Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 16:09, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].
Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері…………………………….............................................7
1.2 Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні………………………………………………………………..............................13
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ……………................................................................27
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы............................................................................................................................34.
Қорытынды...............................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56
Ы.Алтынсарин пікірінше, адамгершіліктің негізіне білім мен тәрбие құрайды. «Баланың ең жақсы адамгершілік қасиеттері тек ұдайы қалыптасады». «Жақсы тәрбиеленген бала сонан кейін де жақсы адам болып қала береді». «Адамгершілік тәрбиесінің басты тәсілдері еңбекпен ата-аналарының үлгісі болып табылады, - дейді» Ы.Алтынсарин [24].
Ы.Алтынсарин қай қасиеттерді тәрбиелеуден адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын көреді? Бұл - патриоттық адамгершілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, қарапайымдылық [24-56б].
Абай Құнанбаев арнайы психологиялық-педагогикалық еңбектер жазған жоқ, профессорлық–педагогикалық қызметпен айналысқан жоқ, бірақ оның барлық еңбектерінде еңбекші халықтың адамгершілік пен данышпандығына сүйенетін дидактикалық және адамгершілік–эстетикалық өсиеттер кездеседі [25].
Кез келген адамның мінез–құлқын өзгертуге болатыны туралы А.Құрманбаев «Егер менің қолымда билік болғанда, адам түзелмейді дегендердің барлығының тілін кесетін едім, - дейді. Абайдың пікірінше, еңбек пен халықтың білім алуы – адамгершілік идеалына қол жеткізудің әдісі.
Осылайша, өткен бір жағынан екіжүзділікті, әділетсіздікті, еріксіздікті, жалқаулықты, жамандықты әшкерлеп, екінші жағынан еңбекке деген қызығушылықты, халық үшін күресті, әділдікті, шыншылдықты, жауапкершілікті, ғылым мен оның жоғары этикалық идеалдарын жақтайтын моральдық нормалары қазіргі кезде өз мағынасын жоғалтқан жоқ, керісінше, жаңа күшке енеді.
Мағжан Жұмабаев – ақын, прозашы, аудармашы педагог. Ол өз еңбектерінде халықтың бақыты туралы жазады.
Жұмабаев адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – баланың адамгершілік – бағытты ойлауын, адамгершілік қылықтары мен әрекеттерін қалыптастыру деп есептейді. «Бала адамгершілікке таңдау жасай алмағандықтан, істеген әрекетінің кері нәтижелерін білмегендіктен, оның нәтижесінде не болатынын білмегендіктен, жаман қылықтар жасайды, - деп жазады педагог.
Жұмабаев тәрбиелеу принципі оқытуда деп санайды. «Білім беру балаларға қолайлы әсер еткенде ғана құнды, - дейді ол [26].
Осылайша, педагог оқудағы адамгершілік тәрбиесінің көздерін, оның мазмұнын, принциптерін, мақсаты мен міндеттерін ашып көрсетеді.
Балабақша өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі басты бөлігі болып саналады. Балабақшаның алдында өсіп келе жатқан ұрпақты еңбекке баулумен байланысты жауапкершілікті міндеттер тұр. Қазіргі кездегі оқыту үдерісі балалар тек белгілі бір білім мөлшерін меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге ғылыми және саяси ақпараттар ағымында өз бетінше бағдарлай алу іскерлігін де меңгеруі керек. Бұл оқыту әдістерін өмір талаптарына сай келтіруді қажет етеді. Балабақшада адамгершілік тәрбиесі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста жүзеге асады. Әрбір жас кезінде тәрбиенің әр жағы басым болады. Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің мұндай жағы адамгершілік тәрбиесі: балалар адамгершіліктің қарапайым нормаларын меңгереді, әр түрлі ситуацияларда соларды бағытқа алуды үйренеді.
Қазіргі
кездегі қоғамның халық
Мектеп жасындағы балалар үшін оқу ісінің атқаратын ролі ерекше, себебі дәл осы кезеңде дүниені ғылыми тұрғыдан тани бастайды, білімдері кеңеюмен қатар жүйеленеді және тереңдейді. Дәл осы оқу ісінің арқасында бұл жастағы балалар әр түрлі ақыл–ой және адамгершілік міндеттерін орындаудың әдіс–тәсілдерін мүмкіндік алады, осының негізінде қоршаған ортамен қатынас жасау жүйесі қалыптасады.
Баланың рухани дүниесінің көптеген маңызды белгілері балабақшада қалыптасады. Дәл осы кезеңде ол жүйелі білім негіздерін алады, осы кезеңде оның адамгершілік қалпы қалыптасады, мінезі мен еркі дамиды. Тә»рбиеші оны білім әлеміне ғана емес, сонымен бірге міндетті және қиын да қызықты еңбек әлеміне жетелейді.
Қазіргі кездегі мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытатындай, оқу материалын белсенді меңгеру дағдыларын қалыптастыра-тындай, қоршаған ортаны тануға бағытталған алған білімдерін тұтас жүйеге біріктіруге жететіндей етіп құрылған. Ойлауын дамыту, оқу материалымен жұмыс істеудің әр түрлі тәсілдерін меңгеру балалардың адамгершілік білімдерін игеруіне тікелей әсер етеді; оқу үдерісін ұйымдастыру және оның әдістері адамгершілік тәжірибесінің жинақталуына қолайлы әсер етеді.
Адамгершілік тәрбиесі үшін оқуды жоғары адамгершілікті қарым– қатынастарға құралған ұжымдық әрекет ретінде құру маңызды. Оқу ісі, егер танымдық міндет барлық балаларға бірдей қойылатын болса және оның шешімін табуға бүкіл ұжым қатынасатын болса ғана, ұжымдық еңбек болып саналады.
Баланың жеке басының қалыптасуы балалар ұжымында өтеді. Егер әрбір баланың өз мүмкіндіктеріне сай ұжымдағы орны болса, онда ол ұжымдағы теңдесі жоқ жеке адамға айналады. Бұл кезде бала ешқандай сыртқы ықпалсыз-ақ арналған адамгершілік нормалары мен принциптеріне сай өзі әрекет ете бастайды. Әрбір бала өзін-өзі бағалай және тәрбиелей білу керек. Бұларсыз ешқандай, соның ішінде адамгершілік даму да мүмкін емес. Бала осы қажеттілікті ұғынып сол бағытта әрекет ету керек.
Ұжым қоғамдық пікірді жасай отырып, негізінен баланың адамгершілігін, сөйлесу нормаларын ұстануын бағалайды.
Ұжымдағы бала – тәрбиешінің педагогикалық қызметінің нысанасы ғана емес, сонымен бірге тәрбиенің субьектісі де.
Мұндай жағдай тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және балалар ісінің әр түріндегі (оқудағы, ойындағы, еңбектегі) тәрбиешінің позициясына әсер етеді. Бала құрдастарының ұжымында әлеуметтік тәжірибе қалыптасады.
Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру оқытудың барлық сатысында жүзеге асады. Тәрбие үдерісі бала алдында адамгершілік таңдауды өз бетінше іске асыру қажеттілігі тұратын жағдайлар қарастырылатындай етіп құрылады.
Адамгершілік тәрбиесі - үздіксіз үдеріс. Ол адам туылған кезден басталып, бүкіл өмір бойы жалғасады. Бір қарағанда осы үздіксіз үдерістің қандай да бір кезеңі болмайтын сияқты, әр түрлі жас кезеңінде адамгершілік тәрбиесі әр түрлі әдістеріне әр түрлі қарайды. Баланың адамгершілік тәрбиесі жеке адамның жан-жақты дамуында жетекші орынға ие болады және ақыл-ойдың дамуына, еңбекке дайындығына, дене дамуына, эстетикалық сезімдер мен қызығушылықтарға тәрбиелеуге әсер етеді.
Адамгершілік тәрбиесінің маңызды ерекшелігі – қандай да бір арнайы тәрбие үдерісіне жатқызуға болмайтындығы. Адамгершілік тәрбиесі ойын, оқу кездерінде балалармен қарым–қатынаста болғанда, әр түрлі жағдайларда қалыптасады. Дегенмен, адамгершілік тәрбиесі мақсатқа бағытталған үдеріс болып саналады, оның мазмұнының, формаларының әдістері мен тәсілдерінің белгілі бір жүйесі бар.
Адамгершілік тәрбиесінің жүйесін қарастырғанда бірнеше аспектілерге назар аудару керек:
1-ден белгілі бір
2-ден, адамгершілік тәрбиесі
арқылы оқу ісін
3-ден, балалардың адамгершілік
қасиеттерінің бір–бірімен
4-ден, балалардың өсу
және ақыл–ойының дамуына
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен немесе басқа балалармен қалыптасады, оның өмірлік тәжірибесі байи түседі. Мектепке дейінгі балалардың мұңаюы, қуануы, ренжуі ең алдымен, оқуға байланысты. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбие үдерісінің барлық негізгі элементтері қарым–қатынаста болады: мақсаты, мазмұны, тәсілдері, құралдары, әдістері ұйымдастырылуы. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың тұтас үдерісі тәрбиелейді, тәрбиелік мезеттер емес.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесінің тиімділігіне не қамтамасыз етеді?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мазмұнының ғылымилығы мен ойлылығы, тәрбиешінің жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік–эмоционалды болуы, тәрбиешінің өзінің адамгершілік бағытта болуы, оқылатын материалға оның қатынасы т.б.
Әңгімелерді оқу және талдау балаларға адамдардың адамгершілік іс-әрекеттерін түсінуге және бағалауға көмектеседі. Балалар оларға жеткілікті сөздермен жазылған әділдік, шыншылдық, жолдастық, адалдық, қоғамдық борышқа адалдық, адамгершілік және патриоттық туралы мақалаларды оқиды және пікір алысады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде үнемі балалардың арасында белгілі бір іскерлік және адамгершілік қатынастар пайда болып отырады. Топ алдына қойылған ортақ танымдық міндеттерді орындай отырып, балалар бір–бірімен араласады, әсер етеді. Тәрбиеші талаптар қояды: басқа балаларға кедергі етпеу, бір-бірін мұқият тыңдау, ортақ жұмысқа белсене қатысу, т.б. және осы талаптардың орындалуын қадағалайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың бірлесіп жасаған жұмысы кез келген басқа ұжымдарға тән қарым-қатынастарда туғызады. Бұл, ең алдымен, ұжымның әрбір мүшесінің өз ісіне ортақ іс ретінде қарау, ортақ мақсатқа жету үшін өзге балалармен бірлесіп әрекет ету, бір–біріне көмек беру, сонымен бірге бір–бірінен талап ету, өзіне сын көзбен қарау, т.б. ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде бұл мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін тәрбиеші балалармен бір–бірімен бірлестікте жұмыс істей алатындай етіп құруы керек.
Балалардың қарым–қатынас жасауы барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мүмкін. Балалар белгілі бір ережеге мысалдар, тапсырмалар, жаттығулар және есептер ойлап табады, оларды бір–біріне береді. Әркім өзінің сұрақ қоятын, тапсырмаларды беретін балаларын таңдап алуына болады.
Бір топта отырғандар бір–бірінің жауаптарын өзара тексереді. Балаларға тапсырма ойлап табу, оны карточкаға жазу, оның орындалу реттілігін анықтау тапсырылады. Сонан соң қима қағаздар біріктіріледі, сонда ортақ тапсырмалар жинағы пайда болады.
Өзінің жасаған жұмысы табысты болса одан жақсы әсер алса, бұл балалардың адамгершілік тәрбиесіне ықпал етеді.
Тәжірибе көрсеткендей, үй тапсырмаларын балалар тобына берсек, тиімді болады.
Үлкенді сыйлауды, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар балабақшада оқу-әрекетіне өзінің қатынасын; жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік қарым–қатынасы байиды.
«Егер баланы тәрбиеленген
дәрежеге жеткізудің сәті
Сайып келгенде, адамгершілік тәрбиесі - үзіліссіз жүргізілетін үдеріс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны баланың жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. Сондықтан оқу–тәрбие жұмысын қалыптастыруда балалардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізгі орын алмақ.
Қорыта келгенде осы педагогикалық мәселе бойынша тәрбиешілерге, ата-аналарға мынадай ұсыныстар жолдауға болады. Балалардың адамгершілік жағынан жетілуін, оның оқудағы, жазудағы, есептеудегі және басқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі табыстары сияқты мұқият қадағалап отыру қажет. Тәрбиешілер өз балаларының, өз халқының, өз ұлтының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен әдебиетін, өнерін, адамгершілік пен имандылықты дәріптейтін қарым-қатынас, мінез-құлық қасиеттерді бойында қалыптастыру керек. Қазақ халқының мінез-құлқына тән негізгі қасиеттерді: мейірім, сөзге беріктігі, кеңпейілділік туралы әңгімелеу арқылы балалардың бойына сіңіру қажет.
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру
Қазіргі балабақшадағы жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үлгілерін іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Оқытуды ізгілендіруге сүйене отырып, оны жеке тұлғаға бағдарлауды, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақтануының үдерісі мен нәтижесін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда балада ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше.
Кіші мектеп жасындағы бала
үшін оқу әрекеті жетекші роль
атқаратын-дықтан, ұйымдастырылған
оқу іс-әрекет мазмұнындағы
Әлеуметтік мәні зор ұлттық
құндылықтардың мән-мағынасын
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық педагогикалық ерекшелік-терге сүйене отырып тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады:
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің теориялық негіздері