Қазақстандағы мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларының ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 21:31, реферат

Краткое описание

Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ,оқыту, дамыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогика алдыңғы қатарлы бала-бақша тәрбиешілері мен отбасы тәрбиесінің озық тәжірибелерін жинақтап қорытады. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Мектепке дейінгі педагогикада негізгі қолданылатын ұғымдар : дамыту , тәрбиелеу , оқыту . Мектеп жасына дейінгі баланың білімінің дамуы жылдам қарқынмен жүргізіледі, тіпті қалыптасады.

Содержание

I . Кіріспе
II . Негізгі бөлім
А) Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының қалыптасу тарихы.
Б) «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары.
В) «Тәй-тәй», «Қарлығаш» бағдарламаларының баланы тәрбиелеудегі рөлі.
III. Қорытынды
IV . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

сож мект дейнг Жанка.docx

— 35.03 Кб (Скачать документ)

 

 

Қажетті ресурстар

Бағдарламаны іске асыру  үшін бюджет қаражаты пайдаланылады, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі пайдаланылатын болады.

2010–2014 жылдары бағдарламаны  іске асыруға байланысты қаржылық  шығындар:

 

Жылдар

Мемлекеттік бюджет (млн.т.)

Республикалық бюджет (млн. т.)

Жергілікті бюджет (млн.т.)

Барлығы

216 283,5

213 040,0

3243,5

2010

21 523,0

19 678,0

1 845,0

2011*

58 346,7

57 558,7

788,0

2012*

41 234,7

41 095,2

139,5

2013*

44 835,6

44 588,6

247,0

2014*

50 343,5

50 119,5

224,0


Мектепке дейінгі білім  беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақ-сатында балабақшалар салынуы  қажет.

2011-2014 жылдары Бағдарламаны  қаржыландырудың көлемі жыл сайын  тиісті қаржы жылына арналған  республикалық және жергілікті  бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын  болады.

Тәуелсіздікке қол жеткізгенге  дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім  жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі  балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.

  2010 жылы Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасын (бұдан әрі – «Балапан» бағдарламасы) іске асыру..

«Балапан» бағдарламасын  іске асыру мақсатында өңірлерде 35 балабақша салынып, 1534 мектепке дейінгі  шағын орталық құрылды, 137 жекеменшік балабақша ашылды.

Сонымен қатар, бұрын жекешелендірілген  мектепке дейінгі ұйымдарды қайтару, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашу, жалға  берілген коммуналдық меншіктегі жеке тұрған ғимараттарды босату, мектепке дейінгі ұйым ашуға жарамды басқа  да ғимараттар мен үй-жайларды беру есебінен 172 балабақша ашылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №488 қаулысына  сәйкес 2010-2014 жылдары «Балапан» бағдарламасын  қаржыландыру үшін 216,3 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 213 млрд. теңге және жергілікті бюджет есебінен 3,2 млрд. теңге қарастырылған. Осы ретте 2010 жылы 21,5 млрд. теңге бөлініп, игерілді.

Қабылданған шаралар негізінде 2011 жылдың басында 6446 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 2261 балабақша мен 4185 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. Балабақшалар мен шағын орталықтардың қызметтері  446,4 мың балаға ұсынылады.

2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы мектепке дейінгі ұйымдарды дамытуға қатысты. 1991 жылы 8881 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді. Дұрыс ойластырылмаған оңтайландыру нәтижесінде балабақшалар желісі 2000 жылдың басына дейін 1 144 бірлікке қысқартылды.

Елдегі мектепке дейінгі  тәрбиелеу жүйесі 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі №448 Жарлығымен бекітілген 2000-2005 жылдарға арналған «Білім» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты қайта жаңғыра бастады.

Бұл ретте мектепке дейінгі  ұйымдардың даму белсенділігі «Балапан»  бағдарламасын жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Осылайша, 2000 жылдан бастап елімізде 5 302 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 1117 балабақша (құрылыс пен қайта құру есебінен – 165 балабақша) және 4185 мектепке дейінгі шағын орталық ашылды. Осы ретте 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2011 жылдың басында 55%-ды (2000 жылы – 13,5% және 2009 жылы - 36%) құрады.  

«Тәй-тәй», «Қарлығаш» бағдарламаларының баланы тәрбиелеудегі           рөлі.  «Тәй-тәй» технологиясы бойынша эксперименттік алаң 1997 ж. бастап өз жұмысын бастады. Осы уақыт аралығында мекеме «Тәй-тәй» технологиясы бойынша облыс көлеміндегі жалғыз тренингтік орталық болды. Сонымен қатар мекеменің бірқатар қызметкері Алматы қаласында арнайы курстардан өтіп аталған технологияның арнайы серификаттарын иеленді. Бүгінгі таңда мекемедегі барлық оқу-тәрбие үрдісі «Тәй-тәй» технологиясының негізінде ұйымдастырылған, яғни барлық топтар аталған бағадарламамен жұмыс жасайды. Бағдарламаның ең басты ерекшелігі әр балаға деген жеке дара көзқарас. Ал сабақтар белсенділік орталықтарында ұйымдастырылады. Сабақтардың осылай ұйымдастырылуы жаңа стандарттың талаптарын орындауға өте ыңғайлы.

“Тәй-тәй” бағдарламасы бойынша  төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

- “Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер” және  “Тәрбие көзі халықта” тақырыптарында  ата-аналармен белсенділік орталықтарында  ұйымдастырылған жұмыстар:

-   “Таза ауа-емге дауа” тақырыбында ата-аналармен бірлескен саяхаттар;

-  Отбасына арналған психологиялық кеңестер:

-  Семинар, тренингтер;

-  Ата-аналар жиналыстары;

-  Саулнамалар мен анкеталар тарату;

-   Бүлдіршіндер мен оқушылардың алға  басу құжаттарымен жұмыстар;

-  Мекеме ішінде бағдарламаны тереңдету жұмыстары;

-  Облыстық және қалалық семинарларға қатысу т.с.с.

“Тәй-тәй” бағдарламасының  негізінде жүргізілген жоғарыдағы аталған жұмыстар арқылы біздер оқу-тәрбие үрдісін балалар үшін де, ата-аналар үшін де және педагогтар үшін де тиімді етіп ұйымдастыру мүмкіндігін алып отырмыз. Орталықтарда сабақтарды өткізу арқылы біздер әр балаға жеке көңіл бөле отырып, оның өзіндік жеке дара қасиеттерінің барынша ашылуына жағдай жасаймыз. Себебі, жалпы топпен жұмыс істеген кезде бұл мүмкіндік жиі бола бермейді. Балалардың шағын тобында сабақтарды ұйымдастырғанда әр бала өзіне деген педагогтың көзқарасын сезіне отырып, өзін әр қырынан көрсетуге тырысады. Өйткені ол өз ойының басқаларға өте қызықты екендігін сезінеді.

Сонымен қатар “Тәй-тәй” бағдарламасы ата-аналарды балабақшаның тыныс-тіршілігіне тартудың ең бір тиімді жолдарын ашып отыр. Аталған бағдарлама негізінде отбасымен қарым-қатынас жасаудың төмендегідей түрлері іске асырылады:

-         отбасының топқа келуі;

-         үйге бару;

-         бірлескен саяхаттар;

-         әкелерді балабақшаға тарту;

-         қызықты отбасылық кештер;

-         отбасылар арасында өзара достықты орнату т.с.с.

Осындай қызықты түрде ұйымдастырылған жұмыстар ата-аналар тарапынан жақсы көзқарастарды тудырып отыр.

     Бағдарлама 5-6 жастағы балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп және оны мектепте оқуға дайындауға бағытталған білім берудің базистік мазмұнын анықтайды. Бағдарламада бала дамуының негізгі заңдылықтары мен оның психикалық, физиологиялық өсуіне жағдай жасау мәселелері қарастырылған.

Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жеке жас ерекшелік қабілетінің  ашылуына жағдай жасап, жалпыадамдық және ұлттық құндылықтарға негізделген  баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін білім жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік ортада жағымды қатынас  жасауға қабілетті шығармашыл тұлғаны  тәрбиелеуге негізделген оқыту  мен тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.

Бағдарламаның мазмұны бір-бірімен  тығыз байланысты, әрқайсысы өзіндік  бөлімдерден тұратын, белгілі бір  мақсат көздейтін негізгі білім  беру салаларының жұмысын іске асыру  мәселелерін көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

          Мектепке дейінгі педагогика тәрбие туралы ғылым болғандықтан , қоғамдық өмірдің тәрбиеге байланысты сан түрлі жақтарын , әлеуметтік қатынастарды зерттейтін әлеуметтік ғылымдар тобымен де , философиямен де , оның саласы этика , эстетикамен де , этнопедагогикамен де байланысты. Мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұны тәрбиелік сипатта сұрыпталған. Білім деңгейі мен оқылатын материалдардың шынайылығы,ғылыми дұрыстылығы , нақтылығы, түсініктілігі ескерілген. Оқытудың мазмұны балабақшаға арналған бағдарламаларда анықталған. Бағдарламада көрсетілген материалдар бір топтан екінші топқа өткен сайын күрделенеді , мазмұны  , көлемі  кеңейеді , тақырыптары жаңарады, жаңа мәліметтер қосылады. Бағдарламаны  игеру арқылы  балалар  бірте-бірте  жүйелі  білімге  ие болады және олардың  мазмұнын  талдап, қорытып өз ойларын  айтады.

Тәрбиелеу мен оқыту әдістері- балаға білімді , іскерлікті , дағдыны  игерту мен таным  қабілетін  дамыту үшін қолданатын тәрбиеші  жұмысының  әдістері. Тәсіл- әдістің бір  бөлшегі. Оқыту  әдістері : көрнекілік, бақылау,  сөздік, тәжірибелік және  ойын әдістері. Мектепке дейінгі жаста көрнекілік әдісі кеңінен қолданылады.  Көрнекілік әдісі   баланың  ұғымын кеңейтіп  , оқуды түсінікті, қызықты, нақтылы  етеді . Ойымен бақылампаздығын дамытады. Сондай-ақ бұл әдісте дидактикалық  құралдарды кеңінен пайдалану , бейнефильмдерді , слайд, заттардың өзін, үлгіні қимыл  қозғалыс  арқылы  көрсету ұсынылады. Сөздік әдіс-тәсілдерін де  айтып  беру  , оқу,  әңгімелету,  әңгімелесу , жаттығу,  қайталау және  ойын әдіс – тәсілдері жиі  қолданылады . Бұл жаста оқытудың негізгі формасы-сабақ . Сабақ барлық балалар үшін  міндетті , мұнда білім , білік , дағдыны  игертумен  қатар  , балалар тобын құруға  , онда өмір сүріп , іс-әрекетпен   шұғылдануға , бір-бірімен  дұрыс  қарым-қатынас  жасап ,адамгершілік қасиеттерін  , мінез- құлқын  қалыптастыруға  үйретеді. Сабақ тәрбиешінің  басшылығымен  өтеді.  Ол сабақтың мазмұнын, мақсат- міндеттерін  , көрнекі  құралдарын  белгілейді, әдіс- тәсілдерін  таңдап алып , балалардың  білімді  , іскерлікті , дағдыны меңгеру  әрекетін басқарады .  Сабақты  өткізуге  ең  қолайлы  кезең- күннің  бірінші жартысы , себебі балаларға  іс- әрекетпен  шұғылдану  таңертеңгі  тамақтан   кейін , шаршамай, ойынға  кіріспей  тұрғанда  ыңғайлы  екені  көптеген  ғалымдардың  зерттеу  еңбектерінде  дәлеледенген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер :

1. А.Меңжанова .« Мектепке дейінгі педагогика ». – Алматы,1992жыл .

2. Ф.Жұмабекова « Мектепке дейінгі педагогика ».- Астана,2006жыл.

3. А.Меңжанова,Г.Исмагулова,Е.Дайрабаев  « Мектепке дейінгі педагогика ». – Алматы.1992жыл.

4. Ж.Б.Қоянбаев , Р.М.Қоянбаев. « Педагогика ».

       


Информация о работе Қазақстандағы мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларының ерекшелігі