Дыбыстың акустикалық табиғаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 16:50, практическая работа

Краткое описание

Радиохабарын есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, текстің немесе сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор мән беріледі.
Бұл мәселе қазір кең көлемдегі ғылыми кеңестерге, үлкен пікір алысуларға, теориялық және экспериментальдық зерттеулерге негіз болып отыр. Тіпті латынша “audire” сөзінен шыққан “аудирование” деген арнайы термин пайда болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

телерадио пр.doc

— 134.00 Кб (Скачать документ)

Дыбыстың акустикалық  табиғаты (1пр, 1,4) 
Радиохабарын есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, текстің немесе сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор мән беріледі. 
Бұл мәселе қазір кең көлемдегі ғылыми кеңестерге, үлкен пікір алысуларға, теориялық және экспериментальдық зерттеулерге негіз болып отыр. Тіпті латынша “audire” сөзінен шыққан “аудирование” деген арнайы термин пайда болды. Өйткені, бүгінгі талғамы жоғары, талапшыл тыңдаушы аудиториясын шу дөгеннен меңгеріп кету, көпшілік ықыласын жаулап алу оңай шаруа емес. Ол журналист шығармашылығында кездесетін психологиялық сәттерді шебер игеруге байланысты болады екен. 
Соңғы уақыттағы осындай зерттеулерге сүйенетін болсақ, радиотыңдаушылар ықыласын игерудің бір-бірімен тығыз байланысты үш кезеңін атайды. Оның алғашқы кезеңінің өзін үш түрге бөліп қарау керек: 
Біріншісі — біраз үнсіздіктен кейін естілген диктор үні, немесе музыка. Сол сияқты сөз арасында жасалған тосын пауза да аудитория көңілін он-жиырма секундқа аударады екен. Ал дауыстың бірқалыпты емес, әлсін-әлсін бірде төмен, бірде жоғары шығуының тигізетін ықпалы одан да мол. 
Келесісі — аудиторияның тап сол сәттегі өте қажетсініп отырған мәселесін қозғау. Радионың оперативтілігін пайдаланып тыңдаушылар күткен өзекті тақырыпқа бару.  
Соңғысы, әрбір бағдарламаның, радиожурналдың бұрыннан қалыптасқан тәжірибесіне байланысты туындайды. Мәселен, хабардың музыкалық “шапкасын”, немесе атын естісімен-ақ аудитория одан қандай қызықты, әрі ақиқат ақпарат алатындығын шамамен болжалдап отырады. 
Бірақ мұндай тәсілмен радиоаудиторияны көп уақыт ұстауы мүмкін емес. Сондықтан ол хабардың алғашқы минутында-ақ, тыңдаушы ықыласын меңгерудің екінші кезеңіне ұласып кеткені дұрыс. Яғни әңгіменің маңыздылығы, ақпараттың қызықтығы тыңдаушылар есіл-дертін одан әрі баурап алады. 
Радиожурналистер арасында кез-келген хабарды текстісімен емес, естілуімен бағалау керек деген сөз бар. Бұл, әрине, тегін айтылмаса керек. Өйткені, дикторлық оқу мен жүргізуші шеберлігі арқасында орташа жазылған текстің өзін тым жақсы шығару, керісінше, тәп-тәуір туындыны өз деңгейінде жеткізе алмау тәжірибеде кездесіп жатады. 
Олай болса, радиохабарының бастан-аяқ ойдағыдай тыңдалуы үшін тек мазмұнды болу жеткіліксіз. Себебі маңызды деген материалдың өзін бірқалыпты дауыспен /монотонды/ оқу адамның логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер етпейді. Яғни, хабардың эмоциялық ықпалы нольге тең деген сөз. Мұндай хабардың тыңдалуы ауыр болғандықтан тез шаршатады, жалықтырып жібереді. Сондықтан оның мазмұнымен бірге эфирден берілу формасы, естілу ерекшелігі де тыңдаушысын тартып, сезімін үйіріп, көңіл-күйін жетелеп отыруы тиіс. Бұл радиоаудитория ықыласын игерудің үшінші кезеңінде іске асатын процесс. 
Сонымен екінші кезеңнен үшінші кезеңге ауысу негізінен микрофон алдында сөйлеушінің шығармашылық мүмкіншілігіне, дайындығына, шеберлігіне байланысты. Дәлірек айтсақ, негізгі жүкті көтеретін, басты қызметті атқаратын нәрсе - сөйлеуші интонациясы. 
Адам даусының ырғақтарын, үн реңдерін текстіге толық түсіру мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші құралы - үннен айырылады, сол арқылы оның мазмұны да кемиді дейді З. Цаперный. Мәселен, сценарийді біз жүргізушінің сөзі, шешеннің әңгімесі күйінде естісек, онда одан алатын ақпарат арта түседі. Біріншіден, жүргізушінің сөйлеу мәнерімен, дикциясымен, шешендік қабілетімен танысамыз. Екіншіден, оның кейбір текстерге, сөздерге ерекше екпін тастауы, интонация жасауы негізінде автор ойын анық түсінеміз, мол мағлұмат аламыз. Әрі адамның логикалық пайымына, сезіміне жазбадан гөрі сөз күшімен, үн “тілімен” әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік те мол. Өйткені, сөз бен дыбыс адамға шексіз әсер етуге, көңіл-қошын жасауға болатын өте нәзік құралдар дейді зерттеуші Т. Евгеньева. Адам баласының көру қабілетінен гөрі есту қабілетінің мүмкіншілігі көп екен. Яғни есту кезіндегі қабылдайтын үндегі бояу, көзбен көру арқылы қабылдайтын бояудан мол көрінеді. К.С. Станиславскийдің айтуынша сөз бен дыбыс мүмкіндігінің молдығы соншалық “бар” немесе “жоқ” деген сөзді елу түрлі етіп жеткізе алуға болады. 
Ауызекі әңгімеде сөздердің айтылу ретін ауыстыру, түрлі екпін түсіру арқылы оның мәнін арттыра түсуге, бәсеңсітуге болады. Сөз зергері, белгілі шешен Ираклий Андронников “интонация күшімен сөзге тура, болмаса кері мағына беруге әбден болады” деген. Немесе, диктордың, хабар жүргізушінің, корреспонденттің, актердің сөз өнері, сөйлеу шеберлігіне байланысты интонациялық мүмкіншілік те өзгеріп отырады. Біраз зерттеушілердің пікірі ақпараттың 40 пайызға жуығын, тек сөздегі интонацияның өзі ғана жеткізе алады дегенге саяды. 
Бүгінгі радиожурналист эфирдегі бейнелеу құралдарының қыр-сырын жетік меңгеріп, өзгеше табиғаты - акустикалық ерекшелігіне қанық болуы аса қажет. Себебі, Эстония ғалымдарының зерттеулері бойынша радиохабарлардың көпшілігіне тән олқылықтар осы ерекшелікті білместіктен, немесе оған дұрыс мән бермегендіктен туады екен. 
Радиохабардың бейнелеу құралдары аз зерттеліп жатқанымен, талас пікірлер аз емес. Мысалға алғашқы кезде оның дыбыстық эффектілерін тым асық бағаласа, келесі зерттеушілер бейнелеуші құралдардың барлығы бірдей деп дәлелдеуге тырысты. /А.А. Музыря/. Ал, Ю.Д. Баранеевич сөз бен музыка-негізгі, шулар-қосалқы құралдар деп қарастырады. 
Біздіңше, радионың бейнелеу құралдарын шатастырмау үшін екі топқа бөліп қараған жөн. Бірінші топқа - құбылыстың акустикалық көшірмесі сөз бен шу және музыка кіреді. Бұлар - табиғи бейнелеу құралдары. Екінші топқа - техникалық бейнелеу құралдары: түрлі монтаж, жаңғырық, сөзді жылдамдату, баяулату т.б. жатады. Радиожанрларын зерттеуші В.Н. Ярошенко да осы бағытты ұстайды. 
Мәселен, сөз бен монтажды қатар қоюға болмайтындығын дәлелдеудің қажеті шамалы. Өйткені, олардың табиғаты да, радиохабарындағы орны мен ролі де екі бөлек, ерекше. Сол сияқты бейнелеу құралдарының да қызметі бірдей емес. Мысалы, радиоочерктің идеясын тек музыка мен шу арқылы толық жеткізу мүмкін емес. Олар сөзбен байланыста ғана міндетін атқара алады. Яғни өзінің түрлі дыбыстық эффектілерімен негізгі идеяны толықтырып, дамытып отырады. Сонымен, бұл бейнелеу құралдары /музыка мен шу/ сөзге бағыныңқылы. 
Дәлелдеу үшін екі команданың арқан тартысы жарысынан жүргізілген репортажда бейнелеу құралдары қалай қызмет бөліскендігіне тоқталайық. Хабардың басында репортер немесе диктор түсініксіз шуларды ұғындыратын қажетті сөздерді айтады. Әрі қарай оның фонында естіліп тұрған шулар сюжет желісін жалғастырып кетеді. Ондай кезде комментарий беру де міндет емес. Қайта тартыс кезіндегі табиғи шу арқылы “көріп”, тамашалап отырған тыңдаушының елестету творчествосы іске қосылады. /Егер осы жарысты телевизиядан берсе, көрініс нақты болғандықтан көрерменнің қиялы, фантазиясы өз-өзінен сейіліп, жұмыс істеуді қояды, ой еріншектігі басады. М.Баринов/. Жарыстың аяқталғанын оркестр орындауында туш жеткізеді. 
Бірақ қай команданың жеңгенін, қандай жүлде алғанын репортердің сөзінсіз анық білу мүмкін емес. Ендеше, радиохабарындағы музыка мен шу автор идеясын өз бетінше толық жеткізе алмайды. Тіпті олардың түсініксіз дыбыстар жиынтығы ғана болып қалуы әбден мүмкін. Олай болса, радиода да негізгі рольді адамдардың қатынас құралы - сөз орындайды. Ал, музыка мен шу тек сөзбен байланысты ғана өз міндетін атқара алады екен. Әрине, бұл эфир журналистикасындағы музыка мен шудың қызметін бағаламау немесе шектеу деген сөз емес.

 

 

 

 

 

Радиохабар таратудың міндеттері (2пр, 2,4) 
Радиохабарларын таратудың міндеттері (функциясы) дегенде бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөз болады. «Функция» сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі ретінде көпшілік мүддесіне қызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын ескереді. Оның қоғамдық санаға кері ықпал етуге, жалған ақпарат таратуға, немесе бұрмалауға еш құқы жоқ. Түптеп келгенде радиожурналистика да өзінің мақсаттары мен мұраттарын қоғамдық қатынастармен байланыстырады. Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ 3 факторға назар аударамыз. 
1. Радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқарады, яғни ол көп функциональды. 
2. Хабар тарату тәжірибесінде алға қойған мақсаттарына кері нәтиже беретін іс-әрекет орын алуы да мүмкін. Мысалы, тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету орнына жалған ақпарат тарап кетуі, немесе тексерілмеген жайды эфирге таратуы кездесіп қалады. Демалыстық мақсатта талғамсыз берілген музыка тыңдармандардың дегбірін қашырып, көңіл күйін бұзуы ғажап емес. Болмаса, таңертеңгісін қайғылы оқиғаны қатқыл формада таратса, оны тыңдаған адам күні бойы депрессиялық күй кешуі мүмкін. 
3. Кез-келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар таратушылар да, әртүрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда журналистердің өзі де қоғамдық процесстерге араласып, соған атсалысып кетеді, соның жетегінде әртүрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей хабарлар еш өңдеусіз, тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды. 
Жекеменшіктік қатынастың орнығуы кейбір радиостанцияларда қожайындарға жалтақтық психологиясының орын алуына әкеліп соқтырды. Ақпараттарды іріктегенде оларға жақпайды-ау дегендер эфирден түсіп қалады, керісінше, жарнама сипатындағы жағымды хабарларға көбірек орын беріледі. Журналистикаға жат жағымпаздық, жағынушылық қасиеттер өтпелі кезең тәжірибесінде кеңінен орын алды. 
Сонымен бірге, мемлекеттік ұстанымдар мен әлеуметтік, адамгершілік ахуал да белгілі бір мақсатты алға шығарады да, кейбір жақсы мүдденің өзі екінші қатарда қалып қояды. Оның бәріне уақыт төреші, радио да уақыт ағымында қызмет атқарады. Мысалы, күні кешегі кеңестік кезеңде радионың дамуына айрықша мән берілді, ол ұжымдық насихатшы, үгітші және ұйымдастырушы деп бағаланып, ақпараттық саясаты осы мүдде тұрғысынан екшелді, цензура болды, сөз еркіндігі шектелді. Сөйтіп, идеологиялық қуатты қару радио мемлекеттік биліктің қатаң бақылауында болды, қызметі жоғарыдан реттеліп отырды. 
Қоғамдық дамудың демократиялық жолын таңдаған егемен Қазақстан жағдайында радиостанциялар шынайы сөз бостандығын алды, цензура жойылды, жекеменшіктік қатынас орнықты, бәсекелестік күшейді, ақпараттық саясаты көбіне тыңдарман ықыласына қарай өзгерді. Енді радионың ақпараттық, демалыстық міндеттері алдыңғы қатарға шығып, ағартушылық қыры бәсеңсігендей болды. Адамның еркін ойлауы мен еркін жүріп тұруына, өз іс-әрекетіне толық жауап беретін қоғамдық қарым-қатынастар орнықты және соны жетілдірудің жолдары қарастырылуда.  
Радиохабар таратудың сан қырлы міндеттерін үшке топтастыруға болады. 
І. Ақпараттық: тыңдарманды құлақтандыру міндетінен туындайды, радиожарнаманы да осы топқа жатқызамыз. 
ІІ. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті: интеграциялық міндет, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру, қарым-қатынас, тәрбие, үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық функциялары. 
ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері: эстетикалық, ағартушылық және демалдыру — ойын-сауықтық функциялары. 
Радиохабарларының міндеттерін білу хабар тарату кестесін сауатты жасау, станцияның бағыт-бағдарын, форматын анықтау, бағдарламалардың ішкі мазмұнын айқындауға және тыңдарман аудиториясының талап-тілектерін ескеру үшін қажет. Енді аталған міндеттерді тарқатып берейік. 
І. Ақпараттық міндеті.(2,4пр) Барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міндеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Радио басқалармен салыстырғанда ақпаратты жедел, нақты және эмоциялық бояумен жеткізе алады. Осы артықшылығына сай ақпараттық міндетіне баса назар аударуы заңды. Дегенмен, кейбір радиостанциялар осы басымдықты тасада қалдырады, өздерін музыкалық форматпен шектеп, эфирді тек әуенмен толтырады, толыққанды ақпараттық қызметі жұмыс істемейді, жаңалықтар жүйелі берілмейді. Бір жылдары штатында радиожурналисі жоқ арналар да эфирге хабар тарататын мемлекеттік лицензияға ие болған келеңсіздіктер де орын алды. 
«Ақпарат» сөзінің бірнеше баламасы бар, біз тар және нақты мағынасында қолданып отырмыз. Адамдарды әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар және жаңалықтармен таныстыруды ақпараттық қызмет деп танимыз. Ол арқылы тыңдарман өмірде болып жатқан құбылыстармен танысып, баға береді, білімін толықтырады, кеңестер алады, бағдар жасайды, түйсіктейді, қуанады, болмаса ренжиді. Радиобағдарламалар ішкі элементтері арқылы бірін-бірі толықтырып сол күннің оқиғаларынан толыққанды ақпарат береді. Мысалы, таңертеңгілік сол күні жүзеге асуға тиісті маңызды оқиғаларға назар аударады, түске қарай оның барысынан ақпарат таратады, әдетте, кешкісін қорытындыларын шығарып, түйіндейді. 
Кез-келген адам үшін әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұдайы естіп отыру қазіргі өмірдің қажеттілігіне айналған, сол арқылы қоғамдық процестерге де араласады. Сондықтан радиостанциялар жаңалықтар топтамасына баса назар аударады, олар хабар тарату кестесінде турақты уақытқа ие болып, жүйелі тарап отырады. Бірақ, ішкі ақпарат әртүрлі орналасуы мүмкін. Мысалы, бір топтамада шетел, екіншісінде ел жаңалықтарына назар аударылса, таңертеңгісін ауа райына, жұлдыз жорамалға, ақша бағамдарына ықылас ауады, мәдениет, спорт жаңалықтары да тұрақты сұранысқа ие болады. Соңғы уақытта жетекші радиостанциялар тәжірибесінде оқиғалар ортасынан тікелей репортаж жүргізу кең қолданыс табуда. Қазақстанда бұл тәжірибені жандандыратын уақыт келді. Қазір радиоарналар қаржылық жағынан аяғынан тұрды, енді шығармашылық өсудің жолдарының бірі ретінде тікелей репортаждарды жиірек қолдануға болады. Одан радиостанция да, тыңдарман да ұтады. Радиоақпараттың жеделдігі артады, имиджі жақсарады, тыңдарман еш боямасыз оқиға ортасынан берілген хабарға құлақ түріп, қиялымен жаһанды кезеді. 
Халықтың ақпаратты еркін алуы, оның мазмұнының әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағалануы, әр түрлі көздердің қамтылуы қоғамның дамығандығынан, өркениеттілік дәрежесінен хабардар етеді. Әсіресе, төтенше оқиғалар жағдайында, саяси науқандар кезінде дәл және сенімді ақпарат берудің маңызы артып отыр. Адамдар табиғатынан күмәншіл, бір ақпаратты бірнеше көзден естіген соң ғана барып, сенім ұялайды. Мысалы, жапондықтар жиі болып тұратын жер сілкіністері жағдайында ең алдымен NHK (Ен-ейч-кей) телерадиокорпарациясының хабарларына назар аударып, соған байланысты өз іс әрекеттерін жоспарлап отыратын көрінеді. Жапондықтарда бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім мықты. Қазақстан жағдайында оны айтуға ертерек. Мысалы, Алматы қаласы жер сілкіну мүмкіндігі жоғары аймақта орналасқан және осыған байланысты түрлі қауесеттер жиі естіліп қалады. Жергілікті БАҚ көп жағдайда кешігіп, ақпаратты кеш түсіндіреді, көбіне материальдық жағдайы мәз емес болжау мекемелерінен сұхбат ұйымдастырады. Ал, тұрғындар оған аса сене қоймайды. Мәселенің екінші қыры, балама ақпарат көздері көп жағдайда назардан тыс қалады. 
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанда осыған байланысты ақпаратқа сұраныс артты. Көп адамдар шағын және орта бизнес саласында істейді, бәрі де тұтынушы болып табылады. Қазақ радиосынан басқа радиостанциялар экономикалық саясатты түсіндіру, көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеуге аса көңіл бөлмейді. Мұндай ақпараттың қажеттігі сезіледі. Екінің бірінің телехабарларды ертеден кешке дейін көруге мүмкіндігі жоқ. Ал, радиоақпаратты басқа тірлікпен айналысып отырып та қағып алуға болады. Радиоақпараттың мақсат-мұраты бағыт-бағдар беру, жаңа істерге жігерлендіру, кеңесші, көмекші болу. Солай екен деп, ақпаратқа үгіт-насихаттық сипат беруге, міндеттеуге, үндеуге болмайды. Радиожурналистің басты мақсаты ақпаратты сол күйінде боямасыз, нақты жеткізу, ал оны тыңдарман өз білімі мен парасаты, тәжірибесіне сай қорытуы тиіс. 
Осыдан келіп, радионың жарнамалық міндеті шығады. Жарнама да ақпараттық міндетпен ұқсас, тек өзіндік ерекшелігі бар. Жарнаманың міндеті айқындау, ол — белгілі бір тауар, болмаса кәсіпорын туралы құлағдар ету, оның жағымды имиджін қалыптастыру және тұтынушы ретінде назарын аудару болып табылады. Жарнама қажет емес деп ешкім айта алмайды. Өйткені, қазіргі тауарлар мен қызметтердің сан алуан түрі ұсынылатын жағдайда дұрыс ақпарат беру, түсіндіру, сендірудің еш артықтығы жоқ. Жарнама жасауға радиожурналист те белсенді араласады, оның өзі кәсіби біліктілікті, сауаттылықты, тыңдарман көңілін дөп басуды қажет етеді. Қысқа уақытта тартымды сөзбен тыңдарманды баурап алу, айтқан уәжіңе сендіру, тұтынуға итермелеу айрықша әдіс-тәсілдерді, ыждаһатты еңбекті қажет етеді. 
Радиожарнама соңғы 10-15 жылда ғана қалыптасты деген пікір айтылып қалады. Радиожарнаманың да тарихы тереңде жатыр, оның элементтері қай кезде де болған. Тек кеңестік идеология салтанат құрған дәуірде оны жасанды шектеді, онсыз да хабарлардың үгіт-насихаттық сипаты басым болды, барлық іс-әрекет бір арнаға жұмылдырылды. Кеңестер одағының күш-қуаты мен болашағына еш күмән келмеуі тиіс еді. Бұқаралық қуатты құралдардың бірі ретінде радио тікелей мемлекет тарапынан қаржыландырылды, мүмкіндігінше дамуына қамқорлық жасалды, соған сәйкес қалтқысыз қызмет ету талап етілді. 
Жарнамадан түсетін қаражат радиоарналардың бірден-бір табыс көзі болып отыр. Радиостанцияның өмір сүруі, барлық техникалық тарату шығындарын өтеуі, қызметкерлеріне еңбекақы төлеуі, уақыт талабына сәйкес материальды-техникалық жарақтануы — бәрінің көзі жарнама, одан түсетін қаражат. Соңғы жылдары Қазақстанда радиожарнама ісі жедел дамыды, тұрақтылыққа қол жеткізді. Бұл көбіне орталық республикалық радиостанцияларға қатысты, енді жергілікті радиостанциялар да осындай дәрежеге көтерілсе, тыңдармандарға берілетін ақпараттың мазмұнына да оң ықпал ететіні күмәнсіз. Сондықтан, радиожарнаманың болашағы зор деп есептеледі. 
ІІ. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті.(2,5пр) Тұрғындарға қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін радио сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, радио ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көршілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін радиожурналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп радионың интеграциялық міндеті туындайды. Радио қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты арқылы жаңа межелерге жігерлендіруші. Ол қоғамның, отбасының нығаюы мен беріктігіне, сол арқылы мемлекеттің күшеюіне ықпал етеді, биік мұраттар мен мәдениетті орнықтыруға, соған жас ұрпақты тәрбиелеуге белгілі бір дәрежеде араласады. Тікелей болмаса да, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру арқылы сол нәтижелерге жетеді. Радио қарым-қатынас құралы, ол эфир арқылы миллиондарды бір мезгілде байланыстырады, радиожурналист үйінде отырған жалғызілікті зейнеткердің әңгімеге деген сұранысын қанағаттандарады, эмоциясына әсер етеді, ренжітеді, қуантады, музыкамен әлдилейді, күймен тербетеді, көңіл хошын табады. Сол сияқты радиокоммуникацияның қырлары да көп, адам мен адам, топ пен топ, жас пен кәрі, жаяу мен көлікті, бай мен кедей арасында қарым-қатынас бір мезілде орнайды және олардың радиоақпаратқа реакциясы да әртүрлі болатыны заңдылық. Дегенмен, қоғам, оның болашағы бәріне де ортақ, осы арадан ортақ құндылықтар шығады. 
Радиохабар таратудың басты мақсат-мұраты аудиторияның ортақ құндылықтарын қалыптастыру, жалпыадамзаттық, ұлттық, жалпы қалалық немесе аймақтық құндылықтарға баса назар аудару, ортақ тауқіметтерді бірлесіп шешуге үндеу, кертартпа күштер мен ықпалды шектеу болып қала береді. 
Радионың аудиториясы үлкен болған сайын, оның жауапкершілігі де өседі. Тыңдармандардың ақпараттық сұранысы дегенде жас ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын, психологиялық көңіл-күйін, ұлттық және діни ұстанымдарын ескеру оңай шаруа емес. Радионың интегративті міндеті кез-келген хабардан көрінеді. Публицистика болсын, өнер тақырыбы қозғалсын, спорт жаңалықтары сөз болсын бәрінде топтастыру, адамдарды жақындастыру идеясы тұрады. Кеңестік идеология заманында бізде бәрі жақсы, оларды бәрі нашар, кертартпа деген ұстаным басым еді. Қоғамның дамуы қандай дәрежеде болмасын журналист обьективті сараптама жасап, дұрыс тұжырымдар жасағаны абзал, мүмкіндігінше көңіл-күйге берілуге болмайды.  
Радионың қоғамдық пікірді білдіру мен қалыптастыру міндеті көбіне саяси науқандар кезінде айқынырақ көрінеді. Сайлау мен референдум сияқты шараларда радио маңызды рөл атқарады және пәрменді құрал болып бағаланады. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы маңызды буын - ақпараттандыру, ақпарат неғұрлым көп болса, жиі берілсе және әр қырынан қамтылса, соған қызығушылық туындайды және ықпалды болады. Бірақ оның үгіт-насихаттық сипаты күшейіп, біржақты болғанын қолдау да журналистика ұстанымдарына қайшы келеді. Журналист мүмкіндігінше бейтарап ақпарат таратуға, деректі нақты беруге, әсірелеп, бояламауға міндетті. Ал, оны тыңдаушы қалай қабылдайды, қандай түйін жасайды ол басқа мәселе. 
Әлемдік тәжірибе ақпараттың мүмкіндігінше жақын болғандығын қолдап келеді. Мысалы, республикалық арналардан гөрі жергілікті радиоға деген сенім жоғары болатын көрінеді. Осы арада аймақтық қамтылу мәселесіне назар аударған дұрыс болар. Қазақ радиосының өзі көбіне Астана мен Алматы жаңалықтарына көп көңіл бөледі де, аймақтық хабарлар өте аз қамтылады. Көп жерлерде арнаулы тілшілер жұмыс істемейді. Бұл, тыңдарман сеніміне тікелей әсер ететін факторлардың бірі. 
Қоғамдық пікір өзгермелі құбылыс, өйткені өмірде шешімін таппаған жағдайлар көп, әркім өз көзқарасын білдіруге құқылы. Соңғы уақытта радиоарналар сол мәселелерді тікелей эфирде талқылау, оған телефон арқылы тыңдармандарды да қатыстыру тәжірибесін дамытып келеді. Бұл құптарлық жай. Осыған байланысты радиохабар берудің пішіндері мен жанрлары да жетілдірілуде. Радио сұхбат, әңгімелесу енді сырласу пішініне ұласты, «дөңгелек столдан» ток-шоуға дейінгі спектр қамтылып жүр. Бұл радионың табиғатына жақын болғандықтан тек құптаған орынды. Дегенмен, сол көпжақты қоғамдық талқылаулардың деңгейі әркез мазмұнды бола бермейді, хабар үдесінен шықпайтын жағдайлар да көп. Кейбір арналар боссөздікке ерік беріп, эфирді жеңіл сөзбен, әзіл-қылжақпен толтырады, тіпті адамның арына тиетін, интимді қырларын жалаңаштайтын жайлар да кездеседі. Өркениетті елдерде БАҚ-тың бұлжытпас ережелерінің бірі — кикілжіңді пікірталас жолымен шешу, кез-келген дауда ортақ мүддеге қарай жақындасу болып қалыптасқан. Эфирдегі ашық пікірталас белгілі бір ұстанымды танып білуге, жан-жақты ақпарат алуға, мәселенің күшті және әлсіз тұстарын айқындауға көмектеседі. Дегенмен, ол жүргізуші журналистің кәсіби шеберлігі мен біліктілігіне де сын, көп жағдайларда дау айтылған күйінде қалып, оны шешу жолдары белгіленбейтін, ортақ тұжырым жасалмайтын жағдайлар кездеседі. Яғни, хабардың бас-аяғы жинақталып, айтар түйіні болмай, ойы қорытылмай қалады. 
Радио қызметінде қоғамдық пікірді сараптап, жүйелеп отыратын социологияның рөлі артып отыр. Радионың бүгінде табысты дамуы хабарларының рейтингіне тікелей қатысты, соған қарай жарнама құны белгіленеді. Көптеген хабарларда аудиториямен тікелей байланыс орнату арқылы тыңдармандардың талап-тілегі, сұранысы ескеріледі. Әсіресе, музыкалық хабарлар сондай өтініштер негізінде жинақталады. Белгілі бір оқиғаға қатысты журналистің бірнеше адамға микрофон ұсынып, әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінен жауап алуы да қоғамдық пікірді зерттеп, білудегі таптырмайтын әдіс, әрі хабардың әсерлілігін арттыратын элементтер. 
Соңғы уақытта ақпарат арқылы қоғамдық сананы басқару туралы жиі айтылатын болды. Рас, белгілі бір күштер БАҚ арқылы белгілі бір көзқарасты таңуға бейім тұрады, мақсатты жұмыс жүргізеді. Журналист соның түпкі мақсатына терең үңіліп, жат пиғылдың жетегінде кетпеудің жолдарын білуге тиісті. 
Радионың ендігі бір маңызды міндеттерінің бірі — ол адам мен адам арасында қарым-қатынас орнатуы, қарапайым әңгімелесу, шүйіркелесу. Адамның күні адаммен және сәт сайын табиғатымыздан біреумен сөйлесуге, жауап алуға, пікір білдіруге, ой таластыруға бейім тұрамыз, осындай қарым-қатынасқа мұқтажбыз. Қоғамдағы осындай қажеттілікті қанағаттандырудағы радионың орны орасан. Әсіресе, өтпелі қоғамда, жаңа ортада, саяси, болмаса экономикалық күйзелістер кезеңінде адамдар бір-бірімен әңгімелесуге, тұмшалаған ойы мен күдігін сыртқа шығаруға, өзгелермен бөлісуге, жоспарларын ортаға салуға бейім. Мұндай қарым-қатынас эмоциональдық көңіл-күйіне әсер етеді, жеңілдегендей сезіндіреді, қолдау мен демеу қанат бітіреді, жігерлендіреді. 
Радио бұл бағытта да өсу үстінде, соңғы жылдары авторлық бағдарламалардың қатары көбейді, тіпті журналистер бір арнаның келбетін, имиджін айқындайтын жағдайлар да кездеседі. Радио осындай тұлғалар арқылы тыңдарманына жақындай түсті. Журналистің сөйлеу мәнері мен эмоциональдығына үйренген тыңдарман енді оған бүйрегі бұрып, ыждаһатпен тыңдайтын болған, немесе, ұнатпаса бірден радиосын өшіре қояды. Яғни, автор мен тыңдарман арасында эфир арқылы жылы қарым-қатынастың орнауының өзі қажеттіліктен туындап отыр. Радиожурналистке еліктейтін, пір тұтатын жағдайлар да кездеседі. Бұл оның кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жоғары екендігін, мәдениетті де әдептілігін дәлелдейді. Өкінішке орай, керісінше жағдайлар да көп. Сөйлеу мәдениеті төмен, кім болса соған тікелей эфирге шығуына жол ашылып, боссөздік, дөрекілік, тіпті кейде жаргондар мен жүліктер лексикасына тосқауыл қойылмайтын жағдайлар кездеседі. Ал, бір кездері радио сөйлеу мен мәдениеттіліктің эталоны саналатын, талап өте жоғары қойылушы еді. Аты аңызға айналған дикторларымызды тыңдап, соларға еліктеп мыңдар тәрбие, өнеге алды. Өткеннің бәрін мансұқтай берудің қажеті жоқ. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген халық даналығын естен шығармаған абзал. 
Міне, осыдан келіп, радионың келесі бір — тәрбиелік міндеті туындайды. Радио пәрменді тәрбие құралы екендігін айтып жатудың өзі артық. Тәрбие ісі табиғатынан күрделі, әрі сан қырлы міндет, радиода да бұл процесс өз ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Көптеген хабарлар мен ақпараттар өздігінен тәрбиелік мәнге ие болады, әрі тыңдарманға жағымды әсер етеді. Дегенмен, кейбір хабарлар тікелей осы міндеттің жүгін арқалайды. Мысалы, радиоарналарда құқықтық тақырыпты қамтитын хабарлар жиі эфирге тарайды. Олардың мақсаты тек құқық саласында ақпарат беріп қана қою емес, сонымен бірге құқықтық сананы қалыптастыру, заң бұзу жағдайларының алдын алу, сауатты кеңес беру, көкейдегі сұрақтарына жауап қайтару болып табылады. Сонымен бірге, саяси, немесе экологиялық сауаттандыруды мақсат еткен хабарлар қатары да көп. Ождан бостандығы жағдайында діни тақырыпты қамтитын хабарлардың да орны бөлек, тыңдарман сұранысына сай келеді. Оның үстіне қазіргі Қазақстан жағдайында бұл айрықша мәнге ие болды. Өйткені, діни ағымдар мен ұйымдар саны өсті де, халықтың бағдар жасауына, ақ-қарасын ажыратуына қиындық туғызды, осыдан адасқандар қатары көбейді, тіпті діни экстремизм нышандары да байқалып қалып жатады. Тіпті белгілі бір дінді ғана уағыздайтын радиостанциялар ашылуда. Сонымен бірге, батыстық құндылықтарды басым қоятын, жергілікті және ұлттық ерекшелік пен салт-дәстүрлерді мансұқ ететін біржақты радиостанциялар да жұмыс істеп жатыр. Мұның барлығы халықтың діни сауатын және мәдениетін көтерудің пәрменді шараларын қарастыруға итермелейді. Бұл істе радионың мәні арта түседі. 
Сонымен қатар, жасөспірімдер мен балаларға арналған арнайы хабарлардың танымдық деңгейі жоғары болумен бірге, жас ұрпақтың тәрбиесіне де оң ықпал етуін естен шығармаған абзал. Жас жеткіншектердің бойында отаншылдық рухын қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу де күн тәртібінен түскен емес. Қысқа ғана ақпараттық хабар болсын, талдамалы үлкен бағдарлама болсын, мейлі шағын жарнама ролигі болсын, онда тәрбиелік пен талғам болуға міндетті. Онсыз біз кертартпа күштер мен құндылықтардың ықпалынан көп ұзамаймыз. 
Сонымен қатар, радионың маңызды үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық міндеттерін естен шығаруға болмайды. Кез-келген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет күтіледі. Радиохабар таратудың алдында нақты саяси, экономикалық және мәдени міндеттер тұрады. Мысалы, сайлау науқанында дауыс беруге, сөйтіп, белгілі бір бағдарламалар мен көзқарастарды қолдауға шақырамыз, сенбілікті жариялау арқылы қоршаған ортаны күтуге, тазалыққа үндейміз, болмаса мәдени мұраны қорғауға жұмыламыз, не болмаса жолдағы тосын апаттардан сақтандырамыз, т.т. 
Насихат нанымыңды қалыптастырса, үгіт сендіру арқылы іске жұмылдырады деген орнықты қағида бар. Насихат санаға әсер етеді, үгіт түйсікке күш салады. Дегенмен, екеуінің де түпкі мақсаты бір. Бұдан шығатын қорытынды қандай жағдай болмасын, қай хабар болмасын радио қоғамның жетілуіне, мәдениеттің өсуіне жолбасшы болуға тиісті. 
ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері.(2,6пр) Радиохабар тарату көп қырлы мәдени-ағартушылық мақсатты жүзеге асыруда бірнеше кешенді міндеттерді қатар орындайды. Соның негізгілеріне жеке тоқталайық.  
Эстетикалық міндеті.(2,7пр) Қазіргі заманғы хабар тарату ісіндегі оның үш қыры назар аударуға тұрарлық. 
1. Радиожурналистиканың үздік үлгілері эстетикалық талапқа жауап беріп, мәдениеттіліктің бір қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің жалынды сөзі, диалогтардың психологиялық ширығуы, жанды пікірталас, тосын қисын мен жаңа идеялардың айтылуы, тыңдарманның қиялын қозғап, оқиғаны көз алдына елестететін дыбыстық бояулар, өзін оқиға ортасында сезінуі, хабардың ішкі байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз бен табиғи шулардың өзара үйлесімділігі — осының бәрі эстетикалық талғамды қалыптастыратын, сананы өсіретін әдіс-тәсілдер. Журналист неғұрлым радионың бейнелеуші құралдарын дұрыс қолданып, тыңдарман санасына күшті әсер ете алса, соғұрлым эмоциясын күшті тітіркендіреді және әдетте көңіл аудара бермейтін деректің өзі қатты тебірентеді. Қазіргі радионың көркемдік және құрылымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол белгілі әдіс-тәсілдерді құбылта пайдалану арқылы деректі, оқиғаны соншалықты жанды, әрі әсерлі тыңдарманына жеткізуге қабілетті. Оның үстіне, қазір тікелей эфир тәсілі, яғни «жанды» эфир тәжірибеде кең қолданыс табуда. Мұның өзі журналистке көп артықшылық береді, әсіресе интерактивті режимде диалогтар құрып, шексіз импровизация жасауға, сөзді тауып айтуға, тыңдарманды қызықтыруға, бірге қуанып, күйінуге, сөйтіп, эмоциялық ахуалды күшейтуге ешкім шектеу жасай алмайды. Эфир уақытын дұрыс пайдалансаң, өзіңнің бағың, танымалдығың артып, рейтингің өседі, кәсіби білігің мен эмоциялық күйің нашар болса, уақытты зая кетіргенің, тыңдарманды жоғалтқаның. Эфир заңы, осындай қатал. 
2. Радио өмірге келген кезден бастап өнердің әр саласын: музыка, театр, әдебиетті насихаттап, танытып келеді. Көркем шығармаларды радиоэфирге шығаруда көптеген ізденістер жасалынып, небір пішіндер мен жанрлар дүниеге келді және олар шығарманың әрін кіргізіп, эстетикалық талғамын көтеруге тікелей ықпал етті. Сонымен бірге, радионың өзі де басқа өнер салаларынан көп жайды үйреніп, әдіс-тәсілдерін байытты, рухани, мәдени және эстетикалық құндылықтарды бірге меңгерді. Радио арқылы небір үздік спектакльдер, актер үндері жазылып, «Алтын қорда» сақталды. Қазір де радиода жиі әні естілген сайын әншілердің танымалдығы арта түсуде. Бұдан шығатын қорытынды, радио өзінің эстетикалық дамуында басқа өнер салаларымен бірге өсті, осындай бірлікте аудиториясы кеңейді және биік талғамы қалыптасты. 
3. Аудиомәдениеттің үздік үлгілері жылдар бойы қалыптасты және оның өзіндік дәстүрі бар. Әдебиет пен театрдағы барлық түрлер мен жанрлар дерлік түрленген күйінде радиоэфирге жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі байытты. Радиопоэмалар, фельетондар мен очерктер, трагедиялар, психологиялық драмалар, комедиялар, фарс пен радиоцирк, тіпті радиобалет әр жылдары эфирге тарап тыңдарман қиялын шарпығанын қалай ұмытармыз. Қазір де «ауызша радио естеліктер», «дыбыстық кітап» дегендер кездесіп қалады. 
Сөйтіп, радио өзінің көп жылғы тәжірибесінде басқа өнер салаларын насихаттап қана қойған жоқ, сонымен бірге жеке дара өмір сүре алатын қабілеттілігін, өзгелермен тең екендігін, шығармашылық әдіс-тәсілдерінің сан қырлы екендігін дәлелдеді. 
Радио қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды. Ал, радионың таралу ауқымы әлдеқайда кең. 
Радионың демалдыру-ойын-сауықтық міндеттері қазір алдыңғы қатарға шығып отыр. Көп радиостанциялар музыкалы, ойын-сауықтық форматта жұмыс істейді және ол заңды да. Радио көбіне жеңіл ақпаратпен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, сөйтіп, тыңдармандардың демалуға деген сұранысын қанағаттандырады. Осы мақсатта түрлі ойындар ойналады, жүлделер үшін сұраққа жауап береді, музыкалық жұмбақтар шешіледі, бірін-бірі құттықтап, қуаныш сыйлайды, күлдіргі әңгімелер айтып, жарысады, өмірдегі қызықты жайларды әңгімелейді. Сол сияқты түрлі музыкалық кештер мен концерттерден жазылып алынған хабарлар әуе толқынына да жолдама алады. Хабарлардың ендігі бір тобы әзіл-қалжыңға құрылады, түрлі әңгімелер мен актерлік көріністер сөз арқылы сомдалады. 
Көбіне, ойын-сауықтық хабарлар журналистика талаптарына толық жауап бере алмайды, сондықтан оның аралық сипатына назар аударамыз. Яғни, мұнда көпшілік мәдениет, шоу-бизнес, эстрада мен әзіл-сықақ театрлары элементтері басым түсіп жатады. Оны жүргізушілерден журналистік қабілеттен гөрі, әртістік және коммуникабельділік талап етіледі. Дегенмен, радиотыңдармандар қатарын көбейту үшін әртүрлі аудиторияның талаптарын ескеріп, эфир кестесін түрлендіру, қажетті ақпаратты таратып отыруға да көңіл бөлген жөн. 
Міне, радионың міндеттері сан қырлы екендігіне көз жеткіздік. Оның эстетикалық табиғаты да шексіз, шығармашылық мүмкіндіктері де мол. Соның бәрінің басын біріктіретін бір қасиетті ұғым — дыбыс. Радио — дыбыс өнері. Бір жылдары радио ешқандай да өнер емес деп, рөлін төмендетпек болғандар орынсыз пікірталас тудырған еді. 
Өткен ғасырдың 30-ыншы жылдары радиотолқында тараған “Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!” деген лепті сөз - кеңестік тұңғыш радиохабары, мүлде жаңа идеялық мазмұнымен, болашаққа қарай мезгеген құдіретті үнімен адамзат назарын бірден баурап алған еді. Сол кезден бастап талант талғам өрісін кеңітетін, мүмкіндігі мол жаңа өнерге жол салынып, жаңа өнердің есігі айқара ашылды. Ол радиоөнер еді. 
Радиоөнер ешбір елде бірден қалыптасып, бірден толысып кеткен жоқ. Бұның ашылар қойнауы мен құпиясы, сыры мен қыры әлі көп. Сондықтан да болар, радиоөнердің тәжірибелерін жинақтаған толық бір теориялық негіз әлі күнге жасалмай келеді. 
1979 жылы В.В. Егоров пен В.Н.Ружников былай деп жазады: “...радио мен телевизия өнері ерекше жаңа түр ретінде барған сайын өзінің мол мүмкіндіктерін ашты. Олар өзге де өнер салаларымен бірге, халқымыздың рухани мәдениетінің молшылығы үшін белсенді араласып келеді. Газет, журналдардан айырмашылығы - телевизия мен радиохабары телефильмдер мен радиоспектакльдер - өнер шығармаларын жасау мүмкіндігі бар”.  
Радиоөнердің сипатын радиотехниканың мүмкіндігіне байланыстырып, немесе радиожурналистиканың ерекшелігіне жатқызып айтылатын кейбір пікірлер бұл өнер табиғатына толық үңіле алмай келеді. Ол әлі де болса зерттеу аясын кеңітіп, тыныс алғыза түсуді керек ететін, болашағы зор, сипаты сырлы ерекшеленер өзіндік негізі, бұтақ жаяр кеңістігі бар үлкен өнердің бір саласы деуге әбден болады. 
Өнертану ғылымының кандидаты Т. Марченко бір мақаласында: “Соңғы жылдары радиодраматургияның жетістігі ерекше сезіле бастады. Ол театрдағы пьеса, киносценариймен бірдей кәдімгі әдебиеттер құрамына енді. «Әлемдік радиопьесалар» сериясы бойынша “Млечный путь” деп аталатын жаңа жинақ шықты. Радиоқабылдағыштың құлағын қосар болсақ, акустикалық театр мәдениетінің өскендігіне, шығарманы радиоөнердің айқын да әсерлі тілмен жеткізетіндігіне сенеміз” деп жазды. 
Радиоөнері туралы айтпас бұрын, әуелі мына бір екі мәселенің басын ашып алу керек сияқты. Радиохабарларын көркемдеу бар да, радиоөнер бар. Бұл екеуі әсте шатастыруға болмайтын өз алдарына мүлдем жеке-дара ұғым. Кино, театр өнері сияқты радионың да өзіне тән, табиғатына лайық көркемдеу тәсілдері бар. Ол ең алдымен сөз мәнерінен, музыка өнерінен, композициялық стилінен көрінеді. 
Радиодан берілген көптеген хабар, мейлі ол очерк, суреттеме, корреспонденция болсын, мүмкіндігіне қарай жасандырып беруді қажет етеді. Мысалы, ауыл шаруашылығы туралы корреспонденция келіп түсті дейік. Мұнда ауыл өмірінің барлық саласы жеке-жеке сөз болады. Ауыл табиғаты, шаруашылығы, мәдени тіршілігі түгел қамтылған. Корреспонденция қаншалық жақсы жазылғанымен, оны сол күйінде диктордың эфирге оқып шығуы радионың шын сипатына жатпас еді. Сол үшін оны өз мазмұнына сәйкес музыкамен көркемдеп, оқу өнерімен жандандыруға да тура келеді. Бірақ сонда да ол көркем шығарма бола алмайды. Ол радионың өзіндік стилі ғана болып қала береді. Айталық, кино өнерінің де өзіндік стилі бар. Көркем фильм басталар алдында біз үнемі кино-журнал, немесе жарнама көреміз. Онда бізге республиканың өмірі, немесе бір шаруашылық, не кәсіпорынның жақсы істері, кейде әр елден хроникалар көрсетіледі. Мұны көркем шығарма, яғни киноөнер деп қабылдай аламыз ба? Әрине, жоқ. Бұл киноның алған тақырыбын көрермен қауымға баяндап беру стилі ғана. Киноөнерін біз көркемсуретті фильмнен ғана көреміз. Сол сияқты радиоөнерді біз, тек радиолық көркем шығармадан ғана естіп, көз алдымызға елестете аламыз.

Қызылорда облыстық филиалы (2пр)

Филиалдың қысқаша тарихы

          Сыр бойындағы облыстық теледидардың негізі 1991 жылдың 30 сәуірінде қаланған. Жаңа ұжымның шығармашылық құрамы сол кездегі облыстық радиодан жасақталғанымен, техникаға, оның тілін білетін тәжірибелі мамандарға деген зәрулік қатты байқалды. Осы істің басы-қасында болған бүгінгі тәжірибелі мамандар облыстық теледидардың алғашқы техникалық жабдығы «Останкино» телеорталығынан әкелінген «Кадр» 3 ПМ маркалы магнитофоны болғанын еске алады. Бұрын пайдаланылған осы магнитофонның өзі жаңа телеарна үшін қисапсыз байлық еді.  
          Осы жылдың соңына таман АСБ, Ленинград (Санкт-Петербург) қаласынан жылжымалы телевизиялық станция әкелінді. Теледидардың алғашқы режиссері Хұсейін Әмір-Темір, тұңғыш дикторы Айгүл Оразова болды. Сол кездегі жалғыз Панасоник MS-1 маркалы бейнекамера «иесі» барлық барлық жаңалықты түсіруге үлгіретін оператор Айтбай Оспанов еді. Алғашқылардың қатарында төраға Жақсылық Бекқожаев, журналистер Баян Исламбаева, Айткүл Шалғынбаева, инженерлер Бақытжан Шөкенов, Марат Шалабаев, Жәнібек Жұманов, Юрий Ефановтар болды.  
          Осындай қиындықпен облыстық теледидар құрылып, 1991 жылдың 30 сәуірінде 30 минуттық хабармен тұңғыш рет эфирге шықты. Ал келесі 1 мамыр күні қаланың орталық алаңындағы мерекелік демонстрациядан 45 минуттық тікелей репортаж жасады.  
Қазіргі «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тарихы осылай басталды.  
           Филиал тарихындағы ең алғашқы басшы – ұзақ жылдар облыстық радионы басқарған, «КСРО-ның құрметті радисі» Жақсылық Бекқожаев болды. Одан кейін телеарна тізгінін кейіннен 2 мәрте ҚР Парламенті депутаты болып сайланған Әбдіжәлел Бәкір ұстады. 1996-2005 жылдар аралығында телеарнаға Серік Пірназар, Орынбасар Әлжік, Амантай Шәріп басшылық жасады. Олардың бәрі өздерінің қал-қадірінше телеарна дамуына үлес қосты. 2005 жылдан бастап Жағыппар Қарабала жетекшілік етіп келеді. 

           Қызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Дәл осы күні алғаш рет 30 минуттық хабармен эфирге шықты. Ертесіне, 1 мамыр күні қаланың орталық алаңындағы мерекелік демонстрациядан 45минуттық тікелей репортаж жасады.[1]

Телеарна  ашылуының басы-қасында сол кезде  облыстық радионы ұзақ жылдар басқарған, «КСРО-ның құрметті радисі», алғашқы төраға Жақсылық Бекқожаев, журналистер Баян Исламбаева, Айткүл Шалғынбаева, инженерлер Бақытжан Шөкенов, Марат Шалабаев, Жәнібек Жұманов, Юрий Ефановтар жүрді. Алғашқы режиссер қызметін Хұсейін Әмір-Темір атқарса, тұңғыш диктор Айгүл Оразова болды.

Теледидардың  алғашқы жабдығы «Останкино» телеорталығынан әкелінген «Кадр» 3 ПМ маркалы бейнемагнитофоны болды. Одан кейін 1991 жылдың соңына таман АСБ, Ленинград қаласынан ПТС әкелінді.

           Жаңадан ашылған телеарнаның хабар тарату ауқымы, материалдық базасы жыл өткен сайын ұлғая берді. Хабар тарату ауқымы он жылдың көлемінде 5 сағатқа, 2004 жылдан бастап 14 сағатқа көбейді. 2007 жылдың 1 қаңтарынанбастап телеарна хабарлары 1 сағат көлемінде «Кателко» спутниктік жүйесі арқылы тартыла бастады.

2009 жылдың 28 тамызынан бастап «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы республикада алғашқылардың бірі болып облыс аумағына тәулігіне 14 сағат көлемінде хабар таратуға көшті.


Информация о работе Дыбыстың акустикалық табиғаты