Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:47, курсовая работа

Краткое описание

Білім мен тәрбе берудің ең басты міндеті – мектептің іс-әрекетіне психологиялық тұрғыда ықпал ету. Мұның дәлелі – қазіргі кезде мектепте жүргізіліп жатқан психологиялық-педагогикалық жұмыстар. Психологияда алға қойылған мақсат әр оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып, оларды дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бұған тек психологтар ғана емес, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің және ата-аналарды ықпалы зор. Жеткінектерді жай-күйін, ынтасын, ықыласын, қызығушылығын есерсек олар жалаң теориямен оқуға ынталы емес. Сол себепті олардың білім алуға белсенділігі мұғалімнің талабына, оқушымен қарым-қатынас орната алу шеберлігіне байланысты. Бұл үшін мұғалім психолог болу қажет.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................2-4

І тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру.
1.1. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие ісіндегі педагогикалық міндеттері.............................................................................................................5-11
1.2 Бастауыш сынып оқытушысының тәрбие және оқыту әдістерінің ролі.....................................................................................................................12-25
1.3 Бастауыш сынып оқытушысының педагогикалық әдептің орны...................................................................................................................26-28

ІІ тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері.
2.1. Педагогикалық әдеп туралы жалпы ұғым................................................29-34
2.2. Педагогикалық әдеп және оны меңгеру жолдары....................................35-46

Қорытынды.............................................................................................................48

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-мұғалімінің-педагогикалық-шеберлігі.doc

— 378.50 Кб (Скачать документ)

1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т.б. маңызы зор. Бақылау тек көру т.б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.

2. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы затардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық етуі қажет.

3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек.

Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.

Оқытудың негізгі дэстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді.

Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, физика пәндерінде жиі қолданылады.Аталған пәндердің мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді.

Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оөқушылардың бәрі біріңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.

Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.

Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушылардың қажетті аспаптарымен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.

Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін му-қият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.

Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады.

Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден , ұжымдық түнде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындылатын мұғалімнің өзі жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды.

Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу, секілді оқушылар әрекеттері жатады.Графикалық жұмыстар география мен тарих , сурет сабақтарында кеңінен пайдаланылады.

Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны - жаттығу әдісі. Бұл әдіс оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында теоиялық меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Сондықтан, бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады.

Жаттығу жұмыстары негізінен тіл мен математика, сонымен бірге, шет тілдерін оқу пәндерінде көбірек жүргізіледі. Оқушылар осы пәндердің мазмұнына қатысты теориялық білімдерін ысықтау арысында практикалық жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тіл сабақтарында диктант жазу, грамматика және фонетика жұмыстарын орындау т.б.

Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау белсенділігін арттырады. Өзіндік жұмыстарына оқушылардың шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма жұмыстары да жатады. Оқушылардың осындай жұмыстары жазбаша жаттығу деп аталады.

Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяндауға дағдылану мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге бөлуге болады. Бірінші -ғылыми пәндердің ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу.

Екіншісі - оқу материалынң мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншішісі- көркем әдебиеттерден жатқа үзінділер оқу, баяндамалар жасау немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып беру.

Оқыту әдістері — оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың мақсат сіндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс.Сондықтан , оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару қажет.

4.Оқыту әдістерін жетілдіру  және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі

Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күнің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудң жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрқша маңыз беріледі.

Алайда, оқыту әдісін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдерімен жолдарын талап етеді. Сондықтан , оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатыны , оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайыкдық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін үдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Олай болса , оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді.

І. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне. Оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.

2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын кабинет жабдықтарын ескеру.

З. Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа , ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.

4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына , оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.

Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық - мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе е , ең алдымен , оның мақсатын анықтауы тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Бастауыш сынып оқытушысының педагогикалық әдептің орны

Педагогтық әдеп - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болатынын өздеріңіз білесіздер. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші үшін үн немесе музыкант ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет.

Педагогтық әдеп  - оқуда да, тәрбиеде де өте-мөте қажет, оның ролі тәрбие жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлемінен алыстау мұғалімнен балалар өздеріңе ауыр тигенімен эйтеуір бірдеңе үйренер. Алайда, ондай мұғалімдердің тәрбиесінен нәтиже шығу-шықпауы екіталай. Моральдық сенім, ынта, ықылас, талғамды күштеп қалыптастырмайды. Қалыптастыру үшін амал біреу: оқушылар мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрмет тұтулары керек.

Педагогтық әдептілікте, мұғалімнің оқушылармен тек сабақ үстінде ғана емес, сабақтан тыс кезіндегі байланысында болып отыр ғой. Оқушылар көбінесе ескертпе жасағыш, сол арқылы өздерінінң артықшылығын көрсетуге, үстемдігін жүргізгендеріне мэз. Сабақ үстінде олар «шыбынның ызыңы естілгендей» тыныштықта отыруын талап етеді. Ол мұғалімдер, сірә, оқушыларды бұлай тырп еткізбей отырғызу жоғары педагогтық шеберліктің ең сенімді дәлелі деп түсінсе болады. Мұндай тәртіп пен нағыз тәртіптің екі арасы жер мен көктей екенін айтып жатудың қажеті бола қоймас.

Педагогтық әдеп ауадай қажет. Оған қоса, 
педагогтық істің шебері оқушылардың түсінігін, 
тәжірибесін біліммен байытып, моральдық санасын 
қалыптастыруға      сапасын қалыптастыруға, программалық материалдың жақсы мұғалімі болып қана қоймай, оқушылардың тәрбиешісі де болуы тиіс.

Педагогтық әдеп - сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша, оқу-тәрбие   процесінде   ілгерілеу жоқ. Оның үстіне, белгілі психолог М.Д. Левитов дұрыс айтып көрсеткеніндей, педагог әлептен құр қол болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп-қылықтардың пайда болуына себеп болады. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейтін, мұғалімге өшігіп, бәрін теріс істеуге бейім тұратын көрінеді.

Педагогтық шеберлік — тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және-методикалық сауаттылығы ғана емес, ол — әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға сіңіруі.К.Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «педагогика теориясын қаншама жетік білгенімен» педагогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейді. Егер, педагог таланты, педагог шеберлігі жайында әңгіме қозғала қалса, ба-лалар жүрегіне жол табу, олармен байланыс мәселесі алдымен айтылуы тиіс. Бұл, әрине, екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның бәлкім, өздеріңіз де сезініп-біліп жүрген шығарсыздар.

 «Әдеп» (такт) сөзі (латынша tactus) «жұғысу» , «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Әдеп - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай. Әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп түру тән. Басқа адамдармен қарым-қатынаста әдепті адам сақ та сергек. Ол өзін коллектите оған сөзімен, жеңілтек мінезімен ешкімнің көңіл-күйін бұзбауға тырысады.

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып есептеледі. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапқырлылық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарай тануға болады.

Педагогтық әдеп - медицина қызметкерінің дәрігерлік этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады.

Педагогтық әдепке - баланы адам ретінде сыйлау деп анықтама беруге болады. Педагогтық кейбірулері педагогтық әдеп деп - мұғалімнің оқушыны баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері мұғалімнің жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі: үшінші біреулері - пәнді жетік білу және оның методикасын жақсы меңгерудеп есептейді.

Педагогтық әдеп дегеніміздің өзі, шын мәнінде, психологиялық әдеп деген К.Д. Ушинскийден бері келе жатқан анықтама.

Педагогтық әдеп көбіне -көп оқушылармен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында ұстанатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. Жөнсіздікке жол беру - педагогтық әдептен айырады. Тәжірибелі педагогтардың да кейде шамдануы мүмкін, бірақ олар шектен шықпайды.   Педагогикада шектен тыс   шара қолдану, қашан да педагогтық әдептің бұзылуына апарып соқпай қоймайды. Оқушыларға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді салаларда шек-шаманы шамалау, сөз жоқ, педагогтық әдептің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Педагогтық әдеп көбіне-көп оқушылармен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында ұстанатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. Жөнсіздікке жол беру педагогтық әдептен айырады. Тәжірибелі педагогтардың да кейде шамдануы мүмкін, бірақ олар шектен шықпайды. Педагогикада шектен тыс шара қолдану, қашанда педагогтық әдептің бұзылуына апарып соқпай зққоймайды. Оқушыларгғ ықпал ететін әдіс-тәсілдерді сараларда шек-шаманы шамалау, сөз жоқ педагогтық әдептің манызды; шарттарының бірі боп табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері.

2.1. Педагогикалық  әдеп туралы жалпы ұғым

Педагогтық әдеп, кең мағынасында алғанда -мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қоданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.

Оқушыларға біздің тарапымыздан болатын әрбір педагогтық әдіс-тәсіл, әрбір ескертпе мұғалімнің беделін жоғары көтеретіндей, не болмаса оған нұқсан келтірмейтіндей болуы керек. Мұғалімдер өз талаптарын оқушылардың қалай орындайтынына маңыз беріп қана қоймай, сонымен қатар, іреніш тумау жағын да ойластырғаны жөн.

Әр нәрседен хабары мол әдепті мұғалім оқушылардың жүрегіне жол таба біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерік-жігер, ұстамдылық, ілтипаттылық, дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл, ертілік, әзіл оспаққа үйірсектік, көзқарас және ырғағының мол болуы.

Шынайылық пен ашық әңгіме де біраз әңгіменің түйінін шешіп береді. Педагог жалғандыққа жаны қас адам болуы тиіс, шыншыл адам болуы қажет.

Оқушыларға ықпал-әсер ететін әдіс-тәсіл қорының молдығы қажетті нәрсе саналмағанымен , мұғалімнің педагогтық әдепке ие екенін білдірмейді. Оған қоса, әрбір ықпал-әсер әдіс-тәсілін нақты іс-қимыл мен нақты жағдайға сәйкес қолдана білу талап етіледі.

Әрбір әдіс-тәсілдің орынды қолданылғаны жақсы. Орынымен аяқталса, әзіл-қалжың ашу-ызаның бетін қайтарады.

Педагогтық әдеп - творчество, ақыл-ой әрекеті айрықша іскерлік. Әдепті мұғалім педагогтық әр түрлі әдіс-тәсілдердің мол арсеналын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып, өлшеп, орынымен пайдалана да біледі.

Оқушылардың - мінез-құлықтарының қыр-сырын нәзік түсінетін әдепті мұғалім дөрекі, добал мұғалімге қарағанда өзін көтеріңкі сезінеді. Әдепті мұғалімге оқушылардан көз айырмаудың қажеті жоқ. Оның оқушылармен байланысы     сенім мен сыйластыққа құрылады. Сондықтан да , ондай мұғалім оқушыларымен ара-тұра     жеңіл     әзілдесіп, қайсыбіреулеріне мысқылмен ескерту жасай алады. әдепті мұғалімнің мінез-құлқын түгелдей (дауысы, жүріс-тұрысы, қалпы) табиғи болады. Оқушыларымен әдепті қарым-қатыста болу әдетіне, мінезінің ажырамас бір бөлігіне айналады. Бойына осындай әдет-дағдылар сіңген ұстаз ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Бұған әр педагог ие болуы қажет.

Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік

Оқытуды ұйымдастыру формасы — оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. ¥йымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.

Информация о работе Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері