер теңдеуінің саны:

  1. 5
  2. 6
  3. 4
  4. 3
  5. 2

15. Параллельді қосылған 2, 4 и 6 Ом өлшемі бар кедергілер мен 12 В кернеу көзі бар тізбектегі ток:

  1. 4 А.
  2. 2 А.
  3. 1 А.
  4. 11 А.
  5. 3 А.

 

 

 


Информация о работе Тест по"Электронике"