Қазақстадағы дефектология мәселелерінің зерттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 18:52, реферат

Краткое описание

Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
2.1 T.C. Смагулов «Инклюзивті оқыту бағытындағы шығармашылық ойлаудың қажеттілігі»
2.2 К.Д. Махамбетова « Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың бағдарламалары»
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

ИНКЛЮЗИВТІОҚЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ.docx

— 41.65 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:

2.1 T.C. Смагулов «Инклюзивті оқыту бағытындағы шығармашылық ойлаудың қажеттілігі»

2.2 К.Д. Махамбетова « Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың бағдарламалары»

III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным  процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.

Десекте  қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының   даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп  білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп  ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей  мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субьективті талдап бала дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балаларға  жалпы білім беру жүйесі ретсіз дамуын жалғастырады. 

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру  боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін  мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.  Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі)  қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.

 

 Мақсаты: Қазіргі кездегі Қазақстанда дефектология мәселелерін зерттеген ғалымдардың жұмысын талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 ИНКЛЮЗИВТІОҚЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына жаңа талаптар, жаңа критерийлер қойылады. Қазіргі кезде заман қадамына сай аяқты нық басатын, алдына қойылған-қойылмаған мәселелерді шешеалатын, ізгілікті әрі жаңа «жел» бағытымен жҥре алатын, «шығармашыл тұлға» атағына ие азаматтар қажеттілігі туындап жатыр. Өйткені шығармашыл тұлға қандай да іс желісі болмасын, ісіне басқа, шығармашыл көз-қараспен қарап жаңалық аша алады, тарихымыздын «ізіне қарап» салт-дәстүрді сақтай алып, ұмытылып қалған «ескіден» сапалы «жаңа» тудыра алады.

Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның шарықтап өсуі, әлемдік деңгейге кӛтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ҥлттық мәдени-тарихи, рухани кұндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 1 наурыз, 2006 жыл.) «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» - деп атап көрсеткен.

Қазақстан Республикасының Білім туралы занында: «Білім беру жҥйесінің басты міндет-ҥлттық және жалпы азаматгық қҥндылықтар, ғылым мен практика және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»-делінсе,басым міндетгерінің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық,рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты омір салтының берік негіздерін қалыптастыру,жеке басының даму үшін жағдай жасау арқылы интелектіні байыту»-деп көрсеткен.

Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін - білім саласы. Қазіргі таңца білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашыльщ бағытта жҥмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке  тұлға қалыптастыру міндеті тері. Бұл, эрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық эрекеті ғылыми - педагогикалык проблема ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында «шығармашылық эрекет тэжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары И.Я. Лернер айтқан болатын ғалымдар Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов, Қ.Р. Рахымбаев, С.Қ. Бердібаева, Б.Тҥрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады. Қалыпты бала қандайда болсын, мейлі жақсы ма, жаман болсын бір іспен айналысуы қажет, бҥл оның жан дҥниесінің өсуіне және де дамуына өте қажетгі. Психолог А.Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс - әрекет ҥстінде дамып отырады дейтін. Осы сөздерге сҥйенсек мҥмкіндігі шектелген балалар үшін шығармашылықпен айналысу, іспен шұғылдану олардың дамуына « екі еселі» әсер етеді.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өз-өзін тануға тырысуы. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой-пікір түйіп, өздігінен сапалы да дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермей, оның рухани күшін нығайтады. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. «Шығармашылық» сөзінің негізгі мағынасы «шығару», «жанадан ойлап табу» дегенді білдіреді. Дегенмен жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп тҥсінеміз. Философияда «шығармашылық қайталанбайтын қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», - деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашьшық деп жаңалық ашатын әрекетгі деген болатын» .

Білім сапасын арттырудағы мҥғалім шығармашылығының ролі ең бірінші деңгейде тҥрады. Білім беру сапасы - қоғамдагы білім беру өрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, демек білім беру мазмұны, оқыту формалары мен әдістері, материалдық-техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтҥрсынов былай деп айтқан: ... «Мҥғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мҥғалім білімді болса, ол мектептен балалар теренірек білім алып шықпақшы. Осынлайша білім сапасын арттыра отырып қана, оқушылардын шығармашылық қабілеттеріне кӛңіл бӛлініп, шығарма- шылық деңгейлері жоғарлай келеді.

Окушыларды шыгармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын арттыра түсу мақсатьшеи, шыгармашылық қабілеттерін сабац барысында жэне сабацтан тыс уақытта дамытуда және уштауга әр түрлі әдістерді қолдануга болады. Мысалы үшін:

1. Тақырыптарды  мазмұнына қарай жинақтау.

2. Арнаулы  бір тақырыптарда пікірталас  тудыру.

3. Логикалық  ойлауын дамытатын ойындармен  берілген тапсрымаларды шешу анаграммалар, сөзжұмбақтар, құрастырмалы ойындар т.б.

4. Берілген  тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс кері есеп қарастыру, мәтін мазмҥнын өндеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру, т.б.

5. Әңгіменің  ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

6. Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.

7. Ой шапшандығын, сөздік қорын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

8. Мәтіндерді, ертегілерді, әңгімелерді өз бетінше аяқтау немесе ойдан құрастыру.

Ал сабацтан тыс уацытта оқушылардың шыгармашылыц қабілетін дамытудың жумыс түрлері төмендегідей:

1. Әр түрлі  кездесулер өткізу.

2. Әр түрлі тақырыптарда сайыстар, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.

3. Балаларға  арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдаланып отыру.

4. Әрбір  шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинактау.

5. Еркіндік беру, шығармашыл оқушы өз шығармашылығын әрдайым өздігінен көрсетіп, өз бетінше ұштай алады, дамыта алады.

6. Жаңа заманның  кадамына сай жүре білуге үйрету, өздігінен ізденіп білім алуға баулу. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауга, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Осындай көз-қараста жалғыз емес екендігіне көз жеткізе отырып ғаламтор әлемінде осыған ұқсасмәселені талқылап, өзінің ой-пікірін отраға салып, білімімен бөліскен Мақатаева А.Н. былай тұжырымдайды: Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйін, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани кҥшін нығайтып, өмірде өз орнын табуға көмектеседі.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады, сабақтардың мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл істі нәтижелі етуде дамыта оқыту жүйесінің қағидалары тірек етіледі.

Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғальшығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудын мәні зор. Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді:

1) репродуктивті - іс-эрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі;

2) шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытгалған  қабілеттер деңгейі.

Шығармашылық - төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті:

- шығармашылықтағы  қарама-қайшылықтардың болуы;

- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

- шығармашьшыққа  арналған шарттардың, жағдайдың  болуы;

- шығармашыл  тұлғаньщ жекелік қасиеттерінің болуы;

- нәтиженің  жаңалығы, соңьшығы.

Аталған шығармашылық тұлға қалыптастыру мәселесіде әрине онай шешілмейді, оған қоса бұл мәселе кейде келесі факторлар әсерлерінен қиындай түседі: Мүмкіндігі шектелген балалар арасында неғұрлым көп кездесетін шығармашылыққа кедергі болатың 4 психологиялық жайт бар.

1. Конформизм (еліктегіштік) - адамның басқаға ұқсағысы келуі. Адамдардың өз ортасынан бөлектеніп шығудан қорку, басқа адамдардың қылығын қайталау. Өзінін әрекетін дұрыс емес болады деп, басқаға ұқсас дұрыс деп көрінетін әрекетті қайталау.

2. Цензура (тыйым  салу) - қатан ішкі цензуралы адам проблеманың өз бетінше шешілгенін абзал деп санайды (қазақтар менталитетіне тура келген және тыйм салынған затты қате қабылдайды оған жоламайды, іздену аумағын шектейді.

3. Ригидтік (кертартпалық) - бір уйреншікті көзқарастан, пікірден басқасына ауысу қиыншылығы. Ригидтік дайын шешімдерді жетілдіруге, таныс қалыптағы, заттар мен қҥбылыстардағы, тын жаңалықтарды сезінуге мҥмкіндік бермейді.

4. ПІҧғыл  жауап табу ниеті. Шҥғыл жауап  табу әркімде бола бермейтін  қасиет. Әдетте ең «дұрысы» шешім «шығармашылық үзіліс». Кейде белгілі мэселенің шешімін табу ҥшін сол мәселеден зейін ауыстырып өз-өзіне дем беру керек.

Бастауыш сынып оқушьшарының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жҥмысының тэсілдерін қалыптастыруға мҥмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керекті саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға ҥйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқыту жҥйесінде мҥғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, тҥсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарға ҥстанылады. Ол ҥшін оның эрбір жауабы мҥқият тыңдалып, дҥрысы мақталып, қатесі тҥзеліп отырылады. Оқушы кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, кӛзқарасын құрметтеу, оның дамуына орасан зор эсер ететіндігі дэлелденеді. «Адам баласының сөйлей бастаган кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі» - тарихымызға қарасақ болған-болмаған адамзаттың жетістіктерінің барлығы адам бойындағы шыгармашылық қабілетінің болуы. Алысқа қарамай өзімізді алсақ, өмірімізде жеткен жетістіктеріміз өзіміздің шығармащьшығыздың арқасында.

Информация о работе Қазақстадағы дефектология мәселелерінің зерттелуі