Баланың бірінші әрекеті ойын ,сондықтан да ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:09, дипломная работа

Краткое описание

Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай ,өсер бала болар ма?» деген өлең шумақтары тегін айтылмаса керек.
Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін көркем бейнелер арқылы ашқан.Бала ойын арқылы өзінің қуанышын ,ренішін, арманын бейнелесе,ертеңгі күні яғни болашақта сол арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына и

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2) (Автосохраненный).docx

— 51.60 Кб (Скачать документ)

 Балабақшада тәрбиелеу  бағдарламасы педагогтың алдына  мынадай мақсаттарды қояды:

-Балалардың кқрген естіген дүниелері туралы  ой қорыта отырып, көрген білгенін дұрыс та нақты айта білуге үйрету, әрі әңгімелеу үстінде оқиғаның неден басталғанын, оның өріс алуын, әрі қандай қорытынды  алғанын тізбектей, бас аяғын ауыстырып алмай, айтып жеткізе білуге үйрету;

-Оларды әңгімелеу кезінде дұрыс сөздер мен  сөз тіркестерін табуға көмектесу, атаулар, іс әрекеттер мен заттық сапасы дәл  айтылған уақытында баланы қошеметтеу;

-Суреттеу тілін дамыту, қызықты да еліктіре айтуға үйрету.

Ойынның негізгі міндеті  балалардың ақыл ойын дамыту, білімін  байыту болса,  қимылды ойындардағы  негізгі міндет қимыл қозғалыс белсенділігін  дамыту, жетілдіру.

 Ойын ешқашанда  өзінің қызықшылығын жоғалтпайды,  тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті рөлді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Мен осы ойындарды  өз сабағымда тақырыпқа сай таңдап алып үнемі  қолданып отырамын.

Ал ұлттық ойындарға  келер болсақ, ол балалардың тілін  дамыта отырып қиялын, ой өрісін кеңейтеді. Айталық  санамақ  ойын жырлары, сұрамақ  ойыны баланың алғашқы сәбилік  ой сезімдерін ұштайды. Сұрамақ ойыны  сұрақ жауап арқылы орындалады.

Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды тіл және қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашу» ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын  міндеті қалпақтың асиында не бар екенін білу.

 Әрбір топта  дидактикалық тұрғыдан жабдықталған  қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына  керекті барлық заттардың комплектілері  болуы керек. Үстел үсті ойындарына  лото, домино, тақырыптық ойындар  ( Мысалы: Қайда  не өседі? Бұл  қай кезде болады?Бұл кімге  керек? т.б.), қимыл белсенділігін,  ептілікті , тілді дамытатын ойындар  жатады. Дидактикалық ойындарды  тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың  тиімділігін тәжірибе көрсетіп  отыр. Сабақты бекіту , сабақтыа меңгерген  материал туралы түсінігін кеңейту,  баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардағы тапсырмалар: монологтық және диологтық сөйлеуге арналған. Мысалы: « Телефон» ойынында диологтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Ұстаз ойынға балаларды  тек қана қызықтырып, уақыт өткізудің  құралы деп қарамай, балаға берілетін  танымның, білім мен тәрбиенің  құнды негізгі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жете алады.  Сабақта ойынды дұрыс қолдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әрбір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы  баланың танымына әсер етіп, даму барысына  үнемі зерттеу  жүргізу талаптары қойылады. Қорыта келе айтарым, баланың өсіп жетілуіне ықпал ететін басты құралы  ойын деп білем. Педагог балаларды ойнатып қана қоймай, олардың ойларына нақты, сөйлемдерінің мазмұнды болуын назардан тыс қалдырмау керек. Отбасында болсын, әсіресе, балабақшада бүлдіршіндердің ойлыда , өнерлі тіл байлығы мол болып өсуіне ойынның ұшан теңіз мүмкіндіктерін аша білуге, олардың ізгі мақсаттарын арнасында өрбітуге күш салу игі мақсатмыз.

                             Басты міндетім ойын арқылы  баланың танымын қалыптастыру.

Жас ұрпақ тәрьиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ  тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған құбылыс емес. Ол қоғамның, заманның бағыт бағдарымен, тыныс тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез келгген бүлдіршін үшін балабақша  тәрбиесі ата анасынан  берілген тәлім тәрбиенің одан әрі қарай  жалғап, жандандыратыны сөзсіз. Атақты чех  ғалымы Я.Амос.Коменскийдің «Ұлы дидактикасында» балаларды басқаның ақылы арқылы ойлауға үйрететін  жаттанды оқытуға қарсы «Әр баланың  бойында білім отын жағатын» танымдық әрекетті дамыту нұсқаулары беріледі. Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ананың сүтімен, ана тілімен, бесік жырының  әлдиімен беріледі. Тәлімгерліктің  бұлақ көзіде, тәрбиенің барып  құяр арнасыда  мектепке дейінгі  мекеме, балабақшалар екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленушілердің  танымдық іс әрекетін қалыптастыруда  негізгі жұмыс түр і ойы  н әрекеті. Бала мен балалар ұжымының дамуында  мектеп жасына дейінгі  іс әрекетінің негізгі түрі ойын орасан зор рөл атқарады. Ойын арқылы бала  қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін дамытады. Бала ойыны кезіндеде қоғамдық, ұжымдық  сипат болады. Мәселен, бала еш уақытта өз ғана емес, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір бірімен өзара қарым қатынас жасайды. Ал мұның өзі баланың дамуы үшін маңызды фактор екендігі түсінікті. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен  белсенділігі де  көрінетіні  туралы аса көонекті педагог А.С.Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу  бәрінен бұрын ойын арқылы  жүзеге асырылады. Ойын  балалалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.

Ойын мен ойын әрекеті  мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың  қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап ақ маңайындағылармен  қарым қатынас жасауға ұмтылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалрдың қоршаған өмірді адамдардың қимылын, іс әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағ,ы қарым қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңізде, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де  сөйлесіп жүреді. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үрдісі  қалыптасады.

Ойынның түпкі  ниеті  бұл балалардың нені  және қалай  ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы,  «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Бала бақша» және «Мектеп» т.с.с. болып  ойнайды.

Ойынның  сюжеті, мазмұны  бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалаардың өзара  қарым қатынастарының дамуын , көп  жақтылығын  және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны  оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынта білдіреді. Ойын процесінде балаллардың өздері ойнаушылырдың мінез құлқы мен өзара қарым қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші  ойынды ақыл мен ұйымдастырса, ол балалрға ықпал жасауға  мүмкіндік береді. Тәрбиеші  балалрға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы  болуға тиіс. Ойнның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы  рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын , олардың өзара  қарым қатынас бағытын көрсетеді. Өзіде сол рөлге қатыса  алады, ойынның көп  уақыты серуенде өтеді. Сондықтан  аулада арнаулы құрылыс та, ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыстар материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын соымен бірге  оқу  үстіндегі оқытумен де  тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын   жоғалтпайды, тек  оның мазмұны, сипаты  өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай , өзіне тән қарай сюжетті  рөлді, драматизациялық дидактикалыұқ құрылыс ойындары, қимылды  ойындар,  ұлттық ойындар болып бөлінеді.

   Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақта қысқада болуы мүмкін. Сюжетті рөлді ойында бейнелеу құралы  рөлімен ойын әрекетттері  болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойыннын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал  « Мектеп» болып ойнағанда мұғалім мен оқушының әркеттеріне еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті рөлді ойындарына  одагн әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.

   Қойылымдық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандайда бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмматизация ойыннында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеуі тиіс. Ол үшін ойынның айқын, дәл ойыны болуы қажет.

   Құрылымдық ойындар балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс әрекетттерді бейнелеу  болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынаан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді және оның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер, т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың , құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын , жобалық міндеттердің өзіндік шешімдерін енгізеді.

   Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше  тән оқыту формасы болып табылады,  оның арға тегі ойынды  өлеңмен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Ойын міндеті қалпақтың астында не бар екенін білу.

  Қимыл ойындары балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру ,өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойынл\дары баланың жеке психикалық дамуына, жеке басының , денсаулығының қалыптасуын да зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы рөл атқарады. Олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым қатынасын, баланың мінез құлқвһын белгілейді. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай ақ денешынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақтада, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де  ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлыққ жас кезеңінде өтеді. Қазіргі таңда Сорос бағдарламасының технологиясымен жұмыс істеп жатқан кезде, оның аты айтып тұрғандай ақ сабақтар ойын орталықтары арқылы өтеді. Мұнда балалар тек ойын орталықтарымен шектеліп қалады деген сөз  емес, ертеңгілік жиында , не  болмаса сабақ соңында  сабақ түрлері міндетті түрде  пайдаланылады. Тіпті балалрдың қызығушылығына қарай олар сабаұқтан кейінде  сол орталықта ойынын жалғастыра  алады. Күні  бойы балалр жабдықталған ойын орталықтарында  ойын алаңы ретінде ойнвпйа алады, өмірдегі түсініг еліктеуі, бақылауы осы ойын арқылы көрініс табады. Дамытушы  ойындар танымыұ седзімді оятады, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әркеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады. Педагогтар, ата аналар бірлесіп тығыз байланыста жұмыс істесе, яғни ата аналар балабақшадағы ойнатылған дамытушы ойындарды, кез келген уақытта , үйде ойнатса, бала тәрбиесі жүйелі жүргізіліп, ортақ жетістікке  қол жеткізеді де , баланың жақсы  оқуына ықпал етеді.

 Қимыл ойындары  балалардың қозғалысын жүгіру,секіру,өрмелеу,лактыру,кағып алуды жаттыктыруға,дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді.Қимыл ойындары баланын жүйке психикалық дамуына,жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді.Қимыл ойында ережелер ұйымдастырушы рөл атқарады, олар ойынның барысын,жүйелілігін,ойнаушылардың қарым қатынасын,баланың мінез құлқын анықтайды.Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен жүргізіледІ.Олар сордай ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді.Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады.

-Ұлттық ойындар біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді,Өйткені,бір кезде ол бар өнердің басы олардың нәр алатын бастауы болатыны анық.Шынында да,көне мәдениет пен әдеби туындылар,ең алдымен сол халық  жиналған думанды сауықта,ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің  игілігіне айналған. Бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлттық ойындардың өзі  адам еңбегінің жемісі, халықтың қиялы, ой құбылысының көрінісі, дүниені танып,білуге талпынасының нышаны ретінде өмірге келгенің, оның бар өнердің  бастамасы, халықтың әлеуметтік экономикалық өмірінің айнасы екенін білуі тиіс. Ұлттық ойындар сол халықтық әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып,оның тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер етеді.Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып,арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігіне ғана емес,сонымен бірге халықтың психологиялықерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді.

-Сондықтан,жаңа стандарт негізінде баланыңтанымын қалыптастыру бағытында педагогтардың өз білімі мен кәсіби деңгейін жетілдіру кезек күттірмес мәселе.

                       Сюжеттік рөлдік ойынды ұйымдастыру  мәселелері

Ойын адамның балалық  шағында өркендеп,бүкіл өмір бойы қасында жүретін ерекше әрекет болып  саналады.

-Ойын мәселесі зерттеушілердің,сонымен бірге философ,социолог,этнограф,биологтардың назарын аударады.

-Ойынды екі түрлі көзқарас арқылы қарастыратын бірқатар теориялар бар:баланың біртұтас,үйлесімді,жан жақты тұлға болып дамуының әрекеті;

-білім алу және оны пысықтаудың құралы ретінде.

Қазіргі уақытта ойын мектепке дейінгі жастағы баланың  жетекші әрекеті екені бәріне мәлім.Психолг А.Н.Леонтьев жетекші әрекет деп баланың дамуына осы жас шамасында ерекше әсер ететін әрекетті санаған.Ерте жастағы баланың жетекші әрекеті заттық әрекет болып саналса,кіші және үлкен мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші әрекеті ойын болып саналады.

Ойын ойнатуда мынадай  бірқатар талаптар қоюға болады:

    1. Ойлау  жоспарындағы іс әрекет. Бұл кезеңді әртүрлі атауларының болуына қарамастан, барлық зерттеушілер біледі. Ойлаған жоспарында іс әркет жасау қажеттілігі балалардың ойлау қабілетінің бейнелі түрдегі қызметінің дамуына, елестету жоспарының қалыптасуына, қиялындағы жағдайын  құрастыруға жетелейді.
    2. Баланың адамдар қарым қатынасы жүйесіндегі  өзіне бағыт бағдар беру біліктілігі,себебі ойын оларды жүзеге асыруға бағытталған. Ойындағы қарым қатынастардың негізгі мазмұны әлеуметтік рөлдерді бір біріне  бағындырудың әртүрлі комбинацияларынан құралады. Міне, осы мазмұн ғана баланың қабылдауында бірінші кезекте тұрады.
    3. Ойынға қатысып отырған балаларда шынайы қарым қатынастарлың қалыптасуы. Бірлескен ойында іс әрекеттердің келіспеушілігі мүмкін  емес. А.П.Усованың терминологиясы бойынша балалардың келісу әрекеті барысында «қоғамдық қасиеті», яғни қарым қатынастың белгілі деңгейін қамтамасыз ететін қасиеттері дамиды.

Информация о работе Баланың бірінші әрекеті ойын ,сондықтан да ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы