Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 21:32, курсовая работа

Краткое описание

Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерінөмірде пайдалану білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс-әрекеті.........................7
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық процестері және олардың көрініс беруі...........................................................................................13
2 тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері.
2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығының ерекшеліктері.........................................................................................................41
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу....................................................................................................................48
2.3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық қызығушылы- ғын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы...................................................53
Қорытынды............................................................................................57
Пайдаланған әдебиеттер.................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш мектеп окушылар туралы интернеттен.doc

— 304.50 Кб (Скачать документ)

    Осы тұрғыдан келгенде А.Лауланбекованың зерттеуге алып отырған мәселесі өте маңызды.

     Диплом жұмысы  – кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс мазмұнында бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын арттыру, ең алдымен    оқу – танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері және оқушылардың оқуға қызығушылығының ерекшеліктері теориялық тұрғыда талдау жасалып, бастауыш сыныпта оның көрініс беру мүмкіншіліктері баяндалды.

   Мектеп практикасында  көрініс – анкета, бақылау сұрақтарымен, зерттеу әдәстерін қолдана отырып, сипат береді. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын айқындау, оны дамытудың жолдары көрсетіледі.

     Қорыта айтқанда –бітіруші өз мүмкіншілігін дұрыс пайдаланған, жұмыс талапқа сай орындалған.

 

Пікір жазған:                                аға оқытушы Сұлтанбекова А.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Шымкент институты, Заң факультеті 46-14 оқу тобының студенті Лауланбекова Айкен Махаметәліқызының “Бастауыш мектеп оқушыларының оқу танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері” тақырыбында дайындаған диплом жұмысына

ПІКІР

      Диплом жұмысының басты мақсаты бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктерін көрсету болып табылады.. Ізденушінің дипломдық жұмысының мазмұны тақырыпқа сай, жоспар бойынша жүйелі жазылып, тиянақты ізденіспен орындалған. “Бастауыш мектеп оқушыларының оқу – танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері” жөніндегі – пікірлер мен зерттеулерді толық қамтуға тырысқан.

Ізденуші жұмыстың тақырыбын екі тарау бойынша жеке – жеке қарастырып, бастауыш мектеп оқушыларының оқу – танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктерін, олардың жетекші іс – әрекетін зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып, нақты да дәлелді  мысалдармен ұтымды баяндай білген. 2 тарауда бастауыш мектеп оқушыларының оқу – танымдық әрекеттерін зерттеу, оқуға танымдық қызығушылығын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы, олардың мән -мағынасын ашып, мектеп жұмысында олардың практикалық қолданылымын жақсы көрсете білген. Ізденуші диплом жұмысында көптеген ғылым – педагог, әдіскерлердің еңбектерін пайдаланған.

    Қорыта айтқанда – бітіруші өз мүмкіншілігін дұрыс пайдаланған, жұмыс тақырыбын толық меңгерген. Диплом жұмысын “өте жақсы” бағалауға ұсыныс жасаймын.

 

 Пікір жазған:                             п.ғ.к., доцент Пәзілов Ә.

 


 




Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері