Педагогикалық шеберлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 16:35, реферат

Краткое описание

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Педагогикалық шеберлік.docx

— 21.19 Кб (Скачать документ)

5.      жоғары  интиуциямен нақты есеп негізіндегі  сәтті импровизацияда;

6.      бір мәселені  шеше алудың бірнеше жолдарын  көре алуда;

7.      нақты  педагогикалық іске әдістемелік  әдістемелік нұсқаулар мен теориялық  ережелерді трансформация жасай  алуда.

Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық  әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған  нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс»  болғанын дәлелдей алу, қолданылған  әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз  болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру. Орындалып өткен әрекеттің  нәтижесін зерттеу. Тек қана сонда  ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен  жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.

«Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа  шығаруы. Бұдан басқа да рефлексия  жайында айтылған философиялық ойлар  негізінен «адамның өзіне бағытталған  зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен  рухыңды өзіңнің бақылауың »  дегенге келіп саяды.

Психологиялық мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы= даму»  түрінде ұсынады. Г.С.Сухобская мен  Ю.В: Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті  сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылды: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері  мен іс – қимылдарын түсіну бағытындағы  әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың  жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын  анықтау мен жобалауда; үшіншіден  – оның өз әрекетін, сол әрекеттің  субьектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық  әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.

Рефлексияның мәні – адамның  өзінің білімін, білімнің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексияны  ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан  бөліп қарауға болмайды.

Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық  рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті талдай алудан басталады. Өзінің нақты жағдайы  мен болашағының бағытын саралай, аралық мақсаттарды анықтаай алумен сипатталады.


Информация о работе Педагогикалық шеберлік