Балалардың ақыл-ой кемістігі. Даун синдромы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 14:59, лекция

Краткое описание

Даун синдромын алғаш болып ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун ашты. 1862 жылы Даун өзі зерттеген ауруды психикалық бұзылу ретінде сипаттайды. Синдромның «Даун» деп аталуы да сондықтан. Бірақ ағылшын ғалымы оны монголоидтықтарға ғана тән деп санап, «монголизм» деп атады. ХХ ғасырдың орта шенінде Даун синдромымен барлық нәсіл өкілдерінің ауыратындығы белгілі болды. Осы тұста синдром генетикалық және тұқымқуалаушылық факторлардың, сонымен қатар нәрестенің дүниеге келу кезінде болатын түрлі зияндар мен зақымдардың салдарынан пайда болады делінді. Даун синдромының неден пайда болатынын 1959 жылы француз ғалымы Жером Лежен анықтады.