«Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2015 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой - өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқым келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазына Қожах. курсовой.docx

— 65.08 Кб (Скачать документ)

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік –ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының - тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1. Оқу мақсаттарының қойылуы

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы 

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин - В.В. Давыдов жасаған жүйенің негігі компоненттері.

Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асыралады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесім ен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.Біріншіден -  дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. 

 Екіншіден -  дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

  1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
  2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
  3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады
  4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
  5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
  6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
  7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:

  1. Педагогикадағы түсіндірмелі - иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
  2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.
  3. Бала іс - әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
  4. Бала қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
  5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
  6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.

  1. Әдістемелік іс - әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.
  2. Келесі сабақтың моделін жоспарлау.

Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этапында оқушының негізгі іс - әрекеттерін анықтау. Оқушы іс - әрекетін ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін таңдау.

  1. Сабақты жүргізу.Әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым - қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.
  2. Рефлексия.

Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.

Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:

  • оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс - тіжірибесінде қолдануды үйрету.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзіреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағын модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту

 

Модульдік оқыту - оқушының тұлғалық ерекшеліктері мен қажеттілігіне орай мазмұн мен оны игерудегі өзіндігіне негізделеді. Модульдік оқыту барысында мұғалім ақпаратшы және бақылаушы қызметтеріне қоса кеңескерлік және үйлестірушілік қызметтерін атқарады. Модульдік оқытудың басты мақсаты - нәтижелі оқыту. Технологияның басты ерекшелігі - жаңа заман кезіндегі өзгерістер мен жаңашылдыққа тез бейімделуі. Модульдік принцип біртұтастық пен толық аяқтаушылықты белгілейді. Модуль бойынша құрастырылған оқу материалын меңгеру барысында оқушы төмендегі қасиеттерді жүзеге асыра алады:

 

 

 

Өзін - өзі

таниды /осознание

ізденушілік іс - әрекеттке кірудегі дайындық

анықтайды/ определение

көрсетеді / выражение

ізденушілік іс - әрекеттке жетелеу

бекітеді /утверждение

белсенді ізденіс

жүзеге асырады/ реализация

нәтижені анықтау

Бағыттайды/регуляция

 

 

Нәтижеде: іс - әрекет мотивациясының терендігі, өз басының іс - әрекетінің өзі түсінуі. 

 

Сабақтың технологиялық картасының негізі

Мақсаттанған жоспар Банк  Әдістемелік

Бағалау

 Ақпарат  іс - әрекетті орындаудағы нұсқау    іс - әрекет  

   оқушының мақсатқа жетуі.

Осы карта бойынша құрастырылған сабақ үлгісінен үзінді ұсынып отырмын:

Модуль: Дәрігерде

Тақырыбы: Емханада

Грамматикалық тақырып:  - нікі,  - дікі, - тікі жалғаулары

Мақсаты:

- оқушыларды сөйлеу мәдениетіне баулу, мамандық таңдауға бағдар беру, денсаулықтарын күтіп, таза жүруге тәрбиелеу;  

- тақырып бойынша жаңа сөздерді таныстыру, сөз тіркестерін және сөйлемдер құруды үйрету;  - нікі,  - дікі, - тікі жалғауларын қолданысы туралы түсінік беру;

- жаңа сөздерді өмірде қолдануды үйретіп, оқушылардың сөздік қорларын байыту;

Көрнекілігі: мамандық иелері туралы суреттер, кесте, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып түсіндіру

Қолданатын әдәс - тәсілдер: Модульдік оқыту оқыту технологиясы

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Психологиялық бағыт. Топпен отырғызу.

Өткенді қайталау.

Әр топқа кесте таратылып, оған тиісті қалыр етістіктерді жазып толтырады, жеке оқып шығады.

Адам не істеді?

 

Адам тұр.

 

Адам отыр.

т.б.

 

Жаңа сабақ. Сөздік жұмыстан басталады:

Сөздік жұмыс

Емхана – поликлиника

Дәріхана – аптека

Дәрі – лекарство

Тамақ - горло

1. Сөздеді оқып беремін.

2. Балаларға қайталатып  оқыту.

3. Жаңа сөздерге байланысты  сөз тіркестерін құрастыру.

Наша поликлиника, большая аптека, мое лекарство, твое горло;

Тақтаға модульдің сызбасы шығады. Оған қарап балалар бүгін не туралы өтетінімізді өздері айтады. 

Дәптермен жұмыс. Ай, күннін, тақырыбын жазу.

- Бүгін қандай күн? Желтоқсанның 14 - і

- Аптаның қай күні? Сәрсенбі

Грамматикалық тақырып: сызбаға қарап, балалар өздері ереже құрайды

Петрова      Асан      Самат

Сара   нікі   біз   дікі   Жомарт  тікі

Бала       Марал      Иванов

Алия       сендер      Диас

Қазақ тілінде –нікі, - дікі, - тікі жалғаулары сөздің жуан немесе жіңішке айтылуына қарамай барлық сөздерге жалғана береді.

- нікі, - дікі, - тікі жалғаулары жалғанған сөздерге қандай сұрақ қойылады?

Бүгінгі сабағымызда топтар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, мәреге жетулері керек.

Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгейлік тапсырма:

-   әр оқушы өз атына –нікі, - дікі, - тікі жалғауларын қосып жазады және айтады;

Валера+ нікі,      Диас+тікі,

Коля+нікі,       Егор+дікі,

Орынбасар+дікі,  Никита+ нікі

-  Берілген сөздерден сөйлем құрастыр:

Дәрігер, жұмыс, істейді, емханада.

Жедел жәрдем, шақырды, әжем.

Дәрі, сатады, дәріханада.

Сақтау, денсаулықты, керек.

2 деңгейлік тапсырма

-   Кестеге қарап сөз тіркестерін құрастыр;

Көзілдірік  мектептікі

Кітап    інімдікі

Доп     әпкемдікі

Парта     ағамдікі

Қуыршақ   сіңлімдікі

-   Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар;

3 деңгейлік тапсырма

-   Сөйлесуді оқып, ұқсас сөйлесу құрастыр;

-   Сурет бойынша 3 - 4 сөйлем құрастыр;

Бағалау әр топ жұмыс орындау барысында оларға ұпайлар беріліп отырады,топтардың жұмыстарына қорытынды жасалады.

Қорыту

Балалар бір біріне сұрақтар қояды.

Дәрігер мамандығы туралы айту.Өз денсаулықтарын күту, таза жүру керектігі туралы айту.

Дәрігерлер 
Кірпік қақсаң үзілгендей гүл шырын, 
Алмайсыңдар ай, аптада бір тыным. 
Аққу құстай балапанын қорғаған. 
Сақтайсыңдар адамдардың өмірін.

Осы сабақта мұғалім тек бағыттаушы қызметін атқарып, көбінесе баланы сабақтың негізгі кейіпкері етеді.

Модульдік оқыту технологиясының принципы келесі психикалық - педагогикалық заңдылықтарды сақтайды:

-   Үлкен көлемді оқу материалы есте қиыншылықпен сақталады, бірақ, егер оны шағымдап, нақты бір жүйеге келтірсе, оны қабылдауы жеңілденеді,

-   Оқытылатын материалдың негізгі ойды белгілеп отырса, оны есте сақтауы тиімді болады.

Оқытудың модульдік технологиясын таңдаған мұғалім оқушылардың жалпы оқу білігі жөнінде нені білуі керек?

Оқыту – жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктер жағынан алып қарағанда күрделі процесс. Бір жағынан ол алған білімін кез келген сәттерде жеңіл әрі саналы түрде қолдана алуға үйретеді. Осы оқытумен қатар, әрі тығыз байланыста жүретін маңызды процесс бар, ол білік, яғни оқушылардың білімді жеңіл меңгеруін, сонымен қатар қоса оны өз бетінше ала білуін қамтамасыз ететін оқу еңбегінің тәсілдері.

Сондықтан бұл процестердің біреуін екіншісінен маңыздырақ деп бөліп қарауға болмайды. Оқушының алатын білім қорын оқу білігін қалыптастыратын материал есебінде қабылдасақ, онда оқу кезінде қалыптасқан білікті, осы қорды жаңа біліммен толықтыруға мүмкіндік жасайды деп айтуға болады.

Информация о работе «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі