Қашықтан оқытуда cтуденттің танымдық iс-әрекеттерін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық тұрғыда талдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 15:16, доклад

Краткое описание

Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру қоғам сұранысына жауап бере алатын, ғылыми-техникалық үдеріс міндеттерін оңтайлы шеше білетін, халықтың рухани құндылықтарын дамыта алатын қоғам мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Интеллектуалдық операцияларды орындауға даярлықтың жеткіліксіздігінен танымдық іс-әрекетті кез-келген студент өз бетінше орындай алмайды, ол білім алушылардан ерік-жігер мен ақыл-ойды талап етеді. Осыған сәйкес, психологиялық-педагогикалық зерттеулер барысында танымдық іс-әрекетті қалыптастыру білім, білік, дағдыны меңгерту ретінде ғана емес, ерік пен жігерді, қабылдау мен түйсікті дамыту тұрғысында талданады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мақала 2014.docx

— 23.91 Кб (Скачать документ)

Қашықтан оқытуда cтуденттің танымдық iс-әрекеттерін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық тұрғыда талдануы

 

 

Өтепбергенова Зинакүл Дүйсенбайқызы, п.ғ.к, аға оқытушы

Қазақ мемлекетік қыздар педагогика университеті

«Теориялық және практикалық психология»

 

Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру қоғам сұранысына жауап бере алатын, ғылыми-техникалық үдеріс міндеттерін оңтайлы шеше білетін, халықтың рухани құндылықтарын дамыта алатын қоғам мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Интеллектуалдық операцияларды орындауға даярлықтың жеткіліксіздігінен танымдық іс-әрекетті кез-келген студент өз бетінше орындай алмайды, ол білім алушылардан ерік-жігер мен ақыл-ойды талап етеді. Осыған сәйкес, психологиялық-педагогикалық зерттеулер барысында танымдық іс-әрекетті қалыптастыру білім, білік, дағдыны меңгерту ретінде ғана емес, ерік пен жігерді, қабылдау мен түйсікті дамыту тұрғысында талданады.

Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында қашықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін ынталандыруға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіру қажеттілігі туып отыр.

Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – оқу үдерісін ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Яғни, оқу үдерісінің тиімділігін арттыру студенттердің оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне сай дидактикалық әдіс-тәсілдерді қолдануды, оқытудың дамытушылық қызметін толық пайдаланып, танымдық іс-әрекетті дамытуды талап етеді.

Жоғары оқу орындарында қашықтан оқытуда оқытушылар мен білім алушылардың өзара субъективтік қатынасына негізделген танымдық іс-әрекет оңтайлы ұйымдастырылғанда оқытудың нәтижелілігі артады. Сондықтан студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – жоғары оқу орнында оқу үдерісін ұйымдастырудың маңызды міндеті.

Зерттеу мәселесінің өзектілігі бірнеше факторлармен анықталды: біріншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани-адамгершілік салаларында орын алған өзгерістер мен жаңарулар адамның психофизиологиялық, интеллектуалалдық, жігерлілік пен моральдық сапаларына, оның арман-мұраты мен құндылық сапаларына жаңа талаптар қояды. Жоғары интеллектуалдық даму мен шығармашылық деңгей адамның қазіргі қоғамға бейімделуінің маңызды шарты, әрі қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысына сәйкес жүйелі ойлай білетін, ақпараттық және коммуникативтік мәдениеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.

Екіншіден, жоғары білім беру мемлекеттік стандарты талаптарына сай, студенттің кәсіби қызметті жүзеге асырумен байланысты міндеттер мен мақсаттарды белгілей білуі және қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаңа білімді игере білуі, кәсіби қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне әдістемелік және психологиялық тұрғыда дайын болуы шарт.

Үшіншіден, жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту негізінде студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру мәселесін зерттеуде ортақ принциптің, арнайы әдістемелер мен жаңа зерттеулердің қажеттілігі.

Білім алушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі – педагогика мен психология ғылымының өміршең мәселелерінің бірі. Танымдық іс-әрекет қалыптастыру идеясының тарихы да тереңде.

Ерте заманнан танымдық іс-әрекеттің пәннің мазмұнын, үдерістер мен құбылыстарды терең түсінуге, есте сақтау мен қабылдауға ықпалын тигізетіндігі ағартушы педагогтардың назарын аударды. Осыған сәйкес, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру арқылы тұлғаның интеллектуалдық деңгейін арттыру бағытында белгілі бір деңгейде философиялық көзқарас пайда болды. Проблемалық сұрақ қою арқылы жауап іздеуге баулу Сократ іліміне тән болса, таным арқылы тануға баулу Пифагор мектебінің маңызды принципі атанды.

Атақты чех ғалымы Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактикасында» балаларды жаттанды оқытуға қарсы «әр баланың бойында білім отын жағатын» танымдық іс-әрекетті дамыту нұсқаулары беріледі. Ғалым аталған еңбектің алғашқы бетінде: «Біздің дидактикамыздың альфасы мен омегасы білім берушілер аз оқытып, білім алушылар көп ізденетін жаңа тәсіл табу...», - деп жазған болатын.

Көрнекі әдістер, бақылау мен қорыту, өзіндік талдау мен өзіндік қорытынды шығару арқылы іс-танымдық әрекетті қалыптастыру мәселесін XIX ғасырда И.Г.Песталоцци дамытты.

Француз философы Ж.Ж.Руссо баланың ойлау қабілетін дамытып, зерттеу тәсілдерін енгізуді ұсынды. Ол: «Балаңыздың назарын табиғат құбылыстарына аударыңыз. Ол түсіне алатын сұрақтар қойып, шешімін өзі табуына жағдай жасаңыз. Балаңыздың танымы сіздің айтуыңыз бойынша емес, өз түсінігі негізінде дамысын», - деп жазды. Осы пікірі арқылы Руссо оқушыларға білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың маңыздылығын атап көрсетеді [1].

Білім алушылардың күрделі мәселелерді өз бетінше шешуі арқылы танымдық іс-әрекетті дамыту идеясы Ф.К.Дистервег еңбектерінде жалғасын тапты. Ғалымның пікірінше, өздігінен білім алуға жетелейтін таным еркіндігі ғана ақыл-ой мен қабілетті дамытады. Ол: «меңгерілетін материалды есте сақтауға белсендіретін әдіс қана шәкіртті ойлауға үйретеді»,- деп жазды.

Дистервег білім алушының танымын қалыптастыруға бағытталған дидактикалық жүйені жасақтап, «жақыннан-алысқа», «жай нәрседен- күрделіге», «жеңілден-ауырға», «белгіліден-белгісізге» деген ережелермен байланыстырды. Дистервег оқыту ісінде балалардың оқу материалын танымдық іс-әрекет арқылы игеруіне зор мән берді. Танымдық іс-әрекет негізінде материалды игерудің нәтижесі – шәкірттердің негізгі мәселені толық түрде айтып бере алуында. Сондықтан ол: «Балалар түсіне алмайтын материалды балаларға оқытпа» немесе «Уақытынан ерте күрделіні оқытпа» деген ережесін ұсынды. Білім берік болуы үшін балаларға шамасы келмейтін мағлұматтың орнына    негізгі мәліметтерді ғана түсіндіру керек деп есептеді. Оның үстіне танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін оқылатын материалды ерекше екшеп алу қажет екенін ескертті [2].

Гербарт  танымдық әрекетке негіз болатын танымдық қызығушылықтың алты түрін атап көрсетеді: эстетикалық, эмпирикалық, әлеуметтік, діни, ақыл-ой және жеке қызығушылық. Зерттеуші: «аталған қызығушылық түрлері дамытылғанда ғана  білім алушылардың танымдық белсенділігі артып, танымдық іс-әрекет нәтижелі жүргізіледі»,- деп санайды.

К.Д.Ушинский: «Тәлімгер білім алушыны қиындықтарды жеңе білуге баулуы қажет: оқытушы оқытпайды, оқуға жәрдемдеседі»,-деп жазады. Ғалымның пікірінше,  «білім алушы танымын мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше дамытуы тиіс». Ол білім алушылардың танымдық ой-өрісін дамыту қажеттілігін атап көрсетті, танымдық іс-әрекетті белсендіретін оқыту әдістемесі жасақталды. К.Д.Ушинскийдің ілімін білім алушылардың ақыл-ойын дамытпайтын оқытудың схоластикалық әдістеріне қарсы алдыңғы қатарлы орыс әдіскерлері өз еңбектеріне негіз етті [3].

ХІХ ғасырдың екінші жартысында ағылшын педагогы Армстронг оқытуда білім алушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту мақсатында «эвристикалық-танымдық әдісті» енгізді.

Оның ішінде жоғары оқу орындарында танымдық іс-әрекетті қалыптастыру – студенттердің оқуға деген ынтасын қалыптастыру құралы ретінде (Дж.Брунер, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, т.б.) [8]; тұлғаны әрекет барысында дамыту (Б.Г.Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.А. Петровский, Л.С. Рубинштейн т.б.) [4]; іс-әрекет түрлерін оңтайлы үйлестіру (И.Я. Лернер, М.И.Махмутов,  И.М.Чередов т.б.) танымдық іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі (Л.П. Буева, В. Мудрик т.б.). Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың философиялық негіздемесі В.Г.Афанасьев, Н.Э.Майн, В.А.Ядов т.б. еңбектерінде қарастырылды.  Мәселенің психологиялық бағыты Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Ю.Н.Кулюткин, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин[4] еңбектерінде талданды.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде талқыланған танымдық іс-әрекетке қатысты келесі мәселенің бірі - студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі ретінде студенттің өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекетін дамыту.

Жоғарыдағы авторлардың пікірінше, студенттердің танымдық іс-әрекетіне, оқытушының  басшылығымен өздері жоспар жасап, жұмыс мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар студенттердің өз бетінше орындайтын жұмысына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызады.

Қашықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруда О.А.Нильсонның студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың көрсеткен түрлері маңызды болып табылады:

  • Психологиялық (танымдық іс-әрекет  амалдарын өзінің қабілетіне, қабылдауы мен есте сақтауына байланысты қолдануы).
  • Психологиялық-дидактикалық (студенттер орындайтын танымдық іс-әрекеттің ұйымдастырылуына байланысты).
  • Дидактикалық (танымдық іс-әрекет барысында атқаратын қызметке байланысты).
  • Дидактикалық-әдістемелік (студенттердің проблеманы өз бетінше шеше білуі).
  • Әдістемелік (танымдық іс-әрекетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды оңтайлы орындау әдістері мен тәсілдері, жолдары қарастырылады).
  • Ұйымдастыру-әдістемелік (жұмыстың орындалуын басқаруға байланысты).
  • Ұйымдастыру (жұмысты ұйымдастыру түріне байланысты) [5].

Осылардың ішінде студенттердің оқу материалымен жан-жақты жұмыс істей білу дағдысы: материалдың мазмұнын талдау, одан ең негізгі мәселені екінші мәселеден айыра білу, оларды салыстыру, топтастыру, жүйелеу, жіктеу, кестелер мен сызбаларды қолдана білу тәсілдері ерекше маңызға ие.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Дегенмен де, қашықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда өзіндік жұмыстардың, қызметін, ерекшеліктерін, мәні мен мазмұнын анықтауда қалыптасқан соны көзқарас жоқ екендігін атап көрсетуге болады.

 «Қашықтан оқытуда танымдық іс-әрекетті қалыптастыру» тақырыбындағы семинар ұйымдастырылды.

Арнаулы семинар сабағында игерілетін білім негізінде төмендегідей біліктер қалыптасты:

1) конструктивтік - студенттердің танымдық іс-әрекетінің түрлеріне байланысты тезистер әзірленді, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру мақсатында оқыту бағдарламасының жоспары жасақталды;

2) ұйымдастырушылық - студенттердің қашықтан оқыту тренингтерінде, лабораториялық жұмыс жобалау жұмыстарында білім байқауларына қатысу барысында оқу танымдық іс-әрекетін басқару және ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды;

3) коммуникативтік - әр түрлі топта, ұжымда жұмыс жасай білу және жағымды, қарым-қатынас жасай білу қабілеті қалыптасады;

4) гностикалық - студенттер түрлі оқыту бағдарламаларын қолдану арқылы қашықтан оқытуда өзіндік танымдық іс-әрекетті  бағалауға және оны оқытушылар мен құрбылардың берген бағасымен сәйкестендіруге дағдыланады.

Арнаулы семинарды ұйымдастыру арқылы қашықтан оқытуда студенттердің өзіндік танымдық іс-әрекетін анықтаудағы өзекті мәселелер шешілді:

1) қашықтан  оқыту арқылы танымдық іс-әрекетті  қалыптастырудың маңыздылығын сезіну;

2) танымдық  іс-әрекетті қалыптастырудың ерекшеліктерін  анықтау;

3) қазіргі  жоғары білім беру жүйесінде  қашықтан оқытуда студенттердің  танымдық іс-әрекетін қалыптастыру  механизмдерін меңгеру.

Зерттеушілердің теориялық қорытындыларына сүйене отырып, танымдық іс-әрекетті бағалаудың бағалаудың бес өлшемін көрсетуге болады:

Бірінші көрсеткіш - студенттердің оқу әрекетінің сандық және сапалық деңгейін жақсарту. Тестілеу әдісі арқылы студенттердің оқу жетістіктеріне талдау жасау қажет. Тестілік бақылауды сынақ немесе емтихан барысында, тәжірибелік сабақтарда немесе студенттердің өз бетінше жұмысы кезінде ұйымдастыруға болады.

Екінші көрсеткіш - белгілі бір әдіс-тәсілдерді оқытудың нақты мақсатына қол жеткізуге жіберілетін уақытты азайту. Білім беруге жіберілетін уақытты қысқарту - қазіргі жоғары оқу орындары жұмысындағы маңызды фактор болып саналады. Бұл студенттерге өз бетінше жұмыс жасауы және болашақ мамандыққа қатысты өзекті мәселелермен терең танысуға мүмкіндік туғызады. Мұнда танымдық іс-әрекет деңгейінің көрсеткіші ретінде студенттердің бос уақытының артуы қарастырылады.

Үшінші көрсеткіш - студенттердің оқу әрекетін олардың танымдық қызметін жетілдіру, оқуға деген ынтасын арттыру, материалдың қол жетімділігін қамтамасыз ету және оқу әрекетін ұйымдастыру жолдарын жақсарту. Бұл көрсеткіш студенттердің белгілі бір оқу тапсырмаларын орындау қиындығымен жеңілдігін өзіндік бағалау (1-ден 5 ұпайға дейін) парағы арқылы есепке алынады.

Төртінші көрсеткіш - студенттердің оқуға қанағаттануы, бұл оқу әрекетін бекітетін маңызды ынталандырушы эмоционалдық фактор болып есептеледі. Қызмет қорытындысына қанағаттану болашақ нәтижелі қызметке бастама болады. Оқу еңбегіне қанағаттанған студенттің өз бетінше жұмысқа қызығушылығы жоғарылап, жоғары білімнен соң өз деңгейін үздіксіз жетілдіруге ынтасы артады. Аталған көрсеткіштің қорытындысын арнайы жауап парағы негізінде ұпайлық шкала бойынша есептеледі.

Бесінші көрсеткіш - студенттердің оқытушыға және білім алуға деген қатынас. Студенттердің кез келген іс-әрекетке деген қатынасын зерттеу оған деген қызығушылығы мен ұмтылысын зерделеу негізінде жүзеге асырылады. Бұл көрсеткіш студенттердің теориялық және практикалық сабақтарға қатынасын анықтауға бағытталған арнайы сауалнамалар негізінде жүргізіледі.

Аталған көрсеткіштердің барлығы студенттердің оқу жетістіктерін арттыруда өзара тығыз байланысты болады. Студенттердің қанағаттану деңгейі жоғарылаған сайын, білім терең әрі тиянақты қалыптасып оқытушыға және болашақ мамандығына деген қарым-қатынасы жақсарады.

Информация о работе Қашықтан оқытуда cтуденттің танымдық iс-әрекеттерін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық тұрғыда талдануы