АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 19:07, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу өзектілігі: жаңа АКТ-ны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
АКТ-ны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Бұл курстық жұмыс мектепте АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда дұрыс және тиімді қолдана білуге бағытталған.
Зерттеу объектісі: мектепте АКТ-ны қолдануда ағылшын тілін заманауи талабына сай жетік меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың теориялық мақсаты мектепте АКТ-ны қолданып, ағылшын тілі сабағын оқыту болып табылады. Ал практикалық мақсаты – алынған зерттеулер негізінде Delphi7 программасы көмегімен мектепте ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралын дайындау.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І тарау. АКТ туралы жалпы сипаттама .....................................................................5
1.1 АКТ-ны оқытудың ролі ........................................................................................6
1.2 АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану .......................................................................6
1.2.1 Дидактикалық мүмкіндіктері .................................................................8
1.2.2 Оң және теріс жақтары ...........................................................................8
1.3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы ................................14
II тарау АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру
2.1 АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдану ...........................................19
2.2 Электрондық оқыту құралы ..............................................................................28
2.3 Ағылшын тілі бойынша АКТ-ны қолданып электрондық оқыту
құралын жасау ...........................................................................................................33
Қорытынды бөлім .....................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................47
Қосымша ....................................................................................................................48

Прикрепленные файлы: 1 файл

А5ылшын т3л3нен электрондык окулык.doc

— 5.65 Мб (Скачать документ)

Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point. 
Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б. 
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

• лексиканы оқып үйретеді;

• сөйлеу ырғағын;

• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

• хат жазуға үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Интерактивті тақтаға сөзі анық жазылған ағылшын тіліндегі видеороликтерді, аудио дискідегі өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай қолдануға болады. Ағылшын тілін үйрету барысында интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының тіл үйренуге қызығушылығын арттырады; қарым-қатынас дағдыларын дамытады; оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады;  оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы  сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді; тақта аркылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады.

Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқытуға және оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін құнды құрал. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті  материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы,  ActiveBoard  электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash–анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге болады.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

-Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

-Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

-Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

-Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

-Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;

-Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.

Электрондық білім беру пайдалану арқылы  даралып оқытуға ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер,слайд-шоу). 
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы  өз  ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық   ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана  оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды. 
3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау. 
Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз. 
1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін  дербес  компьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу. 
2. Ағылшын тіліндегі  сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді. 
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы   оқушылардың өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту. 
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу. 
 
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.  Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды.Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үрдісіне ақпараттық – коммуникация технологияларының жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Ағылшын тілі бойынша  АКТ-ны қолданып электрондық оқыту

құралын жасау

 

Дипломдық жұмысымның теориялық мақсаты – мектепте АКТ-ны қолданып, ағылшын тілі сабағын оқыту болып табылады. Ал практикалық мақсаты – алынған зерттеулер негізінде Delphi7 программасы көмегімен  мектепте  ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданылатын оқыту құралын дайындау.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Ақпараттық-коммуникациялық технологияны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдану» болғандықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып, 5 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен электрондық оқыту құралын жасауды жөн көрдім.

Бұл құрал ағылшын тілінің «Етістіктің шақтары» тарауына негізделген. Мен осы құралды жасау барысында Delphi7 программасын қолдандым. Электрондық оқыту құралы 4 бөлімнен тұрады. Бастапқы беті мынадай түрде:

 

                                

 

 

                                

 

Бірінші бөлім – теориялық бөлім. Яғни онда теориялық мәліметтер енгізілген. Бұл бөлім 2 формадан тұрады.

                       

 

 

Және әрбір батырмаларды басқанда сол тақырыптар бойынша кестелермен, мысалдармен теориялық мәліметтер түсіндіріледі. Мысалыға мынадай түрде:

 

                        

 

 

Екінші бөлім – практикалық бөлім. Бұл бөлімде оқушының өзі берілген 5 бөлім бойынша тапсырмаларды орындайды.

 

 

                

 

 

 

Үшінші бөлім – тест. Бұл бөлімде оқушы оқыған теориясы мен орындаған практикалық жұмысының негізінде тест сұрақтарына жауап береді. Тестті орындап болған соң, оқушы қорытынды батырмасын басқанда қанша балл жинағанын шығарып береді.

Төртінші бөлім – сөздік. Бұл бөлімді оқушы өзіне анықтамалық құрал ретінде пайдалануына болады. Себебі, мұнда ағылшынның 26 әріпі бойынша сөздік құрастырылған.

                 

Шет тілі - қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино,аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Мысалы: оқушылар, студенттер, оқытушылар интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды почта(@mail), бейне-конференция, анықтама каталогтар, жүйеде сөйлесу(chat), виртуалды қатынас клубтары – конференцияларға қатыса алады.

Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, радио бағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интеративтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен т.б сол сияқты интернет артықшылық көздері пайдаланылады. 
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі комьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор.

Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттерімен жұмыс істей алады.  
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды. 
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:

  • Әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
  • Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
  • Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
  • Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға.
  • Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі;
  • Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер, слайд-шоу).
  • Жүйенің басқару құрылымы-оқытушы өз ойын, көзқарасы, өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әр түрлі аудиторияға бірғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады.
  • Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.

Қазақстан Республикасының мемлекет аралық тілі- ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен- күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық –коммуникативтік технология арқылы оқыту тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Мысалы: ағылшын тілін үйретудің тиімді әдістерінің бірі-шетел тілінде ән үйрету. Ән үйрету арқылы оқушылардың төмендегідей ақпараттық құзіреттіліктерін қалыптасады. Мысалы өз сабағымда тақырыпқа сай шетел тілі сабақтарында әндерді пайдаланғанда, оны мұқият таңдап аламын. Өйткені жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалады. №11 топта өткізілген «Сан есім. The numerals» тақырыбына сай таңдалған әнді айтамыз:

One little, two little, three little Indians 
Four little, five little, six little Indians 
Seven little, eight little, nine little Indians 
Ten little Indian boys.  
Ten little, nine little, eight little Indians 
Seven little, six little, five little Indians 
Four little, three little, two little Indians 
One little Indian boy.  
99 bottles of pop on the wall  
99 bottles of pop on the wall 
99 bottles of pop 
If one of those bottles should happen to fall, 
98 bottles of pop on the wall. 
98 bottles of pop on the wall 
98 bottles of pop 
If one of those bottles should happen to fall, 
97 bottles of pop on the wall. 
97 bottles of pop on the wall 
97 bottles of pop 
If one of those bottles should happen to fall, 
96 bottles of pop on the wall.  
Repeat....  
3 bottles of pop on the wall 
3 bottles of pop 
If one of those bottles should happen to fall, 
2 bottles of pop on the wall. 
2 bottles of pop on the wall 
2 bottles of pop 
If one of those bottles should happen to fall, 
1 bottle of pop on the wall. 
1 bottle of pop on the wall 
1 bottle of pop 
If that bottles should happen to fall, 
No bottles of pop on the wall. 

Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: 
• лексиканы оқып үйретеді; 
• сөйлеу ырғағын; 
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды («A visit to the doctor»,  “At the taxi”,  “Farmer” )  
• хат жазуға үйретеді; (“Letters in the mail” тақырыбы бойынша электронды есептеу машинасының операторы тобына сабақ) 
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Оқытушы сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. 
Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады: 
І кезең: диалогпен танысу, мысалы:

Информация о работе АКТ-ны ағылшын тілі сабағын оқытуда қолдануды ұйымдастыру