Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 13:06, реферат

Краткое описание

1.Азаматтық құқықтың жүйесі,қайнар көздері.
2.Құқық қаблеттілігінің және әрекет қаблеттілігінің түсінігі.
3.Мәміленің жалпы сипаттамасы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық реферат.docx

— 24.39 Кб (Скачать документ)

Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген нетінің байқалып тұруы арқылы мәміленің жсалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы, банкоматта карточканы салып ақша алу, көшеде телефон –автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көлік кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерлі жатқызуға болады.

Үндемеу , заңдарда немесе тараптардың  келісімінде көзделген реттерде мәміле жасааға ерік білдіру деп  танылады.

Мәміленің түрлері.  Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мысалы, мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты бір жақты, екі жақты, көп жақты деген мәмілелердің түрлерін көрсетуге болады.

Заңнамалар мен тарпатардың  келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі  жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Бір жақты мәміледе басқа жақтардың келісімі, еркі міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өщіне берілген белгілі бір құқықтың бас тартуы, берілген сенімзхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т.б. жатқызуға болады.

Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле      екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты мәміле деп аталады. Қазіргі кезде екі одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін шарт деп атайды. Сонымен екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім шарт деп аталады.

Бір жақ екінші жаққа  көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле делінді. Керісінше болса ақысыз мәміле.

Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты ( заттық, мүліктік) және келісімді (консенсуалды ) мәміленің түрлері  бар.

Мәміленің талабына байланысты белгілі бір заттың, мүліктің берілуіне  байланысты жасалатын мәміленің  түрін нақты мәміле дейді. Мысалы, бұндай мәмілеге жүк тасымалдау туралы шартты айтуға болады. Жүк жіберуінің жүкті тасымалаушыға беруі аталған  мәміленің жасаалғандығын көрсетеді.

Келісімді мәміленің жасалуы  үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың  өзара келісімге келуі жеткілікті болады. Бұған мысал ретінде сауда-саттық шартын келтіруге болады. Аталған  мәмілені жасау үшін мүлікті не затты  берп, оның бағасын, құнын төлеу міндетті емес. Бұл әркетті жақтар шарттың  орындалуы барысында іске асырылады. Тараптар ең алдымен мүлікті не затты  бір-бірімен сату жөнінде өзара  келісіп қойса, мәміле жасалды деп  есептеледі. Мысалы, бір азамат екінші бір азаматқа өзінің пәтерін сатамын, ал анау аламын деп сөз байласса не шарт жасаса мәміле жасалды делінді. Ал ақшасын төлеп, пәтерді алу  сөз байласудан кейін орындалады.

Мәміленің негізінің байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болады.

Каузалды мәміле негізіне байланысты туатындықтан соған тәуелді болады. Сондықтан негізінің жойылуы бір жақты мәміленің әрекет етуінің заңды күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алатын тауардың жарты құнын төлеп қойды, бірақ сатушы тауарды таба алмады. Сатушы сатып алушыдан тауардың қалған бағасын талап етуіне негіз жоқ, сондықтан, бұл жерде мәміленің негіз болып тауардың берілуі не сатып алушыға жеткізілуі табылады. Ондай негіз жойылып еді, мәміле өзінің заңдық күшін жойды.

Абстрактілі мәміледе  керісінше, мәміленің негізі есепке алынбайды, егер мәміле сол мәмілені жасаушының түпкілікті еркін білдірсе. Мысалы, сатып алушы сатып алынған тауардың құнына сәйкес сатушыға вексель беріп, соңынан, тауар сапасыз болып шақса, вексель қайта қайтарылмайды және  вексель весельді ұстаушы не вексельді төлеуші үшін болашақта векселге деген құқықтарын жоймайды.

Мерзімсіз және мерзімді мәмілелер  болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не күшінің аяқталу мерзімдері көрсетілмейді. Сондықтан, бұндай мәмілелер  жасалған сәтінен бастап күшіне енеді. Мерзімді мәміледе, мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не болмаса мерзімінің аяқталатын уақыты ғана немесе екі  мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін.

Егер де мәміледе тараптардың  құқықтары мен міндеттерінің  жүзеге асырылу мерзімі көрсетіледі  ол кейінге қалдырған мерзім делінді. Ал, керісінше мәміле жасалған сәтінде  күшіне еніп, оның күшін жоятын уақыты көрсетілген мерзім жойылатын мерзім деп аталады.

Егер тараптар құқықтар мен  міндеттердің туындауын басталу  –ьасталмауы белгісіз мән-жайға  байланысты етіп қойса, бұндай мәмілеге кейінге қалдыратын шартпен жасалатын  шартты мәміле деп есептеледі.

Нысаны биржадағы айналысқа  жіберілген мүлік болып табылатын  және тиісті биржалар туралы Қазақстан  Республикасның заңдары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық жүргізуге қатысатындармен  жасалатын мәмілелер биржалық мәмілелер деп аталады.


Информация о работе Азаматтық құқық