Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 13:12, курсовая работа

Краткое описание

Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.

Содержание

Кіріспе

1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері

1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері

1.3. Ойлау формалары

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары

2.1. Оқыту барысында балалардың ойлау процесін дамыту

2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға колдану

2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акерке.doc

— 216.50 Кб (Скачать документ)

    Қабілетке  қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет – адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы анықтала бастады.

    Адам  қабілетінің әр қилы болып  келуі  сигнал жүйелерінің  ерекшеліктеріне  де байланысты. Жүйе әрекетінің жеке көріністеріне  келуін И.П.Павлов адамға тән  жүйке қызметінің үш түрлі  типі болады деп тұжырымдады. Егер адамның нерв әрекетінде бірінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, оны «өнерлі тип», ал екіншісі сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, «ойшіл тип» деп атауды ұйғарды. И.П.Павлов сигнал жүйелерінің әрекеттің кез келген түрінен байқалады және олар өмірінде бір-біріне ауысып, өзгеріп отырады. Бұл өзгеруі тәлім-тәрбиемен байланысты деп көрсеткен. Л.В. Лурияның зерттеулерінде адамның қабілетінің оқу, ойын барысындағы іс-әрекетпен байланысты екенін дәлелдеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1.2. Бастауыш сынып  оқушыларының қабілетін ойлау ерекшеліктері

 

    Бастауыш  сынып оқушыларының таным процестеріне  талдау беруге көшелік.

 

    Бастауыш  сынып оқушыларының негізгі таным  процестері (қабылдау, зейін, жат  пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен  кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осының ішінен біз дипломдың зерттеуімізде ойлау процесінің ерекшеліктеріне және оны дамыту жолдарына тоқтап өттік.

    Бастауыш  сынып оқушысының ойлау процесіне  келсек, осының қаншалықты дамығаны  туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.

    Ой  операцияларының түрлері бастауыш  сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

    Ал  аталған операциялар - өзінше динамикалық  болып тұратын процессуалдық құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.

    Бастауыш  сынып оқушының бірте-бірте ой  өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге (логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады.

 

    Ойлау  процесі бірнеше кезеңдерден  өтеді. Ол қажеттіліктен немесе  бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі.

 

    Ойлау  процесінің пайда болуы үшін  екі шарт қажет:

 

    1) жаңа әдеттен  тыс нәрсені белгілі нәрседен  айыра білу;

 

    2) бұл жаңа және  бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.

 

    Ойлау  процесіні пайда болуында адамның   қоршаған дүниеден байқаған жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының  да елеулі маңызы бар.

    Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде   адам алдына міндет қоя білуі  керек. Ойы жоғары дәрежеде  дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.

 

    Ойлау  процесінің келесі кезеңі қойылған  мәселені шешу.

 

    Анализ-синтез  формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ адам  қандай ой міндетін атқарса  да ол ылғи анализ-синтезді  қолдайды.

    Анализ  – бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез - бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.

    Анализ  бен синтез ешуақытта бір-бірінен  оқшау тұрмайды, біртұтас ой процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.

    Анализ  бен синтездің өзара қатынасы  мынандай тәуелділіктерден көрінеді:

 

    1. Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды, тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі әрі синтездеу болады.

 

    2. Анализдік  - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.

 

    3. Ой  процесінің сәтті болуы яғни  қойылған мәселені шешуге әкелуі оның осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.

 

    4. Ойлау  процесі, яғни талдау-синтездеу  әр дәрежеде өтеді – ол не  заттарды қолға ұстап әрекет  ету, оларды практика жүзінде  мүшелеу және біріктіру түріне  жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.

 

    Талдау  – синтездеу ой процесінің  негізі бола отырып, жеке сипатқа  не әр түрлі операцияларында  көрініс береді. Ол операциялар  мыналар:

 

    Салыстыру  – бұл қаншада салыстырылатын  заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

 

    Салыстыру  жолымен оқушылар әр түрліліктің  жалпылығы және ұқсастықтың әр  түрлілігін оңай табады.

 

    Салыстыру  – зат, құбылыс, оқиғаларды  ойша топтаудың негізі.

 

    Топтау  – бұл салыстырудан барып шығатын  күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға бөлінеді.

 

    Жүйелеу  – заттар мен құбылыстарды  топтастыру, осы топтың ішінен  одан кіші топтар мен бөліктерді  саралайды. Бұл – кішкене топтар  да ортақ белгілер негізінде  құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.

 

    Жалпылау  жалпылардың ең қарапайым түрі  ұқсас заттарды олардың кездейсоқ  ортақ белгісіне қарай біріктіру  болып табылады.

 

    Нақтылау  дегеніміз – жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану, бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға сай келетін белгілерін айрықшалау керек.

 

    1.3. Ойлау  формалары 

 

    Ойлау  түрлі формаларда жүзеге асады.  Ой процесінің негізгі формалары – пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі болып келеді. Осы мәселелерге де тоқтап өтейік.

 

    Пікір  дегеніміз – құбылыстар арасында  байланыс орнату.

 

    Пікірде  адам белгілі зат туралы өзінің  ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Демек, пікірде тек ой, яғни танымдық процесс қана бейнеленбейді.

    Пікірден  адамның сезімі де, оның ниеті  де көрініп отырады. Пікірдің  көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп.

    Адам  өз пікірінің шынында да ақиқат  жайды  білдіретініне, дұрыс  екеніне басқаларды немесе, тіпті,  өзін-өзі нандырғысы келсе, ол  оны негіздейді. Бұл үшін адам  өмірден белгілі және тексерілген  фактілерді, ғылыми дәлелдеген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.

    Пікірдің  әр түрін, оның формаларын, ерекшеліктерін  логика ғылымы зерттейді. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде  пікірдің мазмұнын зерттейді.

    Көпшілік  жағдайда адам пікірлер жүйесін  ғана емес, сондай-ақ ой қорытындысы  жүйесін де, яғни, ол бар деректер  негізінде жасаған тұжырымды  да пайдаланады. Ой қорытындысы  бірнеше жеке жағдайдан шығатын  жалпы тұжырымға қарай ойысу  болуы мүмкін. Бұл – индуктивтік ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайда қарай ойысы тұжырым жасауға да болады. Бұл дедуктивті ой қорытындысы.

    Ой  әрекетінде ой қорытындысы бұл  екі формасы бір-бірінен бөлек  өмір сүре алмайды. Олар біртұтас  ой процесінің екі жағын немесе екі буын құрай отырып, ажырамас бірлікте болады.

    Ой  қорытындыларын адам ой әрекеті  мен күнделікті практикада пайдаланып  отырады. Бірақ ой қорытындысы  адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.

    Ең  бастысы – бар білім мен ой әрекет тәсілдерін пайдалана отырып, әр нақты жағдайда түрлі операцияларды орынды және тиісті үйлесім, жүйесімен қолдана білу.

    Адам  әрекет еткенде, мазмұны жағынан  да, шешу тәсілі жағынан да  алуан түрлі мәселелермен кездеседі.

    Тәжірибелік  немесе практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді, мотородың қызуын байқайды, контактілері тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе әрекетті деп аталады. Ол міндеттің көрнекі түрде, немесе нақтылы түрде берілуімен сипатталады. Оны шешу тәсілі – практикалық әрекетпен байланысты жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелі ойлаудың барлық іс-әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының негізі болып келеді.

    Нақтылы  - бейнелі ойлау - мәселені шеше  отырып адам өзінде бар көрнекі  бейнелерді пайдаланса, нақтылы  бейнелік ойлау  көрініс береді. Керек жерге қай  жолмен тезірек жетуге болатынын  ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы - бейнелік деп аталады да ол заттармен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді.

    Теориялық  ойлау – ойлау процесінің ең  күрделі түрі. Адам алдында тұрған  проблемалар егер мәселен, теориялық  түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялың ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдаланып шешу талап етіледі. Мұндай әрекеттер өте күрделі ойлау арқылы жүзеге асырылады.

    Мысалы, оқушыға оқыған шығармасының  әдеби  каһармандарының қайсысының  пікірі дұрыс екенін анықтау  тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі керек. Мұндай әрекет теориялық ой арқылы жүргізіледі, сондықтан әрекеттің түріде теориялық талдау деп аталады.

    Теориялық  ойлардық жоғары формалары –  заңдарды ашу, ғылыми болжамдар  жасау, күрделі өндірістік процесті жоспарлау міндетті түрде практикадан шығады да құрамына азды-көпті жалпыланған елестерді енгізеді.

    Әр  адам бірқатар мамандық, темперамент,  мінез, жас ерекшеліктерге ие. Жеке адамдық ерекшеліктер адамның  барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективтік факторы - адамның зейіні қандай екеніне байланысты. Мәселенің өзіне аударатындығына, олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімге болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді.

    Субъективті  фактордың ролі ойлауды адамның  айрықша қызмет ретінде қарастырғанда  айқынырақ көрінеді. Қызмет адам  орындайтын және белгілі бір ақылға қонымды мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Қызмет белгілі түрткісінен туады.

    Еңбекпен  бірге адамның практикалық қызметіне  ене отырып, оған саналы, күрделі,  бағыт-бағдарлы және жасампаз  сипат беретін ойлау да пайда  болды.

    Ақыл-ой қызметінің айрықша эмоциялық-еріктік жақтарының қосылатындығы болып табылады.

    Адамның  сезімдері оның ойлау процесіне  үш түрлі формада орналасады. Біріншіден, ол адамдарды қиындығы  мол ақыл-ой жұмысына жұмылдыратын  түрткі, мотивтер.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері