Экономикалық әлеуметтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 12:52, дипломная работа

Краткое описание

2013 жылғы 3 айда Жамбыл облысының аумағында 79 өндірістік жәнетұрмыстық өрт оқиғасы тіркелген (2012 ж. – 72 өрт), оның 5 -өтініш бойынша. Зардап шеккендер 28 адам (2012 ж. – 6 адам) оның ішінде қаза болған 14 адам(2012 ж. – 3 адам). Материалдық шығын 14,065 млн. теңгені құрады (2012 ж. – 19,627 млн. теңге). Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өрттердің саны 9,72% жоғарлаған, зардап шеккендер саны 4,6 есеге өскен, материалдық шығын - 28,34% төмендеген. Барлық өрттердің ішінде: 40 облыс орталығында, 39 – ауылды жерлерде орын алған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұрмыстық өрттер.docx

— 44.79 Кб (Скачать документ)

 

Тұрмыстық өрттер.

  2013 жылғы 3 айда Жамбыл облысының аумағында 79 өндірістік жәнетұрмыстық өрт оқиғасы тіркелген (2012 ж. – 72 өрт), оның 5 -өтініш бойынша. Зардап шеккендер 28 адам (2012 ж. – 6 адам) оның ішінде қаза болған 14 адам(2012 ж. – 3 адам). Материалдық шығын 14,065 млн. теңгені құрады (2012 ж. – 19,627 млн. теңге). Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өрттердің саны 9,72% жоғарлаған, зардап шеккендер саны 4,6 есеге өскен, материалдық шығын - 28,34% төмендеген. Барлық өрттердің ішінде: 40 облыс орталығында, 39 – ауылды жерлерде орын алған.Жаңа жылдың алғашқы бес күнінде Павлодар облысында 23 тұрмыстық өрт пен 12 өздігінен өртену фактісі тіркелді.«Бір адам қаза тапты, - деп хабарлады аймақтың ТЖД өртке бақылау басқармасының бастығы Алексей Киселев. - Железин ауданының Комаровка ауылында жекеменшік үйдегі пештің қызып кетуінен пайда болған өрт кезінде иіс тигеннен осы үйдің қожайыны қаза тапты. Тергеу жүріп жатыр»Павлодарлық өрт сөндірушілер осы күндері 600-ге жуық мәдениет ошақтары мен халықтың жаппай жиналу орындарын жіті бақылауда ұстауда. Бір жарым мыңнан астам алдын алу шаралары жүргізілді. Тұрмыстық өрт қауіпсіздігіЭлектр жарығынан және тұрмыстық электржылытқыш қондырғылардан болатын өрттердің алдын алу.Электрден болатын өрттердің негізгі себебі - ол қысқа тұйықталу, желінің шамадан тыс жүктелуі. Осындай болмау үшін электр сымдарын жөн жағдайда ұстау керек, ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен (бірнеше электрқондырғыларды бірден қосу) болатын өрттердің алдын алу үшін тарату қалқаншада міндетті түрде заводта жасалған сақтандырғыштар болу қажет.Егер электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты (“жучок”) қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол ерімейді. Олай болса, “қорғанысы” істемейді және желі тоқтың астында қалады.Осындай жағдайда сымдар ерігенше қызады, оқшаулауы тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт басталады.Сондықтан әрқашанда тек заводта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электрсымда да болу мүмкін. Сондықтан ол жөн жағдайда болу керек. 
Өрт электр шамынан да болу мүмкін, оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмау үшін электршамдар қағаз және мата абажурларға тимеу қажет. 
Өрттер заводта жасалған тұрмыстық электрқондырғыларынан да жиі болады. Егер электр желісіне бірнеше осындай қондырғыларды бірден қосса, онда ол электрсымдарының шамадан тыс жүктелуіне және қызуына мүмкіндік береді. Оқшаулау тұтанып, от сым арқылы әртүрлі заттарға таралады. Егер дұрыс қолданбаса, өрт тек бір ғана электржылытқыш қондырғысынан (үтік, шәйнек, жылытқыш, т.б.) да пайда болуы мүмкін. 
Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға болмайды және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Қондырғыны жанғыш заттардың үстіне қоюға болмайды, сонымен қатар перделер, ағаш қалқа және т.б. оңай жанғыш заттардың қасында қосуға болмайды. 
 

Пештердің жөнделмегендігінен болатын өрттердің алдын алу. 
Пешті жағудың өрт қауіптілігі неде? Біріншіден, отынды жаққан кезде пештің ішіндегі температура 600-800 градусқа дейін жетеді, одан пеш қабырғалары және түтіндік қатты қызады. Егер ғимараттың ағаш бөлшектері (арқалық, қалқа, еден, төбе және басқа жанғыш құрылымдар мен материалдар) пештің қабырғаларына және түтіндікке тығыз тиіп тұрса, кірпішпен тиісті бөлу болмаған жағдайда – онда олар жануы мүмкін. 
Өрт болмау үшін пешті кірпіш немесе тас негізге орналастыру керек. Пештің түтін құбыры шатырдың немесе қабат аралық ағаш жабуынан өткен жерде кірпіш қалауы қалыңдау болу керек. Қалыңдалу құбырдың ішкі бетіне үйдің жанғыш элементтеріне дейін 38 см-ден кем болмау керек. Егер пеш алдында ағаш еденнің үстіне өлшемі 50х70 см темір табақ қағып қоймаса, пештің аузынан түскен жанып жатқан көмірден өрт шығу мүмкін. Пештің есігін жауып және үлкендердің қарауымен ғана жағу керек.Пештің алдына, үстіне, пеш пен қабырғаның арасына жанғыш заттарды қоюға болмайды. Пешті ұзақ жағуға болмайды, өйткені қабырғалар тым қызғаннан жарықшақтар пайда болады, олардан, әсіресе шатырда, шоқтар шығып, оңай жанғыш заттарға түсіп, өрттің шығуына себепкер болады.Сондықтан түтіндіктің қабырғаларына мұқият саз жағып, ақтау керек. Егер түтіндікте жарықшалар пайда болса, ол бірден көрінеді, өйткені одан күйе шыға бастайды.Кейбір тұрғындар пешті жағу үшін керосин немесе бензин қолданады, ал ол қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Пешті жаққанда жанғыш сұйықтық лезде жанады, пештен от шығып, өрт пайда болады.Пеш жағу маусымының алдында пешті және түтіндікті тексеріп, оларды жөндеп, күйеден тазалап, жарықшақтарды сылап, шатырдағы түтіндікті әктеу керек. Пештерді және түтіндіктерді жөндеуге және салуға мамандырылған адамдарды шақыру керек. Өрт кеңейту бачоктың, құбырды құрастыру және оларды жылытудың қате құрылуынан болады. Көп жағдайда кеңейту бачоктар үйдің шатырында орналастырылады, ал кейбір адамдар оларды және құбырларды жанғыш заттармен жылытып, оларды жанғыш негіздерге құрады, осының бәрі өртке әкеп соқтырады.Бачокта су қатқан кезде оны жылыту үшін алау, дәнекерлейтін шам қолданады. Осының нәтижесінде жылытқышқа шоқ түсіп, үйдің төбесі өртенеді.Жүйеден су кеткеннен соң, пеш жағу кезінде будың шығуы басталады. Осындай жағдайда кеңейту бачок қатты қызып, жылытқыш жанады. Осы себептен өрт болмау үшін кеңейту бачокты жанбайтын негіздің үстіне орналастыру керек, бачокты және құбырды жанбайтын жылу оқшаулау заттармен жылыту керек.Отты абайсыз қолданудан болатын (шылым шегу, алаулар, шырақтар, пілтелер, көмір, күл, т.б.) өрттердің қалай алдын алу.Шылым шегуден және ашық оттан болатын өрттердің оңай алдын алуға болады. Тек қана әр тұрғын өртке қарсы тәртіпті сақтау керек және ұқыпсыздық неге әкеп соқтыратынын білу керек. Төсекте жатып шылым шегуге болмайды, өйткені ұйықтап қалып, жанып жатқан темекіден төсек орын жанып, өрт шығу қаупі бар.Кейбір азаматтар қораларға, қоймаларға, шатырға кірген кезде шырақ жағады. Ашық отты пайдалану ерекше сақтықты талап етеді. Оны ұмытпау керек, өртке қарсы тәртіптің барлық ережелерін сақтау керек.Шатырдың және жертөле бөлмелерге, сатыларға, дәліздерге, қоймаларға, қораларға және үй аймақтарына арналған өртке қарсы ережелер. 
 

Шатыр бөлмелерін, сатыларды, дәліздерді әр түрлі қосалқы бөлмелер, шеберханалар орнына қолдануға болмайды, үй заттарымен бөгеп тастауға болмайды. 
Шатырларды әрқашан тазалықта ұстау керек, бұл жерде заттарды сақтауға болмайды. 
Шатыр бөлмелердегі түтіндіктер әктелу керек, терезелер шыныланған және жабық болу керек. Шатырға шығатын есіктер (люктер) жабық тұру керек. Ал оның кілті жақын пәтерде тұратын жауапты адамдарда болу керек.Шатырларда, қоймаларда, қораларда шылым шегуге және ашық отты қолдануға болмайды.Аулада, бақтарда, иен далада қоқыс және алауларды жағуға болмайды.Сыртқы өрт сөндіру сатыларға және гидранттарға өту жолдары әрқашан бос болу керек, ал қыс кезінде қардан және мұздан таза болу керек.Өртке қарсы тәртіпті әсіресе тұрғын үйлердің жертөлелерінде қатал сақтау керек, өйткені олардың ішінде өрт пайда болған жағдайда оны сөндіру қиынға түседі. Жертөлелерде өрт түтіннің көп мөлшерде шығуымен өтеді, ол сатылармен, әр түрлі ойықтармен пәтерлерге кіреді және адамдардың эвакуациясын қиындатады және адамдардың өлуіне себеп болады.Сондықтан тұрғын үйлердің жертөлелерін қоқыспен толтыруға болмайды. Тек қана тоқ жарығын қолдану керек. Ашық отты пайдалануға болмайды, жертөлеге балаларға кіруге болмайды. Жертөле есіктері құлыпқа жабылу керек. Осы ережелерді сақтап қана шатыр және жертөле бөлмелерде, қораларда, қоймаларда, аула аймағында өрт болу қауіптілігін жоюға болады.ҰОС ардагерлеріне арналған үйде тұрмыстық газ жарылып, өрт болдыКөкшетауда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған көп қабатты үйде тұрмыстық газ жарылып, өрт болды. Соның салдарынан 87 жастағы қария  көз жұмды. Жарылыстың  қалай  болғандығы әлі белгісіз. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға газ жүйесін дұрыс пайдаланбағаннан болуы мүмкін дегенді алға тартады. Бұл оқиға екі мөлтек  ауданынның тұрғындарын түгел дүрліктірді. Жарылыстың ұшқыны  қатты болғаны соншалық он екі пәтердің кіреберіс есіктерін жұлып әкеткен. Бірқатар үйдің терезелері де қираған.  Пәтерлердің ішіндегі заттарға дейін сыртқа атылған.  Алғашқы болжамдардың бірі бойынша тұрмыстық газды тұтынуда қателік кеткен. Айта кетейік,  ардагерлер үйі орталық газ жүйесіне қосылған. Өрт шыққан пәтерден газ баллон да табылды.  Оқиға Көкшетаудағы орталық көшесінде орналасқан  нөмірі 47 «А»  үйінде орын алды.  5 қабатты үйден 47 адам дереу қауіпсіз жерге көшірілген. Бірақ, өрт шыққан 15 пәтерде тұратын 87 жастағы Ұлы Отан соғысының  ардагерін аман алып қалу мүмкін болмады. Ардагер оқиға орнында жан тәсілім еткен. Ал, 1952 жылы туған азамат күйікпен  жансақтау бөлімшесіне жеткізілді. Қазір жарылыс пен өрттен келген шығын көлемі анықталуда. Ал,  газдың неліктен жарылғандығын тексеру үшін сарапшылар Астанадан шақырылған. Есепті кезеңде өрттер санының Талас ауданында 50%, Жамбыл ауданында  71%, Қордай ауданында  33%, Меркі ауданында 50%, Шу ауданында 16% төмендегені байқалады. Өрттер саны – Тараз қ. 33%, Сарысу ауданында 3 есеге, Жуалы ауданында 50%, Байзақ ауданында 66%, Т. Рысқұлов ауданында 2 есеге, Мойынқұм ауданында  60% өскен.Өрттердің басым саны Тараз қ. (40), Қордай ауданында (8) және Мойынқұм ауданында (8).

 

 

   Жүргізілген талдауларға сәйкес өрттердің негізгі пайда болу себептері болып табылады:

- элекртлі жабдықтарды техникалық пайдалану және монтаждау тәртібінің

бұзылуы - 25;

- жылыту пештерін пайдалану тәртібінің бұзылуы – 13;

- тұрғындармен отты абайсыз пайдалануы – 26;

- қасақана өртеу – 10.           

  Өрттердің пайда болоуының негізгі объектілері тұғын секторлар болып отыр, онда жалпы өрттер санының 59,4% құрайды, 20,2% автокөлік құралдарындағы өрттерге тиесілі.  Шығыс Қазақстан облысындағы "Қазақмыс" кен орнында әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқАстана. 5 тамыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысындағы "Қазақмыс" кен орнында әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы Камышинка ауылында, "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС-нің Артемьев кен орнында 4 тамызда сағат 07.30-да әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратында 380 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.Өрт Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 20 адамының күшімен 15 сағат 03 минутта сөндірілді.Сондай-ақ, Алматы қаласының Бостандық ауданында Алматы үй құрылысы комбинатының аумағында 4 тамызда сағат 11.48-де өрт шықты.Алматы үй құрылысы комбинатының пенополистирол өндіретін цехының қосалқы қоймасында 150 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болған ешкім жоқ.Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 8 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 50 адамының күшімен 12 сағат 26 минутта сөндірілді.Қостанай қаласындағы Орталық базардағы   өрт-тактикалық жаттығу  Орталық базардағы «Сауда Орталығы» ЖШС жабық сауда ғимаратында өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Оқу жаттығуды өткізудегі мақсат: әкімшіліктің бастапқы іс-қимылын, күзет пен қызметкерлердің іс-әректін пысықтау,  Қостанай қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонының жеке және басшы құрамының өрттер мен апаттарды қиын жағдайда жоюы, өрттерді сөндіруді ұйымдастыруын жаттықтыру болып табылады.    Ғимаратта қызметкерлердің саны 250 адамға жетеді, күні-түні күзетіледі. Сауда кешенінің маңында дүкендер, қоймалар, сауда қатарлары, дүңгіршектер орналасқан. Оқу жаттығуда қарастырылған сценарии  бойынша ғимараттың ішінде орналасқан шатханада  тұрмыстық тоқ құралдарының  сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шығады. Қызметкерлер қолда бар құралдармен  өртті сөндіруді бастап адамдарды сыртқа шығарып, тауар-материалдық құндылықтарды құтқара бастайды. Объектінің күзетшілері мемлекеттік өртке қарсы қызметке өрт жайында хабарлайды.  Қызметкерлер мен күзетшілердің, әкімшіліктің іс –қимылдарын өртке қарсы қызмет қызметкерлері жіті қадағалап тұрды. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып Қостанай қаласы өртке қарсы қызмет жасағының 1-Өрт сөндіру бөлімі кезекші қарауылы екі бөлімімен және сатылы көлікпен келіп жетті. Өрт сөндірушілер барлау жасап жағдайды бағалап барып өртті сөндіруге кірісті. Оқу –жаттығуға Қостанай облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 5 бірлікте өрт сөндіру техникасы, жедел жәрдем және жол полицисы тартылды. Өртке қарсы қызмет гарнизоны алға қойылған міндеттерді толық орындап шықты.Елордада құрылыс компаниясы аумағынан өрт шығып, 1 адам қаза таптыЕлордада «Астана Стройтранс» ЖШС-нің аумағындағы тұрмыстық ғимараттан өрт шығып, бір азамат қаза тапты. Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.«Сенбі 1 қаңтар күні сағат 05:18-де Астана қаласының Алматы ауданына қарасты Вишневское тас жолында орналасқан «Астана Стройтранс» ЖШС-нің аумағындағы тұрмыстық ғимараттан өрт шықты. Өрт орнынан 53 жастағы азаматтың денесі табылды», – делінген баспасөз хабарламасында.Ведомствоның атап өтуінше, тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 20 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылған. Қызыл жалын шарпыған аумақ 40 шаршы метрді құрайды.Өткен тәулікте елімізде төрт жеке тұрғын үй өртеніп, тілсіз жаудың салдарынан сонша адам қайтыс болды. Қатты отынмен жылытатын пештер тұрғындар үшін басты қатер болып тұр. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ма­ман­дарының мәліметінше, кісі өліміне соқ­тырған тұрмыстық өрт оқиғалары Жам­был, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақ­стан облыстарында тіркелген. Ақ­пан­ның 14-і күні алдымен Тараз қаласының Сыз­ды­қов көшесіндегі №179 үйден өрт шық­ты. Түнгі мезгілде тұтанған тілсіз жау үш сағатта жеке үйдің 50 шаршы метр аумағын жалмап, қожайынды да қоса жұтқан. 1959 жылғы Ниязованың мәйітін өрт сөнді­ру­шілер күл арасынан тауып алды. Ал Қос­та­най облысының Денисовка ауылында өрт үш жастағы сәбидің өмірін қиды. Кешкі мез­гілде баспананың алты шаршы метрі жанып кеткен. Құтқарушылар өрт құша­ғын­да қалған баланы тірі күйінде алып шыққанымен, түтінге тұншыққан ол ау­руха­наға жетпей жан тапсырды. Қарағанды облысының Қазыбек би ауданында да же­ке тұрғын үйлердің бірі жалынға оранды. Құрылысшылар көшесіндегі №8 үйде бұл уақытта үш адам болған. 1965 және 1938 жылғы екі тұрғын құтқарушылардың арқа­сын­да өлімнен аман қалып, ауруханаға жеткізілсе, 65 жастағы қария сол жерде үзіліп кеткен. Осыдан кейін қайғылы оқиға туралы хабар Риддер қаласынан жетті. Қат­ты отынмен жылытатын пеші бар үй­лер­дің бірінен от шығып, ол лезде 40 шар­шы метрді шарпыды. Өрт сөндірушілер 1952 жылы туған үй иесі Ю.Палатинаны құтқара алмады. Тілсіз жаудың өзі үш сағат­тан астам уақытта әрең ауыздық­тал­ған.Қарашаның 10-ы күні қаламыздың Оңтүстік-Шығыс аймағында орналасқан үлкен сауда орындарының бірі «Планета электроники» сауда үйінде өрт шығып, үлкен орталық жанып кеткен болатын. Осы оқиғаға арнап, облыстық ТЖД-де баспасөз мәслихатын өткізді.Баспасөз мәслихатында сауда үйіндегі өрт шығуының негізгі себептері айтылды. Облыстың ТЖД бастығының орынбасары Айдар Қылдыбаев әуелде өрттің шығуының үш түрлі себебі қаралғандығын атап өтті. Олар: отқа мұқият болмау, оттың сырттан келуі (яғни қасақана өртеу) және электротехникалық себептер. Мұның ішінен сынақ зертханасының және жете тергеу органы қызметкерлерінің нысандағы ішкі жарықтардан басқа барлық көздердің токтан ажыратылғандығын, ал өрт ошағы бөлменің ішінен – электро-тұрмыстық техника қоймасынан шыққандығын мәлімдеген соң соңғысы алынып тасталды.


Информация о работе Экономикалық әлеуметтану