Болашақ мұғалімдерді оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2015 в 10:44, доклад

Краткое описание

маңызды болып отыр. Кәсіби шеберлікті арттыруда мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне, жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына жол ашу керек. Кәсіптік шеберлігін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқаруы тиіс. Атап айтқанда, диагностика қояды, алдын ала болжайды, жаңа технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап баға қояды. Мұғалімнің кәсіби білім деңгейіне қойылатын талаптар, өз еңбегінің нәтижелілігіне жауапкершілік күрделене түсуде. Бұл жағдайда педагогикалық шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің шығармашылық потенциалын дамыту мәселесі әлеуметтік талап қана емес, сонымен бірге мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасын шыңдауға деген талапқа ұласады. Білім беру мекемелерінде негізгі психологиялық-педагогикалық дайындықты игерген, өз пәнін жете меңгерген, әдістемелік құралдармен қаруланған, студенттерді түсінетін және олармен жоғары деңгейде қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер мұғалімдер қажет. Жоғары мектептегі тұтас оқыту-тәрбиелеу процесінің табысты болуы мұғалімнің жеке басын жетілдірумен байланысты болып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Болашақ мұғалімдерді оқушылардың эстетикалық мәдениетін.docx

— 38.97 Кб (Скачать документ)

«Болашақ мұғалімдерді оқушылардың эстетикалық мәдениетін

қалыптастыруға даярлаудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары» 

 

Ошақбаева Г.И.

Тараз  инновациялық гуманитарлық университеті Тараз қ. 

 

Қазіргі білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру маңызды болып отыр. Кәсіби шеберлікті арттыруда мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне, жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына жол ашу керек. Кәсіптік шеберлігін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқаруы тиіс. Атап айтқанда, диагностика қояды, алдын ала болжайды, жаңа технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап баға қояды. Мұғалімнің кәсіби білім деңгейіне қойылатын талаптар, өз еңбегінің   нәтижелілігіне жауапкершілік  күрделене  түсуде. Бұл  жағдайда педагогикалық шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің шығармашылық потенциалын дамыту мәселесі әлеуметтік талап қана емес, сонымен бірге мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасын шыңдауға деген талапқа ұласады. Білім беру мекемелерінде негізгі психологиялық-педагогикалық дайындықты игерген, өз пәнін жете меңгерген, әдістемелік құралдармен қаруланған, студенттерді түсінетін және олармен жоғары деңгейде қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер мұғалімдер  қажет. Жоғары мектептегі тұтас оқыту-тәрбиелеу процесінің табысты болуы мұғалімнің жеке басын жетілдірумен байланысты  болып  отыр.

Болашақ маман әрекеті құрамын саралау негізінде кәсіби бағыттылықта оқытудың мақсаты анықталатыны мәлім. Сондықтан кәсіби бағыттылықта оқыту әдістемелік жасау мен жетілдіру салаларында көптеген еңбектер өздеріне кәсіби әрекет құрамдарын: професиограммалар, мамандар моделдері, квалификациялық  сипаттамаларды саралауларды қосады. «Мамандық моделін жасауда, біздер сонымен елеулі қасиеттерін (сапаларын) танимыз және оларды қалыптастыруға бағытталған әрекетін, яғни, оның оқыту мен тәрбиелеуге байланысты екендігін түсінеміз. Маман иесін елеулі суреттеуде және қай тілде іске асыруда, оның  қандай сапаларын таңдауымызға байланысты оқу үрдісін жетілдіру мүмкіндіктері мен бағыттары анықталады» деп жазады ғалымдар Д.Б.Богоявлинская мен Н.Менчинская. Ал В.Сластенин маман моделі өзіне кәсіби бағыттылық, психология-педагогикалық және әдістемелік даярлықтарды қосады деп санайды.

2007 жылғы «Білім туралы»  жаңа Заңда педагог қызметкерлердің  кәсіби құзырлығын дамытуда ХХІ  ғасырда ақпараттанған қоғам  қажеттілігін қанағаттандыру үшін  білім беру саласында компьютерлік  техниканы, интернетті, электрондық  және оқулықтарды, интерактивті  тақтаны оқу үрдісін тиімді  пайдалану арқылы білім сапасын  көтеру арқылы нысанға алынып  отыр. Осы күнге дейін интерактивті  тақтаны пәндерді оқытуда пайдаланудың  тиімді жолдарын пайдалануда.

Пән бойынша берілетін білім мазмұнының меңгерілуі, сол білімді пайдалану арқылы оқушының өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, ендігі жерде білімінң сапасы нәтижеге бағытталады, іскерлік қатынасы көтеру мақсат етіледі.

Қазіргі заман педагогтары тек пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауына сүйенсек, білім беру реформасының басты өлшемі тиісті білім, білік алған еліміздің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі керек. Ал бұл міндетті өз пәнінің білікті маманы, кәсіби компоненттілігі дамыған педагог қызметкер ғана жүзеге асыра алады. Біздің зерттеуімізде «Бейнелеу өнері» пәні негізінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау – басты міндет болып отыр.

Эстетикалық тәрбие мен эстетикалық мәдениет теориясы бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық тәжірибелерде де бейнелеу өнері пәні негізін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану өзекті алғы шарттарының бірі ретінде қарастырылып келді. Бұл салада еңбек етіп, үлес қосып жатқандардың арасында өнердің жастар тәрбиесіндегі педагогикалық, психологиялық факторларын ғылыми тәжірибе арқылы зерттеп, құнды тұжырым жасаған педагог-ғалымдар аз болған жоқ.

Эстетикалық тәрбие беруде кескіндеме, музыка, бейнелеу өнерінің алғы шарттарын теориялық тұрғыдан қарастырумен шектеп қана қоюға болмайды. Өйткені, эстетикалық тәрбие өнермен айналысу, жалпы адамдардың қабілеттері мен мүдделеріне сәйкес келетін көлемдердегі шығармашылық әрекет. Көркем айғақтар мен құбылыстарды тек қана эстетикалық цикл пәндерін зерттеу процесінде ғана игеру мен сезіну жеткілікті болмайтындығы баршаға мәлім. Оқушылардың эстетикалық шығармашылық дарындарын дамыту шынайы сөз арқылы, көру-көрнекілік және дыбыстық бейнелеудің көмегі арқылы ұсына отырып, олардың икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру көзделген жағдайда ғана мүмкін болады. Тек осылай эстетикалық тәрбиенің диалектикалық аспектілерін қарастыра отырып, эстетикалық цикл пәндерін оқытудың мақсаты әрекетсіз теория көмегімен ғана мүмкін болмайды деп тұжырымдай аламыз.

«Эстетика» (грек. Aisthetes – сезінуші, сезім қызметіне қатысты) – көркемдік таным теориясы; әсемдік туралы, көркем шығармашылықтың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым. Эстетика ұғымы қолданысқа сұлулық, сезім жөніндегі ғылымды белгілеу мақсатымен тұңғыш рет неміс философы 1750 жылы А.Баумгартеннің ұсынысымен енгізілген.

Эстетика өнердің өзін зерттеумен ғана шектелмейді, адамның материалдық және эстетикалық көзқарасын зерттейді. Эстетика көркем шығармашылық эстетикалық бағасын әлеуметтік, саяси бағасымен біріктіре алып қарайтын көркем сынмен тығыз байланысты.

Көркем өнердің адамдардың сезіміне, жан-дүниесіне әсер ету мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып отырған шетелдік мәдениет құралдарының алпауыт иелері оны табыс көзіне айналдырып, құнсыз материалдармен жастар және балаларды санасыздық, ойсыздық селкілдеп бекер уақыт өткізу секілді жат істерге жетелеуде. Келе жатқан процеске қарсы Отанымызда «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өткеннен қалған мәдениет, әдебиет, өнер туындыларын тарихи құндылықтар ретінде жинақтап, сақтау және жас ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалану көзделсе, «Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» жастардың рухани-эстетикалық тәрбиесіне көңіл бөлу проблемалары көтерілген.

Жоғары оқу орындарында оқытатын барлық пәндер бойынша дәріс, семинар, практикалық сабақтар мен өздік жұмыстар, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұнында  орын алатын эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Ал эстетикалық тәрбиенің басты құралдарының бірі, көркем өнердің аса ұрымтал түрлерінің бірі – бейнелеу өнері. Біздің зерттеуіміз осы бейнелеу өнері негізінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлауға арналған. Әрине, бейнелеу өнерінің бағалылығы эстетикалық талғамға байланысты. Талғам жоғарылығы мәдениет көрсеткішінің бір белгісі.

Зерттеу жұмысының тақырыбындағы «мәдениет» деген терминге келсек, ол қазақ тіліне арабтың «маданият», яғни «қала, қалалық» деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті. Мысалы, Еуропа халықтары мәдениетті өркениетпен қатар қойып, байланыстырады. Тіпті кейбір шетелдік зерттеушілер «Мәдениет пен өркениет бір, олар синонимдер», «Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашақ бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі» деп түсіндіреді.

Негізінен, адамның дамуына сырттай әсер ететін қозғаушы факторлар – білім беру, оқыту, тәрбиелеу, яғни педагогиканың негізгі категориялары  болса,  ал  адам  өмірінің  құндылығы  оның  руханилығы, өзінің кім  екенін саналы  түрде  меңгеруге  ықпал  ететін  қозғаушы  факторлар – жан мен рух екенін көптеген ғалымдар мойындауда. Б.С. Гершунский «…адамгершілік, рухани құндылықтың сапалық деңгейінің төмендеуі, өркениет пен дүниетанымның тұйыққа тірелуі, ХХI ғасыр қарсаңындағы және үшінші мыңжылдықтағы жүйелі тоқырау, қоғамдық өмірдің үш моделін: білім, дін, ғылымды қамтитындығын көрсетеді. Келешекте білім беру арқылы білім мен сенімнің арасындағы алшақтықты жоюға және білім арқылы материалдық және рухани әлемді тануға болады» деген көзқарас тудырады.

Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:

1 Мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.

2 Мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, сақ мәдениеті, скиф дәуірі мәдениеті, қазақ мәдениеті).

3  Мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, құқық мәдениеті т.б.).

4 Мәдениет – адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен табысы.

Анықтамалар жүйесіне назар аударсақ мәдениеттің мәні негізінен адам іс-әрекеті арқылы ашылатынын байқадық. Яғни, мәдениет ұғымының аясы кең әрі күрделі. Біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбына «адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі» ретінде қабылданатын мәдениеттің анықтамасы жақын болып келеді. Олай дейтініміз, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде студенттерді жеке тұлға ретінде қалыптастыру, болашақ кәсібіне қажетті сапаларды тәрбиелеу, кәсіптік білім, білік, дағдыларды жоғары деңгейде меңгерту мақсаты алға қойылады. Демек, зерттеу жұмысымызда мәдениет – тұлға мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейі ретінде қарастырылады.

Тұлға мәдениетінің негізгі және қажетті құрамды буыны – оның эстетикалық мәдениетінің болуы.

Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде табиғат пен адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалатын эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау және қолдану тәсілдері. Эстетикалық  құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның  жетілу талпынысына, қоғамдық қатынастардың  барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.

«Эстетика» және «мәдениет» терминдерінің мән-мағынасын жан-жақты ашып көрсете отырып, зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты «эстетикалық мәдениетті қалыптастыру» ұғымына біз өз тұрғымыздан анықтама бердік, яғни «жеке адамның немесе тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру – оның бойына халықтың объективті эстетикалық құндылықтарын сіңіре отырып, білімі мен біліктілігін, қабілеттерін жоғары деңгейге жеткізу үрдісі» .

Эстетикалық мәдениеттің құрамына: эстетикалық қажеттілік; эстетикалық қызығушылық; эстетикалық талғам; эстетикалық әрекет; кәсіби біліктіліктер кіреді. Сондықтан жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үшін осы айтылған құрамдас компоненттердің әрқайсысының студенттің бойында болуын міндетті түрде ескеру және оларды қалыптастыру қажет деп есептейміз. Демек, эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты – тұлға бойында эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсінуін, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, білімі мен біліктілігін, қабілеттерін жоғары деңгейге жеткізу болып табылуы тиіс.

Мектептегі эстетикалық тәрбие саласындағы қалыптасқан жағдайға әсер ету үшін болашақ мұғалімдер оқу-тәрбие процесінің барлық жақтарын қамтуы тиістігіне сенімді болуы тиіс. Қалай да болса тәрбиелеу тек қана адамды өнерге тартуды ғана емес, сонымен бірге, оның кез келген істе: оқуда, өндірісте, ғылым мен өнерде қажетті шығармашылық қабілеттерін оятуды білдіреді. Осыған орай, біз болашақ мұғалімдерді оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың мазмұндық-құрылымдық моделін, Б.А.Мухаметжанов  «Арнайы мүсін» және «Қыш негіздері» пәндері арқылы болашақ сурет және сызу пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін қалыптастыру, Д.И.Үркінбаева сәндік-қолданбалы қолөнер арқылы технология пәні мұғалімдерінің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, Г.К.Шырынбекова дәстүрлі қолөнер арқылы жоғары сынып оқушыларының эстетикалық мәдениеттілігін қалыптастыру моделдеріне сүйене отырып бірінші суреттегідей түздік.

«Бейнелеу өнері» пәнін оқытудағы тәрбиелік мүмкіндіктерді пайдалану арқылы пәндік білім, білік, дағдылардың және эстетикалық мәдениеттің қалыптасу деңгейін бағалау өлшемдерi мен көрсеткіштерін айқындау қажет болды. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау барысында болашақ мұғалімдердің даярлаудың мотивациялық-танымдық, эмоционалдық-бағалаушылық, процессуалды-іс-әрекеттік деп аталатын нақты компоненттерінің өлшемдері, көрсеткіштері  және деңгейлерін анықтадық:

- мотивациялық-танымдық компонент оқушылардың бейнелеу өнерін оқып-үйренуде ынтасы, қызуғушылығы және қажеттілігімен сипатталады; 

- эмоционалдық-сезімдік компоненті мәдени мұра құндылықтарын үлгі тұтып, эмоционалды көңіл-күймен қабылдауы, оны игеру мен дамытуда эстетикалық бағалау көзқарасын  қалыптастыру  деңгейімен сипатталады;  

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби қызметін тиімді орындауды қамтамасыз ететін талаптардың мазмұндық моделі

- процессуалды-іс-әрекеттік компоненті оқушылардың өнерді жүйелі түрде меңгеруде шығармашылық іс-әрекет біліктерінің қалыптасу деңгейлерін анықтауымен сипатталады. 

Сонымен қатар, «Бейнелеу өнері» пәні негізінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың үш деңгейі – төмен, орта, жоғары болып бірінші кеседегідей белгіленді.

Төменгі деңгей – оқушылардың өнер туралы жалпы мағлұматы болғанымен, оған деген қызығушылық деңгейі төмен. Оны өз шығармашылық мәдени деңгейін көтеруде пайдаланудың қажеттілігін жете түсінбейді; сенімі тұрақсыз; бейнелеу өнерін оқып-үйренуде қажет практикалық дағдылары  қалыптаспаған.

Информация о работе Болашақ мұғалімдерді оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары