Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 11:08, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік қызметінің өрістеп, дамуымен байланысты әдеби тілдің функционалдық – стильдік жақтан саралану үрдісі тереңдей түсті. Жалпыхалықтық тілдің өзге түрлеріне қарағанда әдеби тіл жетекші сипатқа ие болды. Осымен байланысты әдеби тілдің дәстүрлі нормалары беки түсті.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................3-15
І. ЛЕКСИКАЛЫҚ ДИАЛЕКТИЗМДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТОПТАРҒА ҚАТЫСЫ .............................................................................................................16-24
1.1. Түбірлі диалектизмдер
1.2. Тіркесті диалектизмдер
1.3. Семантикалық диалектизмдер
1.4. Лексика – фонетикалық диалектизмдер
1.5. Сәйкесті және сәйкессіз диалектизмдер
ІІ. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР............................................................25-50
2.1. Заттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер.
2.1.1. Үй – жай, қора – қопсы, бау – шарбаққа байланысты сөздер.
2.1.1.1. Үй – жай, баспана түрлері, оның бөлшектері.
2.1.1.2. Киіз үй, оның түрлері, жабдықтары.
2.1.1.3. Қора – қопсы, бау – шарбақ түрлері.
2.1.2. Көрпе – төсек, киім – кешекке байланысты сөздер.
2.1.3. Ыдыс – аяқ атауларына байланысты сөздер.
2.1.4. Тағам атауларына байланысты сөздер.
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................51-53
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................53-56
ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН АТАУЛАР..............................................57

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.раб. ЛЕКСИКА - СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАР.doc

— 349.00 Кб (Скачать документ)

Диалектологиялық зерттеулерге қарағанда, қазақ тлнң говорларында там сөзі екі мағынада қолданылатыны айтылып жүр: а) там - тірі адамның тұрағы, үйі; ә) өлген адамның көрі, жайы. Осы сөздің үй мағынасында жұмсалуы Қазақстанның оңтүстік - шығыс өңіріндегі Зайсан ауданынан бастап Аралға дейінгі аумақты қамтиды (77.144). Демек, там сөзінің үй мағынасында айтылуы Жетісу тұрғындарына да тєн деген сөз. Ал Қазақстанның басқа жерлерінде (Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды т.б. солтүстік облыстарда) там сөз мола немесе соның басына орнатылған қорған мағынасында жұмсалады (78.315). Там сөзнің мағынасы қазан төңкерісіне дейїн басылып шыққан кейбір сөздіктерде байқалады. Орынборда басылып шыққан сөздікте там - тастан жасалған қабырға, мола, оңтүстікте, Ташкентте басылып шыққан сөздікте там - үй мағынасында айтылғаны жөнінде мәліметтер бар (77.145).

Ж. Досқараевтың айтуынша, қазақтың ру-тайпаларының немесе әр тектегі тайпалар одақтарының (үйсін одағы, кейін қыпшақ одағы) кезіндегі ру-тайпалардың тілінде көшпелі тұрмысқа байланысты сөздерде диалектілік айырмашылықтар аз болған. Үй деген сөз барлық ру-тайпаларда тұрақ деген ұғымда және киіз үй деген ұғымда да жұмсалған. Ал үй сөзінің бастапқы мағынасының өзгеріп, там деп аталуы кейінгі кезде жартылай отырыққшылыққа айналуымен, яғни Қазақстанның оңтүстігі мен Жетсу өлкесіндегі тайпалардың егін шаруашылығымен шұғылданып, ірі қалалар салынып, мәдениет орталығына айналуымен байланыстырады. Осыдан үй сөзінің бастапқы мағынасы өзгеріп, оның орнына там, там кепе деген сөздер пайда болып, күрделі ұғым дараланып, бїр жерден екінші жерге апарып тігілетін үй - киіз үй делініп, кірпіштен, тастан салынған үй - там, там кепе деп аталған (77.144-145) дейдї. Бұл пікір шындыққа жанасатын тәрізді. Өйткені там сөзінің аталған өңірде үй мағынасында жиі қолданылуы осының дәлелі іспетті.

Там үй қабырғасы дуалдан не балшық кірпіштен қаланған үйдің түрі.

Шым үй қабырғасы шыммен қаланып жасалған үй. Орынбор қазақтары тілінде кес үй деп аталады.

Тас үй қабырғалары тастан қаланып жасалған үй.

Кірпіш үй қабырғалары күйген кірпіштен, не қалыппен құйған кірпіштен қаланып жасалған үй. Өзбекстан қазақтары тілінде қыш там, оңтүстік тұрғындары тілінде қыш кірпіш үй, Қосағаш қазақтарында балқаш үй сөздері кірпіш үй мағынасында жұмсалады.

Соқпа там қабырғаларын дуалдан соғып жасаған үй. Өзбекстан қазақтарында топырақ дуал там, Орынборда соқпа үй сөздері қолданылады.

Тоқал там қабырғасы дуалдан не лай кірпіштен тұрғызылған, төбесі шатырсыз дөңестеу келген, қабырғасымен бірге сыланған үй. Бұны Тәжікстан қазақтарында кєл там, Қазақстанның басқа кейбір жерлерінде тоқал үй деп атайды.

Жер там // жер үй жерден қазылып жасалған үй. Жасымызда жер тамда өстік. Бұл сөздің қазақ тілі сөйленістерінде біраз баламалары айтылады. Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Гурьевте – жертөле, Түркменстанда – төле, күме, жергөме, Омбыда - земленке, Семейде - қопын және Қазақстанны кейбір аудандарында - жерқазба, қорапа т.б.

Шатырлы үй төбесінде шатыры бар үй.

Далан кіре берістегі бөлме, ауыз үй. Балалар даланда отыр. Семей облысында - далан.

Далаң кіре берістегі бөлме. Ортадағысы далаң үй (Б.Соқпақбаев. Жекпе-жек, 18).

Моржа пештің түтн шығатын жері, түтіндігі.

Итарқа (үй) 1. екі керегенің басын түйістіріп, байлап киізбен жаба салған үй. 2. төбесін көтеріңкілеу екі жағына құлама етіп жасаған шатырсыз үй. Бұндай үйдї Түрікменстанда - ешекарқа үй, Тәжікстанда – шөптара және кейбір жерлерде итжон үй деп атайды.

Қоржын дорба үй ауызғы үйдің екі жағындағы бөлмелерге есігі шыққан үш бөлмелї үй. Алғашқы кезде салынған үйлердің көбі қоржын дорба үй болған. Тәжікстан қазақтарында - қоржын үй.

Сыртқы ауыз үй сырттан кіргенде бірінші бөлме. Алматы маңында - ауыз үй.

Ортаңғы ауыз үй кіреберістегі бөлмеден кейінгі бөлме.

Орталық үй үй ішіндегі ортадағы бөлмелердің бірі.

Түп үй бірнеше бөлмелі үйдің ең түпкі бөлмесі.

Мейманхана үй қонақтар жататын төргі бөлмелердің бірі.

Ашхана // ас үй ас пісіретін, ас ішетін кіреберістегі бөлме.

Далан үй үйге кіреберістегі сыртқы бөлме. Бұның орнына Омбы, Павлодар, Қостанайда сенек; Оралда сене, Семей, Шығыс Қазақстанда көше, себет, бодам; Орынборда шолан; Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Түрікменстан, Өзбекстанда дәліз; Гурьев, Қарақалпақстанда дәлдіз сөздері айтылады.

Тошала төбесін дөңгелектеп, кейде шатырлап жапқан, азық-түлік, тамақ қоятын есік алдындағы кішкене үй. Тошаланың төбесі тесік болады. Қазақстанның басқа жерлерінде бұл сөздің шошала (Алм.), еттік (Көкш.), ет күрке (Қост.), шуал (Сем.), омақа (Омбы), шыжмыж (Қош.) тәрізді баламалары кездеседі. Бұл сөз Семей облысында жиі қолданылады.

Муалы азық-түлік, тамақ қоятын есік алдындағы үй, шошала.

Ас үй тамақ пісіруге, тамақ ішуге арналған ас үй. Қызылорда - қазан үй, Омбыда - ас сарай.

Балаған тал-шыбықтарды жерге шаншып, басын иіп қойып, үстінен қамыс, шөппен жабылып жасалған жеңіл баспана.

Күрке шағын баспана, қос. Қазақ тілінің сөйленістерінде мұның шабыра (Қ.Орда, Ақт.), шайла (Жамб., Шымк., Қ.Орда), далба (Сем.) тәірізд баламалары кездеседі.

Кепе 1. қамыс, тал-шөптен жасалатын күркенің бір түрі. Түрікменстанда - кейпе, Тәжікстанда - тоғыра кепе. 2. жерден қазылып жасалған жер там тәрізді баспана.

Шөп кепе үсті шөппен жабылып істелген кепе.

Там кепе қабырғасы дуалдан не кесектен жасалған кепен төрі.

Лашық екі-үш ағаш басын буып, үстіне киіз жаба салған баспана.

Лапас төбесі жабылған, жан-жағы ашық, есік алдына көлеңке үшін жасалған жай. Бұл атаудың қазақ тілінің сөйленістерінде бастырма (Алм., Жамб., Қ.Орда), әуестік, сәндіре (Орын.), шертек (Түрікм.), пірнәбес (Орал), көлеңке (С.Қаз.), бірбеткей (Омбы), шартақ (Өзб.) баламалары бар.

Саң кірпіштен не тақтайдан жасаған астық құятын жер. Осы сөз орнына басқа жерлерде нар, сусек, пура (Орын.), пора (Ақт.), бора (Сем.), сәдөк (Орал), кендік, дәнхана (Өзб.) тәрізді атаулар айтылады.

Сыпа үй ішіндегі кесек, саманнан сыланып жасалған көтеріңкі еден. Бұның орнына қазақ тілінің басқа сөйленістерінде сәкі (Орын., Қост.), сәрі (Өзб.) және нар сөздері қолданылады.

Қанат // кереге үйдің төбесін, шатырын ұстап тұратын тік келген бөлшегі. Бұның басқа өңірлерде кереге (Алм., Жамб., Сем.), жар (Орал, Ақт., Орын.), біләл (Алм.), стена (Омбы) сияқты баламалары бар.

Дуал топырақтан соғылып жасалған қабырға. Қызылордада - диуал, Алматы мен Семейде - дуал.

Соқпа дуал. Соқпа соғып жатқан едім.

Төбе үйдің төбесі. Осы атаудың баламасы ретінде Солтүстік Қазақстанда потолок, Шымкентте сыпа, Түрікменстанда пәтік, Өзбекстан қазақтары тілінде ләмпе сөздері кездеседі.

Саға шатыр немесе төбе мен қабырғаның қиысқан жеріндегі жиегі.

Шатыр ұзын екі қабырғаның үстінен салынып, жоғарғы жағы үшкірленіп келген үйдің төбесі. Қостанайда - тырнаша.

Дөдеге шатырсыз үйдің жиегіне салынған бума қамыс.

өргетас үйдің қабырғаларының астынан қаланатын немесе құйылатын тастар. Бұны Оралда забел, Түрікменстанда жайдың тырнағы деп атайды.

Еден үйдің табаны, үйдің тақтай төселген табаны.

Баспалдақ биік үйлерге кіру үшін есік алдына жасалған басқыш, тепкішек. Қазақстан жерінде бұл заттың баспа (Орын., Гур., Түрікм.), баспа ағаш (Орал), кірме (Гур.) және басқыш тәрізді аттары кездеседі.

Белағаш үйдің төбесіне көлденең салынатын арыс ағаш. Белағашқа жарайтын ағаш екен. Бөлменің орта тұсында белағашқа салбырай байланған ап-ауыр сопақша нан (Б.Соқ. Жекпе-жек, 114).

Бөрене үйдің төбесіне көлденең салынатын арқалық, мәтке. Үйдің бөренесі нашар болды.

Білік үйдің төбесіне көлденең салынатын арқалық, мәтке. Біздің үйдің білігі майысып кетіпті.

Үрлік үйдің төбесіне көлденең салынатын арқалық, мәтке.

Ілім үйдің төбесіне салынатын арқалық, мәтке. Үйдің төбесіне ілім керек болып тұр.

Жетісу тұрғындары тілінде үйдің төбесіне салынатын белағаш, бөрене, білік, үрлік, сілеген сөздерінің орнына қазақ тілінің сөйленістерінде мәтке (Омбы, С.Қаз., Павл., Қар.), арыс (Қарақ.), жұмыр ағаш, жорышкі (Гур.), дар (Түрікм.), күләт//кіләт (Орал), өрлік (Қ.Орда, Ақт., Қост.), қары (Шымк., Жамб., Өзб.), төбелдірік (Қост.) тәрізді баламалары айтылады.

Шабақ // шанжа белағаш, арқалық үстіне салынатын жіңішке ағаш. Бұл сөз орнына басқа жерлерде парваз//паруаз.

Сарша мәткенің үстіне көлденең салатын жіңішке ағаштар (Шымк., Жамб.), салма (Ш.Қаз.), сайғау (Ақт., Орын.), қабырға ағаш, сүйен (Ақт.), уық (Қост.), сырғауыл (Сем.) сөздері осы мағынада жұмсалады.

Тїреу арқалық, белағаш астынан тіреу үшін қойылатын ағаш. Бұл сөздің басқа жерлерде таяу (Қ.Орда, Орын., Гур.), ұстын (Шымк., Өзб., Жамб.), сақа (Орал) және тіреуіш тәрізді баламалары бар.

Діңгек арқалық, белағаш астына қойылатын тіреу.

Түбірік үйге қойылатын тіреу. Түбірікті үйге де, қораға да орната береді.

Ойық ыдыс-аяқ қою үшін үйдің қабырғасының ішкі жағынан ойылып жасалған орын. Бұны басқа жерлерде текше (Шымк.), тауаш (Қ.Орда), тауша (Сем.) деп атайды.

Бойра қамыстан жасалған тоқыма.

Кәшек 1. екі жақтау, табалдырық маңдайшасы шегеленген есіктің ағашы. 2. терезенің көздерге бөлінген бөлшегі.

Зерттеліп отырған өңірде қора-қопсыға байланысты өзгешеленіп келетін сөздер бар. Бұл өңірде қораның мына түрлері қолданылады. Оның бірі- ашық қора (төбесі ашық, жан-жағы жабық қора). Бұны қазақ тілінің басқа жерлерінде азбар (Гур., Ақт., Көкш.), албар//ашық (Көкш.), ашық қаша (МХР), жайдақ қора (Шымк.), жөнекей (Түрікм.), қорған (Қарақ.) деп атайды. Сондай-ақ аталған жерде жан-жағы әрі төбесі жабық қораны бітеу қора деп атаса, кей жерлерде оның бітеу қаша (МХР), жабық (Жезқ.), қашар (Сем.), қойтас (Өзб.) сияқты баламалары бар.

Қамба астық сақтайтын арнаулы орын. Жергілікті жерде де осы мағынада жұмсалады. Сонымен бірге үй ішінде қабырғаға жанастырып, кірпіштен қалап өсірген арнаулы орын мағынасында да қолданылады. Бұның қазақ тілі сөйленістерінде сусек (Орын.), сәдөк (Орал), саґ (Алм.), пура (Орын.), лар (Орал) тәрізді баламалары бар.

 

3.1.2. Киіз үй, оның түрлері, жабдықтары

 

Көне заманнан бері баспана ретінде пайдаланылып келе жатқан киіз үй тек қазақ халқы ғана емес, көшпелі басқа да халықтардың өмірінде, тіршілігінде ерекше роль атқарған. Сондықтан да түркі-монғол тілдерінде киїз үй атауына байланысты сөздердің ұқсас келу себебі де осыдан болса керек.

Қазақ тілінде киіз үйге байланысты сөздердің аттары бүкіл Қазақстанда бїрдей айтылғанымен, жергілікті жерде өзгеше қолданылатын сөздер де жоқ емес. Жетісу тұрғындары тілінде еңсесі биіктеу келген киіз үйдің қазақы киіз үй, аласалау келгенін қалмақы киіз үй деп екіге бөліп айтады.

Бұл өңірде қазақ үй, киіз үй сөздері қатар қолданылады. Бұның орнына Қазақстанның әр жерлерінде кигіз үй (Жезқ., Павл., Ақм., Көкш.), ағаш үй (Ақт., Орал, Гур.), боз үй (Жамб.), қара үй (Шымк., Қ.Орда, Қост.), терме үй (Орын.) тәрізді баламалары кездеседі.

Алтыаяқ керегесіз, уықтарын шаңыраққа шаншып жасаған киіз үй түрі.

Абылайша қос шаңыраққа уықтың өзїн ғана шаншып жасаған керегесіз үй. Абылайшаны ертеректе пайдаланған көрінеді.

Жолым үй көшіп-қонуға ыңғайлы, тік уықты кішкене киіз үй. Жол-жөнекей тіге салатын жеңіл үй. Бұл атау Қазақстанның біраз жерлерінде де кездеседі. Дегенмен жолым үйдің қазақ сөйленістерінде жолма (Гур.), дабыл үй (ҚОрда), шаңырақ салма (Орын.), ақдігер (Орал), ноғ¦ай үй (Жамб.), жөлім үй (ҚарақІ.), бөктергі (Сем.) және ұранқай тәрізді аттары да қолданылады.

Итарқа екі керегенің басын қосып, үстіне киіз жаба салған баспана. Итарқаны көшіп-қонып жүрген кезде жасай салады.

Қос екі кереге басын қосып немесе бірнеше сырғауыл басын байлап, киізбен жапқан баспана. қосты қысқы тебінде мал жайғанда, көшіп-қонғанда жиі пайдаланады. Егін басына да қос тігеді.

Тоңқайма шаңыраққа бірнеше уықты шаншып жасаған керегесіз үй.

Біраз атаулар киіз үйдің сүйектері - кереге, шаңырақ, уық түрлеріне және олардың бөліктеріне қатысты. Соның бірі- кереге.

Кереге киі үйдің ағаштан жасалған тор көзді жиналмалы сүйегі, қаңқасы. Кереге көзінің жиілігі мен сиректігіне қарай тор көзді кереге (ағаштары жиі), жел көзді кереге (ағаштары сирек) деп екіге бөлінеді.

Шолақ кереге әдеттегі керегеден ені екі-үш есе кіші, бірақ биіктігі бірдей кереге. Шолақ кереге ені үлкен керегенің жапсарына, түйіскен жеріне сыртынан қабаттастырылып байланады. Шолақ керегені көбінесе үйдің жүк тұратын тұсына, жел көп соғатын тұсына қоса таңады.

Желі керегеге қажетті әрбір жеке ағашы. Сегіз қанат киіз үйге 256 желі ағаш кетеді.

Ерісі керегелік желінің ең ұзыны. Кереге желісінің ерісінің ұзындығы екі метр болады.

Балашық кереге желісінің ерісінен қысқалау түрі. Бір кереге 14 ерісі, 9 балашық, 9 сағанақтан құралады.

Сағанақ керегелік желінің ең қысқа ағашы. Керегелердің бір-бірімен жалғасатын жапсарындағы шығыңқы ұштары. Кереге таңғыштары арқылы сағанақтарды бір-бірімен таңғыштап бекітеді. Тілімізде “Сағанағы - сарық, қағанағы - қарық” деген сөз тіркесі қалыптасқан.

Керегені қанат деп айтады. Осыған байланысты киіз үйді төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат, он сегіз қанат деп отыз қанатқа дейін аттары болған.

Керегенің көзі кереге желілерін айқастырғанда соны бекіткен жері.

Информация о работе Аттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздер