Бала психологиясының мәселелрі, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:30, реферат

Краткое описание

Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бала психологиясының мәселелрі.docx

— 174.45 Кб (Скачать документ)

Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс.

Дегенмен сананың баланың сөйлеуді меңгеруде қандай орын алатындығын түсіндіру қиын. Әдетте сана мен сөйлеудің өзара байланысты болатындығы жайында сөз болып, адамнын хайуаннан айырмашылығы осы дыбысты тілінде деген түсінікпен ғана шектеліп келді. Баланың әлеуметтік ортаға қатынасын оның тілінің шығуы мен жүруінің ролі сияқты қызмет атқарады деп санадды. Мұндай пікір аса бағалы бола қоймады. Маған белгілі зерттеулердің бір де бірінде баланың бойында пайда болатын жаңа құрылымдар өзара қаңдай қатынаста болады деген сұрақтың мән-жайын ашып бере алмайды.

Біз генетикалық тұрғыдан дағдарыс жасындағы сәбидің бойында нендей ерекшеліктер пайда болады және олардың өзге құрылымдардан айырмашылығы қандай деген мәселені кезінде сөз еткен едік. Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты анықтау керек болады. Бұл сұраққа біздер мақұлдаушы жауап береміз. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.

Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.

Біз баланың дербестік сөйлеуінен онын алғашқы жылғ дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер бала сейлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен аяқталуына дейінгі мерзімге созылады,

Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз

Бала дамуьндағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі оның занды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер диалектикалық дамудағы баланың жекё басына тән сипаты деп түсінуіміз керек.


Информация о работе Бала психологиясының мәселелрі, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс