Қазақ өнерінің тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 16:44, реферат

Краткое описание

"Қазақ өнерінің тарихы" - ежелгі кезеңнен біздің дәуірімізге дейінгі аралықтығы Қазақстан көркем мәдениетінің әртүрлі саласын қазақ халқының өзіндік этникалық мәдениетінің даму нәтижелерінің жиынтығы ретінде талдап көрсететін алғашқы жүйелі ғылыми еңбек. Өнер туындыларының ауқымды мұрасын ашып көрсетуге бағытталған осы көлемді еңбекті жазуға Қазақстан өнерінің сабақтас дамуы тұжырымдамасы негіз болды.
Бұл басылымның ерекшелігі - авторлар мен құрастырушылардың Қазақстан мәдениетін біртұтас материалдық, рухани және көркем феномен ретінде көрсетуге ұмтыла отырып, біздің еліміздегі бейнелеу, музыка және театр өнерлері дамуының жалпы процестерін зерттеп көрсету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

халық әндерінің тәрбиелік мәні.doc

— 90.50 Кб (Скачать документ)

     "Орта ғасырлар  кезеңіндегі көркем қолөнер кәсібі" бөлімінде темір, қыш, ағаш, көн  және сүйектен жасалған көркем бұйымдар өнері дамуының тарихы қарастырылған. Мұнда ортағасырлардағы Қазақстанда өзіндік маңызды роль атқарған қалаларда пайда болған мәдениет, ғылым, қолөнер мен сауданың дамуын зерттеуге аса көңіл бөлінген.

     "Орта ғасырлардағы киіз басу, кілем тоқу, кесте тігу, шым-ши тоқу өнері" бөлімінде ортағасырлар кезінде қалыптасқан киіз басу, кілем бұйымдарын жасау, кесте және ши тоқу технологиясы, композициясы мен аймақтық ерекшеліктері қарастырылған.

     Сонымен,  бейнелеу өнеріне арналған тарауда қазақ халқының рухани өміріндегі адамдардың тұрмыс-тіршілігінен туындайтын дүниетанымымен тығыз байланысты ежелгі ескерткіштердің,  петроглифтер мен нышандардың қалыптасуы мен болмысы зерттеледі.

      "Қазақстанның  орта ғасырлардағы музыка мәдениеті" деп аталатын ІІ бөлімі музыканың қалыптасуы мен болмысына қатысты орта ғасырлардағы дыбыс жүйесін қайта жаңғырту, музыканың әр түрлі композициялары мен құрылымдары мәселелерін талдауға арналған. Зерттеу объектісі ретінде бақсы өнерінің концептуалды көрінісі, оның синкреттілігі, фольклорлық бастауларының циклдылығы, поэтикалық және музыкалық қайнарлардың өзара байланысы, т.б. аспектілер қарастырылады; сонымен қатар, бұл тарауда қазақтың тарихи әндері, көне археологиялық ескерткіштердегі музыкалық аспаптардың суреттеріне сүйеніп, олардың құрылымы мен қолданылуы, қобыздағы эпикалық күйлер мен кварталық домбыра күйлері, шығыс ойшылдарының философиялық-эстетикалық көзқарастары зерттелген.

     "Қазақстанның  орта ғасырлардағы музыка мәдениеті" бөлімінің мәселелері төмендегі мақалалар мен очерктерде баяндалған: Қазақтың музыкалық фольклорындағы бақсы өнері (С.Ә.Күзембаева), Қазақтың тарихи әндері (З.Қоспақов), Орта Азия халықтары музыкасының бастаулары (Ш.Гуллыев), Қылқобызда ойналатын эпикалық күйлер (Л.Жұмабекова), Кварта бұрауындағы халықтың төкпе күйлері (Р.Несіпбай), Әл-Фарабидің музыкалық-эстетикалық тұжырымдамалары (Ж.Ордалиева).

 

      "Қазақтың  музыкалық фольклорындағы бақсы  өнері" атты тарауда дүние  жүзі халықтарының көбінің өмірі мен дүниетанымынан орын алған, халық дәстүрінің ежелгі түрлеріне жататын бақсылық феноменінің жалпы сипаттамасы беріліп, оның қазақтың ауызекі-поэтикалық, прозалық және музыкалық фольклорындағы көрінісі талданады. Бақсылық өнердің өзектері, біртұтастық және көпқұрамдылық, циклдылық, импровизациялық тәрізді негізгі сипаттарының бақсының шыққан аймағы мен табиғи дарындылығына байланысты болатыны туралы баяндалады.

      "Қазақтың  тарихи әндері" атты мақалада "Ескендір", "Ақсақ Темір", жоңғар шапқыншылығына байланысты туған "Елім-ай", "Қалмақ қызының әні", "Жетіарал жерім-ай", "Алтай" әндеріне аналитикалық талдаулар жасалып, олардың нұсқаларының әуендік және құрылымдық сипатына, ырғақтық-өлшемдік, әуендік-интонациялық ерекшеліктеріне әр қырынан тоқталып, мысалдар келтіріледі.

      "Орта  Азия халықтары музыкасының бастаулары" мақаласында қазіргі кездегі  немесе жақын уақыттарда қолданыста  болған музыкалық аспаптардың  көбі ежелгі Орта Азияда пайда  болғаны анықталады.

      "Қылқобызда  ойналатын эпикалық күйлер" мақаласында қобызда орындалатын эпикалық күйлер нақтылы түрде жан-жақты қарастырылады. Бұл топқа эпосқа тікелей байланыстылығы аттарынан көрінетін "Мұңлық-Зарлық", "Қаншайым", "Қамбар батыр", "Қазан күй" атты күйлер кіреді. Эпикалық қобыз күйлерін талдау барысында автор көне эпостан тарихи эпосқа қарай даму жолын көрсетіп, әуендік деңгейде типтес белгілердің нышандарын аңғартады.

     "Кварта бұрауындағы халықтың төкпе күйлері" очеркінде Батыс Қазақстанда кең тараған кварта бұрауындағы фольклорлық төкпе күйлер қарастыралады. Мұнда бұл дәстүрде белгілі орын алған фольклорлық төкпе күйлер формаларының сипаттамасы беріледі.

     "Әл-Фарабидің музыкалық-эстетикалық тұжырымдамалары" атты мақаланың негізінде орта ғасырлардағы шығыс ғұлама-ойшылдарының философиялық-эстетикалық ұстанымдары мен сол дәуірдің көркем шығармашылығы мен әдебиетінде көрініс тапқан музыкалық-теориялық ойлар келтіріледі. Шығыс философтарының еңбектерін қарастыру барысында сопылық музыкалық теориялар мен көне түркілік дәстүрлі көзқарастардың байланысы нақты деректермен дәлелденеді.

      Сонымен, жұмыстың көлемді бөлігі музыкалық қажеттіліктердің көркемдік тұрғыда қорытылуына, музыка өнерінің түрлі формаларының композициясы мен құрылымдары мәселелеріне арналған. Тұңғыш рет қазақ тілінде бақсы өнері комплексті және концептуалды түрде, синкреттілік, фольклорлық бастауларының циклдылық сипатында, поэтикалық және музыкалық құрылымдарының өзара байланысында, т.б. зерттеледі.

     "Халық өнеріндегі театрлық элементтер" атты өнертану ғылымдарының докторы Б.Құндақбайұлының очеркінде ұлттық дәстүрлі мәдениеттегі театр элементтері көрсетіледі - халықтың ойын-сауықтарында, үйлену салтының әдет-ғұрыптарында, аңыз-әңгімелерде, жыраулық, шешендік өнерде. Фольклордың суырыпсалмалық табиғатындағы өзіндік ерекшеліктері анықталып, көркемдік сипаттары көрсетіледі. Сонымен қатар, очерк авторы қазақ халқының рухани өмірінің басқа да байырғы және бай көріністерінен болашақ театр белгілерін табады. Батыс Еуропа өнеріне тән театр заңдылықтарымен олардың ұқсастығын және ұлттық түрде бейнеленгендігін Б.Құндақбайұлы ауызекі фольклордағы театр өнері белгілерінен анықтайды, олардың терең тамырларын кейінірек дамыған ақындық орындаушылықтан (диалогты форма), әншілік және ойын-ысқақ (қазақ жәрмеңкесінде кең тараған ұлттық өнер) түрлерінен көріп, ғылыми түрде дәлелдеп, тұжырымдайды.

     Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениетіне арналған бұл басылымда қазіргі кездегі өнертану ғылымының күрделі және маңызды тарихи-теориялық мәселелерінің шешілуі көзделген. Авторлық коллективтің оқырмандарға ұсынып отырған "Қазақстан өнері тарихының" екінші томында халық өнерінің түрлі салаларын қамтитын ортағасырлардағы Қазақстанның бай мәдениеті жүйелі түрде талданған. Бұл іргелі еңбек өнертанушыларға, тарихшыларға, гуманитарлық сала мамандарына, өнер оқу орындарының студенттері мен аспиранттарға, Қазақстан өнеріне қызығушылығы бар жалпы оқырман қауымға арналған.

 

 

 

Қазақ халық  әндерінің тәрбиелік мәні

 

      Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез - құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл - ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Казақ халық әндерінің  жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген  жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс сияқгы:

тұрмыс салт әндері (бесік  жырлары, балалар мен жастар

әндері);

еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы әндері);

- үйлену әндері (той  бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар,  қоштасу, сыңсу, құдалар әңдері);

ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет - ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);

жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);

- нақиялы әндер (алғыс,  бата, тілек, жұмбак, мысал-әжуа, күлдіргі  мыскыл әндер);

қиял-ғажайып әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер);

сатиралы - юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);

тарихи әндер;

әлеуметтік теңсіздік  әңдері;

эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);

айтыс әндері;

лирикалық әндер.

Казақтың халық әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмастығы көзғарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.

   Казақ әңдерінің  музыкалық-поэтикалық құрылымының  күрделілігі, жас буынның ой-сезімі  мен танымдылығына әсер етуші  күштерінің сан қилы болып  келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.

      Ал біздер сөз еткелі ытырған окушылардың музыкалық-эстетикалық дамуын жетілдіруде ән тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтиежелі пайдалану казақ әндерінің өзіндік бітім - тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік мәнерін жете білмейінше, ойдағыдай жүзеге асырылмайды.

Казақ әндерінін ерекшеліктері  әдебиет саласында А.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Б.Уақатов және баска  зерттеушілердің еңбектеріңде талданды. Педагогикалық зерттеудерде казақ  әндерінің ерекшеліктері жөніңде арнайы еңбектер   болғанымен,   осы   мәселе   төңірегіндегі   ой-пікірлер   мен пайымдауларды С.А.Ұзақбаеваның, А.Нұғымованың,   М.Х.Балтабаевтың,  Ж.Өтемісовтың ізденістерінен байқауға болады.

Біздер жоғарыда аталған  ғылыми еңбектерге сүйеніп педагогикалық түрғыда карастырылған ән мұраларының казақ өмірімен тығыз байланыстылығы, тарихилығы, көп варианттылығы, философиялық ой тереңдігі, көркем образдылығы, синкреттілігі, дидактикалық және танымдық маңыздылығы жөне мелодиялық интонациялық кұрлымындағы әуен өсемділігі деп ажыраттық. Осылайша байлам жасауымызға А.Қоңыратбаевтын ән-өлең шығармаларына берген сипаттамаларын, ерекшеліктерін: "Олар - фольклордың коллективтік және үлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлігі, тарихилығы және ауызекі дамуы... фольклор синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй енері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде керінеді", - деген тұжырымдарын негізге алуга болады.

        Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның есте калғыш, тартымды әрі карапайым, көркем образдылығы. А.Қоңыратбаевтың осы пікірі ән-елеңдерінің тағы бір ерекшелігін оның көркем образдылығын дәл көрсетеді. Халық әндерінде ақылғой қария Асанкайғы, Қорқыт, Жиренше еліне қиын-қыстыу кезде болған Кобланды, Алпамыс, Ертарғын, Қамбар батырлар, өнегелі ару қыздары Қыз-Жібек, Баян-сұлу, Қарашаш, Ақжүніс тәрізді жасампаз образдар әсем сазбен, сырлы әуен көгендерімен жиі кездеседі.

      Ән синкреттік өнер. Оның бойында біртұтас бірлкте сомдалған. Ән өнерінің әсер етуші механизімінің күрделігі, біздің оның негізгі ерекшелігі синкреттілігіне байланысы зор.

        Қазақ әндеріндегі философиалық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен капсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі есиет арқылы, ізгілікті мейірбандықка, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-кұлықка, сақилы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмір сүру тірішлігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Яғни, қазақ әңдерінің дидактикалык, танымдық қасиеті оның негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Біздер казақтың халық  әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін талдағанда жоғарыда аталған зерттеушілердің  ән жанрларын классификациялауына сүйеніп педагогикалық мақсатпен жүйелеп, төмеңдегі классификациямыз бойьнша карастырамыз:

тұрмыс салт әндері (бесік  жырлары, балалар мен жастар

әндері);еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік  мал туралы әндер, диқан, егіншілік  әндері, аңшылық, саяткерлік әндер, жұмысшы әндері);үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, кұдалар әндері);

ұлыс әңдері (жарапазан); діни әдет-ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);жаналазау әңдері (естірту, жұбату, көңіл айту);

- нақиялы әңдер (алғыс,  бата, тілек, жүмбак, мысал-әжуа, күлдіргі  мыскыл әндер);киял-ғажайып әндер  (аңыз әндер, өтірік өлеңдер);

сатиралы юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);

тарихи әндер;әлеуметтік теңсіздік әндері;эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);айтыс әндері;лирикалық әндер.

Ән саласына мол үлес қосқандар

 

     Орта Азия ғалымдары (Әбу Наср әл-Фараби, 10 ғ.; Ибн Сина, 10 – 11 ғ-лар), араб, парсы, Византия теоретиктері. Қайта өркендеу дәуірінде полифония ережелері жүйеге келтіріліп, мажорлы-минорлы ладтар жүйесінің және гармония жөніндегі ілімнің негізі қаланды. 18 ғ-да Дж.Б. Мартинидің (Италия, 1781), Дж.Хокинс пен Ч.Бернидің (Ұлыбритания, 1776 – 89) музыка тарихына арналған ғылыми еңбектері жарық көрді. 19 ғ-да Г.Берлиоз, Р.Шуман, Р.Вагнер, Ф.Лист музыкалық эстетика және музыка сыны туралы еңбектерінде музыка теориясының мәселелерімен шұғылданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан ұлттық музыкалық мектептер қалыптасып, өркендей бастады. 20 ғасырдың басында музыкалық фольклористика кең дамыды. ТМД елдерінде А.Д. Кастальский мен Е.В. Гиппиус орыстың, Д.И. Аракашвили грузиннің, В.А. Успенский өзбек пен түрікменнің, А.В. Затаевич, Б.Г. Ерзакович, А. Жұбанов қазақтың музыкалық фольклорын жинап, зерттеді. Музыкатану ғылымы 20 ғ-да өркен жайды. Жалпы көркемөнер және музыкатану ғылымымен Мәскеу қаласындағы Өнер тарихы институты, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы Театр, музыка және кинематография институты шұғылданды. музыкатану мақсатында және әр елдің алдыңғы қатарлы музыкант-ғалымдарының өзара шығармашылық бірлестікте болуы үшін Мәскеу қаласында өткен ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық музыкалық бірлестігінің 7-конгресі болды (1971). Осы мақсатта тұңғыш рет Алматы қаласында (1973) Азия елдерінің халықаралық музыкалық симпозиумы, ал 1974 ж. бүкілодақтық фольклорлық комиссияның халық музыкасын зерттеу жөніндегі пленарлық мәжілісі өтті. ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институтында қазақ музыка өнерінің тарихы мен даму мәселелері зерттелуде. Қазақ музыкатану ғылымы 20 ғасырдың алғашқы ширегінде қалыптасып, ұлттық мәдениеттің жеке түрі ретінде халық музыка шығармаларын жинап, зерттеу, музыкалық мұраларды кәсіби өнердің жаңа жанрларында шығармашылықпен пайдалану көзделді. Қазақтың музыкалық фольклорының алғашқы басылымдары – А.В. Затаевичтің “Қазақ халқының 1000 әні” мен “Қазақтың 500 ән-күйлері” атты екі кітабы. Кәсіби өнердің ауызша дәстүрін зерттеу саласында академик Жұбанов еңбектерінің ғылыми әрі танымдық маңызы ерекше. Оның “Құрманғазы” (1936, 1968), “ұасырлар пернесі” (1963, 1975), “Замана бұлбұлдары” (1963, 1975) атты кітаптарына 19 ғ. мен 20 ғасырдың 1-жартысындағы бірқатар көрнекті кәсіби халық композиторларының, әншілер мен музыкалық аспапта орындаушылардың өмірі мен шығармашылық туралы очерктер енген.

Информация о работе Қазақ өнерінің тарихы