Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "тұлға" ұғымымен түсіндіреді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 19:49, реферат

Краткое описание

Психологияда "адам" және "тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар.

Даралық дегеніміз жеке тұлганың психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түріңде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.

Тұлға - тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адам.docx

— 13.06 Кб (Скачать документ)

. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "тұлға" ұғымымен түсіндіреді. 
 
Психологияда "адам" және "тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар. 
 
Даралық дегеніміз жеке тұлганың психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түріңде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады. 
 
Тұлға - тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны. 
 
Тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылыгы. Екіншіден, бұл- тұлғаның бірлігі, психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты.  
 
Үшіншіден, бұл - тұлғаның белсеңділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді. 
 
Кез-келген құбылыс сияқты тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады.  
 
Тұлғаның қүрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды. 
 
Тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады.  
 
Тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұны мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез түлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық жөне эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді. 
 
Төртінші бөлігі өзіндік сана болып табылады, көп жағдайда "мен" деген ұғымды біддіреді. "Мен" - тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады.  
 
 
Тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады. 
 
 


Информация о работе Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "тұлға" ұғымымен түсіндіреді