Қазақ этнопедагогикасының дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 19:49, реферат

Краткое описание

Жалпы мәліметтер бойынша, этнопедагогика ғылымы орыс, Батыс елдерінде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде, оны үш кезеңге бөліп қарастырған.
Бірінші кезең – ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш зерттеу еңбектерін жазған Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты демократ ағартушылар мен орыс, Батыс саяхатшы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, т.б.) қолжазбалары десек, екінші кезең – ХХ ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Айсауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, т.б. болды. Яғни, бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптсау кезеңі деп қарастырамыз.

Содержание

1. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туу, қалыптасу, даму
кезеңдері
2. Қазақ этнопедагогикасын жеке ғылым ретінде қалыптастыруға
еңбек сіңірген педагог-ғалымдар
3. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы.
4. Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық көзқарасы.
5. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

этнопед.doc

— 61.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң  университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ №5

 

Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасының дамуы мен қалыптасуы. 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Орындаған:  Мырзабекова Ш. Г-219

                                         Тексерген: Жайыргазина Н.Т

 

 

 

 

 

Семей 2013

 

 

Жоспар

 

 

  1. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туу, қалыптасу, даму

               кезеңдері

  1. Қазақ этнопедагогикасын жеке ғылым ретінде қалыптастыруға

               еңбек сіңірген педагог-ғалымдар

    1. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы.
    2. Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық көзқарасы.
    3. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы мәліметтер бойынша, этнопедагогика ғылымы орыс, Батыс елдерінде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде, оны үш кезеңге бөліп қарастырған.

Бірінші кезең – ХІХ  ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш зерттеу еңбектерін жазған Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты демократ ағартушылар мен орыс, Батыс саяхатшы, этнограф  ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, т.б.) қолжазбалары десек, екінші кезең – ХХ ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Айсауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, т.б. болды. Яғни, бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптсау кезеңі деп қарастырамыз. Үшінші кезең – 35-40 жылдық үзілістен кейін қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.

Қазақ этнопедагогикасының  бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ-ағартушылары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсаринның ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты болғандықтан, қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне арнайы тоқталып өтпекпін.

Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде  туу, қалыптасу, даму кезеңдері

Қазақ этнопедагогикасының  туу кезеңі (ХІХғ.2-жартысы), оның белсенді қайраткерлері

Қазақ этнопедагогикасының  қалыптасу кезеңі

(1920-1930жж.) және  ол кезеңдегі қайраткерлер

Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі (1970-2005) және оның қайраткерлері

Ш.Уәлиханов

Ы.Алтынсарин

А.Құнанбаев

Орыс, Батыс 

саяхатшы-  ғалымдары:

П.С.Паллас

Э.С.Вульфсон

А.Вамбери

А.Левшин

А.Янушкевич

Н.Г.Потанин

Н.Л.Зеланд

В.В.Радлов

Қазақтың 

зиялы оқымыстылары:

С.Торайғыров

Ә.Диваев

А.Байтұрсынов

Ш.Құдайбердиев

М.Дулатов

М.Жұмабаев

Ж.Аймауытов

М.Әуезов

С.Сейфуллин

Н.Құлжанова

Х.Досмұхамедов

Ә.Диваев

М.Ғабдуллин

Б.Момышұлы

Б.Адамбаев

Ш.Ахметов

М.Әлімбаев

Қ.Жарықбаев

С.Қалиев

С.Ұзақбаев

И.Бөлеев

М.Смайылов

М.Оразаев

К.Қожахметова




Негізі қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі – ХІХ ғасырдың екінші жартысы және осы тұстағы ағартушы-демократ, ойшыл зиялылардың еңбектерімен тығыз байланысты десек те, шын мәнінде, сол ғасырдың аяғына дейін қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясы дербес ғылым нәтижесіне көтеріле алмады. Оның бірнеше себептері болды. Біріншіден, Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып, ғылыми терминдер әлі қалыптасып жетілмеген болатын. Екіншіден, әр ғылым саласын жеке ғылым ретінде зерттейтін ғалымдар жетіспеді. Үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық арнайы зерттеу мекемелері мен баспа орындары болмады.

Республикада соңғы 60 жыл ішінде педагогика ғылымының  дамып, қалыптасуына ондаған баспа  орындарының, ғылыми-әдістемелік арнаулы журналдар мен газеттердің ашылуы, жыл сайын жүздеген оқулықтар мен ондаған ғылыми-педагогикалық зерттеу еңбектерінің шығуы да игі әсерін тигізді. Педагогика, психология терминдерін қалыптастырып, арнайы зерттеу еңбектері мен оқулықтарын, сөздіктерін жасауда, сөйтіп бұл ғылым салаларын қалыптастыруда 1920-1935 жылдары Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Қ.Кемеңгеров, Қ.Жұбанов, Ш.Әлжанов сияқты біртуар зиялы азаматтар орасан зор еңбек сіңіргендігін сөз жоқ, айта аламын.

Бірақ өкінішке орай, қазақ этнопедагогика ғылымының теориялық тұрғыда негізін қалаған жоғарыда аттары аталған қайраткерлер 1935-1937 жылдары жеке басқа табынудың құрбаны болып, жазықсыз жазаға тартылып кеткен еді. Біраз жылдық тоқыраудан кейін 1950-1980 жылдар аралығында Ә.Сыдықов, Р.Г.Лемберг, А.П.Нечаев, Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов, Ш.Кәрібаев, М.Мұқанов, Е.Суфиев, А.Темірбеков, т.б. ондаған көрнекті педагог-ғалымдар педагогика, психология саласында қомақты еңбектер жазып қалдырды. Сөйтіп, қазақстандық төл педагогика, психология ғылымдары аяқтан тік тұрарлықтай қалыптасты.

Енді қазақ этнопедагогикасын  дербес ғылым ретінде қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген тұңғыш қазақстандық ғалымдардың педагогикалық көзқарастарына тоқталып өтейін.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) бар өмірін қазақ қоғамындағы білім мен  ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жандануына бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын  жетілдіру долында өшпес із қалдырды. «Әліпби», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш», т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты.

А.Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге  ұмтылуын, әр қазақтың «қара домалақ» баласының ең болмаса бастауыш білім  алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ  қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің ауыр халі оны қатты күйзеліске әкелді.

Автор қазақ бастауыш мектептерін қандай пәндер оқытылуы керек дегенге де арнайы тоқталған: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнер, жағрафия, жаратылыс  болуы керек деп көрсеткен еді.

А.Байтұрсыновтың үлкен  педагогикалық еңбегінің бірі 1912 жылы жазылған, қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазды. Бұл оқулықтық фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914 жылы, ал ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылы қайта басылып, бірнеше рет қолданылып келеді. Автор осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды. Қазіргі күнге дейін пайдаланылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай, бастауыш, баяндауыш, т.б. лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы осы Ахмет Байтұрсыновтікі.

Оқулықтың тағы бір құндылығы –  қазақ тілі грамматикасының басты  салалары: фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттейтін ғылым, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттейтін ғылым деп, қазақ тілін ғылыми тілде саралап, зерделеп берген еді.

Қазақ халқының асыл азаматтарының  бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде ұлттық педагогика мен оқу-ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін бағалай білейік демекпін.

Ал, ұзақ жылдар бойы «Ұлтшыл әдебиет өкілі» деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса, қазқ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдарының саласында қалам тартып, құнды ғылыми-зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болумен дараланған ерекше тұлға екендігін барлығымыз білеміз.

Ж.Аймауытовтың педагогика ғылымы саласындағы  жүйелі ой-пікірлері оның 1924 жылы Орынборда  басылған «Тәрбиеші-жетекші» атты еңбегінен  жақсы байқалады. Бұл еңбекте  Ж.Аймауытов «Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін тірі адам болғандықтан, біпкелкі әдіспен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер... Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді... сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды», - деп, оқыту, білім беру әдісінің қатып-семіп қалған зат емес, үнемі ізденуден туатын  іс-әрекет екенін дұрыс атап өтеді.

Ж.Аймауытовтың бұл пікірі қазіргі  қазақ мектептерін жалпы білім  беру тұжырымдамасында айтылған: «педагогикалық процестің сапасын көтерудің маңызды бағыты – сабақты өткізу тәсілдерін, балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру үшін мұғалімнің ұстаздық шеберлігі жоғары болуы дәне оның профессионалдық еркіндікке ие болуы керек» идеямен тікелей байланысып жатыр. Автор мектепте алған білімнің, жарқын болашақта, келешек мамандығында керектігін жақсы айтып, жеткізген. Айта берсек, Жүсіпбек Аймаутовтың пікірлері де, ойлары да, еңбектері де бір айтып, бітіре саларлыққа келмейді. Бірақ ол кісінің психология, педагогика, методика ғылымдарына үлкен үлес қосушылардың бірі екендігіне көзіміз жетеді. Жүсіпбек Аймауытов Қазақстанның мәдениет тарихында өшпес із қалдырды.

Ұлы, көрнекті қазақ ғалымдарының, ағартушыларының бірі – Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын діндегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептерінің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді... Оқушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек», деп жазған еді, ал Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: ., ... мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» - десе, «Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң анау тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап өсесіңә деп әке баласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. Алтынсариннің мектептегі татарша діни жаттамалы оқудың орнына балаларды ана тілінде оқытуға ерекше мән берді, олардың халықтық дәстүр, аңыз әңгіме, мақал- мәтел негізінде оқытып тәрбиелеуге ерекше назар аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетінің материалдарын атап айтқанда жастарды ерлікке, өнерге жақсы адамгершілік қасиаттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп енгізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас.-Алматы, «мектеп», 1987.
  2. Қалиев Қ. Этнопедагогика. Астана. 2003 «М.Жұмабаев педагогикалық көзқарастар».
  3. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – А.: Білім, 2003.
  4. Қожахметова К. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. – А., 1993.

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ этнопедагогикасының дамуы мен қалыптасуы