Агрессия және агрессивті мінез-құлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 14:06, реферат

Краткое описание

Агрессивтiлiк – бұл агрессияға деген дайындығында, сондай- ақ басқаның мiнез-құлқын жаулық ретiнде қабылдауға және интерпретациялауға бейiмдiлiкте көрiнетiн тұлға қасиетi. Агрессияның пайда болу және дамуының бiрнеше алғы- шарттары, тұлға ерекшелiктерiне және мiнез қасиеттерiне, сондай- ақ нұсқауларға шоғырланған. Агрессияны ыстық, шу, тарлық, лас ауа сияқты сыртқы белгiлер күшейтуi мүмкiн. Бұл себептер ситуативтi сипатқа ие.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Агрессия.docx

— 20.52 Кб (Скачать документ)

АГРЕССИЯ ЖӘНЕ АГРЕССИВТІ  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ 

Агрессивтiлiк – бұл агрессияға деген дайындығында, сондай- ақ басқаның мiнез-құлқын  жаулық ретiнде қабылдауға және интерпретациялауға бейiмдiлiкте көрiнетiн  тұлға қасиетi. Агрессияның пайда болу және дамуының бiрнеше алғы- шарттары, тұлға ерекшелiктерiне және мiнез қасиеттерiне, сондай- ақ нұсқауларға шоғырланған. Агрессияны ыстық, шу, тарлық, лас ауа сияқты сыртқы белгiлер күшейтуi мүмкiн. Бұл себептер ситуативтi сипатқа ие.

Агрессияның индивуалды детерминаттары үнемiлiк сипатқа ие, олар тұрақты. Адам, тұлғаның тұрақты қасиеттерi бекiтiлетiн мiнез- құлықтың сәттi моделiн “көбейтуге” бейiм, сондықтан қорлауға деген бейiмдердi кеңiнен қолданылатын құралдар: өлшемнiң күшеюi, жазалау уақытын ұлғайту т.б. көмегiмен қайта жасау сирек кездесетiн жағдай. Олар үшiн агрессия мақсатқа жету құралы болып табылады. Ол, олардың тұрғылық құрылымында терең тамырланған және мiнез- құлық моделi ретiнде көңiлден шығады, олар соққымен жауап беруден бас тартпайды. Бұл мәселенi шешудегi кiлт, өз- өзiне сенiмдiлiк деңгейiн жоғарлатуға, өмiрге және басқа адамдармен қарым- қатынастың қалыптасуын жоғарлатуға бағытталған психотерапия болуы мүмкiн.

Неге бүгiнгi адам өмiрлiк қиыншылықты шешу тәсiлi ретiнде агрессияға жиi жүгiнедi? Жоғарыда көрсетiлгендей, адам агрессияға үйренедi яғни агрессияның әлеуметтену үрдiсi туралы тұлғаның агрессивтi мiнез-құлық дағдыларын игеру және агрессивтi дайындығының дамуының нәтижесi ретiнде айтуға болады. Агрессияны дағдыны және үйренудi талап ететiн әлеуметтiк мiнез-құлық ретiнде қарастырады. Агрессивтi әрекет ету үшiн, адам көп нәрсенi бiлуi қажет. Мысалы, қандай сөз және әрекет зардап көрсетедi, қандай тәсiлдер ауыр тиедi т.б. Бұл бiлiмдер туа берiлмейдi, адамдар өздерiн агрессивтi үстем етіп кқрсету үшiн үйренеді.

Агрессия шынайы мадақтауды алып келедi. Басе ойынша агрессия, үлкен адамдарда да мадақталады. Агрессивтi мiнез-құлықты бекiтудiң жақсы тәсiлi – бұл тiкелей қолдау.

Мадақтау, материалды мадақтаулармен бекiту өте тиiмдi. Агрессивтi реакцияларды өзiнiң тәжiрибесiне игеру маңызды рөлге ие, бiрақ бақылау арқылы үйрену тiптi көбiрек әсер етедi.

Көптеген балалар үшiн агрессивтi мiнез-құлық үлгiсiнiң басты қайнар көзi отбасы болып табылады. Зерттеулердiң көрсетуiнше, агрессивтi балалар шығатын отбасылары үшiн, отбасы мүшелерiнiң арасындағы қарым-қатынас ерекше сипатқа ие. Осындай тенденцияларды “зорлық циклi” деп суреттеген. Агрессияға бейiм балалар, ата-аналарының бiр-бiрiне деген өзара қарым-қатынасының түрiн - қайталайды.

Баламен қатал қарым-қатынаста болу, оның құрдастарымен қарым-қатынасyда мiнез-құлықтың агрессивтiлiгiн жоғарылатып қана қоймайды, сондай-ақ, есейген шақта физикалық агрессияны тұлғаның өмiрлiк стилiне айналдыра отырып, зорлыққа бейiмдiлiгiн қабiлеттендiредi.

Спонтанды агрессия – бұл, тұлға басқа адамдардың қиыншылығын бақылай отырып сезетiн, санадан тыс қуаныш. Бұл ойламаған жерден пайда болатын, бiреудiң көңiл-күйiн бұзу, ашуландыруға деген себептелмеген қалау.

Реактивтi агрессия – адамдарға деген сенбеушiлiкте көрiнедi, ренiштi кешiрмейдi және оны ұзақ ұмытпайды.

Агрессия әлеуметтенуiнiң ординарлы және парадоксальды типтерiн бөлiп көрсетедi.    

Агрессияның ординарлы әлеуметтенуi – бұл тiкелей агрессивтi мiнез-құлық дағдыларын меңгеру және тұлғаның агрессивтi дайындауының дамуы.

Агрессияның парадоксында әлеуметтенуi кезiнде тұлғаның өзгерiсi жоғарыда аталған факторларға тәуелсiз өтедi. Агрессивтiлiк тұрақты тұлғалық сипаттама ретiнде өзiндiк креомазицация мүмкiндiгiнiң басылуының мәндi тәжiрибесiнiң салдарынан қалыптасады. Бұл бағыт, тұлғаның “тұйық” және спонтанды агрессивтiктiлiк сияқты қасиеттердiң тiкелей байланысты туралы мәлiмет алуымен дәлелдендi.

Агрессияны түсiндiруде бiзге екi тiкелей түсiнiк қажет болады. Қажеттiлiк генетикалық бағдарламаланған тiршiлiк иесiнiң белсендiлiгiнiң қайнар көзi болып табылады, организмнiң iшкi күйiмен анықталады, абстрактiлi және тек мотивация арқылы көрiнуi мүмкiн.

Мотивация есте объект бейнелерiнiң және әрекеттердiң белсендiлiгiнiң физиологиялық механизмi, солармен байланысты қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн көптеген мотивация болуы мүмкiн. Агрессия дербес қажеттiлiк болып табылады яғни туа берiлген, абстрактiлi және өзіндік жеткілікті болады.

Агрессия өмiрлiк тәжiрбиенiң жиналу үрдiсiнде басылуы немесе күшеюi мүмкiн, бұл жерде агрессия қажеттiлiк емес, мотивация ретiнде қарастырылуы керек. Бұл мотивация туа берiлген компонентке ие, тiршiлiк иесiнiң өмiр ағысында кеңейедi және тасымалданады, мiндеттi түрде эмоциямен байланысты. Ол түрлi қажеттiлiктерге қызмет етуi мүмкiн, тiптi, жеңiл жүзеге асатын мотивацияға айналуы мүмкiн.

Агрессивтi мотивация спецификалық мотивациялармен қатар организмнiң түрлi қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы мүмкiн. Агрессияға беретiн бiздiң анықтамамыз: Агрессия- бұл спецификалық емес, спецификалық мотивациямен үйлесе отырып организм қажеттiлiгiне қызмет ететiн көмекшi мотивация.

Агрессияның типтерiнiң бiрнеше жіктемесі бар:

Иерархиялы агрессия; түрлi жыныс өкiлдерi арасында болуы мүмкiн, мақсат – басқаның бағынуына жете отырып, өзiнiң әлеуметтiк статусын жоғарлату;

Жыныстық агрессия, мақсат – тыныштық бақталастан құтылу; иерархиялы агрессиямен тығыз байланысты.

Аналық агрессия: өз балаларын қорғау.

Территориялық агрессия және оның жеке жағдайы топаралық агрессия: территорияны қорғау;

Қорқынышпен шақырылған агрессия, критикалық агрессия сияқты. Мақсат-жақындау ара-қашықтығын сақтау.

Кедергiмен шақырылған агрессия: қандай да бiр әрекеттi жасау мүмкiн еместiгiмен байланысты, агрессивтi реакцияның кең спектрлi. Мақсат –кедергiнi шеттету.

Құрбанға жыртқыштың агрессиясы. Бақталасқа деген агрессия. Өзге Балаларға деген агрессия. Адамға деген агрессия.

Бұл агрессия типтерi көрiну және әсер ету объектiсi сферасы бойынша бiрiгуi мүмкiн. Әлеуметтi-жыныстық агрессия.

Бiрiншi, ең үлкен топ жыныстық, аналық және иеархиялы агрессияны бiрiктiредi яғни әлеуметтi – жыныстық мiнез-құлық контексiнде көрiнедi. Бұндай агрессияның типi әлеуметтiк серiкке бағытталған.

Мұндай агрессивтi реакцияның басқалардан ерекшелiгi – оның биохимиялық негiзi.

Территориялық және топаралық агрессия.

Агрессивтi мотивацияның бұл типi әләуметтi –жыныстықпен тығыз байланысты, бiрақ бөлек қарастырылуы керек. Территориялық агрессия кең мағынада сыртқа бағытталған, мұндай агрессияның объектiсi тек басқа түр ғана емес, сондай-ақ белгiлi бiр ситуациядағы кез-келген тiрi объектiлер, жоғары құнды территория зонасын бұзушы.

Тағы да бiр агрессивтi мiнез-құлықтың аспектiсi, топаралық агрессиямен байланысты – бұл “жау бейнесi”.

Адреналин – тәуелдi агрессия. Адреналин кез-келген агрессивтi реакциямен байланысты.

Қорқынышпен шақырылған агрессия, қызықты, К. Лоренц терминi бойынша критикалық реакция. Бұл вариантта агрессивтi мотивация өз-өзiн сақтау қажеттiлiгiн қанағаттандыруда қамтамасыз етедi. Агрессия қаншалақты күштi болса, қорқынышта соншалықты күштi.

Кедергiмен шақырылған агрессия, ситуация тобын қамтиды. Ол кез-келген қажеттiлiктiң қанағаттануына мүмкiндiк жасайды. Егер қандай да бiр объект қажеттiлiктi қанағаттандыруға кедергi жасаса, агрессивтi реакция мiндеттi шешуiнiң ыңғайлы тәсiлi бола алады .

Агрессивтiлiктен жеке адамның, деструктивтi тенденциясын сипаттайтын,  негiзгi субъективтiлiк қарым-қатынас облысындағы қасиетiн ұғынуға болады. Адам белсендiлiгiнiң деструктивтi компонентi іс-әрекеттi жасауға қажеттi, индивидуальды даму қажеттiлiгi секiлдi.

Агрессивтiлiк сапалық және сандық сипаттарға ие. Барлық қасиеттер секiлдi, ол әртүрлi деңгейдi көрсетедi: толық жоқтықтан оның дамуының шегiне дейiн. Әрбiр жеке адам агрессивтiлiктiң анық деңгейiне ие болады. Жоқтық оны пассивтiлiкке, конформға әкеледi. Дамудың тым артық кетуi жеке адамның барлық кейпiн анықтайды яғни саналы кооперацияға қабiлетi жоқ, конфликтiлi болуы. Агрессивтiлiк субъектiнi саналы қауiптi етпейдi, келесi бiр жағынан, агрессивтiлiк және агрессия байланысының пайда болуы қаталдықты көрсетпейдi, агрессия актiсi өзi қауiптi және ұнатпаған формаларды саналы түрде қабылдамауы да мүмкiн. Агрессивтiлiк күнделiктi санада “жаман ойлың деструктивтi мiнез-құлық құндылыққа жету iс-әрекет мотивiн итермелейдi.

Сыртқы практикалық әрекетi ұқсас болуы мүмкiн, бiрақ олардың мотивациялық компоненттерi тiкелей қарама-қарсы. Осыған орай агрессивтiлiктiң пайда болуын 2 негiзгi типке бөлуге болады: бiрiншi-мотивациялық агрессия, өзiн-өзi бағалау ретiнде, екiншi-инструменталдық, тәсiл ретiнде (осыдан түсiнiп, сол және басқасы сананың бақылауында пайда болуы мүмкiн, одан тыс және эмоциялық бастан кешiрулерге iлесетiн: ашу, жауластық) Практикалық психологтарды жеке адамның деструктивтi тенденцияға қатысып тiкелей жүзеге асып пайда болуындағы мотивациялық агрессия қызықтырады. Мұндай деструктивтi тенденцияның деңгейiн анықтай отырып, ашық мотивациялық агрессияның пайда болу мүмкiндiгiн болжауға болады. қолайлы диагностикалық әдiс Басса-Даркидiң сұрақтар тiзiмi болып табылады.

А.Басс, агрессия және жауластық ұғымдарын бөле отырып соңғысын: “негативтi сезiмнiң дамуы, адамның және негативтi бағалау реакциясы” ретiнде анықтады. Агрессия және жауластықтың пайда болуына орай өзiнiң сұрақтар тiзiмiн құра  отырып Басса .Дарки реакцияның мынандай түрлерiн бөледi:

1. Физикалық агрессия-қарсы адамға  физикалық күш жұмсау.

2. Жанама-агрессия, астыртын жолмен  басқа адамға бағытталу немесе  ешкiмге бағытталмау.

3. Ашу-түкке тұрмайтын күйлерге  негативтi сезiмнiң пайда болуына  дайын болуы (ашуланшақ, дөрекiлiк).

4. Негативтiлiк-қарсы әдет-ғұрыпқа  және заңдарға пассивтi қарсылық  мiнез-құлықтан активтi күреске дейiнгi оппозициялы манера.

5. Ренiш-айналадағы шын және жалған  әрекеттерге күншiлдiк және жек  көрушiлiк.

6. Күмәндi-басқа адамдарға зиян  әкелу және жоспарлауға байланысты, сенбеу және сақтық диапазонынан  бастап басқа адамдармен қарым-қатынасына  сенуге дейiн.

7. Вербальды агрессия-негативтi сезiмдi форма (айқайлау, у-шу) арқылы көрсету,  сонымен қатар сөздiк жауаптың  мазмұны арқылы (қарғыс, байбалам).

8. Кiнә сезiм-субъектiнiң мүмкiн  сенiмдерiн көрсету, яғни оның  жаман адам болып табылуы, жамандық  жасауы, сонымен қатар олардың  намысына тиюi.

Сонымен , агрессия бұл тіршілік ету үшін де қажет. Агрессияны дағдыны және үйренуді талап ететін әлеуметтік мінез-құлық ретінде қарастырылады.

 


Информация о работе Агрессия және агрессивті мінез-құлық