Болашақ педагог мамандарды ақпараттық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 09:42, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................
3

1 БӨЛІМ. ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ.........................................................................................


8
1.1 Ақпараттық мәдениетті дамытудағы педагогтың ақпараттық құзырлығы.....................................................................................................

8
1.2 Болашақ педагог мамандарды даярлауда ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану..........................................................................

19

2 БӨЛІМ. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ...............................................



28
2.1 Білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытудағы тұжырымдамалық көзқарастар...................................................................

28
2.2 Оқыту жүйесінде ақпараттық технологиялардың қолданылуын психологиялық тұрғыдан эксперименттік зерттеу...................................

38

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................
52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................
56

ҚОСЫМШАЛАР.........................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-БОЛАШАҚ-ПЕДАГОГ-МАМАН-ТҰЛҒАСЫН-ЗАМАНАУИ-АҚПАРАТТЫҚ-ҚҰРАЛДАР-КӨМЕГІМЕН-ДАМЫТУДЫҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫ.doc

— 374.00 Кб (Скачать документ)

- білім беру жүйесінің басқару  механизміндегі ғылыми-педагогикалық  ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік  материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану; 

- ақпараттық қоғам жағдайында  жеке тұлғаның даму бағыттарының  міндеттерін  негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен  оны ұйымдастыру формаларын таңдау  мен оның методологиясын жетілдіру;

- үйренушінің интеллектуальдық  қабілетін дамытуға, өздігінен білім  алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен  өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған  оқытудың әдістемелік жүйесін  ақпараттық-коммуникациялық технология  арқылы құру;

- үйренушінің білім деңгейін  бағалау мен бақылау әдістерін  талдау бағытында компьютерлік  тестілеуді құру мен оны қолдану.

Білім беруді ақпараттандыру процесі жағдайында  жеке тұлғаның интеллектуальдық, қоғамдық, экономикалық, коммуникациялық және  ақпараттық сияқты іс-әрекеттерін  түрлі салаларға қолдану арқылы құзырлықтарын қалыптастыру негізгі талаптардың біріне айналады.

Жаңа технологиялар - болашақ педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.

Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалық шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық кұбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде акпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-аныктамалық жүйе құрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Жаңа ақпараттық технология кұралдарын сабақтарда пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:

  • өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
  • құбылыстарға модельдер кұра біледі.

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.

Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiмге өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

- студенттің дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк  компьютерлiк ойындар және т.б.);

- проблемалық, зерттеу, аналитикалық  және модельдеу әдiстерiн қолдану  арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

- жаңа ақпараттық технология  құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта  және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:

- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:  желiлiк технологиялар  саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу; 

-  пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық  технологияны өз қызметтерiне  еркiн пайдалана бiлуге үйрету;

- қашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;

- облыстағы бiлiм беру мекемелерiн  ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;

- оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк  жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны  қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.

Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда.

 Болашақ педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:

- вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;

- болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;

- рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;

- эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;

- iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы  нәтижесiн анықтау;

- тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы  мен олардың жеке тұлға ретiнде  қалыптасу деңгейi анықталады;

- жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны  мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

Қолданылатын негізгі ұғымдар:

  1. Мемлекеттiк ақпараттық саясат – ақпараттық қоғам жағдайында  түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға  бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.
  2. Бiлiм берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн  қолдану процесi.
  3. Ақпараттық кеңiстiк -  белгiлi бiр ереже мен қағидаға негiзделiп ақпараттық субъектiлердiң өзара әрекетiн және ақпараттық тұтынушылардың қызметiн толығымен қанағаттандыруды  қамтамасыз ететiн ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы.
  4. Ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйелердегi жекелеген құжаттардың немесе құжаттар  жиынтығы (кiтапханалардағы, архивтердегi, деректер қорындағы және басқа да ақпараттық жүйелердегi).
  5. Ақпараттық жүйе  - ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы.
  6. Ақпараттық процестер – ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, iздеу және тарату процестерi.
  7. Ақпараттық орта – ақпараттық процестермен қарым-қатынас кезiнде пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң жиынтығы.
  8. Ақпараттық процестер субъектiсi – ақпараттық ресурстар иегерi және меншiгi ретiнде  ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды тұлғалар, ақпаратты қолданушылар, басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар.
  9. Ақпараттық процестер объектiсi – ақпараттық ресурстар мен жүйелер, технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.
  10. www (World Wide Web) – гипермәтiн құрылғысы көмегiмен мультимедиялық құрылғыларға өту мүмкiндiгi мен iздеу навигациялар жүйесi.

Бұл ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б. жұмыстарды қамтиды.

Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль бойынша құрастырылған:  “Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және “Оқытудағы ақпараттық технологиялар”.

Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:

        1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).
        2. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн  меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
        3. өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.

Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады.

Компьютерлік техниканың дидактикалык мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.

Енді біз ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не? деген сауалға жан-жақты тоқталайық. «Құзырлылық» ұғымы латын тілінен «сотреію» аударғанда «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. ЮНЕСКО глоссарийінде мынадай анықтама берген: Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Стенфорд комиссиясының директоры Г.Вайнер құзырлылықты адамның белгілі бір әрекеттер аймағына сәйкес бағыттылығы ретінде қарастырады. Ал белгілі ғалым М.М.Чошанов құзырлылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің оралымдылығы + ойлаудың сынаулығы. Аталған анықтамадан кейін біз ақпараттық құзырлылық дегеніміз не? анықтамасына тоқталайық.  Ақпараттық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.

Әдебиеттерде «ақпараттық құзырлық», «компьютерлік құзырлық» терминдері жиі кездеседі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты «ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық» деген терминді қолдану тиімді. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл адамдардың кез келген проблема мен міндеттерді компьютермен, ақпараттық құрылғылармен және телекоммуникациямен шешу қабілеті.

 

 

Ақпараттық қоғам жағдайында педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру көрсеткіштері төмендегідей:

- білім беру жүйесінің  әлемдік ақпараттық кеңістікке  саналы түрде енуін қамтамасыз  ету;

- ақпараттардың шексіз көлемі  мен осы ақпараттарды аналитикалық  түрде өңдеуді қамтамасыз етуге  даярлау;

- ақпараттық ортада жеке тұлғаның  шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;

- ақпараттық ортада коммуникативтік  мәдениетті қалыптастыру;

- ақпараттық ортада өзара байланыс  қызметтерін қалыптастыру;

- ақпараттық ортада ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру, жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;

- интерактивтік телекоммуникациялық  технологияларды (Интернет, қашықтықтан  оқыту және т.б.) қолдануға даярлау;

- ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру және осы дағдыны өзіндік кәсіби қызметтеріне қолдануға даярлау. 

Педагог кадрлардың білімін жетілдіру жүйесiне қойылатын талаптарға сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың келесi құзырлықтарын қалыптастырудың деңгейлерi қарастырылады:

  1. Пәндiк  -  мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
  2. Аналитикалық бақылау  - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
  3. Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
  4. Коммуникативтiк - «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм – Ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.
  5. Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
  6. Ынталы психологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
  7. Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.
  8. Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.

Информация о работе Болашақ педагог мамандарды ақпараттық