Агрессияның психологиялык теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 12:59, реферат

Краткое описание

Психология ғылымында психикалық құбылыстарының ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі – агрессивтілік адамның жеке тұлғалық касиет ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

агрессия.docx

— 98.18 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі таңдағы психологиядағы агрессия проблемасында нақты жинақталған  бағыттарының (фрейдизм, бихевиоризм  және т.б.) «агрессия» терминіне ортақ  түсініктің жоқтығы. Мысалы: К.Бютнер түсінігі бойынша «агрессия сезімінің  астында өз серіктестігін балағаттап, жаралап оны құртуға бағытталған».

А. Басс агрессия мен қастандықты  бөліп қарастырады, олар барлық уақытта  үйлесіп, барлық уақытта кездесіп отырмайды. А. Басс және А. Дарни агрессияны суреттей келе, шабуыл, күйгелектік, вербальды  және жанама агрессияның көріністеріне  сүйенеді. Авторлардың көзқарасы  бойынша қастандық – бұл күдіктенгіштік пен өкпелегіштік деп түсіндіреді.

Авторлардың көзқарасындағы мына болжамдарына зейін қоюға лайықты: «агрессия жан-жақты құбылыс көрінісі болғандықтан, оны айырып, анықтап  алу өте қиын. Ғылыми тұрғыдан жақындайтын  болсақ, олардың әр тұстарындағы бір-біріне өзара байланыстарын көре білу қажет». Агрессияның жан-жақты әр түрлі қатынасына қарамастан, қазіргі кезде көп жағдайда мынандай түсінік қолданады: агрессия – бұл балағаттауға болмаса біреуге, тірі жанға зиян келтіруге бейімделген әрекеттің қандайда бір формасы.

Н.Д.Левитов біріншіден, жануар мен адам арасындағы агрессиялы әрекетті айыра білу қажеттілігі деп көрсетті.

Екіншіден «агрессия» ұғымы – шығуы бойынша баяндау, бейнелеу түсінігі, себептері, мотиві жайында агрессивті әрекет ештеңе хабарламайтынына көңіл аудару қажет. Бала агрессиясының өсу динамикасын ескерген жөн, мұндай әрекеттің ушығуы тұлғалық даму дағдарыстары кезеңінде бой көрсететін эмоциялық күйдің тұрақсыздығы. Г.М.Бреслевтің айтуы бойынша «баланың өзін тануындағы, дамуындағы кейбір әрекеттерін, яғни этика критериясының рамкасына жатпайтын әрекеттерімен бағалауы – бұл методикалық қателік».

Н.Д.Левитов агрессиялы жағдайдың  танымдық, эмоциялық және жігерлілік компоненттерін анықтады:

- танымдық жағдайды бағдарлай  білу (оның түсінігі) және шабуылдайтын  объектіні анықтап, өзін болатын  жағдайға қоя білу.

- эмоциялық компонент  – ашу-ызаның келуі, санасыз  жағдайды мінездейді, жасаған әрекетін  қадағалай алмауы.

- жігерлілік компоненті  – агрессиялы әрекет үстінде еріктің формальды құндылықтарын көрсете білу – ол мақсаттылығы, табандылығы, шешім қабылдағыштығы және күштілігі мен инсиотивтілігі. Агрессиялы жағдай көп жағдайда күрес үстінде көрінеді, бүкіл күрес жоғарыда айтылған құндылықтарды қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялы әрекетінде бұл құндылықтар дамымаған формада бой көрсетеді. Баланың ерте дамуында агрессияны қажетті деңгейде түсіне бермейді, оны тек әрекеттерді реттеуге, жағдайды дұрыс бағалай білуге және өз әрекетінің соңын, өз көңіл-күйін меңгере алмаған жағдайда. Л.С.Выгодскиидің «Педагогикалық психология» атақты еңбегінде баланың проблемадағы моральдық әрекетінің нәтижесін өзіміздің қөзқарасымызбен қарағанда өте қызық. Эмоциялық күй жағдайдың сырт көрінісін меңгеріп, дамыту тәрбиесіне (Л.Выготскии) көбірек көңіл бөлініп, оның қимылын саналы түрде басқарып дамыту.

Эмоциялық күйін ұстай білу, қандайда болмасын тәрбиенің міндетін құрайды, сезімді бағындыра отырып, оны басқа формаларымен байланыстыру, жан-жақты мақсатты бағыттау. Яғни «айналадағы стрессорлар» сыртқы себептілік агрессия үшін соңғы роль ойнамайды деген тұжырымға келдік. Себептілік агрессия – бұл ортаның болмаса жағдайдың ерекшеліктері агрессияның ушығуын көтеретін мүмкіндіктер. Бұл себептіліктің көпшілігі физиологиялық ортаның күйімен тығыз қауымдасқан. Мәселен: ауаның жоғары температурасы агрессияның көтерілуіне мүмкіндік туғызады. Басқа айналадағы стрессорлар, мысалы: дабыр-дүбір, шу қозуды күшейтіп, агрессияның көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Бақылаудың нәтижесі көрсеткендей, ауа ластанған (мысалы: темекінің түтіні т.б.) жағдайда агрессиялы реакция күшейеді. Әртүрлі жағдайлардағы тұлғааралық қарым-қатынастағы кейбір жәйттер индивитті агрессиялы реакцияға итермелеуі мүмкін. Агрессия күшеюі де мүмкін және жағдайға байланысты басылуы да мүмкін, ол тұлғаның мінезі мен өзіндік санасына әсерін тигізеді. Адам қимылын жинақтап қарағанда өзін әлеует реакциясының құрбаны болмаса дұрыс жинақылық уәкілі, яғни өз санасын публикалық түрде айтады: адам өз ойы мен қайғысына басым көп көңіл бөлген жағдайды – онда өзіне деген өз санасы жайында айтылады. Жоғарыда көрсетілген екі типтің де тұлғалық саналығы агрессиялық реакцияның төмендеуіне мүмкіндік қаблеттілігінде. Осы тақырыпқа байланысты Т.Г.Румянцева былай дейді: «әдістемелік және тұжырымдамалық теорияның негізгі, адамзат агрессиясы қазіргі заман философиясының жоғары даму деңгейіне тура келмейді, теорияның ауқымды бөлімі бекіту негізін құрайды. Адамзат агрессиясы қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Осы соңғы айтылған жолдарды тұжырымдай келе, бала агрессиясы жайындағы кейбір психологиялық теориялардың актуалдылығына көңіл бөлсек.

 

1.2 Агрессияның  түрлері

 

Психолог А.А. Реан "агрессия" және "агрессиялылық" деген екі  ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек  мағына деп қарастырады. Агрессия - бұл бөгде адамға болмаса, адамдар  мен жануарлар тобына ниеттеліп  тура бағышталған қиянат.

Агрессиялылық – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре  келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессиялылық осындай әрекетке дайындық.

Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды  мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып  жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың  қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі  болып отыр.

Агрессия құбылысы сапалық  және сандық сипаттамаларға ие. Барлық қасиеттер сияқты агрессияда индивидтерде әртүрлі көрініс табады, біреулерде мүлдем жоқ болса, басқаларда шексіз дамиды. Агрессивтіліктің болмауы енжарлық пен конформдылыққа алып келеді. Ал оның шектен тыс дамуы конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке  әкеледі. Агрессивтіліктің көріну ауыртпашылығы  бір қатар параметрлермен анықталады (П.Б.Ганнушкин); агрессияның пайда  болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессия туындайтын ситуацияның адекватты  емес дәрежесі; агрессияға екпін жасау; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл ситуацияда вербальды  формада, ал ауыр ситуацияларды физиологиялық  аиуто және гетеро агрессия түрінде  көрінеді.

А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледі. Оны мынадай  схема түрінде ұсынады.

Осы агрессияның барлық түрлерін бүкіл жастағы адам бойынан табуға болады, ал кей жағдайда бұл ерте жастан-ақ көрініс бере бастайды. Агрессиялы мінездің әртүрлі формасы мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда  да кездеседі. Психологияда вербальды  және физиологиялық агрессияны бөліп  қарастырады, бұлардың әр қайсысының тікелей және жанама түрі бар.

Оларға қысқаша мінездеме  берейік:

1) Вербальды агрессия.

а) Жанама вербальды  агрессия – құрбыларын айыптап, қорқытуға бағышталған. Бұл әртүрлі айыптау сөз, шағым түрінде кездеседі ("Маған Сауле тиісіп кетті", "Айбек төсегін жинамады", т.б.); көпшіліктің көңілін аудара, айқайлау ("Мазамды алмай, ары кет!", "Маған кедергі жасама", т.б.); агрессиялы фантазия түрінде ("Егер тыңдамасаң, полиция келіп, сені түрмеге отырғызады", "Мен сені қуып жетіп, тістеп, ұшаққа отырғызып, биік таудың үстіне апарып тастаймын, сол жерде жалғыз отырасың", т.б.)

ә) Тікелей вербальды агрессия – балағаттау, қорлаудың вербальды формасы. Балалар арасында бұрыннан келе жатқан тікелей вербальды агрессияның дәстүрлі түрі – ашуын келтіретін келекелер ("Торай", "Жора –ашқарақ", "Ұсқынсыз", "Сұмырай", т.б.)

2) Физиологиялық  агрессия.

а) Жанама физиологиялық  агрессия - өзгеге физиологиялық әрекет арқылы материалды залал келтіруге бағышталған. Бұл өзгенің іс-әрекетін затын бұзуы (басқа баланың құрастырып отырған конструкторын бұзу, салып отырған суретін жырту, т.б.); біреудің затын талқандау болмаса бұзу (бала біреудің ойнап отырған ойыншығын алып, еденге лақтырып, сындырып, оның иесінің көз жасы мен үрейін бақылау).

ә) Тікелей физиологиялық агрессия — өзгеге тікелей физиологиялық әрекет арқылы шабуылдап, жарақаттауға бағышталған. Бұл қорқыту түрінде (бала құрбыларына жұдырығын көрсетуі); физиологиялық тікелей шабуылы (балалар төбелесі, тістеу, тырнау, шашын жұлу, суық құрал ретінде таяқты, шаршыларды қолдануы).

 


Информация о работе Агрессияның психологиялык теориялық негізі