Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 19:03, дипломная работа

Краткое описание

Көкейкестілігі: Қиял–қабылдау үрдісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорытып, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгі жаңалай өзгертіп барады. Қиял –ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі–ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.

Содержание

Кіріспе 3 - 5

Қиялдың адам өміріндегі маңызы жайлы ғылыми зерттеулер 6 - 14
1.1. Қиялдың психофизиологиялық негізі 15 - 20
1.2. Балалар мен адамдар қиялы дамуының ерекшеліктері 21 - 26


Қиял шығармашылық үрдіс 27 - 31
2.1. Балалар қиялын дамытудың педагогикалық-психологиялық
маңызы 32 - 45
2.2. Адам шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы
қиялдың ролі 46 - 52

Тәжірибелік зерттеу жұмысы 53 - 66

Қорытынды 67 - 70

Пайдаланылған әдебиеттер 71 - 73

Қосымша 74 - 90

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЧАЯХМЕТОВА- +++.doc

— 1.35 Мб (Скачать документ)

Актив  қиял  адамның  күнбе – күнгі   әрекетімен,  шығармашылық  қызметімен  тығыз  байланысып  жатады.  Қиялдың  осы  түрі   қайта  жасау,  шығармашылық  болып  екіге  бөлінеді.  Қайта жасау  қиялы  жазған – сызғанға  қарап  түрлі   қоспалармен  бір нәрсенің  бейнесін  тудыру.  Мұндай  қиялға   ие   болудың  бір  жолы  - көркем  әдебиет  кітаптарын  оқу. Егер  шығармашылық,  қайта   жасау  қиялдағы   адамның  іс - әрекетімен  үнемі   ілесіп  жүретін  болса,  арман  нақтылы   іспен  тікелей  байланыспайды,  оның  нысанасы   - болашақ.

Қиял  бейнелері   өңдеу,  сұраптау,  қиыстыру,  арқылы   жасалады.  Мұнда анализ  (талдау),  синтез  (біріктіру),  агглютинация (желімдеу),  жүйелеу,  типтеу т.б.  әдістер жиі қолданылады.  Қиял  бейнелерін  жасауға   көбірек пайдаланатын  әдістердің  бірі  - гипербола (әсерлеу,  күшейту) /3; 47/.

      Адам  қиялына   меншікті   кейбір  ерекшеліктерді  келесі  реттегімен  топтастырып көрсетуге болады:

а)  Әрбір адамның  қиялы   оның  жеке басының  қызығуы   мен  ерекшелігіне,  алдына  қойған  мақсат – мүддесіне   байланысты  болып  отырады.  Мысалы,  жаңадан  машина  жасауды   ойластырып  жүрген  инженердің белгілі   тетіктерді  жетілдіру   үшін,  оларды   жасап шығарудың әдіс  тәсілдерін  қарастыруын,  емтихан тапсырайын  деп жүрген  студенттердің іс-әрекетін,  шөл далада сусап келе  жатқан  жолаушының  қиялын  салыстыра отырып,  оларың әрқайсысының мүдде – мақсатын  айқындауға болады.

ә) Қиялдың  мазмұн  - мәнісі,  түр  сипаты  адамның  жас  ерекшелігіне,  білім  дәрежесі  мен өмір тәжірибесіне,  дара   басының  ерекшеліктеріне   байланысты.  Мысалы,  өмір – тіршілігінде   көріп  білгені   мен  көкейге   түйгені   көп  білімді   адамның  қиялы  мен  жеткіншек  жастың  қиялын  бір  мөлшермен  салыстырып  қарауға болады.

б) Қиял  адамның  барлық  психикалық  құбылыстарымен  тығыз  ұштасып  жатады.  Мысалы,  мақсат  еткен  мүдделі   ісін  жүзеге  асыру  үшін  адам  оның  әр  түрлі   жолдарын  іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік – жігері,  қайратты  оның  жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге   асыруынан көрінеді.  Қиялды  ойлау   үрдісі – ерекше  орын  алады.  Осы ретте,  кеңес психологы   А.В.Брушлинский  /50/ қиялды   ойлаудың  ерекше   бір  түрі   деп  санайды.  Бұл  пікірді   қостаушылар  қазіргі   уақытта   да кездесіп  жүр.  Өйткені,  ойлау  белсенділігі   адамды   шығармашылық  істермен  әр қилы   әрекеттерге   жетелейді.

в)  Адамның  қиялы   еңбек  үрдісінде  дамып  отырады.  Мұндай шарттар:  саналы мақсат,  болашақты   болжай  білу,  оны   өңдеп  елестете  алу.  Адам  қиялына  тән  мұңдай  қасиеттер  оның  психикасын  жануарлар  психикасынан  өзгешелеп   тұрады. 

Қиялы   әлсіз  адамдар  кітап  оқыса,  қызықты   оқиғаларды   ғана  іздеп,  оны   түгел оқымайды.  Шын  мәнісінде   қиял  ғана  адамды  жемісті   іс - әрекетке,  белгілі   мүддені   орындауға   жетелейді,  оның  рухани  өсуіне   де  ерекше   ықпал  етеді /1; 186/.

  Қиялдың  адам  өмірінде   маңызды   орын  алып,  продуктивті   шығармашылық  екенін  көптеген  ғалымдардың  ғылыми еңбектерінде  жазылған: Л.С.Выготский,  Б.Г.Ананьев,  Е.И.Игнатьева,  Ю.А.Самарина,  Б.Ф.Ломова,  Л.С.Коршунова,  И.М.Розета,  А.Я.Якиманский  және  т.б. /4; 238/.  Қиял – адам  психикасының  басты   формасы.  Қиялдың көмегімен адам  әрқилы  шығармашылықтарды орындап,  жоспарлап және оларды   басқара алады.  Адамның мәдениеті қиялдың көмегімен жүреді.  Қиял  адамдар өз  өмір  сүру   шекарасынан  асып  кетеді,  өйткені   еске  түсіреді  және  болашақты  ашады.  Қиялы   бай  адамдар  әр  кезеңде  өмір сүре   алады  және   басқа ми  тірі  жанға   келмейтін ойлау  келеді.  Адамның  өткені   адам  есенде   сақталады,  ал болашақты   армандау  мен  қиялдау,  яғни,  фантазия   арқылы   біле   аламыз.  Қиялдың  ерекшелігі,  ол осы  шақпен  байланысты  емес /2; 261/.

Қиял  өте  танымал  және ұғынықсыз  психикалық  процесс.  Оның  негізі   мен  кезеңдері   бүгінгі   күнге   дейін  дұрыс  зерттеліп  бітпеген.  Ерте   кезде   адамдар қиялды  табиғаттың  құпия   күші  деп ойлаған.  Қиял  адамда   өмірінің  соңғы   минутына   дейін болады. 

Біз  көз  алдымызға   ешқашан  армандамайтын,  өз болашағын  жоспарламайтын,  қиялдамайтын  адамды   елестетейік.  Мұндай  адам  адамдар  ортасында   өзін таба   алмайды.  Бұл  жерде   қорыта  келгенде   қиял  адамға  өз  тәртібін  басқаруға,  оны   мақсатты   болуына   бағыттайды.  Ал  енді   өзінде   әрқилы  қызығушылығы мен  қажеттіліктері   бар  адамды   алып,  бірақ қиялынан  өмірі   бүкілімен стресс  пен түңілуге   толы   болады.

Келесіде   қиялынан  айырылған  адамды   елесететейік.   Ең алдымен  ондай  адамдар  өте  қызықсыз.  Қиял  адамды   қызықты   және   қоршаған  ортаға   интеллектуалды  жағынан  дамытады. 

Ең  ақырында,  шығармашылық  қиялдан айырылған  адамды алайық.  Бұндай  адамдар  жоқ  деп  те  айтуға   болады.  Ондай   адамдар  жоқ,  тек   жануарлар  ғана   бар.

Қиял  ғалымға   гипотезаларды   құруға,  эксперименталды   жұмыстарды   орындауға,  жаңа  проблемаларды   шешуге   көмектеседі.  Сонымен,  қиял  адам  өмірінде   маңызды  да,  басты  рөл  атқарады /5; 154/.

Кейбір адамдарды психологтардың өз қызметінде қиялды қазіргіден гөрі көбірек дәрежеде қолдана алатыны  жайлы ой түршіктіріп жібереді. Ол адамдар: «Ойлап тапқандарыңызға қараңыздаршы. Сіздер, оқытушы машиналармен, компьютерлермен және коэффициенттермен біздің басымызды қатырып жібердіңіздер. Сіздер, бізге шындық дәрілер сыйлап, өтірікті анықтау детекторымен, қоғамдық көзқарас сұрақнамаларымен, тестілерімен, лабиринттер және басқа да түкке тұрмайтын нәрселермен тексересіздер, және ең қорқыныштысы, бізге эдиптік кешенді танып қойдыңыздар... Біз осының барлығына тойдық. Шын мәнінде бізге керегі бұл сіздердің шабуылдарыңызға тойтарыс бере алатын тәсіл»,- деп айтар еді. Мысал ретінде олар бір адамның Британия барлау қызметіне орналасарда қолданған тәсілін келтіреді. Оның ішімдікке әуестігі жайлы сезіктеніп, шын мәнінде солай ма екенін анықтауды психологқа міндеттейді. Психолог оған ассоциативті тест ұсынды:

Мен «Наіg» дегенде, ойыңа  бірден не келетінін айтшы. «Енді,- дейді  талапкер, - сіз білесіз, бұл танымал  генерал, бірінші дүниежүзілік соғыс, Солтүстік Африка. Ал ойыма одан басқа ештеңе келмейді». «Соrdon». «Енді, Қытайдағы тағы бір генерал. Тайпин көрінісі көтерілісі». «Booth». «А, тағы бір генерал. Бұл қазіргі заманғы Құтқару Армиясынан».

«Vаt 69». «Енді ... мүмкін, бұл  Рим папасының телефон номері болар?»

Бұл тектес қарсылық маған  да ұнайды. Алайда, қазіргі психологиялық  «шабуылды» шығармашылық қиялдан бас тартумен емес, оған барынша сүйенумен емдеген жөн.

Өтпелі кезең. Қазіргі  кезде психология, бәлкім, ебедейсіз  және тым өзімшіл, бірақ дені сау  және үміттендірмейтін жасөспірім сияқты. Бұл ситуацияны ғасырларымыздың  бүкіл интеллектілі тарихы аясында қарастырған жөн. Ерте кезеңде сол уақыттың ұлы психологтары – Вильгельм Вундт, Уильям Ман Даугалл және Джон Дьюн – толық теориялық философиялық тұрғыдан бас тартып, адам табиғатын кеңінен эмпирикалық түсінуге тырысты. Олар өз пайымдауларында лабараторияда немесе клиникада жинақтаған эмпирикалық дәлелдерге осындай мәліметтердің жеткілікті көлемі болмаса да, сүйенуге тырысты. Фрейд бізге үш аяқты, ыңғайлы, тұжырымдамалы орындықты – ид, эго және супер-эгоны ұсынды. Уотсон және бикевиоримнің басқа да өкілдері: барлық мәселеге стимулдарға деген реакцияда деді. Санадан тыс міндеттеу, бекіту, әдеттердің иерархиясы сияқты, көптеген ыңғайлы редукционистік тұжырымдамалар мен ұғымдар да жасалды. Редукционизм – бұл негізгі идеясы адам табиғатының барлық лабиринттері бір немесе бірнеше механизмдер негізінде түсіндірілуіне ұштасатын доктрина.

Морфогенезис және жеке тұлға. Әр адамның нейропсихологиялық ұйымдасуы бірегей екені белгілі. Оны оңай түсіндіруге болады, өйткені  әрбір адам бірегей тұқым қуалаушы генотипке және қайталанбас жеке тәжірибеге ие. Жеке тұлға жүйесіне деген бірауыздылық әлі болмаса да, дегенмен оған шындық пен ішкі үйлесімділіктің жоғары деңгейі тән екені де белгілі.

Шығармашылық қиял психологтардың әрбір жеке тұлғаның дамуы мен  стилін тепе-тең талдау әдістерін құрастыруы үшін қажет. Жеке тұлғаны ұғынуымызды және адам мінез-құлқын болжап, бақылау қабілетімізді жақсартқанға дейін алдымызда ұзақ жол жатыр. Мен жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі ғылым біліктілігінің шегінен тыс жатыр деген пайымдаманы қабылдай алмаймын, өйткені ғылым бізге жария еткендей, бірегей көріністерімен емес, жалпы заңдылықтармен істес.

Жеке тұлғаны сұрақнамалар немесе Роршах тестінің негізінде, не болмаса осы сияқты бір нәрсенің негізінде бағалағанымызда, сол  жеке тұлғаның негізгі өлшемдерінің сапалық құрамы басқа адамдардағыдай деп болжаймыз. Бір айнымалылар барлық сыналушыларға ортақ қолданылады. Иә, бұл айнымалылар сандық ретте құбылуы мүмкін, бірақ мұндай далбар экспериментшінің есебіндегілер үшін ғана орынды. Ал, егер менің жеке тұлғамның ерекшелігін «бітістер тізбегі» шеңберінде түсіну мүмкін болмаса ше? Осы жағдайды өзгеше, бірегей дара диспозициялардың табиғатын анықтау үшін жаңа негізгі бағыт, жаңа әдістер қажет болмас па екен? Мысал келтірейік. Біз жеке тұлғаның негізгі қызығушылықтарын немесе құндылықтарын анықтағымыз келді делік. Оларды өлшеу үшін біздің бірнеше стандартты шкалаларымыз бар. Біздің анықтайтынымыз, әрине, біздің күткенімізбен толық сәйкес келетін болады: айнымалылардың сандық көрсеткіштері экспериментшілермен міндеттелген, бірақ біз зерттейтін өмірдің өзімен үнемі міндеттеме бермейді.

Саналушыдан өмірден  нені күтетіні туралы сұрайтын әдіс біздің бұрын да қолданып жүрген жиын ішіндегі неғұрлым морфогенетикалық әдіс болып  табылады. Осы қарапайым процедура біршама ақпаратшыл. Мұндағы мәселе, Фрейд айтып кеткендей: адамдарға кей жағдайларда өзін-өзі алдау тән, тіпті адам өз құндылықтарын сезінгенде де, ол оларды әрдайым тиісті түрде айқындай алмайды.

Жақын арада (Cantril & Free, 1962) бұл мәселені менің болжауымша, біз мұқтаж болып отырған шығармашылық қиял тұрғысынан қарастырды. Әр түрлі елдердегі сыналушыларын өз өмірін өзіне елестеткендегі «ең жақсы» бейнесін анықтау сұралды. Содан кейін мен айтып кеткендей әдісті қолданды: сыналушыларға жоғарғы оныншы сатысы сол өмір салтын белгілейтінін баса айтып, баспалдақ суреті ұсынылды. Бұдан кейін сыналушылардың өз ұмтылыстарын жүзеге асыруда дәл осы мезетте сол он баспалдақтың қайсында орналасқанын көрсетулері сұралды. Олардың ойынша, осыдан бес жыл бұрын олар қай сатыда болды екен? Ал бес жылдан кейін олар өз ойынша қай жерде болады екен? Осылайша адамгершілік пен дүниетанымға қатысты қызықты мәліметтер алынды. Сыналушылардан өзінің ойынша өмірінің ең нашар бейнесін сипаттап беруі сұралды. Бұндай қорқынышты жағдайлар баспалдақтың ең төменгі сатысында орналасты. Болжауға сәйкес, баспалдақ қандай да бір психологиялық континуумды белгілеуі тиіс екеніне қарамастан, өмірдің ең нашар бейнесі, өмірдің едәуір жақсы бейнесінің қисынды оппозицияда бола бермейтіні қызықты. Бұл – экспериментшінің қисынды категорияларының ол зерттейтін объектінің феноменологиялық категорияларына сәйкес келмейтінінін ең айқын мысалы сіз: «Жақсы, бұл әдіс жеке тұлғаның ниеттерін анықтаудың және оның жеке прогрессін өлшеудің негізі болып табылатын, өзіндік базалық бағыттылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ал енді осындай солипсистік мәліметтердің жиынымен біз не істейміз? Бұл әрбір жеке тұлғаның айрықша екенін тағы да дәлелдей ме?»,- деп айтуыңыз мүмкін.

Жоқ. Кентрил, мыңдаған жағдайларды  талдап шығып, 145 бірліктен тұратын қайсыбір тамаша кодты құрастыруға болатынын анықтайды. Олардың әр түрлі арақатынасы барлық зерттелетін елдердегі аталған өмір сүру бейнесінің көпшілігін анықтауға мүмкіндік береді. Сіз, осылайша, сандық схемамызға қайта оралатынымызды сөз етуіңіз мүмкін. Иә, салыстырмалы мақсаттарда біз солай істейміз, бірақ сонымен бірге әдеттегі статистикалық талдауымыздан ерекше екі айырмашылықты ескеруіміз керек. Біріншіден, сыналушы стандартты тізбектен тәуелсіз және оның өзіндік ұмтылыстары болса, ол оны ұстануға міндетті емес; және екіншіден, пайдаланатын айнымалылар лабораторияда отырған экспериментшімен ойластырылмайды, шынайы үрдістер негізінде индуктивті түрде анықталады. Бұл зерттеу жайындағы сөзді мен ғылыми психологияның морфогенетикалық ерекшеліктерді зерттеуге назар аударуына бағытталған шығармашылық қиялдың мысалы ретінде қозғадым. Бұл мысал дара құндылықтардың зерттелуіне қатысты. Алайда, морфогенетикалық айнымалылардың талдамасы қажет басқа да салаларды келтіруге болады. Шапиро (Shapiro, 1961) еңбектерінің біреуі де шығармашылық тұрғыны көрсетеді. Науқаспен жүргізілген бес сағаттық сұхбаттың негізінде автор сол науқас үшін стандарт, бірақ кез келген басқа респондентке тікелей қатысы жоқ айнымалыларды қамтитын сұрақнама парағын құрастырады. Бұндай сұрақнаманың қайтара толтырылуы емдеу барысында денсаулықтың жақсаруын әрі бағдарлар мен өмірлік ұстанымдардың өзгеруін де анықтайды.

Қиялдың қолданылатын басқа  да салалары. Жеке тұлға зерттелуінен басқа қай салаларда қиял және шығармашылық тұрғы қажет?

Редукционизм психологтарға  мұрағатқа, үйрету теорияларына деген  тым қанағаттанарлықсыз тұрғыны  қалдырды. Бұның ғылымымыздың ең өңделген мәселесі болғанына қарамастан, мен  солай дер едім. Міндеттеу мен  бекіту білім, дағдылар, мотивтерді иелену құпияларын түсінуде бізді аса алысқа апармайды. Әйтсе де міндеттеу мен бекіту – тым танымал тұжырымдамалар. Редукционистер өздеріне тән ынтамен бұл тұжырымдамаларды әмбебап формулар ретінде жиі ұсынады. Бірақ мен біздің кезімізде психологтардың көпшілігі өткен бекітулер негізінде ересек адамды үйретуді болжау – бұл шеттетілген және мәселеге қатысты тым аз эксперименттердің негізсіз экстраполяциясы екенін түсінеді деп ойлаймын. Жалпы, үйрету ұғымының өзі де теңбе-тең емес. Адам нәрестелік шағынан өзінің Мен-тұжырымдамасына қатысы бар ақпаратты сіңіреді. Бұны ол, біздегі үйрету теорияларындағыдай, қысымды әлсірету үшін емес, оның өзіндік ұқсастығына байланысты қысымды сақтап қалу үшін жасайды.

Біз редукционистік теориялар  жайында айттық. Қарама-қарсы түрі плюралистік деп аталуы мүмкін. Плюралист психолог адам табиғатының өзіне маңызды және негізді болып көрінген бірде-бір атрибутын (қасиетін) назарынан тыс қалдырмайды. Плюралист философ сияқты. Ол да интерпретациялардың көптігін және әр түрлілігін қалайды. Оның нәтижесі қызықты теориялық ассорти болып табылады. Редукционист – бұл үйлесімділікті парапарлықтан жоғары қоятын адам. Ол өз рационизмін қанағаттандыру үшін сыналушысының  құрылымының күрделілігіне көзін жұмғысы келеді. Плюралист, керісінше, объект күрделілігі мен көпқырлылығын сақтап қалу үшін рационалды үйлесімділікті құрбан етуге дайын. Плюралист болудың ең айқын тәсілі – эклектик болу. Эклетик әр түрлі теориялық мектептердің постулаттары мен принциптерін іріктейді де, оларды өз түсініктеріне сәйкес байланыстырады. Егер ол қарама-қайшылықтардың кездесуі мүмкін деп есептейтін болса, уақыттың бір мезетінде бір теорияны ұстанса, қарама-қарсысында келесісін ұстанады. Уильям Джеймс плюралистік ағымын ұсынады.

Жүйелі плюрализмнің мақсаты – адамзат тұлғасының бірде-бір валидті дәлелін теріске шығармайтын, сонымен бірге рационалды үйлесімділікке ұмтылатын тұжырымдамасын құрастыру. Ол адамзат белсенділігінің жүйкелік әрі психикалық қырларын, саналылықта әрі бейсаналылықты да, детерминизмді әрі еркіндікті де, тұрақты әрі өзгермелі қасиеттерді де, қалыпты әрі паталогиялық дамуы да, жалпы заңдылықтарды әрі бірегей қызмет етуді де қамтитын болады. Осы және басқа да оғаш пікірлер адам табиғатына тән. Әрбір адамды жеке жүйе ретінде анықтай отырып, біз оның осы жүйеге тән барлық қасиеттерінің кездесетінін де бекітеміз. Осылай істей отырып, біз редукционистік теорияларын ғана қанағаттанбаймыз, сонымен бірге сол теориялардағы ақиқат түйіндерін де жоққа шығармаймыз. Біз не ырықты эклектизмге, не прагматикалық плюрализмге де бас ұрмаймыз, ғылымымыздың заттық аумағы бірі қалмастан барлық валидті мәліметтер және тексеруге лайықты барлық процестер, біздің адам – ашық жүйе ретіндегі негізгі түсінігімізге енуге болатындай. Бірде-бір психолог адам табиғатының бүкіл тұтасын қамти алмайтынына қарамастан, ауқымды және қонақжай теориялық ғимарат тұрғызу үшін өз зерттеулерінің кірпіштерін жеткізіп отырады. Психология шынайы пәнінен алшақтады және ригидті әдістерді жиі қолдануда. Алайда жасөспірімдік кезең артта қалды, енді интеллектілі егделік басталды деп үміттенейік.

Информация о работе Қиялды дамыту арқылы шығармашылық қабілетті қалыптастыру