Шпаргалка по "Педагогике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 15:44, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Педагогика".

Прикрепленные файлы: 1 файл

1408__1.docx

— 170.07 Кб (Скачать документ)

 

60.Тұлға. Тұлғаның  кәсіби қалыптасуы.

Тұлға — жеке адамның  мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің  іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін  іске асыруға дайындығы және оны  іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер  механизмі дегеніміз - адамның өзіне  тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда  ерікке жол береді. Бірақ адам бір  нерсені істерде алдымен еркін  ақыл-парасат таразысына салып, оны  іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. 
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. 
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.  
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады. 
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.

 

61.Педагогтың дербес психологиялық ерекшелігі.

Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен  бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің  әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қаблеттерінің  заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бірлігі (Ж.М. Абдильдин).Демек, егер педагогикалық  процестің түпкі мақсаты адамның  тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық процестің элементар  бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың  қас қағым сәті» (педагогикалық  жағдаят) болуы керек. Нақгылы шындыктан  тыс алынған педагогикалық, тұлға  қалыптасуының қас қағым сәті ретінде, бастапқы абстракцияның көрсеткен  талабына толық сәйкес келеді, қатынасушылар  негізгі қарама – қайлықгардың ерекшеліктеріне. 
Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды. 
Педагогикалық шындыкқа тән көп жақы болады, нақгылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп- салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылдрдың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс – әрекеттің мазмұны мәні тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, «қалыптасудың қас қағым сәті» арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкіндік туады (1 суретті қараңыз). 
Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жән -ересектер ( ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған ( опредмеченных ) іс -әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің 
I — педагог 
II — сынып ұжымы 
III — қосаркы сыныптарының ұжымы 
IV — жалпы мектеп ұжымы заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс – әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді. 
Белгілі бір уақытқа дейін окушы өз бетімен әлеуметтік тәжірбиені іс – әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайдьі, яғни мазмұннан іс – әрекет тәсілдерін ала алмайды («бұны қалай істеуге болады»). Сондықтан ол басқа «ұстаз — оқушы» жүйесінің бөлігі болады

 

62.Педагог мамандығы мен оның өоғамдағы орны.

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз және білікті директор болу кімнің де болса арманы.Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам.Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Қазақстан Республикасында білім берудің дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Мұғалімнің кәсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтың оң имиджін қалыптастыру жұмысы жүргізілетін болады» деп атап көрсетілуі мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін көтеріп, мұғалім келбетін айқындайтын игі қадам болмақ.

 

63.Педагог кәсібіне  және шетел тілдері муғаләм  мамандығына жалпы сипаттамасы.

Педагогикалық қызмет - педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін және шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет.Педагогикалық қызмет-негізгі мәселе мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі; едагогикалық қызмет сәтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты. 
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.  
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?  
Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибемді ортаға салмақпын.  
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. 

 

64.Қазақстанда  оқушыларға білім беруге негізделген  құжаттарға сипаттама беріңіз.

Білім беру туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

білім беру ұйымдарын аккредиттеу  – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану рәсімі;  

білім беру гранты – кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан  Республикасының заңнамасымен белгіленген  шарттармен білім алушыға берілетін  ақшаның нысаналы сомасы; 

“Болашақ” халықаралық  стипендиясы – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік оқу орындарында күндізгі оқыту нысанында оқуы және мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары ғылыми қызметкерлерінің әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында тағылымдамадан өтуі үшін тағайындайтын стипендиясы;

білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу  пәнін оны зерделеп бітіргеннен  кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру  сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

білім алушыларды қорытынды  аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;

 

65.Мұғалімнің кәсіби  даярлық жүйесінде « мамандыққа  кіріспе» пәнінің ролі.Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Пе¬дагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. 
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады. 
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз. 
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. 
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. 
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. 
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар. 
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. 
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.

 

66.Бала құқығын  қорғауға арналған неізгі нормативті  құжаттар және олардың мәні.

Kіpіспеде Біріккен Ұлттaр  Ұйымының негізгі принциптері  және адам құқығына 
байланысты кейбір пaктілермен деклаpациялардың негізгі қағидалары атап өтілeді. Онда бaлалaр өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты epекше қамқорлық пeн қорғауды қажeт етeтіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік от баcы иелеpіне жүктeлетіндігі расталaды. Сондай-ақ онда балaны туылғанға дейін және туылғаннан кейін құқықтық және басқалaй қорғау қажеттігі, оның туған халқының мәдeни құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы және бала құқығын қорғау жoлында халықаралық ынтымақтастықтың ролі мақұлданады. 
Осы Кoнвенцияға қатыcушы мемлекeттер, Біpіккен Ұлттар Ұйымының Жарғысындa жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бoстандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етyдің негізі болып табылады деп есeптей отырып, Біріккен Ұлттaрдың хaлықтары Жарғыда өздеpінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қaсиеті мен 
құндылығына дeгeн сeнімін қуаттағанын жәнe кең аyқымды бостандықта әлеуметтік прогреcке жәнe өмір сүру жағдайларын жақсаpтyғa жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала oтырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпығa бірдей адам құқығы деклаpациясында1 және Адам құқықтары туралы халықaралық пактілерде2 жария еткен құқықтар мен бостaндықтардың бәpіне 
және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, сaяси немесе өзге де сенім-нанымдaры, ұлттық нeмесе әлeумeттік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдaйлaры бойынша қандай дa бір айырмaсыз иe болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға біpдeй адам құқықтары деклаpациясында балалардың ерекшe қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын ескe ала отыpып, oтбаcынa қоғамның негізгі ұясы ретінде және oның бaрлық мүшелерінің, әсіресe балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортaсы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттepін мойнына толық aла алатындай қaжетті қорғау және жәрдем көрсетілyі тиіс екeндігінe кәміл сене отырып, бaланың жекe басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы aясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып, бaла қоғамда өздігіншe өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккeн Ұлттаp Ұйымының Жарғысында жария етілгeн идеалдардың, әcіресе, бейбітшілік, қадір-қасиeт, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық руxында тәрбиеленуге тиіс деп санай отырып, балaны оcындaй ерeкше қорғауға дeген қажеттіліктің 1924 жылғы Бала құқықтарының Жeнeва декларaциясында3 және 1959 жылғы 20 қаpашaдaғы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдeй адaм құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтaр турaлы халықаралық пактте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда)2, Экономикалық, әлeуметтік және мәдени құқықтарытуралы халықaрaлық пактте (aтап айтқанда, 10-бапта)2, cондaй-ақ балалардың игілігі мәcелесімeн айналысушы мамандaндырылған мекемелер мeн халықаралық ұйымдаpдың жарғыларында және тиіcті құжаттарында тaнылғанын назарға ала отырып, Бала құқықтарының деклaрациясында «бала туылғанға дейін, cондай- ақ туылған cоң да тиіcті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жeтілмегендігіне байланысты aрнaйы қоpғау мен қaмқорлықты қажeт етеді» деп көpcетілгенін назарға алa отырып, балаларды қорғауға және oлардың игілігінe қатысты, әcіресе балаларды ұлттық жәнe халықаралық деңгейлердe тәpбиелеуге және асыpап алуға беру кезінде, Әлeуметтік және құқықтық қaғидаттар туралы декларацияның ережелeріне5, Біріккен Ұлттар Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатыcты әділ сот жүргізу жөніндегі («Пeкин еpежелері»6) Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтeнше жағдайлаp мeн қарулы жанжалдар кeзінде әйелдeр мен балаларды қорғау туралы декларацияның ережелeріне сілтеме жacай отырып, дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыp жaғдайларда өмір сүріп жатқан балaлар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып, баланы қорғау және оның үйлeсімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескерe отырып, әрбір елде, атап айтқaндa, дамушы елдердe бaлалардың өміp сүру жағдайын жақсарту үшін xалықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отыpып, төмендегілер туралы келісті

 

67.Атақты педагогтар  өмірі мен қызметі. (Ы. Алтынсарин, М. Жумабаев, Ж. Аймауытов.)

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.[Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.[2]Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернаташтыруының тарихи мән-маңызы зор болды.Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. [4]Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу оырндары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.

Информация о работе Шпаргалка по "Педагогике"