Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 15:02, курсовая работа

Краткое описание

Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының ескі тәртіпті жоюды талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық қозғалыстарының толқуыныңда қайта едәірлеп отырғаны тегін емес. Мұның жарқын мысалдары ретінде Адам мен азамат құқықтарының деклорациясын (Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ,1776ж), «Құқықтар туралы билльді»(АҚШ,1791ж), Вирджиния штатының конституциясын(АҚШ,1776ж) алуға болады. Адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасы көптеген қазіргі мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ,Франция,Италия,Испанияның конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Азаматтық құқық туралы түсінік......................................................5

2.2. Азаматтардың құқық қабілетгілігі........................................................8
2.3. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы............................................15
2.3. Азаматтық құқық жүйесі....................................................................22


ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................24

ӘДЕБИЕТТРЕ ТІЗІМІ.............................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамттық құқық (курсовой).doc

— 145.50 Кб (Скачать документ)

бұзылуы, кемітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің

озіне карсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген 
жан азабы немесе тән азабы. Моральдық зиян акшалай нысанда төленеді.

Екінші бір жағдай, ол мемлекеттік билік органының заңдарға сай келмейтін кұжат шығаруы, сондай-ақ осы  органдардың лауазымды адамдарының әрекетімен (яки әрекетсіздігімен) келтірілген залалды өтеу механизмі енгізілген

4. Азаматтық - құқықтық қорғаудың әдістері дегеніміз:

а) затиесінің ол затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйіңде 
қайтарылуын талап етуі (виндикация);

ә) иемдену еркінен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету (негаторлық талап);

б) затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу);

в) басқа бір адам негізсіз ие болған  немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың    құнын  зат иесіне ақшалай төлеу.

5. Қорғау  құқыгы  проблемасы  бұл тек материалдық   құқықтың ғана проблемасы емес, ол сонымен бірге азаматтык  іс жүргізу құқығының да проблемасы болып табылады. Сонымен бірге азаматтық  іс жүргізу құқығы ғылымында корғау құқығы, әдетте, талап қою құқығы туралы мәселеге келіп тіреледі. Бұл орайда  талап қоюға құқық туралы мәселені шешуде айтарлық алшақтық туындайды.Авторлардың бір тобы талап қоюға берілетін құқық  ұғымынан  келіп талап қою "құқықты сотпен карау кұралы ғана  болып табылады" деген пікірге тоғысады.2

Мұндай көзқарастар континенталды құқықтың талап кою теориясы үшін де сипаты  жағынан сай келеді. Франция ғалымы Леон Жюлио де ла Морандьер осыған байланысты былай дейді: "талап арыз тұлғаның нақты

құқықтық жағдайын немесе жаңа заңдық жағдайды құруы үшін сотқа сот әділдігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін, ерікті, заңдық әрекет болып табылады, талап қою дегеніміз оны беру құқығын еншілейтін иеленушінің

өзіне тиесілі сотқа жүгіну құқығынан басқа ештеңе де емес".3 Лео Розенберг (ФРГ) болса, "талап қою — сот шешімі арқылы құкықты қорғау үшін сотқа жүгіну" деп анық-тама береді.4

Осы анықтамалардың қай-қайсысы да талап коюды белгілі бір тұлғаның тиісті мүддесіне қатысты сот шешімімен болатынын айқындап берген Рим құқығының анықтамасымен сәйкес келеді.

Авторлардың енді бір тобы талап қоюға құқықты материалдық мағынада және талап қоюға құкықты іс жүргізу мағынасында бөліп қарау керектігін ұсынады.5 Бұл орайда талап кою  құқығына қатысты проблемаларды зерттеген авторлардың талап коюды материалдық-құкыктық және іс жүргізу (процессуалдық) нысандарын бірлікте карауы көңілге қонады. Сондықтан да В.П. Грибанов құқықты қорғау проблемасы тек талап кою қорғау нысанымен шектелмейтіндігін және талап коюдан басқа да корғау түрлерінің бар екендігін көлденең тартады.

Меншік кұқығын қорғаудың тиімді құралын іздестіруде заңдық рәсімдерді жеңілдетуге деген ынта күшейе түсті. Қазақстанда талап қоюға байланысты жалпы іс жүргізу тәртібі  өте-мөте ауқымды болғанын айта кеткен жөн.

Сондықтан да азаматтық сот құқықтық рәсімдері арқылы іс жүргізу, әсіресе бұйрық арқылы іс жүргізу (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 13-тарауы), ықшамдай түсу сотпен корғау ісінің тиімділігіне  жағдай жасайды. Әдебиеттерге қарағанда, көптеген елдерде бұйрық арқылы іс жүргізу бар екендігін көреміз, айталық ол көне Рим, ағылшын, басты герман және швед үлгілері түрінде кездеседі.6 Мысалы, Рим құқығында сот бұйрығының болмысы преторлық қорғау нысанында болды, претор өтініш берушінің тілегі бойынша қандай да бір әрекеттерді тоқтататын болған, бұл орайда ол өтініш берушінің бұзылған мүддесін ескерген. Мұндай үкім интердикті деп аталды. Ал герман кұқығында да шарт койылған және сөзсіз

сот бұйрығы бар. Мысалы, оның соңғысы соттың бұйрығынан немесе тыйым салуынан көрінеді, онда жауапкердің қойылған мәселе бойынша ақталуына жол берілмейді. Ондай бұйрыктарды беру жауапкерді шақырмай-ақ және оның түсіндірмесін тындамай-ақ  талап коюшының бір жақты өтінішімен жүзеге асырылады.

Бұйрық бойынша іс жүргізу Қазан революциясына дейінгі ресейлік сот ісі жүргізуінде болған.  Кейін, РСФСР-дың 1923 жылғы азаматтық  іс жүргізу Кодексінде (210—219-баптары) сот бұйрығының рәсімі енгізілген еді. Бірақ 1964 жылы   қабылданған Қазақ  КСР азаматтық іс жүргізу Кодексінде ондай институт түбегейлі алынып тасталды.

Венгрияда сот бұйрығы 1972 жылы енгізілді, ал Чехияда ол төлем бұйрығы деп аталды (АІЖК-нің 172— 174-баптары), чек жөне вексельдік бұйрықтар түрінде белгілі болды.7

 Сот бұйрығы институтына жасалған талдау қорғаудың  құрамы тұрғысынан азаматтық құкықтар мен заңмен қорғайтын мүдделерді қорғауда сот қаулысының мұндай ерекше  қорғаудың тиімді құралы екендігін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 139-бабына сәйкес  сот  бұйрығы былайша айқындалады: "өндіріп алушының  ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымайтын мүлік борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелері тындау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусы талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады".

6. Заң бойынша қорғау  объектісі  тек қана субъективтік азаматтық құкықтар ғана емес, сонымен бірге ол заңдармен корғалатын мүдделерді де қамтиды. Қорғалатын мүдделер субъективтік құқыққа байланысы жоқ дербес түрде бола алады. Мысалы, оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады.

Қорғауға  жататын мүдде құқык бұзушылық нәтижесінде субъективтік құқықтың  өзі  тоқтатылған жағдай да болуы мүмкін.  Мысалы, зат жойылып кеткен кезде оған меншік құқығын қорғау мүмкін  болмай  қалады. Мұндай  жағдайда  бұрынғы меншік иесінін заңмен қорғалатын  мүддесін қорғау және мүліктік жағдайын  қалпына келтіру мәселесі қойылуы мүмкін. Демек, заңмен корғалатын мүдде қорғаудың дербес объектісі ретінде жиі кездесетінін байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21

Азаматтық  құқық  жүйесі

 

Құқық  жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның кұрылыстарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді  бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің  бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн.1 Ішкі салалардың "жалпы бөлімі" мен "жалпы ережелерін" бір  бірінен бөліп қарау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле қойған жоқ.

Азаматтық  құқық жүйесі темендегідей ішкі салаларға бөлінеді: "Міндеттемелік құқық", "Меншік құқығы мен өзге заттық құқықтар", "Интеллектуалдық меншік құқығы", Мұрагерлік кұқығы", "Халықаралық жеке құқық", осындай әрбір  ішкі  саланың  өз  нормаларына  сай  келетін «Жалпы  ережесі»  болады. Оның әркайсысы өз кезегінде іштей кұрылымдар мен  бөлімдерге жіктеледі.

Казақстан Республикасы азаматтық-кұкық жүйесі  Жалпы және  Ерекше  бөлімдерден тұрады.

I Жалпы бөлім:

I - бөлім. "Жалпы ережелер" .

 ІІ-бөлім. "Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар"

ІІІ-бөлім. "Міндеттемелік құқық" Қазақстан Республикасы Азаматтық кұкьіғының Ерекше бөлімі мыналарды камтиды:

IV-бөлім. Міндеттемелердің жекелеген түрлері: сатып алу — сату;

22

айырбас; сыйға тарту; рента және өмір бойы асырауда ұстау; мүлік жалдау (аренда); тұрғын үйді жалдау; мүлікті тегін пайдалану; мердігерлік; өтелмелі қызмет көрсету; тасымалдау; көлік экспедициясы; заем; ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг); банктік қызмет көрсету; сақтау; сактандыру; тапсырма; басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау; комиссия; мүлікті сенімгерлікпен басқару; кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг); конкурстық міндеттемелер; зиян  келтірудің салдарынан туындайтьш міндеттемелер; негізсіз  баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.

V-бөлім. "Интеллектуалдық меншік құқығы" .

VI-бөлім. "Мұрагерлік құкық" .

VII-бөлім. "Халықаралық жеке құқық" (тараулары: жалпы ережелер; коллизиялық нормалар).

 Азаматтық құқық нормалары теорияда да, заңда да белгілі бір жүйе бойынша реттеледі. Әлемдік азаматтық-құқықтық ғылымында калыптасқан институционалдық және ілік тәрізді екі жүйе бар. Оның біріншісі бүкіл құқық  нормаларды:

 а) тұлға;

ә) меншік және оның түрлерінің  өзгеруі;

б) меншікке ие болу тәсілдері деп бөледі.

Франция Азаматтық кодексі мен оның  тұжырымдарын  колдаушылар осы жолды  таңдады. Екінші, пандектілік жүйе жалпы бөлімнің бөлінуімен ерекшеленеді, соның нәтижесінде кодекстің арнайы ері қайталаудан, басы артық сілтемелерден және т.б. арылады. Жалпы бөлімнен соң заттық, міндеттемелік, отбасы  және  мұрагерлік  құқықтар тәртіптеледі. Мұндай жүйені  Германияның азаматтық заңдары қолданады және де осындай бразилиялықтардың, гректердің және басқалардың азаматтық  заңдарында бар.

 

23

Қорытынды

Құқықтың  әрбір  негізгі  саласының  өзіне тән  құқықтық  реттеу  әдістемесі  болады.  Ал оның  жеке  қырлары  субъектілердің  құқықтық  мәртебесінде,  құқық  қатынастарын  қалыптастыру  негіздерінде, олардың  мазмұнын  айқындау  әдістерінде  және  заң  санкцияларында  топтастырыла  көрсетілген.Мүліктік және  мүліктік емес  қатынастардың  азаматтық-құық  реттеу  әдістемесі  бірқатар  өзіндік  белілерге ие:

а) азаматтық  құқықтық  қатынастарға  қатысушылардың  жалпы  құқықтық  жағдайы  олардың  тауар – ақша  және  басқа қатынастарына  негізделген  заңды  түрдегі  теңдігімен  сипатталады. К.Маркс «Капиталда» былай деп  жазды: «Бұл заттар  бір-біріне  тауар ретінде  қатысуы үшін  тауар  иелері  бір-біріне  адам ретінде, бұл  заттарды  еркімен  билейтін  адам ретінде, қатысуға  тиіс: сонымен, бір тауар  иесі  теі  екіншінің  еркі  бойынша, демек  олардың  әрқайсысы  екеуіне  ортақ  ерікті  акт  арқылы, өз  тауарын басқаға  бере отырып,  өзге  деп  білуге тиіс».

Азаматтық – құқықтық  қатынастарға  қатысушылардың  заң  жүзіндегі  теңдігіне  келсек,  олардың  азаматтық  айналымда  тепң  құқықты, тәуелсіз  субъектілер  екендігін  көреміз,  әрі  оның  әрқайсысы  мүліктік  оқшаулыққа  ие  болады, сондай ақ  бір-бірімен  қарым-қатынаста  тең  дәрежеде  әрекет етеді. Бұл  азаматтық  құқық  субъектілерінің  бірде-бірі  азаматтық  құқық  қатынасында  екінші  жаққа  біржақты  міндет  жүктеуіне  болмайды деген сөз. Сонымен қатар  құқықтық  қатынастағы  жақтардың  араларында  дау  туындаған  жағдайдағ  екінші жақ  үшін міндетті  болып  табылатын  шешімді  қабылдай  алмайды;

ә) азаматтар мен  заңды  тұлғалар  өздерінің  азаматтық  құқықтарына  өз  еркімен және  өз мүддесін  көздей  отырып  ие  болады және  оларды  жүзеге  асырады.  Олар шарт  негізінде  өздерінің  құқықтары  мен міндеттерін 

анықтауда  және  шарттың  заңдарға  қайшы  келмейтін  кез келген 

жағдайларын  белгілеуде  ерікті. Демек,  азаматтық құқықтық  

24

қатынастардың  қатысушыларына  өзінің  қалауынша  және  мүддесіне  сай 

келетін  жағдайларды  тыңдауына  мол  мүмкіндік  жасалады;

б)  тараптар  азаматтық  құқықтық  қатынастарда  тең  дәрежеде  қорғану  құқығына ие  және  қорғанудың  белгілі бір  мүмкіндігін  таңдауға  ерікті. Азаматтық  құқықты  қорғау  сотпен  жүзеге  асады,  бұл орайда  Азаматтық  кодекстің  9  бабына  сәйкес  қорғанудың  азаматтық  істерді  жүргізу  заңдарының  ерекше  ережелерін  сақтай  отырып  ашық  әдістері  қолданылады. Егер заң  құжаттарында  өзгеше  көзделмесе,  бұзылған  құқықты  қорғау  үшін  өкімет  билігі немесе  басқару  органына  өтініш жасау, құқық  қорғау  туралы  талап  арызбен  сотқа  шағымдануға  кедергі  жасамайды. Азаматтық  кодекстің  9 бабының  1  тармағына  мемлекеттік  басқару  органының  немесе  жергілікті  өкілді  атқарушы  органның  заңдарға  сәйкес  келмейтін  құжатын  жарамсыз  немесе  орындауға  жатпайды  деп тану  туралы  азаматтық  құқықтарды  қорғаудың  жаңа  тәсілі  енгізілген. Азаматтық  кодекс  қабылданғанға дейін  көптеген құқық  қолданушы  органдар  заңға  сүйеніп  жасаған  құжаттардың  келгеніне  әрі мұндай  заңсыз  құжаттарды  ешкімнің  де   теріске  шығармағанына  талай  мәрте  көз  жеткізген  болатын,. Ал осындай  келеңсіздік  көп  қиындық  келтірді;

в) азаматтық  құқықтық  жауапкершілік  өзіндік  сипатымен,  мүліктік  және өтем   түрінде  айқындалады; сондай ақ оған келтірілген  азлалды  толықтай  өтеу  талабы  да  жатады; заң  құжаттарында  өзгеше  көзделмеген  жағдайда, бұ заң  бұзушының  кінәсінің  қандай  екендігіне  де байланысты болады.

Қорыта айтсақ, азаматтық  құқық – құқықтың  бір саласы, ол тауар – ақша  қатынастары  және  қатысушылардың   теңдігіне  негіздеген  өзге  де  мүліктік  қатынастар, сондай ақ  мүліктік  қатынастарға  байланысты  мүліктік  емес жеке  қатынастарын  ретейтін  нормалардың  жиынтығы  болып  табылады.

25

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Казақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.
  2. Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”.
  3. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.
  4. К.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова. Адам.Құқық.Қоғам. Алматы/2009 ж.
  5. 7Гражданский процесс в социалистических странах - членов СЭВ. М., 1978, т. 1, 266-бет.
  6. 7Введение в Шведское право. М., 1986,102-бет.
  7. Гражданский процесс в социалистических странах - членов СЭВ. М., 1978, т. 1, 266-бет.
  8. Қазақстан  Республикасының  Заңы. «Қазақстан  Республикасының  Азааттық Кодексін (Ерекше  бөлім) күшіне  енгізу туралы» 1999 ж. 1 шілде.
  9. Қазақ ССР-інің  азаматтық  кодексі 1963 ж. 28 желтоқсан.
  10. Қазақстан  Республикасының Азаматтық Кодексін  күшіне  енгізу  туралы. Қазақ  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің  қаулысы 1994 жэ. 27 желтоқсан

Информация о работе Азаматтық құқық