Қиын бала қайдан шығады?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 21:44, реферат

Краткое описание

Кешегі иі жұмсақ ұл-қыздарымыз келмеске кеткен, қазіргі мектеп жасындағы балалардың психологиясы мүлде басқа. Айтқанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін, тізгінсіз кеткен балаларымыз көбейіп келеді. Қанымызға жат саналған, арымызға дақ салған мұндай құбылыстар қазір қоғамға кереғар фактор ретінде ресми атауға да ие: «қиын балалар». ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірігіп, өткен жылы қиын балалар санын анықтай келе, арнайы мәліметтер базасын жасапты. Тізім 6000-ға жеткен. Ал кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған еліміздегі төрт колонияда 14 пен 18 жас аралығында 231 бала қылмыскер атанып, қамауда отыр. Бәрінен бұрын жасөспірімдер арасындағы суицид өзекті болып тұр

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қиын бала қайдан шығады.docx

— 101.73 Кб (Скачать документ)

Қиын бала қайдан шығады?

 

Кешегі иі жұмсақ ұл-қыздарымыз келмеске кеткен, қазіргі мектеп жасындағы балалардың психологиясы мүлде басқа. Айтқанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін, тізгінсіз кеткен балаларымыз көбейіп келеді. Қанымызға жат саналған, арымызға дақ салған мұндай құбылыстар қазір қоғамға кереғар фактор ретінде ресми атауға да ие: «қиын балалар». ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірігіп, өткен жылы қиын балалар санын анықтай келе, арнайы мәліметтер базасын жасапты. Тізім 6000-ға жеткен. Ал кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған еліміздегі төрт колонияда 14 пен 18 жас аралығында 231 бала қылмыскер атанып, қамауда отыр. Бәрінен бұрын жасөспірімдер арасындағы суицид өзекті болып тұр. Өткен жылы 237 бала өзіне-өзі қол жұмсаған. Балаларымыздың жауқазын жасында осындай жан сыздатар әрекеттерге баратындары несі екен? Қазір баршамызды ойландырып, толғандырып отырған ортақ сауал – осы. Оның себебін әркім әртүрлі айтады.  
 
Бүгінгі күндері балаларға қатысты өзекті мәселелер Парламентте де талқыланып жүр. Депутат Жарасбай Сүлейменов жағдайдың ушығып кетуін профилактикалық шаралардың әлсіздігінен көрсе, Қазақстан психологтар қауымдастығының төрағасы Владимир Стеблянко бар жауапкершілікті ата-аналарға артады.  
 
Ұлы ақынымыз, философ Абай да ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Ол өзінің отыз жетінші қарасөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – дей келе, адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екендігін дәлелдеп берген-ді. Абайдан артық кім айтқан?! 
 
Бала тәрбиесіне айрықша мән берген қазақ ұғымында «қиын бала» деген мүлде болмаған. Абайдан бастап, бертінге дейінгі ақын-жазушыларымыздың, дара есімді тұлғаларымыз бен ғалымдарымыздың жазып кеткен дүниелерінің қай-қайсысын алып қараңыз, барлығында да негізінен тәлім-тәрбиенің мәні мен баланы жақсыға бесіктен бастап баулу керектігі айтылады, яғни алдын алу формасы түрінде. Бүгінгідей ғылыми еңбектер жазып, зерттеулер жүргізбей-ақ, ата-бабаларымыз бір ауыз сөзбен-ақ қай кезеңде де, қай дәуірде де құндылығын жоймайтын бала тәрбиесінің тұжырымдамасын айтып кеткен. Нақтырақ айтсақ, «баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла» деп, баланың ой-өрiсiнің даму кезеңдерін белгілеп көрсетіп берген. Бала тәрбиесінде осы бағытпен жүрсек, еш қателеспейтініміз анық. 
 
Айта кетсек, артық болмас, көршіміз Ресей бұл проблемамен өткен ғасырдың бас шенінде-ақ таныс болса керек. Оған философ, педагог ғалым П.П.Блонскийдің 1920-30 жылдары жазылған қиын балалар турасындағы еңбектері куә. Блонский осы мәселені терең зерттей келе, «қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады» деген пікірге тоқтаған екен. 
 
Ал бізде қиын балалардың бой көрсете бастаған тұсы — 90-жылдардың орта шені. Сол себепті де еліміздің барлық аймағында девианттық мінез-құлығы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары ашыла бастайды. Кейбір балалардың бейәдетке бой алдыруының сыры неде екендігін білмек болып, біз ат басын Алматы қаласындағы Девианттық мінез-құлығы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына бұрдық. Өйткені қиын балалар дәл осы жерге тоғытылады. Мекеменің міндеті – осындай топтағы балаларды тек тәрбиелеу ғана емес, себеп-салдарына үңіліп, сараптама жасау.

 

 

 

– Бұл ұйым 1999 жылы Қиын жасөспірімдерді оңалту орталығы деген атпен құрылған-ды. Кейін, яғни 2006 жылы Девианттық мінез-құлығы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымы болып қайта құрылады. Осындай мекемелерді ашуға түрткі болған жағдайлар – қиын балалар санының көбеюі. Ал бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес, мемлекет те жауапты. Өздеріңіз білесіздер, КСРО тараған жылдары елімізде әлеуметтік жағдай қиындап кетті. Халық бұған дайын емес еді. Ойламаған жерден бұрындары таңсық болып келген құбылыстармен бетпе-бет келуге тура келді. Ересектердің дағдарысқа ұшырауы балаларымызға, отбасына ызғарын тигізбей қоймады. Міне, үйірінен адасқан балалар сол жылдары көптеп саналды.  
 
Балалар мұнда сот шешімімен жіберіледі. Барлық пән бойынша үздіксіз сабақ оқиды. Компьютер кабинеттері жұмыс істейді. Балаларды түрлі үйірмелерге қатыстырып, уақытының барлығын пайдалы жұмсауларына ықпал етеміз. Негізі, мұнда бір айдан бір жылға дейін оқшауланады. Тіпті араларында уақыты аяқталғанда кеткісі келмейтіндер де бар. 
 
Қазіргі кезде бізде 38 бала тәрбиеленуде. Ал негізі әр кезде әрқалай. Кейде көп, кейде аз дегендей. Менің бір байқағаным, балалардың қай-қайсысы болсын қабілетті, білімге құштар. Жылы сөйлеп, тілін тапсаң, жаман бала жоқ. Олардың осындай жолға түсуінің себебі  — отбасындағы қиындықтар немесе ата-аналарымен түсінісе алмауларында, сондай-ақ бақылаусыз қалып, жаман жолға бастайтын ортаға түсіп кетуі, – дейді сөз болып отырған мекеме директоры Мұратбек Елеуов. 


Информация о работе Қиын бала қайдан шығады?