Балапан бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 17:36, доклад

Краткое описание

2015 жылға дейін мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 70 %-ын қамтамасыз ету;
2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;
республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескеріп, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін арттыру;
мектепке дейінгі ұйымдарға д

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАПАН БАҒДАРЛАМАСЫ.doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

Бағдарламаны іске асыру  барысында мақсатқа қол жеткізуге  кедергі жасайтын демографиялық  процестерге байланысты қауіп-қатерлер туындауы мүмкін.

Демографиялық процестердің оң динамикасы болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігі туындайтын немесе өсетін елді мекендердің саны көбейеді.

Қауіп-қатерлер деңгейін азайту үшін балаларды қамту және мектепке дейінгі ұйымдар ашуды қаржыландыру үшін жыл сайынғы нақтылау кезінде Бағдарламада көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін жандандыру қажет.

 

 

4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері,

нысаналы индикаторлары  және оны іске асыру

нәтижелерінің көрсеткіштері

 

4.1. Бағдарламаның  мақсаты:

Тұрғын халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының  сапалы қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру.

 

4.2. Бағдарламаның міндеттері

Бағдарламаның мақсатына  қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді  шешу қажет:

- 2015 жылға дейін мектепке  дейінгі тәрбиемен және оқытумен  мектеп жасына дейінгі балалардың  жалпы санынан 70 %-ын қамтамасыз  ету;

- 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлықпен толық қамтамасыз ету;

- республикадағы демографиялық  жағдайды және тұрғын халықтың  білім алуға қажеттілігін ескере  отырып мектепке дейінгі ұйымдардың  вариативті желісін ұлғайту;

- мектепке дейінгі  ұйымдардың тапшылығы проблемасын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдай жасау;

- мектепке дейінгі  ұйымдарды білікті кадрлармен  толық қамтамасыз етуді және  үнемі олардың біліктілігін арттыруды  жүзеге асыру.

 

    1. Нысаналы индикаторлар

Бағдарламаның міндеттеріне қол жеткізу мынадай индикаторлар бойынша көрсеткіштері бар аралық нәтижелерді салыстыру және өлшеу арқылы анықталатын болады:

мектепке дейінгі білім  беру жүйесінде қосымша ашылатын орындардың саны;

мектеп жасына дейінгі  балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

топтардың толықтырылуының  орташа көрсеткіші;

5-6 жастағы балаларды  мектепалды даярлықпен қамту;

жоғары және бірінші  санатты біліктілігі бар педагог  қызметкерлер үлесі. 

 

    1. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

2010 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 89 723 орын енгізіле-ді, оның ішінде:

34104 орын шағын орталықтарға;

55619 орын заңнамада  белгіленген тәртіппен  қалпына  келтірілген, коммуналдық меншікке  берілген және бұрын сатып  алынған жекешелен-дірілген балабақшаларға.

2011-2014 жылдары 210 905 орын енгізіледі, оның ішінде: 2011 ж. – 84657; 2012 ж. – 58441;  2013 ж. – 38447; 2014 ж. – 29360.

2015 жылға қарай ұйымдастырылған  мектепке дейінгі тәрбиемен және  оқытумен 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі  балалардың жалпы санынан 70 %-ы қамтылатын болады, оның ішінде: 2010 жылы – 48 %, 2011 ж. – 55,6 %,        2012 ж. – 60,8 %, 2013 ж. – 65 %, 2014 ж. – 70 %.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы  топтардың орташа толықтырылуының  көрсеткіші 2010 ж. – 29 адамға; 2011 жылы – 28 адамға; 2012 жылы – 27 адамға; 2013 жылы – 26 адамға; 2014 жылы – 25 адамға төмендейтін болады.

2015 жылға қарай мектепалды  даярлықпен 5-6 жастағы барлық бала  қамтамасыз етіледі, оның ішінде: 2010 ж. – 88 %, 2011 ж. – 92 %, 2012 ж. –      95 %, 2013 ж. – 97 %, 2014 ж. – 100 %.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жоғары және бірінші санатты педагог  қызметкерлерінің үлесі педагог  қызметкерлердің жалпы санынан:

2010 ж. – 23 %-ға; 2011 ж. – 24 %-ға; 2012 ж. – 24,5 %-ға, 2013 ж. –         24,8 %-ға; 2014 ж. – 25 %-ға дейін өседі.

Жоғары оқу орындарында  және кәсіптік және техникалық білім  беру ұйымдарында 2015 жылға дейін  мектепке дейінгі білім берудің 18 мыңнан астам педагог қызметкерлері  даярланады, қайта даярлау курстарынан  өтеді және жұмысқа орналастырылады.

Ата-аналар үшін консультациялық пункттердің желісі дамитын болады, бала күтушілер даярлау бағдарламасы әзірленеді және үй тәрбиесі практи-касына енгізілетін болады.

Әрбір елді мекенде, кемінде, бір мектепке дейінгі ұйым болады немесе мектепке дейінгі тәрбиенің  басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалады.

 

 

5. Бағдарламаны  іске асыру кезеңдері

 

Бағдарламаны іске асыру  мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады  және тиісінше мынадай міндеттер  шешіледі:

1-кезең – 2010 жыл  – балаларды мектепке дейінгі  тәрбиемен және оқытумен қамтуды 48 %-ға қол жеткізу;

2-кезең – 2011 жыл  – балаларды мектепке дейінгі  тәрбиемен және оқытумен 55,6 % қамту; 

3-кезең – 2012 жыл  – балаларды мектепке дейінгі  тәрбиемен және оқытумен 60,8 % қамту; 

4-кезең – 2013 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 65 % қамту;

5-кезең – 2014 жыл  – балаларды мектепке дейінгі  тәрбиемен және оқытумен 70 % қамту.

Мектеп жасына  дейінгі  балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен  және оқытумен:

1) республикалық және  жергілікті бюджет қаражаты және  жеке инвестицияларды тарту есебінен тең құқықтық жағдайларда мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салу;

2) шағын орталықтар  ашу, заңнамада белгіленген тәртіппен  бұрын жекешелендірілген балабақшаларды  қайтару және сатып алу, меншік  нысанына қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысты орналастыру арқылы жекеменшік балабақшалар ашуды ынталандыру;

3) шағын комплектілі  мектепке дейінгі ұйымдар ашу  үшін салынып жатқан тұрғын  үй кешендерінің төменгі қабаттарындағы  тұрғын үйге жатпайтын орын-жайларды пайдалану;

4) Жол картасы шеңберінде  мектепке дейінгі білім беру  ұйымдары үшін педагог кадрларды  қайта даярлау;

5) 5-6 жастағы барлық  балалардың мектепалды даярлықтан  өтуіне мүмкіндік беру арқылы  қамтамасыз ету қажет.

Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарды құрады және ашады.

Сондай-ақ, әкімдіктер орталық  және жергілікті атқарушы органдардың  ведомстволық бағынысты мекемелері алып қойған бұрынғы балабақшалардың ғимаратында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін оларды босату жөнінде қажетті шаралар қабылдауы қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдар  тапшылығы проблемаларын шешудің  тиімді жолының бірі – меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру.

Республикалық бюджет қаражатынан  жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қаржы-ландырылатын болады. Балаларды ата-аналар төлемінің есебінен тамақ-тандыру шығыстарының орнын толтыру қағидаты сақталатын болады.

Мектепке дейінгі білім  берудің мемлекеттік ұйымдары нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі  ұйымдар қызметінің норма-лары мен ережелерін сақтау кезінде оларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті жеткізушілердің тізбесіне қосылады.

Жергілікті атқарушы органдармен жекеменшік мектепке дейінгі  ұйым-дарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, Комиссияның қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітіледі.

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың тізімін Комиссия Ережеге сәй-кес конкурстық негізде қалыптастырады. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына үміткер жеке меншік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қажетті құжаттарды ұсынады, олардың тізбесі Ережемен айқындалады.

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар санынан ұсыныстары асып кеткен жағдайда қызмет көрсетудің өнім берушілерін Ережеде айқындалған қосымша өлшемдер бойынша конкурстық негізде Комиссия айқындайды.

Комиссия 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі бойынша ұсыныстар шығарады.

Комиссия мемлекеттік  білім беру тапсырысын орналастыру  үшін барынша мүмкін болатын орындар  санын көрсете отырып жергілікті атқарушы органға хаттама ұсынады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар контингентін жинақтау қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері объективтілік пен айқындылықты сақтай отырып кезектілік тізіміне сәйкес жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы орган мен мектепке дейінгі ұйымның  арасындағы қарым-қатынас шартпен  ресімделеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке меншік мектепке дейінгі ұйым-дарда орналастыруға арналған конкурсты өткізу тәртібі  уәкілетті органның қосымша ұсынымдарымен айқындалады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы жан басына шаққандағы қаржылан-дыру әдісімен қаржыландырылады.

Бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді  алатын балалар үшін ата-аналар төлемінің  ең жоғарғы мөлшері облыс әкімінің жыл сайынғы шеші-мімен белгіленеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы жан басына қаржыландырылған кезде тапсырыс беруші мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің құнын баланың нақты болған уақытына төлейді. Осы ретте ай ішінде дәлелді себептермен (баланың ауруы, баланың медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі және сауықтырылуы, ата-аналарының біреуіне еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында 2 айға дейінгі мер-зімде сауықтырылуы) болмаған балалар есепке алынады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы транс-ферттер арқылы қаржыландырылған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім жасайды.

Келісімдерде объектілер мен орындарды енгізу кестесі  олардың саны мен қаржыландыру кестесі  арқылы көрсетіледі. Ақша аудару төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына  сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджет қаражаттарын мақсатты және тиімді пайдалану жөніндегі әкімдіктің есептілігі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне белгіленген нысанда және белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

Жалпы, Бағдарламада көрсетілген  іс-шараларды іске асыру қосымша 297288 баланы 2003 балабақшаға және 75872 баланы 2969 шағын орталыққа, 300 628 баланы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тартуға мүмкіндік береді.

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысты орналастыру есебінен енгізілетін  орын саны және 2010-2014 жылдардағы мектепке дейінгі ұйымдар құрылысы

 

Облыс және  қала атаулары

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

барлығы

бар-

лығы

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

орын саны

Ақмола

3785

0

3550

460

1580

 

2180

 

1710

 

12805

460

13265

Ақтөбе

3779

0

3175

320

2320

 

2695

 

2100

 

14069

320

14389

Алматы

12340

0

9900

640

11115

 

2270

 

1250

 

36875

640

37515

Атырау

5425

0

2615

560

4050

 

1070

 

1300

 

14460

560

15020

Шығыс Қазақстан

5865

0

3710

420

2355

 

3115

 

2310

 

17355

420

17775

Жамбыл

6355

0

3115

1880

2365

840

2010

 

2085

 

15930

2720

18650

Батыс Қазақстан

3064

0

1905

600

3885

 

3542

 

2240

 

14636

600

15236

Қарағанды

4303

0

8095

640

3145

 

0

 

0

 

15543

640

16183

Қостанай

837

0

2875

0

2070

 

1715

 

1530

 

9027

0

9027

Қызылорда

2415

0

281

1440

2100

320

0

 

0

 

4795

1760

6555

Маңғыстау

5981

0

2705

280

3205

 

2870

 

2370

 

17131

280

17411

Павлодар

8156

0

2750

560

520

 

120

 

110

 

11656

560

12216

Солтүстік Қазақстан

5968

0

2722

880

280

 

0

 

0

 

8970

880

9850

Оңтүстік Қазақстан

9035

0

10260

65660

7071

 

7600

2160

7315

960

41281

9680

50961

Алматы қ.

4140

0

1750

640

1180

2400

2220

 

840

1560

10130

4600

14730

Астана қ.

8275

0

9370

0

5400

2240

3200

1680

0

1680

26245

5600

31845

Барлығы

89723

0

68777

15880

52641

5800

34607

3840

25160

4200

270908

29720

300628

Информация о работе Балапан бағдарламасы