Жеке табыс салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:52, реферат

Краткое описание

Салық өркениет үшiн төленетiн төлем. Оның қандай тұрiнен болмасын жалтаруға бермеу – бүгiнгi күннiң басты назарында. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызы тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгi әлеуметтiк және экономикалық саясаттың жетiстiктерiне әкеледi. Нарықтың экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды күштi стимулдық құралы болып келедi, әсiресе олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруды белсендi орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ
1.Жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері
2.Шет елдердің жеке табыс cалығының салық салудағы ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

реф жеке табыс салыгы.doc

— 225.50 Кб (Скачать документ)

5)  стипендия түріндегі  табыстар- білім беру ұйымдарда  оқитындарға және  мәдениет,  ғылым,  бұл аралық  ақпарат  құралдарында  әрекет етушіге төленуге тиіс төлемдер.

6)   жинақтаушы   сақтандыру   келісімі   бойынша  табыстар- ұлттық зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері және жұмыс берушілердің құралдары  есебінен төленген  сақтандыру  сыйақылары,   сақтаңдыру органдары жүзеге асырылатын сақтаңдыру төлемдері.

Резидент емес жеке тұлғаларға салық салу ерекшелiктерi:

 Резидент емес жеке  тулғалар белгiленген жағдайларды қоспағанда,  жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп, төлейдi және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етедi. 

Салық салу объектiлерi:

Жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар:     

1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;

  • қызметкерлердің табысы
  • біржолғы төлемдерден алынған табыс
  • жинақтаушы зейнетақы қорларының берілетін зейнетақы төлемдері
  • дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс
  • стипендиялар
  • жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс жатады.    

2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.     

  • мүліктік табыс
  • жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы
  • адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы
  • өзге де табыстар жатады

Салық салынуға жатпайтын табыстар

Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:      

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;      

  2) балаларға және асырауындағы  адамдарға алынған алименттер;      

3) жеке тұлғалар өмiрi мен  денсаулығына келтiрiлген зиянды  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);     

4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;     

4-1) Алматы қаласыныѕ өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;     

5) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;      

5-1) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;      

5-2) таза табысты бөлу кезiнде  алынған және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның  жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс;       

6) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге, белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген, оны қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алған iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерiне берiлетiн төлемдердiң барлық түрі;      

7) лотерея бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш шегiндегi ұтыстар;      

8) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;      

9) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);       

10) тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн төлемдер;      

11) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер;      

12) ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшiндегi - айлық есептiк көрсеткiштің 240 еселенген шегiндегi табысы;      

13) өткізілетін күні  листингтің ең жоғары және  ең жоғарыдан кейінгі санаттары  бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсiмiнен алынатын табысы;     

13-1) олармен азаматтық-қўқықтық мәмiлелер Алматы қаласы өңiрлік қаржы орталығының арнайы сауда аланында жасалған жағдайда осы сауда аланына жiберілген бағалы қағаздарды өткiзу кезiндегi қүн өсiмiнен түсетiн табыс;      

14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);      

15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, айлық есептiк көрсеткiштің 70 еселенген шегiндегi төлемдер;     

16) қызметтiк iссапарлар кезiнде белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;      

17) қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;       

18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;       

19) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiнде жүрген шетелдiк жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиiс ресми табыстары;       

20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;      

21) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;       

22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;      

23) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;      

24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары);       

25) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;      

25-1оқытуға арналған шығыстар;     

26) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үїшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және осы Кодекстiң 93-бабына сәйкес белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;      

26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;      

27) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде, жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;      

28) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мемлекеттiк стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;       

29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;      

30) өздерiнiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлiктi, сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алєан мүліктің құны;       

31) iзгiлiк, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;      

31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерiне жолдамалардың құны;       

 32) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi їшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;      

33) сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;     

34) Өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлық ақыларының сомалары;      

35) төлем көзiнен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;      

36) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешiмi бойынша тағайындалған сомалары;      

37) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталєан, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;      

38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi.       

39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мүлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары. 

Салық көзі:

 1. Резидент емес заңды тұлғаның  Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына белгiленген ставкалар бойынша шегерiмдi жүргiзбестен төлем көзiнен табыс салығы салынуға тиiс.       

2. Қолма-қол және (нeмece) қолма-қол емес нысандарда ақша, бағалы қағаздар, қатысу үлесiн, тауарлар, мүлiк беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, табыс алушы peзидент еместiң борышты талап етуін Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместiң алдындағы табыстарды түлеу жөнiндегi берешектi өтеу есебiне жүргiзiлетiн есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсініледi.       

3. Төлем көзiнен салық салуға мыналар:      

1) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткiзумен байланысты төлемдер;      

2) резидент банктердің  корреспонденттiк шоттарын ашуға  және жүргiзуге, олар бойынша есеп  айырысуларды жүзеге асыруға,  сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы eceп айырысуды жүзеге асыруға байланысты қызмет көрсетуден түскен табыстар;     

3) бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар;      

4) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигацияларымен жүргiзiлген операциялардан түскен табыстар;      

4-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығыныә арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;     

5) бiртұтас құбыр жүйесi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалданатын шикi мұнай сату құнының сапасы бойынша түзетуге байланысты төлемдер;      

6) сатып алушы-резиденттер  борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасы;      

 7 резидент еместiң шартты банк салымдары бойынша сыйақылары;     

8) халықаралық қаржы лизинг шарттары бойынша қаржы лизингіне негізгі қаражатты беруден түскен табыстар;     

9) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден түскен табыстар жатпайды.     

4. Резидент еместiң  өз табыстарын үшiншi тұлғалардың  және (немесе) басқа мемлекеттердегi өз бөлiмшелерiнiң пайдасына жұмсауына қарамастан, резидент еместiң табыстарына төлем көзiнен салық салынады.     

Информация о работе Жеке табыс салығы