Қазақ эдебиет теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 15:52, лекция

Краткое описание

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ – қазақтың ұлттық көркем әдебиетін зерттейтін ғылым. Қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны, сондай-ақ мәтіні мен библиографиясын қарастыратын салалары бар. Қ. ә. ғ-ның мақсаты мен міндеті – қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу, әдеби құбылыстар мен сыншылдық-эстетик., әдеби теор. және ғыл.-зерттеушілік ой-пікірлерді анықтап, ғыл. жүйеге түсіру және әр түрлі қоғамдық-әлеум. жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына, қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Коркем психологизм.docx

— 33.79 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТ теориясы

 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ  – қазақтың ұлттық көркем әдебиетін  зерттейтін ғылым. Қазақ әдебиетінің  тарихы, теориясы, сыны, сондай-ақ мәтіні  мен библиографиясын қарастыратын  салалары бар. Қ. ә. ғ-ның  мақсаты мен міндеті – қазақ  әдебиетінің туу, қалыптасу және  даму жолдарын зерттеу, әдеби  құбылыстар мен сыншылдық-эстетик., әдеби теор. және ғыл.-зерттеушілік ой-пікірлерді анықтап, ғыл. жүйеге түсіру және әр түрлі қоғамдық-әлеум. жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына, қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау. Қазіргі Қ. ә. ғ-ның ұлттық ғыл. ретінде туу, қалыптасу және даму жолы негізінен былайша жүйеленеді: 1) Қ. ә. ғ-ның пайда болуындағы тарихи алғышарттар кезеңі. Бұл кезең ежелгі әдебиеттен бастап, 20 ғ-ға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Түркі жазба ескерткіштерін хатқа түсіруден бастап, 19 ғ-дың соңына дейін созылған ұзақ мерзім Қ. ә. ғ-ның тууына дейінгі тарих алдындағы дайындық кезең болды. Ол 19 ғ. шегінде Ресей ориенталист-фольклортанушы ғалымдарының еңбектерімен ғана шектелмей, ұлттық зиялы қауым өкілдерінің фольклортану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектерінде белгілі бір дәрежеде өсіп, ұлттық ғылымның тууына негіз болды; 2) Қ. ә. ғ-ның туу кезеңі (1900–40). 20 ғ-дың басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библ. бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы Қ. ә. ғ-ның пайда болғандығын көрсетті. 20 ғ-дың 20-жылдары «Әдеби мұра керек пе, жоқ па?» деген мәселеде Қ. ә. ғ. пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, әдеби мұраны жинау, жариялау, ғыл. тұрғыда бағалау, заман талабына сай пайдалану секілді өзекті мәселелерді шеше алды. Ал 30-жылдары «тұрпайы социологизм» теориясының ықпалында бола тұра, фольклор мен қазақ әдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және кезеңдерге бөлу секілді келелі мәселелерге батыл бара білді. Сонымен қатар, осы уақыт аралығы Қ. ә. ғ. үшін ғыл.-зерт. әдіснамасын меңгеру, идеялық, шығарм. принциптерді игеру кезеңі болды. Алайда осы кезеңде болған «Ұлтшыл-алашшылдарға» қарсы күрес пен 37-жыл зұлматы Қ. ә. ғ-ның ізашарларын, тәжірибелі әдебиетші ғалымдарды қуғын-сүргінге ұшыратты. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Қ. ә. ғ. 1900–40 ж. аралығында өзінің туу кезеңін аяқтады; 3) Қ. ә. ғ-ның қалыптасу кезеңі (1941–70). Қ. ә. ғ. бұл тұста қазақ әдебиеті тарихын кезеңдеуде, жеке ақын-жазушылар шығармаларын моногр. тұрғыда зерттеуде, фольклортану мен әдебиет теориясының мәселелерінде көңіл аударарлық соны қадамдар жасады. 50-жылдардың орта кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардаптары мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, Қ. ә. ғ-ның ұлттық мақсат-мүддеге сай ізденістер жасауына мүмкіндіктер бермеді. Маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялылығы қағидалары, ұлттық нигилизмнің өріс алуы ғыл.-зерттеушілік ой-пікірдің адымын аштырмады; 4) Қ. ә. ғ-ның даму кезеңі (1970 жылдан бастап). Қ. ә. ғ-ның қалыптасу кезеңінде талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теор., сыншылдық-эстетик. ой-пікірді өркендетуде білімі мен біліктілігі, ғыл. сауаттылығы мен табандылығы жоғары әдебиетші, сыншы ғалымдар шоғыры пайда болды. 1970–80 ж. ғыл.-зерт. жұмыстары маркстік-лениндік әдіснама ықпалында болса да, ұлттық әдебиетті тарихи, теор. тұрғыдан тексеру жұмыстарында табысты қадамдар жасала бастады. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ әдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары моногр. тұрғыда жан-жақты сөз болып, теор. мәнде нақтылы ғыл. тұжырымдар жасалынды. Әдебиет жанрлары, тегі мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, хикаят (повесть), әңгіме, юмор мен сатира арнайы зерттеу нысанына айналды. 1990 жылдан бастап, тәуелсіздік пен еркіндік жағдайында кеңестік кезеңде кеткен қателіктер мен «ақтаңдақтар» қайта қарастырылып, жаңаша бажайлау жұмыстары жүргізілді. 21 ғ-ға қарай Қ. ә. ғ. қазақ әдебиетінің өткеніне шынайы баға бере алатын, бүгінгісін әлемдік әдебиеттанумен салыстыра отырып, саралай алатын ғыл. саласына айналды. Қысқаша айтқанда, Қ. ә. ғ. өзі пайда болғанға дейінгі тарихи алғышарттар кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта, негізінен, мынадай нәтижелерге қол жеткізді: бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеруден басталған сыншылдық-эстетик., әдеби-тарихилық, әдеби-теор. сипаттағы ізденістер ұлттық ғыл.-зерттеушілік ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді; әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды; қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жазба әдебиетпен байланысы жан-жақты зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды; Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі әдебиет тарихының көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығарм. мұрасы ғыл. тұрғыда тексеріліп, моногр. жағынан тұтас және толық қарастырылды. Әдебиетті теор. тұрғыда зерттеу алға басты, дүниежүзілік теор. ұғым-түсініктерді ұлттық сипатта меңгерумен қатар, жеке жанр түрлерінің туып-өркендеу жолдары жан-жақты сөз болды; қазақ әдебиетінің сыны жеке жанр ретінде қалыптасты, көркемдік дамудағы жетекшілік рөлі артты, эстетик. өрелі биіктерге көтерілді, әдебиеттанудың жеке пәні ретінде кескін-келбетін анықтады; әдеби мұраны игеру мәселесіне сай ғыл.-зерт. әдіснамасы, теориясы, тарихилық принципі біршама дұрыс шешілді; қазақ әдебиеті мектептер мен жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытылып, тұрақты оқу құралдарымен қамтамасыз етілді; ғыл.-зерттеушілік ой-пікір кеңес дәуіріндегі әдебиетті теор., әдіснамалық тұрғыдан тексеруде, сыншылдық пен бағалауда дүние жүзіне таныта алатындай дәрежеге көтерілді; кеңестік идеология мен маркстік-лениндік ілім әсерінен түрлі бұрмалаушылықтарға барған теріс тұжырымдарын түзетіп, тарихи тұрғыда әділ, ұлттық сипатта дұрыс, ғыл. бағытта терең зерттей алуына жол ашты; қ. Әдебиеттану; Библиография; Қазақ фольклортану ғылымы.

 Әдеб.: Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы  мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958; Әдеби мұра және оны зерттеу,  А., 1961; Қазақ фольклористикасының  тарихы, А., 1988; Кәкішев Т., Қазақ әдебиеті сынының тарихы, А., 1994; Смағұлов Ж., Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, А., 1999.

Монолог

  Көркем бейненің ішкі психологиялық  әлемі, жеке қасиеттерінің жиынтығы  мінездің кез келген жағдайдағы  іс-әрекетінің басты ауанын, өзгеру сипатын, даму тәртібін анықтап тұрады деген тезистің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетімізде көбірек көрінгені және талқыланғаны белгілі. Ал ғасырдың алғашқы жартысында, әсіресе 30-50-жылдардағы ұлттық прозада уақыт пен қоғам ұсынған мінез-құлық қалыбы характердің сапасын анықтайтын таразыға адами болмысын безбендейтін көрсеткішке айналған еді. Оған қоса ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық менталитет, тіл мен діл белгілері де характердің бойынан қажетті мөлшерде табылып жатты. Осы қасиеттер мен негіздерді адам болмысынан іздеп табу, оны көркемдік деңгейде бейнелеу оңай емес болғандығына көз жеткізу үшін бұл төңіректегі айтыс-тартыстарға үңілген артық болмас. Адамды тұрмыстық ортада бейнелеу, күнделікті өмір арқылы ішкі жан дүниесін ашуға тырысу бір кездері натуралистік суреттеуге жақындап кеткенін зерттеушілер жеткізіп айтқан, бірақ ол жағдайда адамның тарихи ортадағы іс-әрекеті, мақсат-мүддесі де байқалады ғой. Қалай дегенде де адам мінезінің белгілі бір қоғамның өкілі ретінде бағаланатынын діттеген қаламгерлер қатары көп. 50-60-жылдары характер төңірегіндегі пікір-таластар күшейе түсті. Мінез деп адам бойындағы бір-бірімен тұтасқан қасиеттерден тұратын, кез келген жағдайда тұрақты көрініп отыратын белгілерді бөліп атау туралы ұсыныстар болды. Одақ көлеміндегі басылымдарда басталған «тұлға феномені» туралы дау-дамай ұлттық басылымдарда да жалғасын тапты.

 «Теоретические проблемы психологии личности» атты жинақтың негізгі зерттеу нысаны характердегі доминант қасиеттерді анықтау болды, бірақ бұл басымдық неге байланысты екендігіне орнықты жауап берілмегені өз алдына, аталмыш еңбекте сонымен қатар характерді тұлғалық деңгейде анықтап тұратын негіздер де нақтыланбады. Биологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, қоғамдық жағдайлардың адам бойындағы оңтайлы пропорциясы туралы таластың да шешімін шығару оңай емес екені де белгілі болып қалды. Негізі бұл төңіректегі зерттеулердің аздығы қынжылтады. ХХ ғасырдың соңғы кезеңіндегі прозада күн сайын күрделене түскен объективтік дүниенің жеке адамға да көп салмақ сала бастағаны айқын көрінді. Әдебиеттанушылар мен сыншылар «характер мен жағдай», «орта мен адам» мәселесіне ерекше мән бере бастады, бұл ізденіс кейін де жалғасты.

 «Жағдай» ұғымын эстетикалық  категорияға жатқызатын ғылыми  мектептер оны көбінесе нақты  қоғамдық-тарихи орта ретінде таныды. Енді бір зерттеушілер бір-бірімен бірліктегі, қайшылықтағы әлеуметтік құбылыстардың нақты көрінісін жағдай деп санады. Кейбір ғалымдар адамның ойына, сезіміне, әрекетіне әсер ететін нақты өмірдің факторларын «жағдай» деп есептейді. Біз осы екі көзқарас тұрғысынан әдеби шығармаға баға беру пәрменді амал деп санаймыз.

 Әр мінездің өз «жағдайы», ал жағдайдың өзіне сәйкес «мінезі» болады деген көпке мәлім пікір де ХХ ғасырда көп айтылғанымен, мінез бен жағдайдың арасындағы байланыс түрлері арнайы көп зерттелмеген. Ю. Борев «Введение в эстетику» атты еңбегінде сөз өнеріндегі мінез бен жағдайды автордың белсенді ұстанымына тәуелді болатын эстетикалық идеалымен байланыстырады. Сонымен қатар ол қаламгердің ырқынан тыс өмір сүретін характер мен жағдай бар екендігін де айтады, яғни бұл екі ұғымның байланысынан тек объективтік мағына іздей беру қасаңдыққа ұшырататынын де ескертеді [66, 98 б.]. Біздіңше, антропологиялық зерттеулердің автор идеалының қыр-сырын анықтаған пікірлері орынды.

 ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы  қазақ прозасы туралы зерттеулерді  сараптау, характер туралы жазылған  еңбектерді бағамдау, сол кезеңдегі  көптеген шығармаларды талдау  арқылы ұлттық прозадағы характер  мен жағдайдың арасындағы мынадай  тұрақты типтік байланыстарды  байқауға болады екен:

1. ХХ ғасырдағы күрделі қоғамдық-әлеуметтік  төңкерістер адамның мінез-құлқының өзгеруіне жаңа жағдайлар жасады.

2. Әдебиетте көп көрінген өте белсенді характерлер қалыптасқан жағдайды өзгертуге аса құлықты болды, оған көп күш-жігерін жұмсады, нәтижесінде өз ұғымына сай жаңа жағдай жасауға тырысты.

3. Осы кезде өзіндік өмірлік  көзқарастары мен қағидаттарына сай емес жағдайларды қабылдамай, оған сырттай және іштей әр түрлі қарсылық көрсеткен характерлер де бой көрсетті.

4. Мінез бен жағдай арасында  байланыстарда бір-біріне бейімделу, өзара ықпалдасу, синхронды өзгеру үрдісі де байқалды.

 Ұлттық прозаның ХХ ғасырдың  алғашқы жылдарындағы шығармаларында  көпшілік пен жеке адам, тұлға  мен халық арасындағы байланыстарға ерекше мән берілген. Халықтық характердің кеңестік жүйеге бейімделуі, оның қалыптасқан жағдайға рухани қарым-қатынасына мән берілуі және жеке тұрмыс пен қоғамдық өмір суреттерінің арасындағы әр түрлі айырмашылықтардың көбеюі әдебиеттегі жағдайды күрделендіре түсті.

 М. Әуезовтің «Қорғансыздың  күні», «Оқыған азамат», «Қасеннің құбылыстары», М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», Б. Майлиннің

 «Раушан – коммунист», «Күлтай  болыс», «Арыстанбайдың Мұқышы»,  «Қара шелек» шығармаларында  характердің жағдайға тәуелділігінің  көптеген себептері ишара, меңзеу  түрінде ашылған, бірақ бастысы – кейіпкердің өзін-өзі адам, қоғамның қатардағы мүшесі болып сезіну жағдайы, өмірлерінде жаңа мағына пайда болуы еді. Жаңа саяси-әлеуметтік жағдайдың бұрыннан қалыптасқан ұлттық, этикалық ұғым-түсініктерді, әр түрлі тұрмыстық кедергілерді аттап өтуге мүмкіндік бергенінің жауабы әр түрлі. Кейіпкерлердің жағдайға өз көзқарасын білдіру үшін сәттерді белсенді түрде өзгертуге тырысқанын мәтіндерден білеміз, ал көбінің әрекеті типтік жағдайға сай болғаны назар аударарлық. Демек, бұл кезеңдегі прозада характердің жағдаймен байланысы тек қалыптасу деңгейінде ғана емес, сонымен қатар өзін көрсету, адами мүмкіндіктерін ашу сипатында жүргені, яғни айқындаушы мәні белгілі болып отыр. Характердің басымдығы байқалғанымен, бұл басымдық абсолюттік емес. Ал «Шолпанның күнәсіндегі» Шолпан, Ж. Аймауытовтың Қартқожасы мен Ақбілегі, Б. Майлиннің Раушаны, С. Мұқановтың Ботагөзі күшті характерлер типіне, яғни жағдайға түбегейлі өзгеріс енгізе алуға қабілетті, яғни жаңа мінез бен орта қалыптастырушы көркем бейнелер қатарына жатады. Сонымен қатар қалыптасқан жағдайға жан-тәнімен қарсы болған мінездер «Ақбілек» пен «Қартқожада» да бар. Ал М. Әуезовтің Қасені, Арыстанбайдың Мұқышы сияқты жағдай мен сәтті саудаға салған бейімделгіш характерлер болғанының бәрі – ұлттық прозаның 20-30-жылдағы жағдай мен характердің арасындағы байланысты көркемдік тұрғыдан жан-жақты қарастыруға деген ұмтылысының көрінісіндей. Әрине, осы кезде стереотиптік характерлердің пайда бола бастағаны да жасырын емес. Жағдай мен үнемі тартысқа түсіп отыратын характерлер де бар, яғни осы уақытта жағдайға үйлесе бермейтін «бөтен адам» мәселесі де көтеріле бастады. Таптық тартысқа негізделген жағдайдың кемшін тұстары да жетерлік, төңкеріс тудырған жағдайды міндетті түрде қоштау талабы көп ретте характерге де көп салмақ артты, яғни қаламгерлер «таныс бейтаныс», «жаңа адам» мәселелеріне назар аударуға мәжбүр болды. Ал бұл мақсаттарына жету үшін авторлар жағдайды түрлендіруге, характерді күрделендіруге ұмтылғаны түсінікті, бірақ нәтиже күткендегідей бола бермегені де мәлім. Белсенді бейне өзіне сәйкес жатырқамайтын жағдай іздейтіні түсінікті. 20-жылдары әдеби характердің өзінің мүмкіндігінен ауқымы тарырақ жағдайда әрекет етуге мәжбүр болғанының себептері жалпы алғанда белгілі. Ғ. Мүсіреповтің,

 Ғ. Мұстафиннің алғашқы әңгімелерінде  осыған мысал аз емес.

30-50-жылдары прозада кезеңдік  әлеуметтік, саяси-қоғамдық идеяларға мазмұны жақын, мағынасы іліктес жағдайлар белең болды. М. Әуезовтің «Бүркітші», Ә. Әбішевтің «Завал» туындыларында жаңа қоғамның жасампаздыққа жол ашатын жағдайлары таңдап алынған, авторлар характердегі осыған байланысты жаңа қасиеттердің көрінуін де назардан сырт қалдырмаған. Енді характерді ашудың жаңа түрлері пайда болды, адам болмысы ортақ еңбек үстінде дами бастады, жаңа сападағы қоғамдық мүдде адам тағдырының болмысына теңгерілді. Аталмыш шығармалардағы пафостың да жағдай мен характерді байланыстыруға ықпалы аз емес.

 М. Горький бастаған адам  мен табиғаттың күресі туралы  постулаттың қазақ прозасындағы  мінез бен жағдайға әсер еткеніне мысал көп.

 С. Мұқановтың «Теміртас», «Сырдария», Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсіреповтің осы  кезеңдегі әңгіме-повестеріндегі  тартыстар осы сипатта өрбиді. Жаңа әлеуметтік жағдайда характердің жасампаздық қабілеті, қоғамдық әлуеті артты. Мұндағы байланыста характер белсенді күшке айналып, жағдайды өзгертуге мүмкіндік алғанының бір көрінісі – «Миллионер» повесі. Шығармада жағдайдың түрі көп. Жаңа қоғамдық жағдайлардың қалыптасуынан, қоғамдық-әлеуметтік ахуалдың өзгеруінен үмітті характерлер жетерлік. Мақсат-мүддесі бір, іс-әрекеті әр қилы көркем бейнелердің ортақ қимылдары өнімді сәттерді анықтап, жағдайдың ауысу ырғағын өзгертті, оған жылдамдық пен үдеу дарытты. Бұл типтес туындыларда тіпті кей сәтте адамды қалыптасқан жағдайдан жоғары қою арқылы оның мінезін түзеу идеясын дамытуға тырысу бар екендігін атап көрсеткен орынды.

 Түйіп айтқанда, 30-40-жылдары әдебиеттегі характер мен жағдай байланысының мынадай типтері айқын көрініп тұр: характер нақты жағдайдың өзінің алдына қойған қиыншылықтары мен кедергілерін жеңу үшін белсенді әрекет етіп, көбінесе өзіне сәйкес жағдай жасауға қабілетті бола бастады.

 Соғыс жылдары қазақ прозасында  трагедиялық жағдайдағы характердің  болмысын көрсету ниеті басым  болса, соғыстан кейінгі кезеңде  «тартыссыздық теориясының» аздаған  ықпалы болды. Енді ұлттық прозада  өзін шектей білетін, ел үшін  басын құрбандыққа тігуге дайын  образдар мен әлеуметтік мәні  әр түрлі жағдайлар көріне бастағанын қазір әркімдер әр қилы түсіндіріп жүр. Біздіңше, соғыстан кейінгі жеңімпаздар рухы бейбіт өмірге де қажет болған шығар. Бірте-бірте қайтадан әдебиетте қоғамдық характерлер қайтадан белең ала бастады, негізінен адам мен ұжым арасындағы күрделі қатынастар әдебиет үшін қызық бола бергені шындық, жеке адам санасы мен ұжымдық, обьективтік сананың арасындағы қайшылық характердің жағдаймен ашық күреске шығуға деген ниетінен де көрінген. Характер болмысындағы жеке мен жалпының арақатынасы да зәру тақырыпқа айнала бастағаны да осы кезең, адам мен ол киетін әр түрлі «масканың» текетіресі де көрінген тұс – осы.

 Төңкеріс, соғыс, нәубеттер –  тақырыбы ауқымды, мағынасы күрделі,  мазмұны терең әрі әдебиет үшін өнімді жағдайлар, олар адамның әрекетшіл мүмкіндіктерін кеңейтті, адам жанының жаңа қырлары мен сырларын ашты. Ал 50-жылдардың аяғына қарай характерлер жеңілдетілген жағдайда, схемалық тартыстарда бейнелене бастағандықтан, оларды өз дегеніне бағындыру кейіпкерге көп қиындыққа түсе қоймады. Нәтижесінде жағдай характерге бағынышты бола бастауына мысал көп. Д. Исабековтің, Ә. Таразидің,

 Қ. Ысқақовтың, С. Мұратбеков әңгімелерінде «адам және оның жұмысы» сияқты мәселе басты жағдайға айналып, сахнаға кәсіби дайындығы мықты, жігерлі адам шықты. Бұрынғы қоғамның бір бөлшегі ғана болған көнбіс, ісіне мығым кейіпкер енді әрекетшіл тұлғаға айнала бастады, бірақ бұл күрескерлік шектеулі еді. Өйткені жағдайдың түйінін кейіпкер ғана емес, жоғары инстанция да шешетін. Өзгермелі, ауыспалы жағдайлардың саясатын қабылдауға мәжбүр болған бейне көбінесе субьективтік шешімдермен шектелді. Т. Ахтанов,

 С. Шаймерденов повестерінде  жағдайдың характерді тығырыққа  тіреуі көп болып, көркем бейненің оған белсенді қарсылығының аздығы да кезең прозасында көп кездескен белгінің нақты көрінісіндей.

 Тартыс табиғатының 50-60-жылдары  өзгере бастаған бірнеше зерттеуде  айтылған, бірақ сол кезең прозасындағы  тартыстың характер мен жағдайға  қатысы әлі күнге дейін нақтыланбаған. Біздің пікірімізше, бұл – психологизмнің күшейе бастағанына байланысты құбылыс болғандықтан, ұлттық прозаны осы мәселелер төңірегінде қарастырған да артық болмас. Характерлерді талдау, олардың іс-әрекеттерінің психологиялық астарына үңілу көркем мәтіндегі характер мен жағдайдың байланысын өзгертті. Ендігі характер – стереотиптік жағдайларға бейімделе бермейтін рухани күш иесі, бірақ оның әлеуметтік, қоғамдық белсенділігі бұрынғыдай емес, оның ішкі күресі, дағдарысы жағдайға әсер ететін мықты негізге айналды. «Ішкі кейіпкер» әдебиеттегі жаңа тұлғаның қалыптасуына мұрындық болғанына баса назар аудару керек, мұндай характерлер жағдайдың жаңа түрлеріне, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге араласуды өзінің басты міндеті деп білген. Адамдар арасында толқымалы қарым-қатынас, қоғамдағы өзгермелі көңіл-күй, ауыспалы ой-пікір кең қанат жая бастағаны ұлттық прозадағы характер мен жағдайдың байланысына да әсер етті. С. Шаймерденов, Т. Ахтанов, т.б. әңгіме-повестерінде тартыстан тартыс тудыратын драматизмге толы сюжеттер қолданыла бастады, бұл үрдіс жас жазушылар арасында кең қолдау тапты.

 Ә. Кекілбаев, Қ. Ысқақов,  Қ. Жұмаділов, О. Бөкеев, Д. Исабеков  сияқты қаламгерлер адамның өсіп келе жатқан рухани сұраныстары мен оларды қанағаттандыруға қауқары жоқ ортаның арасындағы қарым-қатынастарға зер салды, жаңа жағдайларға көркемдік талдау жасалды.

Информация о работе Қазақ эдебиет теориясы