Бастауышта шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 19:38, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің ғылыми болжамы:Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін оқытудың үрдісі сапалы түрде өтеді егерде:
1)берілген педагогикалық-психологиялық негіздерге бейімделсе,
2) берілген талаптарға сәйкес болса
а)тілдік материалдарды дұрыс пайдаланыуы
б) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
в)оқыту үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуы.
3) балалардың психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық оқу әрекеті барысында бастауыш сынып бастауыш сынып оқушыларының психологиялық тұрғыдан дидактикалық негіздерін анықтау;
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының шет тілін оқытудың барысында психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың моделін жасау;
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы қызығушылығын артыру.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының шетел тіліне оқытудың ғылыми-теориялық негіздері.
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін оқытудың теориялық болжамы............................................................................................10
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялықерекшеліктері................19
1.3 Кіші мектеп оқушыларының шетел тіліне оқытудың психологиясы............35
2. Бастауыш мектеп оқушыларына шет тілін оқытудың тәжірибелік-эксперименттік жұмысы.
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларына шет тілін оқытудың тәжірибелік-эксперименттінің мазмұны......................................................................................48
2.2 Бастауыш мектеп оқушыларын шетел тіліне оқытудың әдістемесі...................................................................................................................59
2.3 Бастауыш мектеп оқушыларына шет тілін оқытудың тәжірибелік-эксперименттінің қорытындысы.............................................................................78
Қорытынды......................................................................................................83
Қолданылған әдебиетер…………………………………….............................87
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауышта шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері.docx

— 232.49 Кб (Скачать документ)

Елбасымыз өз жолдауында үш тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігін  және 2020 жылға қарай ағылшын тілін  меңгерген халықтың үлесі кем  дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін  атап өтті. Қазіргі кезде мектептерде  ағылшын тілін меңгеруге аса  көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде  дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан  бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары  ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ  оқуы мен қызметіне шетел тілінің  кажет екендігінін жақсы түсінеді.

Қазіргі таңда ағылшын  тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға  деген қызығушылығын дамыту. XXI ғасыр  жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан  қазіргі күні шетел тілін түрлі  жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға  және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады.

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға  болады.3 тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі бірін-

ші және үшінші сыныптан бастап өтуді негіз етіп отыр. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйретіу тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты, мөралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.Қазіргі өзекті мәселелердің бірі өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын болу ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатанасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі белгілі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» – деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, бүкіл орта білімнің іргетасы осы сатыдан бастау алатыны белгілі.Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда білім берудің басты тапаптарының бірі – баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап,бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.Қазіргі таңда оқушыларға білім беру жеке тұлға дамытуға бағыттала жүргізілетін болғандықтан, бағдарламалық материалдарды оқытуда олардың ғылыми ұғымдарын қалыптстыру мәселесіне баса көңіл бөлудің керектігі туындап отыр.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, дидактикалық ойындарды дұрыс таңдау керек. Ал, дұрыс таңдау үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек.Тек қана осы жағдайда ғана,біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ.Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында.Қазіргі жастар – ертеңгі Қазақстанның болашағы. Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шетел тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шетел тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шетел тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн.Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде.Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық,мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шетел тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын,білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты. В.И. Загвизинскийдің пікірі бойынша сабақта білімге қызығушылық, ізденуге, зерттеуге, ойлап табуға, тапқырлықты дамытуға атмосферасын орнату маңызды десе, М.И. Махмутовтың пікірінше теориялық негіздеулерсіз, оқу ақпараттарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін өте жетілген жаңа әдістерді оқытудың тәжірибесіне енгізбейінше, үйренушілердің танымдық іс-әрекетін белсенді етпейінше, олардың шығармашылық қабілеттіліктерін жұмылдырмайынша, оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру мүмкін емес.[19;20]

Білім беру саласында түрлі  технологиялар енгізілуде, бірақ  олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану  басты талап. Мәселе технологияларды  кеңінен пайдалану емес, мәселе –  тұлғаны нәтижеге бағыттай білім  беруде.

Жаңа технологиялар –  педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра  алмайды. Компьютер мүмкіндіктері  психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык  талаптарға сай қолданылуы керек.

Ағылшын тілі екінші сыныптан басталады, сол кездің өзінде-ақ қай оқушының шетел тіліне қандай екенін байқауға болады. Екінші сыныпта ешқандай өзгеріс бола қоймайды, барлығы біркелкі оқитын сияқты болып көрінеді. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Сол кезде оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімдеп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тапсырма бере бастаймын.Мысалы: бесінші сыныпта оқушылар диалогты оқып, мазмұнын түсініп отырса ол оны кітапсыз, есіне сақтау қабілетін қосып рольмен ойнап береді. Осы кезде жиі-жиі рольдерін ауыстырып отыру керек. Және диалогты өз ойынмен аяқта, тірек сөздерін сақтау керек екенін ұмытпағаны жөн. Екі бала бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Осы кезде барлық оқушылардың әр-түрлі жұмыс істейтін қабілетін байқап, олардың шығармашылығын дамытуда дамыта оқыту технлогиясын қолдануға болады. Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстаймын. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынтасы артады, білім алуға әрекеттенеді.

 

 

    1. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

 

Баланың есеюін, оның психологиялық  дамуын түсіну үшін алдымен 

«даму» деген сөзіне, соған тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді.

Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болғандықтан, оның кейде кері кетуге байланысты дамуын психикалық аурулардың кейбір түрлерін еске алмағанда, әсіресе тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алатыны рас.

Психика дамуы үшін жаңамен  қатар көне, ескіден қалған қалдықтар  болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты біз инвариант лат. «өзгерілмейтін» деп атадық та, осыған тіректелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп атадық. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз. Егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістердің тіреніші болмаса, яғни ол өзгерін жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.

Біз сол жәйіттерді баланың  әр жаста психикасы қалайша дамиды соған орай қарастырып көрейік. Бұл  жөнінде мынадай бір-біріне қарама-қарсы  екі пікір бар: солардың біріншісі  бойынша, баланың бір жас кезеңіне көшкенде, біржолата жоқ болып  кетпейді, бірі бірінің үстіне үйіліп, қосылып жатады. Екінші пікір бұған қарама-қарсы: бала бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне көшкенде бұрын үйренген оның қасиеттері жоғалады да, осының орнына жаңа психикалық қасиет пайда болады. Ал психикалық даму білімнен  (дағдыдан) өзгеше келеді. Психикалық дамуды тек баланың есеюімен (есінің кіруімен, ақыл ойының өрт алуымен) ұштастырады.

Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды. Бірақ оның құрамы бәрінде  өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен  қатар аз өзгерілетін қасиеттер: «инвариант» психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі.

Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психологиясының дамуына тигізетін ықпалына келелік. Соңғы кездерде баланың психикалық дамуында биологиялық немесе әлеуметтік факторларының ықпалы басым келеме, осы жөнінде айтыстар болып бірақ зерттеушілер бір келісімге келе алмай отыр.

Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психофизологиялық  психобиологиялық- процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ кейде зерттеушілер «биологиялық» деген сөзді «тұқым қуалаушылық мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың психикалық тұрғыдан қалай дамитының толық түсіндіре алмайды. Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп «оятып» жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Ал сұрақтың қате қойылу себебі неліктен? Мұның себебі бірнеше жағдайларға байланысты болды. Бұл ілгеріде аталып кеткен педагогика ілімі баланың ой өрісін дәлелдеуде тұқым арқылы берілетін қасиеттерге тек мән беріп, әлеумет ортасының, соның ішінде тәрбиенің тигізетін ықпалын жоққа шығарып келді. Педагогтардың сол негіздегі сәтсіздігі қолданған тәсілдерінен ғана емес, бала психикасының дамуын, біріншіден, тұқым қуалаумен байланыстырып, бірақ осының не екенін дәлелдей алмауынан, екіншіден, әлеуметке байланысты факторларды (тәрбие, оқыту) биологиялық факторлардан бөліп алып түсінуінен. Осы кемшіліктер қазірде еске алынып, биологиялық және әлеуметтік факторларды бір біріне қарсы қоюға болмайтындығы мойындалды. Осының болмайтының дәлелдеуге үлес қосқан психолог А.В.Брушлинский болатын.[21] Брушлинский еңбектерінде биологиялық факторлармен әлеуметтік факторлары логикадағы дивьюнктиптік «не мынау», «не анау» процестері емес екенін дәлелдеп берді. Осыған сүйене отырып, шыңында, биологиялық не әлеуметтік факторлардың бірі шешеді деу қате. Бұлардың әрқайсысы өз орнында қажет. Егер біз биологиялық факторды баланың туылғанынан (тұқымынан) берілген дене бөлшектері десек, осылар ешқандай рөл атқармайды деуге болмайды. Керсінше, адамнан тек адам туылуы биологиялық кодтар  пішу т.б. арқылы берілген. Сондықтан қай бір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың өзі, оның іштен туа берілген несбесі шартсыз рефлекстері, т.б.. Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі, сол білінбей ұйықтап жатқан несібелерді оятып, соларды дамытуда негізгі роль атқарады. Біздіңше, бұл оқиға рас болғанымен, іштей туа берілетін баланың қасиеттері түкке тұрмайтынына дәлел бола алмайды. Біріншіден, гуайкилдықтар тұқым жағынан француздардан бірден бір кем емес. Сонымен біз биологиялық және әлеумет факторларының бала психикасының дамуына тигізетін әсеріне тоқтадық. Егер биологиялық фактордың ықпалы баланың жас кезінде нәресте кезінде үлкен роль атқаратын болса, бала есейген сайын оның рөлі кемиді де, енді әлеумет факторының рөлі күннен күнге өріс ала бастайды.

Психиканың дамуы мен оқытудың баланың есесін тигізетін әсерін талдап көрейік. Ж.Пиажа 1921-1922 жж. Француз тіліңде аударылған еңбегінде [22] баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді деді. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж.Пиажені сынға алушылар бар елде көбейе бастады, соның бірі біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек, деді, Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, деді Выготский, оқыту тәсілдерін оның коды кеткен даму дәрежесіне дәл, алшаңдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек.[22;23] Сонда ғана оқыту баланың ой өрісін алға қарай сүйрейтін болады, дейді. Бұл пікірді сол кездегі совет психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын сүйрейді деген қағида аса орынды көріңді.

Шетел психологтарының ішінен Дж.Брунер Выготскийдің пікірін жақтады. Бұл сыңдарды Ж.Пиаже аңғармаған сияқты болып, өзінің осы пікірін  онан әрі ұлғайта бастады, келіспеушіліктің осы түрі болғанына алпыс жылдай мерзім өтті.

Соңғы жылдары біздің елде М. Коул, Ч. Лейв Пиаженің пікіріне жуық растайтын пікірлер айтылды.[24;25] В.Давыдов Париж қаласында ұйымдастырылған халықаралық психологтар конгресіндегі баяндамасында Пиаженің оқыту ақыл ойдың дамуына әсер етпейді дейтін қағидасы қазір дәстүр болып келген оқыту жүйесіне тікелей қатысы бар, оқытудың бұл түрі баланың ой өрісін алға қарай дамыта алмайды, деді.[26] Осыны айта келіп қазіргі оқыту тәсілдері баланың ақыл ойын дамыта алмайтыны дидактиканың мынадай: «оқыту баланың оқу үлгеріміне тең болуы қажет» дейтін принципінен де белгілі; егер оқыту баланың сабақ үлгеріміне шақ келгенде ол осыған қыйналмайды; ой өрісті сүйрейтін тек қиыншылық. Қатар оқу материалы балаға жеңіл түссе, не шақ келсе, осының бәрі баланың ой өрісін дамыта алмайды. Баланың ой өрісін дамыту үшін оқытудың айласын мүлде өзгерту қажет. Бұл жөнінде автор Д.Б.Эльконинмен бірге бірлесе отырып оқытудың жаңа тәсілдерін бастауыш сыныптарға енгізіп отырғанын және осының өзі баланың ой-өрісін сүйрейтін құралы болуы керек екенін ескертеді.[27]

Ал жаңағы сөзінде В.В.Давыдов  қазіргі заманның оқытуда бала психикасының дамуына әсер етпейді дегенінде, осының өзі дәстүрге айналған кәдімгі  мектептің оқыту тәсілі жөнінде  айтылып отыр. Ал қазірге дейін  болып келген оқыту балаға әсер етпесе сонда оқытудың қандай түрі оның ой-өрісінің қалыптасуына ықпалын тигізеді? Бұл  жөнінде В.ВДавыдов оқытудың жаңа түрі психиканың дамуына әсер етеді деген  сөзін өзінің тәжірибесіне сүйеніп  айтып отыр. Оның пікірінше, қазіргі  мектеп балаларды ғылыми ұғымдарға  сүйеніп оқыта алмайды. Бұл жерде  ұғым деп оның жалпылау функциясын айтып отыр.Балалар жасын тиісті кезеңдерге бөлу мәселелерін қарастырайық. Бала жасын кезеңдерге бөлу жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылым тұрғысынан дәлелденген болатын. Жасты кезеңдерге бөлуді жабайы өмір тұрғысынан Г. Гете мен Л.Н.Толстой жазды. Л.Н.Толстой бөбек пен жеткіншек балалардың балалық және ересек туралы әдейі кітап жазып, сол кітабын балалардың есеюіне арнаған болатын.[28;29]

Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балаларды қай жасында  қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылып, оның есеюіне орай жасты неше түрлі  кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені  мынадан: Әр жас кезеңде баланың  өз үй ішінде және құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас кезеңін топтастырып көрейік.

Туғаннан 1 жасқа дейінгі  кезең - нәресте жас кезеңі. Нәресте  жасы мынадай 2 кезеңге бөлінді:

a) бесік жасына /туғаннан 7 айға дейін/;

б) еңбектеу жасына /7 айдан 12 айға дейін/.

1-ден 3 жасқа дейінгі  кезді – бөбектер жасы дейді.  Бұл кез баланың тілі шығып,  денесі нығайып, ойнай бастау  мезгілі. Бөбек өте мейірімді  келеді. Мысалы, малдың төлдерін /лақты,  қозыны, бұзауды т.б./ осы жастағылардың  ұнататыны сондай, бала қозының  қасына келіп, үстінене сипап,  не солардың дауысын салып  еліктейді. Қыздар мен ұлдардыың  осы жастағы ойыны алдыңғы  жастарға қарағанда қарапайым  келеді. Қыз ойын көбінесе шешесіне, ұлы әкесінің жұмыстарына еліктейді.

3-тен 7-ге дейін сәби  жасы. Бұл жастағылар жұмыстың  қарапайым түрлерін орындауға  қатысты: Қыздар көбіне қазан-аяқ  алып шешелеріне көмектеседі  /нан илеу, от жағу, су әкелу  т.б./. Ал ер балалар бұзау, не  қозы бағып, тезек теріп, оны  түйеге артып келетін. Шөмеле  тасу үшін түйеге мініп, не  биелер мен түйелерді қайырып  келетін-ді.

8-ден 11жасқа дейін періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда қазіргі тұрғысынан /1-1,5/ жыл алдакелетінін, елде мәдениет дамымай тұрған кезде әбден жақсы білінді. Бұл жас кезеңін періште жасы дейтін себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттелді. Егер бұлар бұзақы іс жасай қалғанда соның кінә екені осы жастардан соң есептелінеді. Қыздар шешесіне көмек көрсетуі тиіс болды, ұл балалар үй ішінен сыртқы жұмыстарға жегілді демек, осы жастағылар игілікті өндіруге қатыстырылды. бұл жас әлі кішкентай болып есептелінеді. Мәселен, біреудің үйіне қонақтар келсе, осы жастағы балалар солармен бірге дастарқан басына отырғызылмайтын, тек шешесімен бірге ас ішетін.

12 жастан 13 жасқа дейін  бозбала /қыз бала/ кезеңі. Бұл  мезгіл ұл мен қыздардың недәуір  есейіп қалған кезі. Мұны мынадан  байқауға болады: үйге қонақ түскенде  осы қыздар қонақтардың көзіне  көрінбейтін. Ұлдарды ұлдармен  бірге табақтас ететін, киген  киімі де өткен жасындағыдай  емес, үлкендермен қатар атқа  мініп, саяхат жасауға, аң аулау  т.б. қосылатын.

Информация о работе Бастауышта шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері