Кішігірім қонақ үй іс-әрекетін ұйымдастыру және оның спецификасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 13:18, курсовая работа

Краткое описание

Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі болып табылады. Бұл тұрып жатқан қонақтардың жұмысына, ұйқысына, демалуына арналған көпқызметті орындар. Қонақ үй номерлерінің қонақтармен кешкі және түнгі уақытта артығырақ қолдануы салдарынан, олардың маңызды қызметі ұйықтау мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады. Қонақ үй номерлерінің басқа қызметтерінің маңызы, ең алдымен қонақүйдің белгіленуіне және қонақтар сұранысына байланысты.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………………3
1 Қонақ үй шаруашылығындағы орналасу және қабылдау қызметтері, міндеті, мақсаты ................................................................................................5
1.1 Қонақ үй шаруашылығының орналасуы .....................................................5
1.2 Қонақ үй нөмірлерінің классификациясы .................................................6
1.3 Қонақ үйлердің дәрежесіне байланысты қойылатын талаптар ..............22
2. Кішігірім қонақ үй іс-әрекетін ұйымдастыру және оның
спецификасы ...................................................................................................27
Қортынды .......................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салдат 4 курс.docx

— 61.95 Кб (Скачать документ)

                                               Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………3

1 Қонақ үй шаруашылығындағы орналасу және қабылдау қызметтері, міндеті, мақсаты ................................................................................................5

1.1 Қонақ үй шаруашылығының орналасуы .....................................................5

1.2 Қонақ үй нөмірлерінің классификациясы .................................................6

1.3 Қонақ үйлердің дәрежесіне байланысты қойылатын талаптар ..............22

2. Кішігірім қонақ үй іс-әрекетін ұйымдастыру және оның 

спецификасы ...................................................................................................27

Қортынды .......................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қонақ үйлік бизнес орналастыру кәсіпорындарының неше түрлі қалпы және түрлерінің  бар болуымен мінезделеді, әдемі отельдермен қонақ үйлерден, мотель және кемпингтерге дейін.Қонақ үйлік бизес ұланы Элсворт М.Статлер — клиенттің айтқаны әрқашан дұрыс деп бірінші айтқан. Ол үшін ең бастысы қонақтарға қызмет көрсету болған.

Қонақ үйлік бизнес – туризм және ойын-сауық индустриясы деп аталатын алып сегменттің құрамдас бір бөлігі болып табылады.

Туризм индустриясында орналастыру құралдарына маңызды орын бөлінеді. Туристерді орналастыру құралдары болып кез келген нысандар табылады, олар туристерге жүйелі немесе эпизодтық қонуға деген орындарды ұсынады. Әлемдік туристік ұйымының (ӘТҰ) кепілдемесіне сәйкес барлық орналастыру құралдарын екі дәрежемен көрсетуге болады – ұжымды және жеке. Мемлекетпен немесе ұлттық қонақ үйлік бірлестіктермен қолданылатын ұлттық топтастыру жүйелері бар, оларды ұлттық стандарттар және қонақүйлік қызметтерін сертификациялау ережелерін заңдастыру жолы арқылы қолдай отырып, бұл жағдай негізінен материалдық базаның көлемді мінездемелеріне, қызмет толықтығына, қонақүйлік қызмет деңгейіне және сапасына қатысты болады. Кез келген қонақүйдің қажетті жағдайы басты екі қызмет: орналастыру және тамақтандыру болып табылады. Осының өзінде олардың ара-қатынасы әртүрлі, мысалы бұл –

а) жайғастыру және таңғы асты номерде немесе арнайы орында ұсынатын қонақүй, соңғысы континентальді болуы мүмкін, сондай-ақ ағылшыды;

б) жайғастыру және тамақтандыру мейрамханада, кафе немесе барда;

г) жайғастыру және тамақтандыру қызметтерінің толық кешенін ұсынатын кәсіпорын (тамақтандыру еуропалық және ұлттық тағамдар мейрамханаларында, барларда, пиццерияларда, тамақтандыру қызметін қабаттарда ұйымдастыру).

Жайғастыру қызметінің мағынасы мынада: біріншіден, қолдануға арнайы орындар ұсынылады (қонақүй номерлері), екіншіден, қонақүй қызметкерлерімен атқарылатын қызметтер ұсынылады: қонақтарды қабылдау және рәсімдеу бойынша портье, қонақүй номерлерін тазалау бойынша үй жинағыштармен және т.б

Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі болып табылады. Бұл тұрып жатқан қонақтардың жұмысына, ұйқысына, демалуына арналған көпқызметті орындар. Қонақ үй номерлерінің қонақтармен кешкі және түнгі уақытта артығырақ қолдануы салдарынан, олардың маңызды қызметі ұйықтау мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады. Қонақ үй номерлерінің басқа қызметтерінің маңызы, ең алдымен қонақүйдің белгіленуіне және қонақтар сұранысына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

1 Қонақ үй шаруашылығындағы орналасу және қабылдау қызметтері, міндеті, мақсаты

1.1 Қонақ үй шаруашылығының орналасуы

Туристтерді орналастыру құралдары ретінде түнеу үшін орын болатын туристтерге ұсынылатын кез келеген объект (ғимарат, жай және т.б.) болып табылады. Олар келесі параметрлер (қасиеттер) бойынша сипатталады:

— орналастыру объектінің орнының жалпы саны;

—  орналастыру объектісінде басшылық пен қызмет көрсету персоналы бар;

— орналастыру объектісін басқару коммерциялық негізде құралады.

ДТҰ-ның рекомендациясына сәйкес барлық туристтерді орналастыру құралдары 2 категория бойынша бөлінеді: ұжымдық және индивидуалды (1-кесте).

Ұжымдық орналастыру құралдары құрамына қонақ үйлер және аналогиялық мекемелер, мамандандырылған орналастыру құралдары және т.б. ұжымдық орналастыру құралдары жатады.

Қонақ үйлердің негізгі белгілеріне ең бастысы тұруы үшін нөмірлердің болуын жатқызуға болады. Қонақ үйлер тұрғындарға міндетті қызмет терімдерін ұсынады: нөмірді тазалау, күнделікті төсекті жинау, санитарлы узелдерді және қоғамдық қолданыстағы орындарды тазалау, сонымен қатар басқа да кең ауқымды қосымша қызметтер.

Қонақ үйлерге аналогиялық мекемелер тобы нөмірлер қорына ие, міндетті қызметтер тізімін ұсынады. Оларға пансиондарды, жаһаздалған бөлмелерді, туристтік жатақаналарды және т.б. жатқызады.

Мамандандырылған мекемелер. Оларда нөмірлер емес, баспана, ұжымдық жатын бөлме, аула болады. Туристтерге түнеу үшін орын ұсынудан басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады. Мамандандырылған мекемелерге мысал ретінде сауықтыру мекемелері (курорттар, санаториилер, лагерлер), көпшілік транспорт түрінде орналастыру құралдары (поезд, кеме), конгресс-орталықтар бола алады. Арнаулы орындардың жоғарлауы мен сегмент нарықтарының кеңеюінен круиз үшін демалыстың жаңа түрі дами түсті. Ол круиз және самолетпен ұшу. Мұнда әуе транспортының жылдамдығы мен романтикалық теңіз саяхаты тіркесімін табуда. Осында демалыс үшін орналастыру құралы флайтель деп аталады, бірақ бағаның жоғары болуынан қонақ үй нарығында ол шектеулі етіп ұсынылады.

 

 

1.2  Қонақ үй нөмірлерінің классификациясы

Қонақ үй нөмірлерін келесідей классификациялап бөліп қарастыруға болады:

  • орын санына байланысты. Бірорынды, екі орынды, үшорынды және т.б. деп бөледі. Қонақ  үйде, мотельде бірорынды нөмір – келушіні орналастырудың  аса қымбат түрі. Екі орынды нөмір бір мезгілде екі бірдей тұрғынды орналастыруға арналған орын. Мұнда бөлек екі жатақ немесе үлкен жатақ болуы мүмкін; көп жағдайда мұндай нөмірлер ерлі – зайыптыларды орналастыруға арналған;
  • бөлме санына байланысты. Бір бөлмелі, екі бөлмелі, үш бөлмелі және т.б. болуы мүмкін;
  • тағайындалуына байланысты. Нөмірлерді әдетте  бизнес – класты, экономкласты, апартамент – нөмірлер және т.б. деп тағайындайды.

Бизнес – класс нөмірлері іс – сапармен немесе жұмыс бабымен келген туристерді орналастыруға арналған. Бұл жағдайда нөмірде стандартты жағдайлардан басқа нөмірде жұмыс үшін жағдайлар жасалуы қажет (жұмыс үстелі, телефон, факс, компьютер).

Эконом класс нөмірлері – қонақтардың кең ауқымын орналастыруға арналған. Құралдардың және жиһаздардың қымбат емес түрімен жабдықталған (нөмірде – жатақ, үстел, орындық, шкаф, қосымша – душ немесе ванна, туалет, мұздатқыш, телевизор бар), сонымен қатар өзінің орналастыру бағасымен ерекшеленеді.

Апартамент – нөмірлер – екі-, үш-, төртбөлмелі нөмірлер, ережеге сай, отбасылық туристерді ұзақ  уақытқа орналастыруға арналған. Апартамент – нөмірледің құрамында міндетті түрде керекті құралдармен (микротлоқынды пеш, кофе қайнатқыш, миксер) жабдықталған  асхана болуы керек.

Люкс – апартаменттер —  тұру алаңы 45 кв. метр болатын үш — , төрт бөлмелі нөмірлер. Бұл нөмірлердің аса қымбат түрі.

Ерекше назарды жаңадан дамып келе жатқан мамандандырылған туризм түріне – ауылдық туризмге (деревенский туризм, rural tourism) аударуына келіп тұр. Қазіргі уақытта осы туризм түрі пайдалы әрекет түрі ретінде қарастырылады.

Басқа да ұжымдық орналастыру құралдарына ең бастысы демалыс үшін арналған баспаналар жатады, мысалы, пәтер типтес қонақ үйлер, үйлер кешені немесе бунгалолар. Бұл жайлардың тұтас басқарулары бар, ақшаға жалға немесе кез келген тұлғаға немесе ұйымға жалға беріледі.

Басқа орналастыру құралдарына кемпинг үшін аумақтағы объектілер, кіші кемелер үшін аймақтағы объектілер кіреді. Клиенттерге түнеу және ақпараттық, саудалық, бос уақыттық секілді қызметтерді ұсынады. Туристтік жатақаналар, қарттар үшін демалыс үйлері және әлеуметтік мәндегі аналогиялық объектілерді де ұжымдық орналастыру құралдары ретінде санауға болады.

Үнемі тұруға арналған қонақ үйлер біздің елімізде жоқ.

Транзитті қонақ үйлер қысқа мерзімге тоқталып кететін барлық адамдарға қызмет көрсетеді. Олар әдетте ірі транспорттық территорияларда, темір жол вокзалдарында, әуе жайларда, теңіздік және өзендік вокзалдарда, автовокзалдарда орналасады. Қызмет көрсету мен қызмет ассортименті минималды, тамақтану әдетте ұсынылмайды, өйткені тамақтану кәсіпорындары вокзалдарда орналасады.

Іскерлік мақсаттағы қонақ үйлер белгілі бір іс сапармен немесе іспен келетін адамдарға қызмет етеді.

Демалыс үшін арналған әрбір қонақ үй өзіне ғана сипатты ерекшеліктеріне ие болады.

Курортты қонақ үйлер емдік-медициналық, сауықтыруға арналған жабдықтар мен бөлмелері, кейде тіпті диеталық тамақтану да қарастырылуы керек.

Стационарлы қонақ үйлер көбіне отбасымен демалуға арналады, сондықтан олардың балалар үшін ойнайтын бөлмелері, спортты-сауықтыру дәрістері үшін бөлмелері болуы керек.

Туристтік-экскурсилық қонақ үйлер өздеріндеэкскурсоводы, топты басқаратын, спорт нұсқаушылары, ал спорт туризмі үшін арналған қонақ үйлерде туристтік-спортты қызмет үшін бөлмелері болуы тиіс. Мұндай қонақ үйлер әдетте жабдықталған туристтік трассға жақын маңында орналасады.

Индивидуалды орнастыру құралдары ақшаға, жалға, тегін беріледі. Бұған үй шаруашылық мүшелерімен кезегімен жалға алынатын баспана (пәтер, коттедждер, особняктар) жатады.

Турист жанұялық үйде жалға алушы құқығында орналаса алады, ал жалға жеке тұлғадан немесе агенттіктен толығымен жабдықталған баспана (үйді, пәтерді, коттеджді) ала алады не туыстарға немесе таныстарында тегін қалалады.

Қызметтің деңгейі, ассортименті және бағасы бойынша қонақ үй кәсіпорны бірнеше типтерге бөлінеді:

—   арзан отельдер немесе сервисі шектеулі отельдер минимум қызметті ұсынады, бірақ кейбір кәсіпорындар айтарлықтай кең қызмет терімін ұсынады, алайда қызмет көрсету деңгейі орташа болады;

—   «люкс» отельдер фешенеблді декормен және эксклюзивті жиһазбен жабдықталып, жақсы жабдықталған салодар мен қоғамдық бөлмелері бар. Осындай деңгейдегі қонақ үйлік кәсіпорындарда нөмірлер санына қарағанда персонал проценті қатынасы жоғары.

Қонақ үйлік бизнес, қонақ үйлік кәсіпорындар нақтылы сегментіне ставканы жоғары қоюымен сипатталады. Сондықтан қазіргі заманғы қонақ үй базасы үшін отельдердің негізгі типтерін бөліп қарастырайық.

«Люкс» отель орта есппен 100-ден 400-ке дейін нөмірлерге ие болады, әдетте қала орталығында орналасады, жақсы оқытылған персоналмен, қызмет көрсеті деңгейінің жоғары болуымен, тұруға жоғары бағаның болуымен сипатталады, бөлменің қымбат әрлеуі бар және қонақтардың негізінде ірі кәсіпорын басшыларының, жоғарғы деңгейлі профессионалдардың, конференция қатысушыларының тұуы үшін өте ыңғайлы жағдайлар ұсынылады.

Жоғары класстағы қонақ үйлер 400-ден 2000-ға дейін нөмірлері болуы мүмкін, қала ішінде орналасады, қызметтің кең терімін ұсынады, қызмет орташадан жоғары баға бойынша оқытылған персоналмен ұсынылып, әдетте бизнесмендер, жеке туристтер, конференция қатысушыларына және т.б. бағытталады.

Орташа деңгейдегі қонақ үйлер түрлі пішінде және түрлі орналасуы болуы мүмкін және эксплуатациялық шығындарды азайта отырып замануи технологияны максималды қолдануға ұмтылады.

Әлемдік қонақ үйлік индустриясының машықтануында кең тараған қонақ үйлік кәсіпорындар типологиясы келесі түрде көрсетілген:

Отель-люкс. Сыйымдылығы бойынша берілген қонақ үй үлгісі шағын немесе орташа кәсіпорынға жатады. Әдетте қала орталығында орналасады. Қызмет көрсетудің мүмкін болар түрлерін қосатын номер бағасы жоғары болып саналады.

Қонақ үй (орташа топтағы). Сыйымдылығы бойынша отель-люкстен үлкен (400-2000орын). Қала орталығында немесе қала маңында орналасады. Жетерліктей кең қызмет жиынтығын ұсынады, және оның бағасы орналасқан аймақ деңгейіне тең немесе сәл жоғары болып табылады.

Қонақ үй-апартамент(апарт-отель). Сыйымдылығы бойынша бұл кәсіпорын шағын немесе орташа көлемді. Тұрғылықты тұрғындары жоққала үшін сай келеді. Уақытша тұруға қолданылатын номерлердің пәтерлі үлгісін ұсынады, жиірек өзіне өзі қызметкөрсету негізінде. Апарт-отель 100-ден 400-ге дейін нөмірлері бар, оның өз-өзіне қызмет көрсету нұсқасымен аналогиялық шарттарымен жиөаздалған бөлме жағдайы бар және ұзаққа тоқтайтын әдетте бизнесмендер мен жанұялы туристтер үшін бағдарланған.

Эконом-топтағы қонақ үй. Шағын немесе орташа сыйымдылығы бар кәсіпорын . Магистральдар маңында орналасады. Жәй және тез қызмет көрсету сай, шектеулі қызмет жиынтығы. Эконом клсатағы қонақ үйлер сыйымдылығы 10-нан 150-ге дейін, әдетте қалаға маңда орналасады, кішігірім персонал штаты бар, тамақтану қызметінсіз қазіргі жағдайда, жақсы жабдықталған нөмірлер жоғары емес бағаны ұсынады. Тұтынушылар болып әдетте толық пансионда қажеттілігі жоқ іскер адам мен жеке туристтер табылады

Отель-курорт. Сыйымдылығы бойынша көптік айырмашылықтары бар, қонақжайлықтың толық қызмет жиынтығын ұсынатын кәсіпорын. Одан бөлек, арнайы медициналық қызмет көрсету және диеталық тамақтандыруды қосады. Курортты мекенде орналасады. Курорттық қонақ үй әдетте 100-ден 150-ге дейін нөмірлері бар, теңіз, өзен, мұхит, тауға жақын жерлерде орналасқан, толық қызметтер терімін ұсынады. Көп мөлшерлі спорттық құрылысқа, бағалы ресторандарға, банкетті залдарға кездесу үшін бөлмелер бар және түрлі категориялы туристтерге бағдарланған.

Информация о работе Кішігірім қонақ үй іс-әрекетін ұйымдастыру және оның спецификасы