Білім берудегі сапа менеджменті- басқарудың инновациялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 06:09, реферат

Краткое описание

Жаңа ғасыр - ерекше кезең. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибемізге, бай мұраларымызға талдау жасалып, жіктеліп, ойларымыз қорытылып нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу - өмір талабы. Білім беруді басқару - ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың мәдени-этностық тілдік мүдделерді қанағаттандырудың, мемлекетіміздің стратегиялық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі – жаңа білім кеңістігін құрудың бірден-бір құралы. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертеңгі тәуелсіз мемлекетімізге ие болып, тізгінін ұстар мамандарды – бәсекеге қабілетті кәсіби білікті маман ретінде ғана емес, кәсіби құзырлы маман ретінде дайындау негізгі міндетіміз.