Қиын балдардың мінезін-құлықтың түзетудің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:44, курсовая работа

Краткое описание

Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Қиын балалар - бұлар окуға,еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І ТАРАУ. ҚИЫН БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ............5
1.1 Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологикалық
мәселелері...............................................................................................................5
1.2 Балалар және олардың проблемалары..........................................................11
1.3 Балалардың психикалық ауруларының жиілігі...........................................18
1.4 Баланың мінез-құлқының әдеттегі қалпынан ауытқуы дегеніміз қандай болады?..................................................................................................................19
1.5 Күйзелістің сақталу ұзақтығы.......................................................................20
1.6 Бұзылудың дәрежесі.......................................................................................20
1.7 Симптомның бейнесі......................................................................................20
1.8 Симптомдардың ауырлығы мен жиілігі.......................................................21
1.9 Мінез-құлықтың өзгеруі................................................................................22
II-ТАРАУ. ҚИЫН БАЛАЛАРҒА КӨМЕК........................................................23
2.1 Уайым-қайғының үлкен сергелдеңі.............................................................23
2.2 Даму жолындағы қнындықтар.....................................................................24
2.3 Баланың мінез-құлқындағы күйзелістің басқа адамдарға тигізетін ықпалы..................................................................................................................25
2.4 Диагностика және әдістемелік мәселелер...................................................26
2.5 Синдромдардың диагностикасы..................................................................29
2.6 Мектепке бармай қалу..................................................................................30
2.7 Схематикалық процедураның талдауы......................................................30
2.8 Энкопрез........................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері курстық жұмыс.doc

— 184.50 Кб (Скачать документ)

Әр түрлі балаларда берілген көп салалы іс-әрекет жүйесіне енудің ерекшеліктері түрліше.Олардың жолдастарымен және педагогтарымен карым-қатынасы өзінше кұрылады, тәрбиеге «қарсылығы» да өзіне тән байқалады.Сондықтан да «киын» мектеп оқушыларын, әсіресе жеткіншектерді типтерге бөлу маңызды,мұның өзі тәрбие жұмысы тәсілдерін типтерге бөлуді де белгілеуге мүмкіндік береді. Совет психологиясында «қиын» балалардың жеткілікті дәрежеде талдап жасалған бірқатар бағдар беруші жіктеулері бар. Олардың бірі, мысалы, мінез-құлық типіне, балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекет жүйесіне ену типіне сәйкес, олардың жеке басының адамгершілік өрісі туралы мәліметтердің бүкіл комплексін ескере отырып жүргізілген.

Бірінші топқа қоғамдық - жағымсыз, аномалды, моральға жат, қара дүрсін кажеттіліктердің тұрақты комплексі, ашықтан-ашық қоғамға қарсы көзқарастар жүйесі, қарым-қатынастардың, баға берудің деформациялануы тән. Бұл топтың балаларында жолдастық, батылдық туралы теріс түсінік қалыптасқан, ұялау сезім өте нашар дамыған. Олар арсыз, дөрекі, төбелесқор болып келеді. Эгоизм басқалардың күйініш-сүйініштеріне селсоқтық, жасалған тәртіп бұзушылықтарды жете түсінбеушілік, еңбек сүйгіштіктің болмауы, пайдакүнемдікпен уақыт өткізуге ұмтылыс, керенаулық пен ашкөзділік - бұл топтың типтік ерекшіліктері, міне осы.

Екінші топты деформацияланған қажеттіліктерді, ұждансыз ұмтылыстары бар мектеп оқушылары құрайды. Балалар моральға жат қажеттіліктерінің тұрақты комплексі және қарым-қатынастардың ашықтан-ашық қоғамға қарсы бағытталғандығы байқалатын жасы кәмелетке толмаған тәртіп бұзушыларға еліктеуге ұмтылады. Асқынған индивидуализммен, сыйымсыздығымен ерекшелене отырып, бұл топтың өкілдері артықшылық жағдайға ұмтылып, әлсіздерді, кішілерді қыспаққа алады. Олар тәртіпті оқтын- оқтын бұзып отырады.

Үшінші топқа деформацияланған және жағымды қажеттіліктердің, қарым-қатынастардың, мүдделердің, көзқарастардың арасындағы кақтығыс тән. Бұл топтың балалары өздері жасаған тәртіп бұзушылықтардың лайықсыздығын түсінеді. Алайда балалардың бойындағы дұрыс адамгершілік көзқарастар немесе тап болған жағдайға қарсы тұра білмеу қоғамға қарсы теріс қылықтар туғызып, моральға жат тәжірибенің жинақталуына алып келеді.

Төртінші топты нашар  деформацияланған қажеттіліктері бар  оқушылар кұрайды. Балалар өз күштеріне  сенбеуімен, жігерлі жолдастарының  алдында жағынумен сипатталады.

Бесінші топқа тәртіп бұзу жолына кездейсоқ түскен мектеп оқушылары кіреді. Олар жігерсіз әрі ықпалға берілгіш   келеді. «Қиын» балаларды осылай типке бөлу тәрбие ықпалы жүйесін тұтасымен түзетуге мүмкіндік беріп коймай, сонымен бірге, киын қақтығыс жағдайында тұрған әрбір балаға жеке дара қатынас жасауды жүзеге асыруға жол ашады. Мұнда «қиын» мектеп окушыларын жан-жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте маңызды. Бұл қызметті ұйымдастырғанда олардың ерекшіліктерін ескереді, оны көп салалы коллективтің тарам-тарам жүйесі арқылы іске асырады. Дәл осындай мақсатқа сәйкес құрылған жүйе балалардың әлеуметтік жат мінез-кұлықтарын бірте-бірте жойып, «қиын» мектеп оқушыларына тән жағымсыз қасиеттерді түзеп қана қоймай, олардың бойында жеке адамның тұрақты моральдық -жігер сапасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Қиын»балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру мәні, негізгі мағынасы, принциптері мен тәсілдері «калыпты » балалармен бірдей.

 

1.2 Балалар және олардың проблемалары

 

Көптеген зерттеулер мен тексерулердің жинаған мәліметтеріне қарағанда балалардың көпшілігінде психологиясының шайқалып қиындап кетуі, сондай-ақ көңіл-күйінің уақытша күйзелуі және мінез-құлқының бұзылуы айтарлықтай жиі кездесетіні мәлім болды.

Алайда кейбір балалардың дұрыс дамуындағы емделуді керек қылатын, бірақ дәл психиатрдың өзінде емделудің қажеті болмайтын психикалық бұзылулардың бұрмаланған процесі байқалуы мүмкін. Емханаға алып келген баланы карап тексеру кезінде шешілуге тиісті, емдеуге жататын психикалық бұзылуларды айқындап білу ең басты міндеттердің бірі болып саналады. Әрине, дәрігерге көрінудің өзі де баланың жағдайы әлдекімді мазалайтынын білдіреді және бұған ықыласпен карау қажет. Алайда, бұл сияқты күдікті абыржудың себебі тек психикалық ауру болуы мүмкін деп ойлап қалмау керек. Ата-анасы дамудың мүлде дұрыс кезеңінде де бола беретін дағдылы көрініске орынсыз күдіктенуі мүмкін немесе баланың мінез-құлқындағы болар болмас ауытқуын үй ішінің шытырманды кикілжіңі мол проблемасына байланысты болуы ғажап емес.

Симптомдардың әр түрлі көріністерге, яғни, адамдардың дәрігерге қаралып тұрған кезде білдіретін шағымдары Каннердің еңбегінде толық суреттелген. Біріншіден, бұл симптомдар зерттеп білуге тиісті болатын проблемаға жөн сілтей отырып "кіру билетінің" рөлін атқарады. Екіншіден, олар баланың жағдайының мәз еместігін ескерту үшін дабыл (сигнал) болуы мүмкін. Үшіншіден, ол төзуге болмайтын жағдайдың қарсыласу және қорғану сияқты реакциясының жауабына карай пайда болатын  "сыртқа  шығару  клапынының"  негізінде жұмыс   істеуі   мүмкін.

Төртінші, олар адамның ішкі жан дүниесінің шиеленіскен  проблемаларын шешетін құрал болып саналады, мысал үшін, мұндай жағдайларда, бала мектепте болған келеңсіз бір окиғаға байланысты алабұртқан көңіл-күйінің қобалжуын басуға тырысып, ішінің ауырғаның желеулетіп төсекке жатып қалады. Әрине, мұны адамның ішкі жан дүниесіндегі шиеленіскен проблемаларды шешіп жеңілдететін құрал деп атауға болмайды, бірақ симптомның пайда болуына нендей нәрсенің әсер ететінін біліп алу біз үшін маңызды, сондықтан да ең алдымен соның мәнін түсінгіміз келеді. Бесінші, бұзылған мінез-құлықтың симптомдары айналасындағыларға үлкен көңілсіздік туғызады, сондай-ақ мұндай сотқарлық мінез мектеп мұғалімдерінде абыржытып ашуландырады.

Дәрігер баланы қарап тексерген кезде алғашқы шағымдар мен симптомдар жөніндегі мәліметтерді, қағида бойынша, оның өзінен емес, ата-анасынан және мұғалімінен немесе баланың мінез-құлқының өзгеріп бұзылғаннан көріп -біліп мазасызданып жүрген жақындарынан алады. Ол үшін мынандай сауалдарға нақты жауаптар іздеу керек : Баланың көңіл-күйінің жағдайына мазасызданып жүрген кім ? Ол адамды не мазалап жүр ?Оны бұрын емес, неге дәл қазір мазалайды ?

Солай бола тұрса да, емханаға келіп қаралған балалардың көпшілігінің шынымен психикасы бұзылған, үй ішіндегілердің дәрігер жасаған өтініш -шағындарына қарағанда баланың мінез-құлқының бұзылуы көбінесе ата-анасының жағымсыз қылықтарымен немесе үй ішіндегі климаттық жайсыздық ерекшеліктерімен жиі байланысты болатындығы анықталды.

Балалардың дәрігерге келіп қаралуларына байланысты олардың себептерінің мәнісін түсінудің қажеттігін дәлелдеу үшін өзіміз өткерген тәжірбиеден екі мысал келтірейік. Сонымен, бір кезде бізге Смит деген әйел келді. Ол өзінің төрт жастағы Рашель есімді қызын қарап беруді өтінді. Анасының қызына жапқан шағымдары көп болды, бірақ айтқандарының бірде-біреуі біз үшін айтарлықтай маңызды болмай шықты. Шешесінің кәдімгідей мазасызданып айтқан шағымдары бойынша, Рашельдің шектен тыс желігіп кететіні, ол- бар болғаны баланың балауса шағындағы өмірге деген құштарлықтан шаттанатын дағдылы ақжарқын қуанышы болса, ал кей кезде өзінен-өзі жұлынып бой бермей "долданып " кетуі, ол- бұл жастағы балалардың барлығының қасиетіне тән өзімшілдік-өктемдік мінездің бастапқы нышанына мойынұсындырып бағындырудың дағдылы табиғи тәсілі, ал тез арада ұйықтамаудың "ылаңы" , ол- баланы төсекке тым ерте жатқызудан болады. Біздің бұл әйелмен әңгімеміздің нәтижесінде оның депрессиялық (сары уайымға түсіп мұңайуы) ауыр жағдайда екені және онысымен қоса маскүнемдікпен де айналысатындығы оңай анықталды. Жүйкесінің тозып, ашушаң болып бара жатқанын және өзінің туған кызына жек көрінішті бола бастағанын, оны іші сезетінін, бірақ оған жақсы ана болуға   жеке   басының   проблемаларьг   мүмкіндік   бермей   жүргеніне өте қатты мазасызданып қайғыратыны байқалады. Рашельді дәрігерге қаратуға мәжбүр еткен де - оның осы ішкі жан дүниесінің мазасыздануынан болатын.

Екінші бір жағдайда емханаға арнайы жіберілген балалардың біреуін ғана емес, қатарынан бірнешеуін қарауға  тура келеді. Біраз уақыт өткеннен кейін арнаулы мектептің директоры өзінің оқушы-шәкірттері жөнінде біздің ақыл-кеңесімізге мұқтаждығын білдірген өтінішін жіберіпті.Әйтсе де бізге жіберілген ер балалардың барлығының да жүйкелік (нервтік) психикалық жүйелері айтарлықтай бұзылған, сонда да олардың бізге мұнша көп балалардың барлығын бірдей бір мезгілде жібергендері түсініксіз болды. Бұл түсініксіздік мектеп ұжымының арасында жұмыс мәселесІмен өзара келіспеушілік дамудың орын алғандығы анықталғанға дейін жұмбақ күйінде қалып келді. Әрине әр бала өзінің тарапынан жәрдемге мұқтаж екендігі айтпаса да түсінікті, бірақ, сонымен бірге мектепте жанама түрде болса да өз киындықтарынан шығу үшін бізден ашықтан-ашық жәрдем сұрауға барған.

Жоғарыда айтылған барлық жағдайлардың мазмұны мен оның мәні, "кімнің ауру" немесе "кімнің кінәлі" екенін анықтап кою ғана емес, шындығын айтқанда, "проблеманың мәнісі неде екенін" және "оның калай пайда болғанын" дұрыс түсінудің керектігін көрсетеді.

Тап осындай бағалаудың мәселелерін- біз он жасты екі ер баланы күрделі популяциялық байқаудан өткізген кезде алынған тексерудің нәтижесін талқылай отырып қарауымызға болады. Бұған дейін бұл екі баланың ешқайсысында дәрігер-психиатрға әкелмеген, әйтеседе екеуінің белгілі бір дәрежеде өздеріне жетерлік психологиялық проблеммалары болды. Дегемен, екі баланың да әр қайсысының өзіне тән жан дүниесінің азабынан зардап шегетінін, ал біреуінің тіпті психикалық жүйесінің қатты бұзылғандығы анықталды және оған қайткенде де емделу кажет деген корытындыға келдік.

Гордон жаңа мектепке ауысқаннан кейін  соңғы бір жылдың ішінде иығын киқаңдататын және тісін кайрап шықырлататын дағдылы әдетке ұқсаған жүйке ( нерв) жүйесінің оқта -текте жұлқып қалатын еріксіз тартылуы пайда болды. Бұл әдет мектепте оқып жүргенде, әсіресе, сабақ үстінде отырғанда байқалып жүрді. Бұл әдет Гордон бір нәрсеге күйгелектеніп шала бүлінгенде анығырақ білінетін де, ал ойы бөлініп ойынға айналысып кеткенде жоғалып кететін.

Бала үй ішінің жағдайымен тағы да басқа бір мектепке ауысқаннан кейін көп кешікпей-ақ онда енді бұрынғы әдетіне ұқсас, ол да дәл солай мазасызданғанда ғана анық байқалатын "жүйке жөтелі" деген жаңа әдет пайда болды.Бұл жаңа әдет те бірнеше айға созылғаннан кейін, бір күні кенеттен жоқ болып кетті. Сонымен бірге ол үзілістен кейін сабақ үстінде отырған кезде тырнақтарын тістелей бастайтын тағы да бір әдет шығарды. Бұл қалай болғанда да үрейленуді немесе қорқуды білмейтін, басқа барлық жағынанда айтарлықттай денсаулығы мықты бала болды. Оның достары көп болды және үй ішінің жағдайыда жақсы еді. Ол мектептен тыс уақыттарда футбол ойнағанды ұнататын және оның жолдастары үйге жиі келіп тұратын. Кейде бауырларымен бір нәрсеге ерегісіп дауласып, тіпті төбелесіп те қалатын жағдайлары болып тұрғанымен, тұтастай алғанда, аралығындағы негізгі туысқандық қарым-қатынастары жаман болған жоқ. Мейірімді және жарқылдаған ақ көңіл Гордон өзінің тәуелсіздік мінезімен көзге түсерліктей ерекшелігі бар еді және білек күшін көрсетуді ұнатпайтын. Ол ақылмен ойлай білуді жақсы меңгерген қабілетті бала болды және мектепте де тәп-тәуір оқыды. Оның әкесі аздап мазасыздау болғаны болмаса, негізінен көңілі ақжарқын және өзін -өзі ұстай білетін байсалды адам болды. Әсіресе, өзінің аса ұқыптылықпен көңіл қойып қарайтын жұмысына қатысты мәселелері оның тынышын алып мазалайтын. Кейде бұл оны ашуланшақ қылып жіберетін. Гордонның шешесі әкесіне карағанда жайдары мінезділеу болды.

Сонымен, тұтастай алғанда, Гордонның  ақыл ойы дұрыс, дені сау және тіршілікке жақсы бейімделген бала болып шықты. Баланың жаңа орынға және айналасын қоршаған ортаға бірте-бірте бойы үйрене бастағаннан кейін көңілі тынышталып, мазасыздануы бәсеңдеді, ал жүйке жүйесінің тартылуы бұрынғысынан әлдеқайда аз білінетін болды. Гордонның басқа мектепке ауысуына байланысты айналасын коршаған жаңа ортаға бейімделу кезеңіндегі қиындықтарға қарамастан психиатрдың жәрдеміне мұқтаж болатындай оның психикасының соншалықты бұзыла коймағандығына осындай дәлелді негіздердің барлығы куә бола алады.

Гордонға қарағанда Тоби психикасының келеңсіздігі жағынан әрқашан да ауыр бала болды. Ол нәрестелік шағынан күйгелек, ашуланшақ, өкпешіл, жәбірленгіш, мазасыз, сонымен бірге оның ұйқысы да жайсыз болды және ата-анасын өзінің таусылмайтын мылжың сұрақтарымен мазаларын алып, ылғи ашуландыратын. Осының барлығы ата-анасының Тобимен қарым-қатынасына бөгет болды, сондықтан да болар, олар басқа балаларына қарағанда оған көбірек ашуланып, жекіп ұрысатын.

Тобидің алғаш мектепке барғандығы жайында сөз болғанда бәрінен де бұрын оның шешесінен бөлініп кететініне және бөтен адамдармен кездесіп қалатындығына қауіптенетіндігі ата-анасын қатты алаңдатады. Өзін бұл қауіптен сейілтіп, көңілін жұбататын, қобалжуын басып тыныштандыратын қолдау іздегендей ол таусылмайтын мылжың сұрақтарын жаудыра бастайтын. Ол қараңғыдан қорқатын, сондықтан да түнде шамның жарығымен ұйықтайтын. Шешесін түнімен ылғи шақырып шығатын. Танымайтын адамдармен кездескенде (тек осындай жағдайда) ол тұтыға бастайтын, тіпті, бір сөзін де дұрыстап айта алмайтын. Оның тамақ таңдайтын әдеті бар еді. Алдына қойылған тамақты қасығымен немқұрайлы түркілеп отырады да , ішіндегі ұнамайтынын қасындағы әкесінің ыдысына сала бастайтын.

Тоби ешқашанда еш нәрсемен айналысуды білмейтін, күн -ұзақ ерсілі-қарсылы сенделіп жүрумен уақытын босқа өткізетін және бейбастақ,мазасыз бала атанды.Оның бірнеше достары болды, бірақ ол олармен кездескен сайын ұрысып-керісіп айырыласатын және оны місе тұтпай, оларды басқалардан қызғанатын,оның үстіне төбелес десе оң иығын тосып тұратын сотқар болды және ол өзінің жалғыздығына жиі шағынатын. Ол сирек күлетін түрі сүмпиіп, көңіл-күйі жабыңқы, тұнжырап жүретін. Осының барлығынан басқа оған тағы да микробтардан өлердей қорқатын үрей жабысқан, микробтардан қорқатындығы соншалықты - ол соңғы екі жылдың ішінде қолын күніне отыз реттен кем жумайтын. Ол шәугімді қояр алдында да, тәрелкені ұстар алдында да және біреумен қол беріп амандасар алдында да қолын бірненше рет сабындап жуып жүретін. Ол жиналып тұрған адамдардың жандарына жақын бармайтын. Егер оған ондай жерге баруға қысым жасайтындай және зорлайтындай көрінсе, ол бақырып ойбайлайтын және шыж-быжы шығып бажылдайтын. Әкесінің ауық-ауық басы айналатын жүйке (нерв) ауруына шындап шалдыққандығы анықталғаннан кейін онымен араларындағы үздіксіз қақтығыстары, әсіресе, соңғы бес жылдың ішінде жиілеп кетті.

Информация о работе Қиын балдардың мінезін-құлықтың түзетудің мәселелері