Өзін-өзі тану сабақтары арқылы мүмкіншілігі шектеулі оқушылардың есте сақтауын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 22:46, реферат

Краткое описание

Әр ата-ана дені сау ұрпақты дүниеге әкелуді қалайды. Алайда қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар аз емес. Өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балалардың саны жыл санап артып отыр.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық дамуының жетіспеушілігі интеллектуалдық жетіспеушіліктен және танымдық үрдістердің (есте сақтау, ойлау, зейін, қабылдау қабілеттерінің) нашарлығынан да көрініп отырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гылыми жумыс КазМемКызПУ.docx

— 21.31 Кб (Скачать документ)

Өзін-өзі тану сабақтары арқылы мүмкіншілігі шектеулі оқушылардың есте сақтауын дамыту

ҚазМемҚызПУ Агыбаева С.Е.,

педагогика және психология магистрі.,

Жұматаева М.С. 3-курс студенті.

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға керекті педагогикалық қолдау көрсету - оларды оқу үрдісінде, әлеуметтік бейімделуде және жалпы өмірінде де үздік болуға көмектеседі.

                               Г.Ф. Кумарина 

Әр ата-ана дені сау ұрпақты дүниеге әкелуді қалайды. Алайда қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар аз емес. Өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балалардың саны жыл санап артып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық дамуының жетіспеушілігі интеллектуалдық жетіспеушіліктен және танымдық үрдістердің  (есте сақтау, ойлау, зейін, қабылдау қабілеттерінің) нашарлығынан да көрініп отырады.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың есте сақтауы көп жағдайда өте төменділігімен ерекшеленеді. Ол балалар аномальді жағдайда дамитын болғандықтан есте сақтау үрдістерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың материалды есте сақтауы мен оны қайта жаңғыртуы өте төмен және ақырын болып келеді. Көп жағдайда мағыналы есте сақтаудың нашарлығын байқауға болады. Қалыпты балаларға қарағанда мүмкіндігі шектеулі балаларда ерікті есте сақтау қалыптасады.

Олардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін түрлі тренингтер, жаттығулар және т.б. қолданылады. Алайда бір ескерте кететіндігі кей жағдайда бұл жаттығулар мен тренингтер өткізілгенімен үлкен нәтиже ала алмайтын кездеріміз де болады.

Жалпы есте сақтау таным үрдісінің ең негізгі баспалдағы деуге де болады. Ол анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракциялау сияқты операциялық жүйелерден тұрады. Б.И.Пинский, И.М.Соловьев және Ж.А.Шафтың зерттеулері бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың есте сақтау қабілеті қалыпты балалармен салыстырғанда әлдеқайда төмен деңгейде екен.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың есте сақтауына тән:

1) Барлық ойлау функцияларының бұзылуы

2) Ойлау үрдістерінің төмендігі

3) Ең жиі кездесетін есте сақтау түрі – заттық

4) Қимыл іс-әрекет кезіндегі іс–әрекеттің оқыс болуы

5) Ойлау үрдісінің өте төмен мотивациялануы.

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларда тек есте сақтау ғана емес, есте сақтаған заттар мен құбылыстарды қайта жаңғырту қиынға соғады. Бірақ есте сақтау қабілеті жалпы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де, қалыпты дамыған балалар үшін де өте маңызды. Себебі, ең алдымен оқыған нәрселерді жадыда сақтау үшін, қайта жаңғырту және өңдеу үшін есте сақтау қажет.

2010 - 2011 - оқу жылдарынан бастап өзін-өзі тану пәні мектеп бағдарламасына енген болатын. Сол кезден бері бұл пән мектеп бағдарламасында тиімді оқытылып келеді. Сонымен қатар өзін-өзі тану пәні еліміздің арнайы мектептерінде де оқытылады. Сабақ барысында өткізілетін түрлі қызықты тренингтер мен жаттығулар жалпы адамзат тұлғасы үшін үлкен пайдасын тигізіп отыр. Ал арнайы мектепте өзін-өзі тану пәні арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуды мақсатқа ала отырып, түрлі тәсілдерді қолданып Алматы қаласындағы «Жанұя» арнаулы кешенінде, 6- сыныпқа (5 ұл, 4 қыз) зерттеу жүргіздік.

Зерттеу барысында ең алдымен «Он сурет» жаттығуын жүргізіп қарастырдық. Бұл жаттығудың барысымен таныстырсақ, тақтаға он түрлі заттары бар плакат ілінеді, оқушылар бір минуттың ішінде тақтада тұрған суреттерді жаттап, сурет алынып тасталған соң есінде қалған суреттерді айтуы керек болды. Бұл жаттығу негізінен заттық есте сақтауды дамытуға бағытталған. Жаттығу барысында балалар түрлі нәтиже көрсетті.

«Не өзгерді?»

Үстел үстіне 5-8 фигураларды (ойыншықтарды) жайғасытырыңдар. Бала оларды мұқият қарап,содан соң теріс айналу керек. Ол қарамай тұрған кезде бірнеше фигураларды алып тастау керек. Фигуралардың орнына басқаларын қоюға немесе орындарын ауыстыруға болады. Бала қайта қараған кезде одан не өзгергенін сұрау керек.

 «Он сөз» жаттығуы.

Балаға  он сөз оқытылады. Ол есінде қалған сөздерді қайталау керек. Мен ана, әке, мектеп, үй, орындық, ағаш, ұстаз, отбасы, доп, қар. Қалыпты жағдайдағы орта буын оқушысы 5-6 сөзді айтып бере алады. Содан кейін бір сағат уақыттан кейін жаңағы сөздерді қайта айтқызып көру керек. Бұл жаттығуды жүргізу барысында балалар нашар көрсеткіш көрсетті. Олардың көбісі тек 3-4 сөзді ғана айтып бере алды.

«Мен қапшыққа салдым ...»

Бұл ойын түрі ұзақ мерзімді есте сақтауды дамытуға арналған. Ең алдымен сіз «Мен қапшыққа алма салдым» деп бастайсыз, бала соны жалғастырып «Мен қапшыққа алма, қалам салдым» деп жалғастырады. Осылайша әр оқушы ойындағы затын қапщықтың ішіне сала алады. Содан кейін әр оқушыдан қапшыққа не салынғанын сұрайды. Бұл жаттығуды келесі күні де жалғасытырып, кеше қапшықта не болғанын сұрау керек. Мен жаттығу жүргізген сыныпта сегіз оқушы болғандықтан және менің  жауабыммен қосқанда тоғыз түрлі заттар шықты.

 Келесі жаттығу түрі  моторикалық – заттық есте  сақтауды дамытуға бағытталған  жаттығу түрі.

«Іс–әрекетті жаттап ал»

Оқушыларға біренеше қимыл–қозғалыс түрлері көрсетіледі (3-4 іс–әрекет көрсету тиіс). Ол қимыл–қозғалысты көрсетілген реті бойынша және керісінше қайталауы тиіс. Мысалы, сағат тілі бойынша бұрылдыңыз, тербелдіңіз, қолдарыңызбен сермедіңіз, отырып–тұрдыңыз. Бұл жаттығуды орындау барысында оқушылар қимыл–қозғалыстарды ретімен дұрыс орындай алса, керісінше қайталағанда көбісі дұрыс істей алмады.

Біз жоғарыда аталған жаттығуларды аптасына үш рет өзін-өзі тану сабақтарында өткізіп отырдық. Аптаның соңына қарай оқушылардың көп бөлігі жаттығулардың барлық түрін ойдағыдай орындай алды. Әрине, ішінде әлі де болса орындай алмаған оқушылар болды. Бірақ бұл тәжірибенің қорытындысы бойынша өзін–өзі тану сабағында өткізілетін жаттығулар мен тренингтер арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың есте сақтау қабілетін дамыуға болатынын байқадық. Әрине, көп жағдайда бұл жаттығулар тобы тек қысқа мерзімді есте сақтауды дамытуға бағытталды. Бірақ осындай жаттығулар тобын күнделікті өткізіп отырса біраз жетістіктерге жетуге болатынына көзім жеткіздік. Жаттығулардың нәтижесін төмендегі кестелерден  көруге болады:

 

Бірінші күн

Екінші күн

Үшінші күн

Оқушылардың 15 % жаттығулар тобын орындай алды

Оқушылардың 32% жаттығуларды орындай алды

Оқушылардың 55% жаттығуларды орындай алды

Екі ұл жаттығуды орындады

Үш ұл жаттығуды орындай алды

Төрт ұл жаттығуды орындай алды

Қыздар жаттығуды орындай алмады

Бір қыз жаттығуды орындай алды

Екі қыз жаттығуды орындай алды


1 – кесте. Оқушылардың  жалпы көрсеткіші

 

«Не өзгерді?»

«Мен қапшыққа салдым ...»

«Іс–әрекетті жаттап ал»

«Он сөз» жаттығуы

1күн

2күн

3күн

1күн

2күн

3күн

1күн

2күн

3күн

1күн

2күн

3күн

Ұлдар-0

Ұлдар-1

Ұлдар-1

Ұлдар-0

Ұлдар-1

Ұлдар-2

Ұлдар-0

Ұлдар-1

Ұлдар-1

Ұлдар-0

Ұлдар-0

Ұлдар-1

Қыздар-0

Қыздар-0

Қыздар-0

Қыздар-0

Қыздар-1

Қыздар-1

Қыздар-0

Қыздар-0

Қыздар--

Қыздар-0

Қыздар-0

Қыздар-1


2-кесте. Оқушылардың жеке  жаттығу бойынша көсеткіші.

 

Байқағанымыздай жаттығулардың көбісі қиынға соқпайды. Алайда бұл тек қалыпты дамыған адамдар үшін ғана, ал мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бұл жаттығулар тобын орындау үлкен қиындыққа соқты. Бірақ  «Іс–әрекетті жаттап ал» жаттығуының жартысын оқушылардың біраз бөлігі орындай алды. Сондықтан күнделікті осындай жаттығуларды оларға орындатып тұрса, олардың есте сақтауы дамиды ма деген үміт оты ұялады.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша адам кез-келген затты есте сақтауы үшін оған сегіз секундт уақыт қажет екен. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар үшін тәжірибе көрсетіп отырғандай сегіз секундтан да көп уақыт қажет болып отыр. Бірақ тәжірибе жүзі көрсеткендей олардың есте сақтау қабілетін күнделікті жаттықтыру арқылы жақсартуға болады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ануфриев А.Ф., Костромина С.Н. Как преодолеть трудности в обучении детей. Психодиагностические таблицы. Психодиагностические методики. Коррекционные упражнения. – 3-е изд., перераб. И дополн. – М.: Издательство «Ось-89», 2003.
  2. Зяблицева М.А. Развитие памяти и воображения у детей. Игры и упражнения – Ростов н/Д: «Феникс», 2005.
  3. Карабанова О.А. Игра в коррекции психического развития ребенка. – М., 1997.
  4. Жадько Е.Г., Широкова Г.А. Практикум для детского психолога – Ростов н/Д: «Феникс», 2004.

 

 

 

 

 


Информация о работе Өзін-өзі тану сабақтары арқылы мүмкіншілігі шектеулі оқушылардың есте сақтауын дамыту