Шпаргалка по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 10:47, шпаргалка

Краткое описание

работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология-шпор.doc

— 409.50 Кб (Скачать документ)

1. Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістері.

Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара  ықпалдастық байланыстарының жалпы  заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым – психология (грек.-psiche, logos-ғылым) айналысады.Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Психология пәні 1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам, 2) өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы. Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы – адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тарихи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерекшеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы. Психологияның негізгі міндеттері:-психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;-психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;-психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;- психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету. Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды. Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері: 1) заттасқан болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойындау; 2) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажыралмас бірлікте болатынын қолдау; 4) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Психологияның даму тарихы

Психология басќа ғылымдар сияќты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы  екі кезеңге бөлінеді: Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі (IV-V ғ.ғ. біздің  дәуірге дейінгі XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ.).   Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып,  Арестотельден (348-322) басталатын  философиялық ілім  тарихы. Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдарды атап айтқанда, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбнец, ЛЗК, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, Арестотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан тәнінің өмір сүруінiң формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процесстерге бөлінетіндігін  айтса,  келесі бір грек ғылымы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді. Сонымен қатар, ежелгі Грецияның философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі бойынша барлық әлем оттан пайда болады, “жан” ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал, ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуына сұйыққа айналдырады- деп есептеді. Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы  ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі ) арқылы десе, Голонд ғұламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан. Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл – Фараби (870-950)  мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.

Екіншіден, психологияның  өз алдына дербес  ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты. XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты  психолог  Г.Эббингауз психология тарихына  қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды.  Осы көзқарас бойынша  психология тарихын    шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:  Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым. Осылардың әрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Психология  ғылымының  негізгі салалары. 

Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармаќтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармаќтар дамуы мен ќалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс – әрекеттерін ќамтитын әр ќилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік – жікке ажырату жіктеу деп аталады. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пєннің зерттейтін обьектісін, екінші, адамның іс – әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс – әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға ќатынасын алып ќарастырамыз.Адамның наќты іс – әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын төмендегіше жіктейміз. Тәлім – тәрбие психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оќыту мен тєрбиелеу ісіндегі психологиялыќ заңдылыќтар. Ол оќушылардың аќыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын ќалыптастырудың, олардың тиісті оќу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара ќарым – ќатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін ќарастырады. Жас  ерекшелiк  психологиясы –бұл сала мынадай тармаќтардан ќұралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, ќарт адамдар психологиясы. Бұл сала оќыту мен аќыл - ойдың дамуын жєне олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оќыту ісіндегі адамның аќыл – ойын, сана – сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арќылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді. Арнаулы психология - бұл адам дамуының бірќалыпты даму жолынан ауытќуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалыќ күйзелістері мен осы саладағы әр ќилы аурулардың себептерін ќарастырады. Еңбек психологиясы – адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін ќарастырады. Авиациялыќ психология - ұшќыштарды оќыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай – жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару маќсаттарын көздейді. Ғарышкерлік психология – адамның салмаќсыздыќ пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса ќиыншылыќ жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл – күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді. Медициналыќ психология – дәрігерлердің ќызметі мен аурулардың мінез – ќұлќын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаќќа бөлінеді, әрбір тармаќтың адам психикасын зерттеуге ќатысты маќсат – міндеттері бар. Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел – жұрты мен Отанын ќорғайтын ќалќан болуға психологиялыќ тұрғыдан даярлау. Әлеуметтік психология - адам мен ќоғам арасындағы ќатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасќан топтары мен кездейсоќ топтары арасындағы өзара ќарым – ќатынастағы психологиялыќ ќұбылыстардың сырын зерттейді. Спорт психологиясы - спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялыќ ерекшеліктерін ќарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері

1-кезең:Психология –жан туралы ғылым. Адам өмірінде түсініксіз болмысты жанның бар болуымен түсіндіреді. Бұдан екі мыњ жыл бұрынғы көзќарас. Мұнда бірінші кезеңде психология  “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты  мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.

2-кезең: Психология –сана туралы ғылым. XVII-ғ. басталады. Сезіну ќабіле-ті мен ойлау сана деп аталады. Негізгі әдіс адамның өзін-өзі баќылауы. Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып  мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі  бағытпен тұжырымдалады; біріншіден,  сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден  сана процесі  субъектінің өзінде ашылады.

3-кезең: Психология - мінез  ќұлыќ туралы ғылым. XX.психология –адамныњ мінез-ќұлќын реакциясын т.б. баќылап отыру. Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді.

4-кезең: XX.психология –адамныњ мінез-ќұлќын реакциясын т.б. баќылап отыру. XX-ғасырдың екінші жартысынан басталады.Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдылықтарын зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар  С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және  XX ғ-дың 30-60-шы  жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен  байланысты қаралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.  Психологиялық  зерттеулердің негізгі әдістері.

Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың  барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті Субъективті әдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына немесе олардың өзінше есептеріне, сондай-ақ  кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан пікіріне немесе алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес ғылым саласына айналғаннан бері субъективті әдістер бірінше кезекте дами бастады және қазірде жетілу үстінде. Бақылау, өз-өзін бақылау және сауалнама психологиялық  құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістері еді. Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей,  жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни,  ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және  сапаны психологиялық көріну объективтілі ашылатын арнайы дайындықты талап етеді. Бұл әдіс көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды.  Бұл жағдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездерінде  дәл есептелінген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама  әдісімен бірге жүргізіледі.Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының  артықшылығы және кемшіліктері  де бар. Саулнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін. Стандарттанудың негізгі мәні мынада  екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін  салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді  яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық  мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады.  Ол  психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере  алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер. Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген  эксперимент - әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі.  Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи.  Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады. Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Тұлғаның  қалыптасуы мен дамуы .

     Адам тұлға  болып туылмайды, ал қалыптасады  деген  көзқараспен  қазіргі  психологтардың көбісі  келісуде.  Бірақ  тұлғаның  дамуы қандай  заңдарға  бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан  алуан.  Өйткені  тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік  топтардың мәні,   дамудың  заңдылықтары мен  кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету  мүмкіндіктері   әрқилы  түсіндіріледі.

Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында  тұлғаның даму  мәселесі   өздігінше қарастырылады. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары   өмір  сүру барысында қалыптасады,  олардың туындау, қайта түзілу және  тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады.   Әлеуметтік үйрету теориясы   тұлғаның даму процесін  адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа  феноменологиялық  теориялар оны “ Мен” деген  түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.  Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан  шоғырланған, біртұтас  етіп  қарастыру тенденциясы бар.  Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе  кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда   оң және теріс қасиеттердің  үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес.  Сондықтан Эриксон  өз концепциясында  тұлға дамуының  екі шекті  желісін бейнелеген:  қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен  адамның тұлғалық дамуының  барлық аралық  варианттарын елестетуге мүмкіндік береді ( 1 кестеде  көрсетілген).  Психологтарға  үйреншікті ой бойынша  тұлға  әлеуметтік ортада  өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды.  Адам әлеуметтік тіршілік иесі  болғандықтан   әлеуметтік өзара  әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін  бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін  үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ  кейін индивидтің  әлеуметтік тәжірибесін  белсенді  жандандырылып   әлеуметтену деп  аталады.

7. Э. Эриксонның тұлға даму концепциясы. Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)Даму  кезеңі.Дамудың қалыпты желісі.Дамудың аномалды желісі. 1.Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін)Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат, үйір болу, ата-ана мен баланың бірін бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да  қажеттіліктерін қанағаттандыру .Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде  баланың адамдарға сенбеуі,  мән бермеушілік, немқұрай-лық, махаббаттан айыру.  Баланы ана сүтінен  өте ерте және  күрт  айыру,  баланы эмоционалдық оқшаулау.2.Кейінгі  нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) Дербестік,  өзіне өзі сену.  Бала өзін  дербес,  жеке, бірақ  әлі ата-анасына тәуелді адам  деп санайды.Өз өзіне сенбеу,  өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімділмегендігін сезініп,  қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы  жүргенде. Оның  сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.3.Ерте балалық шақ (3-5 жас  шамасында)Қызығушылық және белсенділік.  Қоршаған ортаны қызыға зерттеп,  бейнелерді елестету, ересектерге  еліктеу,  түрлі рольдерге қосылу. Пассивтілік және  адамдарға  мән  бермеу.  Инициативаның болмауы, салбыр болу,  басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.4. Орта балалық шақ (5 пен 11  жас аралығы) Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және  коммуникативті білім мен  әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу.  Инструменттерде ойнауды  белсенді меңгеру,  шешімдер қабылдау.Өзін өзі кемсіту. Әлсіз дамыған  еңбек ету  қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан,  басқалармен жарысудан  бас тарту. “Дауыл алдындағы”  немесе  жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі.  Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде   жұмысы зая кететіндей сезіну.5. Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және  бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы) Өз болашағын  анықтау. Уақытша перспективаның –болашаққа жоспардың  дамуы.  Қандай  болу? Кім болу? деген сұрақтарға жауап  іздестіру.  Білім алу, үйрену.  Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер.  Дүниеге көзқарастың қалыптасуы.  Құрбылар арасында  лидер болу, қажет болса оларға бағыну.  Рольдердің шатасуы. Уақытша перспективалардың ығысуы және   араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін өзі тануға  жұмсау, сыртқы әлем,  қоршаған адамдармен  қарым-қатынас орнатудың орнына  өзін өзі түсінуге тырысу.  Еңбек белсенділігін  жоғалту. Жыныстық айырмашылықты  көрсететін рольдердің ауысуы,  лидер болуға  ұмтылмау.  Мораль мен  дүниеге  көзқарастың шатасуы. 6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы) Адамдарға жақын тарту, оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу,  махаббат пен жұмыс. Жеке бас  өмірімен қанағаттану.       Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу,  болжамға келмейтін  әрекеттер жасау.  Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге  толы-мыс деген ойлардың әсерінен  психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің   алғашқы белгілері.7. Орта ересек шақ (40-45 және 60 жас аралығы)  Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және  шығармашылық жұмыстар жүргізу.  Толық құнды,  әр қилы  өмір.  Отбасылық қатынастармен  қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты  үйрету және тәрбиелеу. Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм.  Жұмыстың өнімсіздігі.  Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана  күтім жасау. 8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған  саналы баға беру.  Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну.  Тағдырдың жазғанына көну қабілеті.  Өлім қорқынышты емес екендігін   ұғыну.Үміт үзу.  Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын,  ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп    түсіну, өз күшіне, басқаға деген  сенімнің  жоғалуы. Қайта өмір  сүруді  тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын,    жаман, санасыз бастаманың көптігін  сезіну. Жақындап келе жатқан  өлімнен  қорқу.

 

 

 

 

8. Түйсiк туралы түсінік.Оның түрлерi. Түйсiк – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады. Рецептор – бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын, және табиғаты жағынан әртүрлi тiтiркендiргiштердi - физикалық, химиялық, механикалық және т.б. - қабылдауға және оларды жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы органикалық құрылғы. Ал, жалпы алғанда, түйсiктер арнайы сезiм мүшелерi (анализаторлар) арқылы тек өзiне ғана тән тiтiркендiргiштердi түйсiнуге арналған, яғни көбiнесе объективтi болып келедi. Бұл жерде тағы бiр ескеретiн нәрсе, түйсiктер, сезiм мүшелерiнiң, рецепторлардың арнайы қызметiне немесе спецификалық энергиясына байланысты емес, ал негiзiнен сыртқы тiтiркендiргiштердiң қасиеттерiне тәуелдi болады.Түйсiктер бiздiң дүние жөнiндегi бiлiмдерiмiздiң ғана емес, сондай-ақ бiздiң сезiмдерiмiз бен эмоцияларымыздың да қайнар көзi болып табылады. Эмоциялық күйзелiстiң ең қарапайым түрi– бұл түйсiктiң сезiмдiк, немесе эмоциялық тоны, яғни түйсiктермен байланысты болатын сезiм. Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-әрекетiндегi рөлi өте зор, себебi олар бiзге сыртқы дүние және өзiмiз жайлы бiлiмдердi бередi. Сыртқы ортаның сан-алуан әсерлерi, дыбыстар мен бояулар, иiстер мен температура, мөлшер және т.б. жөнiнде мәлiметтi бiз сезiм мүшелерiмiз арқылы алып, оларды жан-жақты танып-бiлемiз. Сезiм мүшелерiнiң ақпаратты алу, сұрыптау, жинау және миға жiберу процестерi негiзiнде әсер еткен объектiнiң адекватты (шындыққа сәйкес) бейнесi қалыптасады. Сезiм мүшелерi – сыртқы дүниенi адамсанасына жеткiзетiн каналдар. Сезiм мүшелерi адамның сыртқы ортада және өз iшкi күйiнде бағдарлай алуына мүмкiндiк бередi. Түйсiктердiң өмiр үшiн маңызды рөлi – орталық жүйке жүйесiне iшкi және сыртқы ортаның күйi  жөнiнде мағлұмат беру. Түйсiк, тiтiркенумен салыстырғанда, сыртқы әсердiң белгiлiбiр қасиеттерi жөнiнде ақпарат бередi. Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi болып табылатын – ол тiтiркендiргiштiң оған сәйкес анализаторға (сезiм мүшесiне) әсерi нәтижесiнде пайда болатын жүйке процесi. И.П.Павлов бойынша, анализатор - бұл тiтiркендiргiштердi қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттiк және эфференттiк жүйке жолдарының жиынтығы. Анализатор – тiтiркендiргiштердiң әсерiмен рефлекторлық түрде өзгерiп отыратын белсендi мүше, сондықтан түйсiк пассивтi емес, ал әрқашан қозғалыстық компоненттерден тұратын белсендi психикалық процесс болып табылады.Анализатор үш бөлiмнен тұрады:1. Перифериялық бөлiм (рецептор) - сыртқы энергияны жүйке процесiне айналдыратын арнайы трансформатор.2.Афференттiк және эфференттiк жүйке талшықтары немесе өткiзгiш жолдар;3.Анализатордың мидағы қабықасты және қабықты бөлiмдерi; Түйсiктердiң негiзгi түрлерiне жататындар: терi түйсiктерi– жанасу, қысым, сипап сезу, температуралық түйсiктер, ауырсыну түйсiктерi, дәм сезу түйсiктерi, көру түйсiгi, есту түйсiгi, күй-қалып пен қозғалыс түйсiктерi, сондай-ақ, органикалық түйсiктер (аштық, шөлдеу, жыныстық түйсiктер, iшкi мүшелердi түйсiну және т.б.).

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"