Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2015 в 16:27, реферат

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруды теориялық тұрғыда негіздеп, педагогикалық шарттарын айқындап, ғылыми негізделген әдістемесін жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

nakipova.doc

— 294.50 Кб (Скачать документ)

Сурет 1 – Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың құрылымдық-мазмұндық моделі.

 

Төмен деңгей: Оқу-танымдық іс-әрекетте өзіндік жұмыстарды пайымдауы нақты емес, білімін өздігінен толықтыруға қажетті нәрсені ажырата алмайды. Жаңа білімді репродуктивті деңгейде қабылдайды. Оқу-танымдық әрекетті сараптап, бақылап, бағалауға ұмтылыс жасамайды.

Орта деңгей: Оқу-танымдық іс-әрекетте өзіндік жұмыстарға белсенділік танытып, білімін өздігінен толықтыруға, қажетті нәрсені ажыратуға танымдық ұмтылыс жасайды. Өзіндік көзқарасын дәлелдеуге тырысады. Жаңа білімді өткенді еске түсіру арқылы қабылдайды. Оқу-танымдық іс-әрекетті сараптап, бақылап, бағалауға ұмтылыс жасайды.

Жоғары деңгей: Оқу-танымдық іс-әрекетте жаңа білімді игеру мен толықтыруға қажетті нәрсені ажыратады, өзіндік жұмыстарда жоғары белсенділік көрсетеді. Жаңа білімді продуктивті деңгейде қабылдайды. Танымдық іс-әрекетті сараптап, бағалап, нәтижені болжап, тұжырым жасайды.

  Оқу бағдарламалары негізінде  жасалған оқулықтарда өзіндік тапсырмалардың берілу деңгейі оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға қаншалықты ықпалын тигізетіні талданды.

Қорыта келе, бағдарламаларда әсіресе, бастауыш сыныптарда оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарына танымдық белсенділігін арттыратын тапсырмалар жүйеленіп ұсынылуы қажет деп санаймыз.

Өзіндік жұмыстарды күрделі оқу тапсырмаларына құруда әр оқушыға іріктеу арқылы оқыту үдерісін жекелік қатынасқа айналдыруға, яғни сабақ үстінде әр оқушыны және барлығын бірге оқытуға мүмкіншілік туады. Өзіндік жұмыстың және үй тапсырмасын орындау мүмкіншілігі, оларды қызықтырумен қатар, олардың оқу мотивтерін қалыптастыруда белсенділіктерін талап етеді.

Оқу материалын меңгертуде орындатылатын өзіндік жұмыстарды жеті кезеңде бөліп қарастырдық: 

1) сабақтың соңында бекітетін материалдың құрылымдық-логикалық схемасын немесе – тірек конспектісі арқылы орындату;

2) оқушылардың үй жұмысын тексеру кезінде орындату;

3) оқулық бойынша мұғалімнің басшылығымен орындату;

4) жаңа тақырыпты бекітуге байланысты орындату;

5) мұғалімнің басшылығынсыз орындату;

6) жалпы тақырыпты бекіту кезеңінде орындату;

7) шығармашылық сипаттағы өзіндік жұмыстарды орындату болып табылады.

Өздігінен орындайтын жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділігін жоғарылататын кез-келген таным үдерісінің қажетті элементі. Оқыту тек сабақты ұйымдастыруды ғана емес, оқушының белсенді іс-әрекетін талап етеді. Сондықтан мұғалім сабақта өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білу қажеттігін ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің сараланған жіктемесі ұсынылды.

 

 

Кесте 1– Оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің жіктемесі

Өзіндік жұмыста қолданылатын әдістердің сипаттамасы

Алынған әдебиеттер көзі және авторлары

1

Әдіс – нақты міндеттерді шешуге бағындырылған, шындықты меңгерудің тәжірибелік немесе теориялық салыстырмалы біркелкі тәсілдері мен амалдарының жиынтығы.

Қоянбаев Р.М.

Ыбырайымжанов Қ.Т.

«Педагогикалық сөздік»

Түркістан, 2006 [14] 170

2

«Проблемалық оқыту» ұғымы атауының өзі оның мәнімен байланысты. Жаңа білім мазмұны оқушылар үшін әрқашан проблемалы, ал оны меңгеру әдісі болады.

М.И.Махмутов «Мектепте проблемалап оқытуды ұйымдастыру» Алматы 1981 [26] 247c

3

Зерттеу әдісінде оқушыларға тапсырылған обьектіні мынадай жоспармен өзіндік зерттеу ұсынылады: зерттеу мақсаты –жұмыс жоспары – обьект туралы факт –тәжірибелер, тәжірибенің суреттері, жаңа фактілер – пайда болған сұрақтар мен проблемалар – жауаптардың мәліметі, болжамдар – пікірлер, қызметтің саналы тәсілдері және нәтижелері – қорытындылары.

А.В.Хуторской «Современная дидактика» М.: 1998 , Лира [95]  514 c

4

Эвристикалық әдісте білім мазмұнын меңгертуде оқушылардың даралық таным белсенділіктерін ескеріп, ішінара ізденіс арқылы мақсатқа сәйкес ізденушілік әрекетке жетелейді 

И.Я.Лернер «Дидактические основы методов обучения –Москва, Педагогика, 1981

5

Тұлғалық-бағдарлы әдісте танымдық белсенділікті арттыру механизмдерін пайдалана отырып, оны оқушылардың танымдық әрекетімен сәйкестендіреді. 

И.С.Якиманская «Знание и мышление школника» М.: Знание, 1985. [75]– 175 c.

6

Шығармашылық әдісте оқушылардың жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім туғызуға негізделген әрекет ретінде айқындалады.

М.Н. Скаткин «Совершенствование процесса обучения» -М.: Педагогика, 1971. –208c.


 

Біз зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған төмендегідей әдістерді ұсындық:

1. Үлгі бойынша елестету, көз  алдына келтіру. Олар: типтік тұрғыдағы  тапсырмаларды, мысалдарды шешу, алгоритм  және үлгілер бойынша түрлі  жаттығуларды орындау, оқулық мәтініндегі  дайын жауаптарды табу т.б.

2. Қайта құру-өзгеру, түрлену. Мұнда оқушылар бұрынғы жұмысты қайта жасайды, түрлендіреді, жинақтайды, бұрын меңгерген білімдерін, шеберлігін тапсырманы орындауға жұмсайды, осы арқылы пәнішілік және пәнаралық байланыс орнығады.

3. Эвристикалық, тапқырлық. Оқушылардың ойлау қабілеті мұғалім қалыптастырған мәселенің шешімін табуға бағытталады. Нәтижеде, оқушылар іздену және зерттеушілік тәжірибесін жинақтайды, шығармашылық элементін меңгереді.

4. Өздігінше орындалатын зерттеушілік-шығармашылық  жұмыс. Бұл жұмыс барысында оқушы оқиғаның басқа жақтарын ашуды үйренеді, оқиғаға байланысты өзінің жеке көзқарасын айтады, тапсырманы жан-жақты талдау жасау барысында баға беруді үйренеді; тәжірибелі-эксперименттік жұмыстың әдісі мен тақырыбына өздігінше талдау жасайды, берілген жағдаятқа байланысты проблеманы жүйелеуді және алдын ала көре білуді үйренеді, жаңа проблемалардың шешімін таба біледі, оларды шешудің ықтимал жоспарларын ұсынады, оны шешудің нақты жоспарын талдап, жасайды. Жоғарыда ұсынылған әдіс-тәсілдің түрлері оқу үдерісі барысында тақырыптың мақсатына сәйкес аралас түрде қолданылды.

Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес тәжірибелік-эксперимент жұмысы Қызылорда қаласы № 1 Қ.Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназиясы болып белгіленді. Зерттеу жұмысына аталған мектептерден экспериментке 140 оқушы мен бастауыш сынып мұғалімдері, әдіскерлері қатыстырылды. Эксперимент жұмысы анықтау, қалыптастыру, бекіту кезеңдері бойынша ұйымдастырылды.

         Экспериментке таңдалып алынған мектептің базалық талапқа сай екендігі, арнайы білімі бар мамандармен қамтамасыз етілгені анықталды. Алдымен бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға арналған тәжірибелік-экспериментке материалдар дайындалып, эксперименттік және бақылау сыныптары белгіленді.

Анықтау эксперименті кезінде бақылау және эксперименттік топтардағы бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың деңгейін анықтауды басты мәселе етіп қойдық. Бұл үшін зерттеу тәсілдерін кешенді қолдана отырып, сабақта, топсеруен, саяхатта, жеке және топ бойынша бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тест алу, сабақта және сабақтан тыс ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстардың мазмұнымен танысу жүргізіліп, оның нәтижелерін талдау арқылы ұсыныстар берілді. Қалыптастыру эксперименті үшін өзіндік тапсырмалар жүйесі әзірленді.

Өткізілген сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстар негізіндегі білімдері мен түсініктері, ұғымдары, оларды қажетті жерде қолдана, пайдалана білу дағдылары бақыланды. Оқушылардың оқытылатын пәндер бойынша танымдық деңгейі, білімі, түсініктері тексерілді. Өздігінен оқу іс-әрекетінде берілген тақырыпқа аса қызығушылық көрсетпейді, танымдық белсенділігін арттыратын өзіндік тапсырмалардың жүйесінің қажеттілігі айқындалды. Өзіндік тапсырмаларды тек қана сабақта ғана емес сабақтан тыс оқушы әрекетінде, яғни үй тапсырмаларында олардың танымдық белсенділігін арттыратындай етіп ұйымдастырылмайтынына көз жеткізілді.

Оқушылардың жекелеген пәндер бойынша білім деңгейін, белгілі бір тапсырма түріне немесе белгілі бір іс-әрекеттерге байланысты ұғымдары мен түсініктерінің көлемін анықтау үшін сауалнама жүргізіліп, оқушылардан алынған сұрақ-жауап тапсырмаларының қорытындысы шығарылды.

        Сауалнамаға  қайтарған жауаптарды қорытындылағанда  оқушылардың сабақты бекітуге  арналған өзіндік тапсырмаларды  орындауға ынта-ықыласпен қарайтындықтарын, сонымен қатар, кейбір тапсырмаларда өз нәтижелерін түсіндіруде қиналатындықтарын және жүйелі сөйлем құруға шорқақтықтары байқалды. Мысалы, сүйікті жыл мезгілі көктемді сипаттағанда оның жылылығы мен жап-жасылдығы туралы ғана айта алады. Ал өз жерлеріндегі табиғат көріністері туралы айтқанда көбіне ағаштардың көптігін, ол жерде көп жүгіріп ойнауға болатындығына баса көңіл аударатындығы байқалды. Бұл бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай туындайтын құбылыс екендігі белгілі. Себебі, олардың ойын әрекеттері басым болғандықтан, табиғатқа шыққанда үнемі осы әрекетке қолайлылығы олардың есінде жақсы сақталады. Бұл мәселе келешекте оқушыларды мақсатты түрде табиғатпен таныстыру барысында ойын элементтерін кеңінен қолдана отырып, оны табиғат көрінісімен байланыстыруға баса көңіл бөлу керектігін көрсетті.

Бастауыш сынып мұғалімі әрбір сабақты ұйымдастыруда оқушылардың белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатындай жағдай жасауы тиіс деп санаймыз. Ол үшін мұғалімнің өзі әрбір сабаққа үлкен ізденіспен, шығармашылықпен дайындалып, оқытудың әдістері мен технологияларын сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырады.

Сонымен, оқушылардың дербес ерекшеліктері мен өздігінен әрекет ету деңгейі, олардың ақыл-ой дамуы мен білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейіне қарай оқушыларға әртүрлі деңгейде танымдық тапсырмаларды өзіндік жұмыстар негізінде беруге болатынына көз жеткізілді.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың төмендегідей жағдайларын анықтауға мүмкіндік берді:

  • оқушылардың өзбетімен істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
  • жұмыстың алдағы нәтижесіне қызығуы;
  • өзіндік тапсырманы өз еркімен, қалауымен орындауы;
  • мұғалімнің тапсырманы орындауға нақты нұсқаулар беруі;
  • өзіндік тапсырмаларды орындауға жағымды мотивтер, жағдайлар тудырылуы (мадақтау, жарыс т.б.);
  • жұмысты орындаудың нақты уақытын белгілеу. Уақытты мұғалімнің өзі

белгілеуге болады (оқушыны жылдамдыққа, белгілі уақытта тапсырманы орындауға үйрету мақсатында), не қанша уақытта орындай алатынын оқушылардың өзінен сұрау арқылы (оқушылардың өз жылдамдығында қатесіз, түсініп істеуі мақсатында).

Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыны жетік меңгеруіне ықпал ететін өзіндік жеке тапсырмалардың төмендегідей түрлері ұсынылды:

  • өз қалауы бойынша орындайтын тапсырмалар. Оқушыларға бірнеше тапсырма түрлері ұсынылады. Оқушы қалауы бойынша біреуін, не бірнешеуін орындауға құқылы;
  • әртүрлі нұсқадағы тапсырмалар. Әр пәннің, оқу материалының ерекшелігіне, оқушылардың білім деңгейіне және алға қойған мақсатына қарай мұғалім әртүрлі нұсқада тапсырмаларды әртүрлі қиындық дәрежеде құрастырады. Әртүрлі нұсқада тапсырмаларды оқушылар өз қалауы бойынша таңдап алады;
  • оқушылар тобына берілетін тапсырмалар. Мұғалім әртүрлі өлшемдер бойынша оқушыларды топқа жіктеп, әр топтың мүмкіндігіне қарай жеке тапсырмалар береді;
  • жеке тапсырмалар. Оқушының бағдарламалық материалды меңгеру барысында жіберген кемшіліктерін жоюға немесе оның қабілеті мен қызығушылығын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар. Мұндай тапсырманы мұғалімнің өзі құрастырады;
  • жұптық тапсырмалар. Жұптық тапсырмаларды әртүрлі бағытта беруге болады: үлгерім деңгейі әртүрлі екі оқушыға береді, яғни үлгерімі жоғары оқушы үлгерімі төмен оқушыға көмектесу мақсатын көздейді; қызығушылығы, мүмкіндігі бірдей екі оқушыға береді. Олар жұмысты бір-бірімен ақылдасып, бірігіп атқаруы мүмкін, не екеуі екі бөлек орындап, өз жұмыстарын бір-бірімен салыстыруы мүмкін.

Қалыптастыру эксперименті сабақ барысында, үй тапсырмасын орындауда, сыныптан тыс жұмыстарда жеке, жұптық, топтық, ұжымдық тапсырма түрінде мазмұндама, шығарма жазу, бақылау жұмысын, реферат орындау арқылы жүзеге асырылды. Оқушылар бейнелеу өнері мен математика, дүниетану сабақтарында алған білімдерін өзіндік жұмыстар кезінде кеңінен қолданып, өзінің ой тұжырымын дәлелдеуде дебат, сайыстар, апталықтар ұйымдастыру барысында танымдық белсенділіктерін, жаңа міндеттерді өздігінен шеше білетіндіктерін көрсетті.

Информация о работе Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары