Эмоция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 19:39, реферат

Краткое описание

Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмония (лат. emavere — күйзелу, қобалжу). Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтың мотивацияның құрамында маңызды орын алады.
Эмоцияның бірнеше түрі бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эмоция.docx

— 19.33 Кб (Скачать документ)

Эмоция

Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмония (лат. emavere — күйзелу, қобалжу). Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтың мотивацияның құрамында маңызды орын алады.

Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологияльщ эмоция — әртүрлі Тіршілік (ашығу, шөлдеу т. б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция — әр алуанрухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Қідірген эмоция — жёке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жағымсыз эмоция — қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция — мұқтаждық қанағатта.ндырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.

Эмоция кұбылыстары аффект (долданыс), нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі. Аффект — айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі. Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның үшінші түрі — заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат), отанды сүю, өшпенділік т. б. елестету немесе ойлау арқылы пайда болады. Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сәтте адамды шабыт, нұрлану, жаңалық ашу, шығармашылық қуанышы билейді. Яғни, сезініс күйі — адамның рухани және дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы.

Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және эмоциялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоииялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субъективтік сезінісін айтады. Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық керіңіс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі. Симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңейеді, организмде тотығу және энергия құбылыстарыньң қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламиндер, пептидтер және глюкоза мөлшері көбейеді.

Бұлшық ет тонусы өеіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық қозу кезінде организмнің бүкіл қосалқы мүмкіндіктері жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар түпті қарқынды іс-әрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері сақталады. Бұлар тек төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады.

Эмоция кезінде адамның субъективтік күйі өзгереді. Оның парасаттық қабілеті, зердесі сезімтал, қоршаған орта әсерлерін жіті қабылдайды.

Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәңі адам мен жануарларға өзінің ішкі жағдайын, пайда болған мұқтаждығын, тез бағалауға, оны толық қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол организмдегі бейнелеуші (бағалаушы) ізденуші, нығайтушы, реттеуші, байланыстырушы әрекеттерді ұйымдастырады.

Эмоцияның бейнелеуші әрекеті оқиғаларға жалпы баға береді. Организм өзінің бүкіл іс әрекетін бірлестіру арқасында, оған әсер етуші тітіркендіргіштің жағымды немесе жағымсыз жактарын тез анықтайды. Адамның сезініс қабілеті дара күйзеліспен қатар, өзара қоса әсерленушілік арқылы қалыптасады.

Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты білінеді. Ол жетекші және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоциялық күйзеліс — мұқтаждықты қанағаттандыратын мінездік мақсатқа бағытталады. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалаудан туады. Ол нәтижеге қарай мақсатқа жету үшін мінезді не жалғастырады не өзгертеді.

Эмоция нығайтушы әрекеті арқылы тәлім және зерде процестеріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратын маңызды қақиғалар тез және ұзақ уақытқа зерде де сақталады. Мұны әрбір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның алғашқы жалпылама сатысын — эмоциялық сатысы дейді. Дәл осы кезде организмнің вегетативтік саласы ерекше жұмылдырылады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді әсерлену тиімді келеді.

Эмоцияның реттеуші немесе аударақосушы әрекеті үстемді мұқтаждықты анықтайтын себептердің бәсекесінде айқын көрінеді. Ол үрей мен міндет, үрей мен үяттың сезімдер таласында байқалады. Мұның ақыры ңиеттің күшіне адамның тілегіне және еркіне байланысты болады.

Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы, кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы, серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама - қарсылықтан байқауға болады. Мәселен, куаныш пен қайғы, ашу мен үрей, ынта мен жеркену, ұят пен жек көру, сүйсіну мен күйіну сезімдері белгілі сипаттармен айқындалады.

Эмоцияның пайда болу механизімін теориялар арқылы ұғынуға болады. Эмбпияның алғашқы теориясы Ч. Дарвин ұсынған биологиялық қағида болатын. Ол жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір биологиялық сигналдық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар (ашу, үрей, қуаныш т. с с.) және ымдау әсерленістері эмоциялық туа біткен көріністерге жатады.

П. K. Анохиннің айтуынша, эмоция тарихи даму сатысында сыртқы жайларға сәйкес мүқтаждықты тез бағалау және қанағаттандыру амалы ретінде қалыптасты. Әдетте, әрбір мұқтаждық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсеңді іс - әрекетке демеп отырады. Ал әрбір мұқтаждық мақсат орындалса қанағаттық сезімі туады. Содан нәтижелі қимыл - әрекетпен ұласқан жағымды эмоция зердеде сақталып, әр уақытта мақсатты мінезді ұйымдастырады.

В. В. Симонов ұсынған ақпараттық қағида эмоцияны адам мен жануарлар миының пайда болған мұқтаждықтың сапасын және мөлшерін, оны қанағаттандыру ықтималдығын бейнелеу қасиеті деп санайды. Мұны олардың әрқайсысы ырықсыз генетикалық және жеке жүре пайда болған тәжірибе негізінде бағалайды. Яғни, эмоция мұқтаждық мотивациялық және ақпараттық түрткілерден туады. Оның пайда болу ережесі ретінде төмендегі теңдеуді қолданады:

Э=М- (An-A11),

мұнда Э — эмоция, оның дәрежесі, сапасы және белгісі; M — маңызды мұқтаждықтың сапасы мен күші; (Ак—A1,)—туа бітін және жүре болған тәжірибе негізінде бағалау; Ак — мұқтаждықты қанағаттандыру үшін қажетті амалдар тұралы ақпарат, A1, субъект қолданып отырған нақтылы амалдар туралы ақпарат.

Келтірілген көрсеткіштер кейбір эмоция пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті түрткілер болып есептеледі. Алайда бұлармен қатар субъектің дара типологиялық ерекшеліктері, эмоция тудыратын уақыт түрткісі және мұқтаждықтың сапасы ескерілуі тиіс. Осыған орай әлеуметтік және рухани мұқтждықтан шыққан эмоцияны сезімдер деп атайды.

Осы «эмоция теңдеуі» бойынша, амалы ықтималдылық

(Ақ—Ah) жағымсыз эмоциялар  тудырады. Ал болжамды мақа жету  ықтималдылығы (Ан—Ақ) артқа жағдайда жағымды сезініс пайда болады.

Физиологиялық тұрғыдан алғанда, эмоция — арнайы ми құрылымдарының белсенді күйі, ол осы жағдайды өсіруге немесе азайтуға бағыттап, мінезді өзгертуге мәжбүр етеді.

Эмоциялық күйдің қалыптасуына мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. У. Кеннон ұсынған таламустың теория бойынша эмоциялық әсерленіс алғашқыда таламус орталықтарында пайда болып, ми қыртысына ықпалын тигізеді. Сөйтіп, ол түйсіңті түрлендіріп, көрнекті қимылдарды тудырады.

Эмоцияны ұғынуда лимбиялық теория жетекші орын алады. Дж. Пейпец клиникалық байқаулардың нәтижесінде, ми қыртысының маңдай бөлігі, гипокамп, күмбез, бадамша, таламус, гипоталамус эмоциялық әсерленісті ұйымдастырады деп тұжырымдады. Д. Линслей электроэнцефалография әдісін қолданып, бұл құрылымдарды ми бағанының торлы құрылымы белсендіретіндігін дәлелдеді. Сөйтіп, ол эмоцияның белсендіріліс теориясын ұсынды.

B. P. Гес тітіркендіру әдісі арқылы гипоталамустың алдыңғы және қапталдас ядроларының жағымды эмоцияға, ал артқы және ішкерілес (медиальды) ядроларының жағымсыз эмоцияға жауапты екендігін көрсетті. Сол сияқты Д. Олдз жануарлар миына енгізілген электродтар арқылы, олардың өзін-өзі токпен тітіркендіру әдісін пайдаланып, мидың жағымды және жағымсыз нығайтушы құрылымдары болатындығын анықтады. Жағымды нығайтушы құрылымдар жүйесіне қапталдас гипоталамус, перде, мидың ішкерілес будасы жатады. Жағымсыз орталық солғын зат, ішкерілес гипоталамус, бадамшадан құралады. Бұл құрылымдар мидың эмоциогендік жүйелері құрамына кіреді.

Эмоция саласында үлкен ми сыңарларының әрекетінің асимметриясы байқалады. Мидың оң жарты шарының эмоциогендікмәні зор, көбінесе дағдыланудың алғашқы кезеңінде іске қосылады. Адамның жағымды эмоциясы негізінен сол жарты шармен, ал жағымсызы оң жарты шармен жүзеге асады. Осыған сәйкес әртүрлі психосоматикалық көріністер тұлғанын, сол жақ жартысынан жиі білінеді. Адамның сол жақ беті көбінесе жағымсыз, ал оң жақ беті жағымды эмоцияны бейнелейді. Мұндай айырмашылық тіпті жаңа туғандарда байқалады. Олардың тәтті немесе ащы дәмді туйсінуі бет әлпетінен анық көрінеді.

Алайда A. B. Вальдман эмоцияның белгілі түрлері мен мидыц нақты құрылымдары арасында «мызғымас» байланыс болатынына кумән келтіреді. Өйткені, эмония психикалық әрекет болғандықтан белгілі ми құрылымына тұрақты бекітілмейді. Ол туа біткен және жүре болған механизмдерге негізделген мінездің түрі. Расында, клиникалық байқауларда, мидың әртүрлі құрылымдарын емдеу мақсатымен тітіркендіргенде, олардың әрқайсысы әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоциялық күйлерге сәйкес келетіндігі анықталды.

Эмоциялык күйдің пайда болу негізі орталық жүйке жүйесінің нейромедиаторлық механизмдерінен құралады. Жануарларға жасалған тәжірибелер бойынша, норадреналин жағымды сезініс, ал cepотон мен холинергиялық жүйелер жағымсыз эмоция тудырады. Сонымен қатар жағымды эмоциялық күйді қалыптастыруға ішкі апиындар қатысатындығын дәлелдейді. Бір жағынан осы эндорфиндер мидағы серотонин сезгіш жүйелердің әсерін өзгерте алады.

Кейбір зерттеулерде эмоцияның нығайтушы әрекетінің дофамин — және серотонинергиялық жүйелерден, ал мотивация норадренергиялық жүйелерден тәуелді екендігі анықталды. Сөйтіп: әртурлі эмоциялық күйді жүзеге асыруға мидың бүкіл нейромедиаторлық жүйесінің қатысатындығын болжауға болады. Шынында, олардың балансы өзгергенде эмопия бұзылады. Мәселен, мания немесе депрессия жағдайларында мидың әртүрлі бөлімінде дофамин, норадреналин және серотонин құрамасы өзгереді.

Эмоцияның екі түрлі ауытқуы байқалады. Гипотимия — абыржу, үрей, торығу, жабырқау күйі. Мұндай жағдайда мотивация әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылад


Информация о работе Эмоция