Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 10:45, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі ауыл мектептеріне тән белгі - олардың шағын жинақталғандығы.
оқушыдан көп емес) мектептер, параллель сыныптары болмайтын немесе
кейбір жеке сыныптары түгел емес мектептер, сондай-ақ оқушы санының аздығына байланысты сыныптары біріктірілген мектептер жатады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті - бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар. Жинақталған сыныптың құрамы екі немесе үш сыныптан тұруы мүмкін.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
I Ауыл мектептерінде оқу үдерісін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарын анықтау
І.І. Ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру бағытындағы әлемдік (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдеріндегі) тенденциялар............................................................................................................7
1.2. Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру тәжірибелері..........................................................................13
II Ауыл мектептері үшін педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары
2.1. Ауыл мектебі жағдайында қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктеу.......................................................................................26
2.2. Ауыл мектептерінде технологияларды қолданудың ғылыми-әдістемелік шарттарын анықтау...........................................................................41
2.3 Ауыл мектептері үшін ақпараттық технологияларды мектеп практикасына ендіру тәжірибесі..........................................................................52
Қорытынды ....................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

аулакпараттандыру.doc

— 361.50 Кб (Скачать документ)

1950 жылы "Бастауыш мектепте екі я бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы" [22] деп аталатын жинақ жарық көреді. Бүл жинақтағы көңіл аударарлық нәрсе - М.Ю.Конопкиннің "Бастауыш мектепте екі я бірнеше класқа қатарынан сабақ беру туралы" деген мақаласы. Бүл мақалада негізінен, сабақ кестесі, сабақты үйымдастыру, жоспарлау жайы баяндалады. Автордың ой тастарлық пікірі - оқушылардың өзіндік жүмыстарын өздеріне тексертіп, бірте-бірте өз қатесін өзі байқап, өзі түзетуге үйрету. Бүл, әрине, шағын жинақталған мектептер үшін өте тиімді тәсіл.

Шағын елді мекендерде жүмыс істеп жатқан бастауыш мектептердің міндеттері мен ондағы оқу-тәрбие жүмысының сапасын арттыру мәселесіне көңіл бөліп, әдістемелік көмек көрсетуді мақсат еткен ғалымдарымыздың бірі -Ә.Сытдықов. Ғалымның "Бір-екі комплектілі бастауыш мектептердегі оқу жүмысы" [23] деген мақаласында осы үлгідегі мектептегі оқу-тәрбие процесін үйымдастыру ерекшеліктері мен қиыншылықтарын көрсете келіп, мүндай қиындықтар мен өзгешеліктер мүғалімнің сабақ қүрылысын қалай ойластыруына байланысты туындайтынын ескертеді. "Әсіресе бірнеше класты қатар оқытқанда сабақтың қүрылысы көп ойлануды қажет етеді, өйткені сабақтың әр кезеңінде өзі не істейтінін, оқушылар нені, қалай істейтінін мүқият жобалап алғанда ғана сабақ бірізді, дәйекті болып, күткен нәтиже шығады" [21, 22], - деп жазады. Шынында да, шағын жинақталған мектептерде оқу процесінің сапасы мүғалімнің сабақты дүрыс, мүқият жоспарлауына тікелей байланысты.

Сол кездерде шағын жинақталған бастауыш сыныптарды I мен III, II мен ІҮ бірге оқитындай етіп біріктіру тәжірибеде қалыптасқан болатын. Бүлайша біріктірудің тиімділігін автор осц.мақаласында мына түрғыда дәлелдейді: "Сонда әр мүғалімге бір төменгі класс пен бір жоғары кластан оқытуға тура келеді. Өйткені III, ІҮ класс балаларына үзағырақ уакыттық және әр түрлі тапсырма беруге болады, ал төменгі класс балаларына жиі-жиі оралып, тапсырманы шағын (аз уақыттық) етіп берген жөн" [23].                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

Жалпы, сол жылдары  журнал беттерінде басылған мақалаларда  шағын жинақталған мектептердегі  оқыту процесінің сапасын жетілдіру  мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінгені  байқалады. Бүл жөнінде жоғарыда аталған еңбектермен қатар бірсыпыра озат мүғалімдердің де іс-тәжірибелері жарияланып, сабақ кестесін жасау, күнтізбелік жоспар қүру, күнделікті сабақтарды жоспарлау т.с.с. тәжірибелерін ортаға салынады.

Солардың ішінде кейбір мақалаларда сол кез үшін аса қажетті әрі қүнды ой-пікірлер мен нүсқаулар болды. Мәселен, тәжірибелі үстаз Ә.Теңізбаевтың шағын жинақталған бастауыш сыныптар үшін ең маңызды мәселе болып табылатын сабақ кестесін қүрастыру жайында жазылған "Екі класта қатар сабақ өткізу туралы" [24] деп аталатын мақаласында пәндерді жүптап оқытудың қолайлы жолын үсынады.

Сонымен, 1940-1950 жылдары жарық көрген еңбектер мен журналға басылған мақалалардың мақсаты - сыныптарды дүрыс бөлу, біріктіру, тиімді сабақ кестесін жасау, өзіндік жүмыстарды үйымдастыру, қатар сыныптардағы сабақтың үлгі-жоспарларын дайындау арқылы мүғалімдер қауымына практикалық көмек көрсету болды, 1950 жылдары пәні жағынан бір тектес, мазмүны жағынан үқсас сабақтарды қосып оқыту мәселесі, яғни бір пәндік оқу жүйесі берік орныға бастады. Бүл мәселе бойынша, әсіресе, мектеп мүғалімдері үлкен белсенділік танытты.

1960 жылдары шағын жинақталған мектептегі оқыту, тәрбие беру ісіне М.Бүрлібаевтың   "Бастауыш   оқуға   басшылық   ету"   [25]   атты   кітапшасы айтарлықтай үлес қосты. Автор бүл еңбегінде бастауыш мектептегі оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқытудың педагогикалық, психологиялық негіздеріне тоқталады. Сондай-ақ I сынып оқушыларын қашан өз бетімен жүмыс істеп дағдыланғанша жеке бөліп алып оқытудың қолайлы екенін айтады. Бүдан әрі автор шағын жинақталған мектеп үстаздарының жүмыс нәтижелері, яғни осы типті мектептердегі оқыту процесінің сапасы әрбір сынып өз алдына жеке оқытылатын қалыпты мектептегі әріптестерінің жұмыс нәтижесінен кем түспей жүргенін айта келіп, оның себебін былайша түсіндіреді:

1) екі немесе бір  комплектілі мектептердегі әрбір кластағы балалар сан жағынан ықшам болады да, олардың үғымын байқау, тапсырманы орындату, жаңа сабақты пысықтау сияқты жүмыстарға мүғалімнің көп уақыты кетпейтін болады. Сабақ процесінде үққанын, білгенін қайталап айтып беру жиі талап етіледі. Сондықтан оқушылар әр уақытта жауапқа әзір отыруға дағдыланады, алған білімі есінде берік сақталады;

2) оқушылар өздігінен  жүмысты еркін де үзақ істеудің  нәтижесінде өзін-өзі басқару,  жүмысты өздігінен істеу, творчестволық  іске ысылу, шеберлену, өз күшіне  сеігу сияқты кабілеттері нығая түседі".

Сол жылдары шағын  жинақталған мектеп мәселесін зерттеуге  белсене араласқандардың бірі - Ғ.Сүлейменов. 1968 жылы Р.Мүраталиевпен бірлесе  жазған "Аз комплектілі мектептерде  оқу процесін үйымдастыру туралы" [26] деген мақаласында шағын жинақталған мектептерде жүпталған сабақтардың, негізінен, 3 типі болатындығын айтады:

1) екі сыныпта да  жаңа материал өтілетін сабақ;

2) бір сыныпта жаңа материал, екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жүмысы жүргізілетін сабақ;

3) екі   сыныпта   да   бүрынғы   өтілген   материал   пысықталатын   не  қайталанатын (немесе бір сыныпта  бақылау жүмысы алынатын) сабақ.  Одан әрі автор әрбір типке  байланысты сабақты жоспарлаудың  және өткізудің үлгісін мысалдармен  түсіндіреді.

Сонымен, 1960 жылдары жазылған еңбектерде оқытудың психологиялық, педагогикалық  негіздерін, оның мақсат-міндеттерін  анықтауға, қосарланған сыныптардағы оқыту процесін үйымдастыру, сабақтың типтерін нақтылау, сабақты түрлендіріп өткізу сияқты күрделі мәселелерге байланысты практикалық бағыт беруге баса көңіл бөлінгені байқалады.

1967 жылы 10 маусымда Қазақ  ССР Оқу министрлігі "Республикадағы  шағын жинақталған мектептердің  қазіргі жайы және олардың  жүмысын жақсарту шаралары" туралы  қаулы қабылдады. Осы қаулының негізінде 1970 жылдан бастап еліміздегі шағын жинақталған мектептердің оқу сапасын жақсарту, жетілдіру бағытында біршама шаралар атқарылды. Осыған байланысты 1974-1978 жылдары шағын жинақталған мектептер мүғалімдеріне тікелей практикалық көмек көрсету мақсатымен Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институты тарапынан "Шағын жинақталған мектептердегі оқыту мазмүны мен әдістерін жетілдіру" проблемасы бойынша ғылыми зерттеу жүмысы қолға алынды. Соның нәтижесінде бірқатар еңбектер жарық көре бастады. Солардың ішінде Б.Қүлмағанбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Ш.Әуелбаев, М.Сайпин, О.Сатқанов, З.Бейсенбаев сияқты әдіскер-ғалымдарымызды атай кеткен жөн.

Б.Қүлмағанбетованың 1974 жылы басылып шыққан "Аз комплектілі  мектепте сабақты үйымдастыру" [27] еңбегінде шағын жинақталған мектептерде оқыту процесін үйымдастырудың әдіс-тәсілдері, шағын жинақталған мектептерде оқыту сапасын жетілдіруге байланысты жүмыс түрлері деген мәселелер қарастырылады. Автор шағын жинақталған мектептерде сабақ беретін мүғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу жасай келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды, көрнекі, қүралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жүпталысқан сабақтардың қүрылысын, өзіндік жүмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты дүрыс белгілеп алса, мүндай мектептердегі оқыту-тәрбие жүмысы нәтижелі болады деген қорытынды жасайды.

Ш.Әуелбаевтың мақалаларында  оқыту процесінің сапасын арттыру  мақсатымен оқытудың тиімді әдістері мен материалдарды оқыту жүйесі реттеліп көрсетіледі, сондай-ақ көрнекі құралдарды белгілеп, өзіндік жұмыс түрлерін енгізеді.

А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың "Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері" [28] деп аталатын еңбегінің шағын  жинақталған мектептер үшін маңызы зор болды.

Бүл қүралдағы көңіл  аударарлық әрі ескерерлік мәселе: шағын жинақталған мектептерде  оқытуды үйымдастыруда сабақты  бір пәндік жүйемен жоспарлағанда  қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмүны  жағынан жақын, бір-біріне үқсас  материалдарды іріктеп алып, жүптастырып, бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Оны автор былайша түсіндіреді: "... Мүндай жағдайда, яғни туыстас тақырыптарды бір мезгілге жоспарлап өткізгенде мүғалімнің басшылығымен жүргізілетін жүмыс үшін уақыт үнемделеді де, оқулық материалдарын қосымша материалдармен, көрнекіліктермен, техникалық қүралдармен түрлендіріп оқытуға толық мүмкіндік туады" .

Қазіргі уақытта осылайша мазмүндас бірдей тақырыптарды іріктеп, бір мезгілде оқыту мүғалімдер тарапынан  үлкен қолдау тауып отырғанын  айта кеткен дүрыс.

1990 жылдардан бері  қарай шағын жинақталған мектептердің  жүмысын жақсарту, ондағы оқыту  процесінің ерекшеліктерін зерттеу,  оған басшылықты жетілдіріп, нақтылы  көмек беру, бүл мәселе бойынша  жинақталған озық тәжірибелерді  тарату алғаш рет көптеген ізденулердің нысанасына айналып, арнайы ғылыми еңбектердің арқауы бола бастады. Атап айтқанда, бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (З.Бейсембаев [29]), осы үлгідегі мектептер үшін мүғалімдер дайындау (Ғ.З.Әділғазинов [30]; [31], шағын жинақталған бастауыш мектепте жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту әдістемесін жасау (Н.М.Сламбекова [32]) мәселе ретінде қарастырылды. Мүндай еңбектер шағын жинақталған мектептегі оқыту процесінің сапасын жетілдіру бойынша жасалған алғашқы қадам екені сөзсіз.

2000 жылдардан бастап  Сорос-Қазақстан қорының бастамасымен  Қазақстандағы білім беруді дамытудағы  шешуін күтіп түрған өзекті  мәселелер қолға алынды. Қүрамында  отандық белгілі ғалымдар Нүрахметов  Н.Н., Жадрина М.Ж., Караев Ж.А. бастаған авторлық үжым зерттеу жүмысын жүргізіп, шағын жинақталған мектептегі оқыту процесін үйымдастырудың мүмкін варианттарын анықтап, соған байланысты нақты нүсқаулар, соның ішінде бірнеше сыныпты қосып оқыту жағдайында қолдануға тиімді болатын бірнеше технологияларды үсынады [33].

Қорыта келгенде, еліміздегі шағын жинақталған мектептердегі  оқыту процесінің сапасын жетілдіру  тәжірибелеріне байланысты төмендегідей тужырымдар жасалды:

1) еліміздегі шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдіру проблемасы 1940-50 жылдардан бері қарай дами бастады. Онда, негізінен,   сыныптарды   біріктіріп   оқытудың   жолдары,   оқыту   процесінің өзгешеліктері мен ерекшеліктері, бірнеше сыныпты қосып оқыту жағдайында сабақты   үйымдастыру,   сабақтың   қүрылысы   мен   әдіс-тәсілдері,   сабақты жоспарлау, оны өткізу, сабақ кестесін жасау мәселелері басты нысанаға алынды. Дегенмен, бүл аралықта жарияланған еңбектерде нақты үсыныстар, теориялық, практикалық нүсқаулар жетіспеді, көбінесе жеке мүғалімдердің іс-тәжірибесі тілге тиек етілді;

2) 1967   жылы   10   маусымдағы   Қазақ   ССР   Оқу   министрлігінің "Республикадағы  шағын жинақталған мектептердің  қазіргі жайы және олардың  жүмысын жақсарту шаралары" туралы  қаулысының негізінде 1974-78 жылдары  еліміздегі шағын жинақталған мектептердің оқу сапасын жақсарту, жетілдіру ісінің дамуының  екінші  кезеңі  басталды.  Бүл  бағытта  біршама  параларелелері жеке дербес объектсі атқарылып, шағын жинақталған мектептердегі оқыту мазмұны мен әдістерін жетілдіру проблемасы бойынша ғылыми зерттеу жұмысы қолға алынды. Соның нәтижесінде бірқатар ізденістер жарық көрді. Бұл кезеңдегі еңбектердің жетістігі

- мүғалімдерге нақты әдістемелік құрал (бастауыштағы әрбір пән бойынша жеке жасалған) бола алғандығы, кемшілігі - шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдіруді ғылыми деңгейге көтере алмағандығы;

3) 1980-90 жылдары еліміздегі шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдіру мәселесін зерттеу ісі бастапқы қалпына қайтып келді. Оның себебі осы кезеңде еліміздегі шағын жинақталған мектептерді ірілендіру, олардың орналасу жүйесін реттеу күн тәртібіне қойылып, бірқатар мектептер жабылып қалды, үсақ мектептерді толық комплектілі мектепгерге қосты. Бүл, әрине, кері жағдаяттардың орын алуына септігін тигізді;

4) 1990   жылдардан   бастап   бүгінгі   таңға   дейін   еліміздегі   шағын жинақталған мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдіру ғылыми зерттеу деңгейіне көтеріліп, теориялық және практикалық түрғыда арнайы қарастырыла бастады. Бүған кандидаттық диссертациялардың қорғалуымен қатар үкімет ■тарапынан үлкен қызығушылық танытылуы, қамқорлық жасалуы дәлел.

Қорыта келе, шағын  жинақталған мектептерде оқыту  процесінің сапасын жетілдірудегі  бойынша әлемдік тәжірибелер  бойынша келесі тенденциялар айқындалды:

Әр деңгейдегі білім субъектілерінің жеке шығармашылық жүмыс атқаруына және белсенділік танытуына жол берілуі;

-   білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

Информация о работе Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары