Әуездік репертуардың жіктелуі, негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Халық әуезі халқымыздың сан ғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап төл музыкасы бірге дамыды. Ән–күй арқылы әдет–ғұрып, салт–дәстүр ұрпақтан–ұрпаққа жетті. Көшпелі халқымыз ән–күйді, рухани мәдениетке азық ете білді. Халықтың қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады. Әр халық композиторы – белгілі бір дәуір, ғасырдың перзенті.

Содержание

Кіріспе 3
1 Әуездік репертуар туралы жалпы мағлұмат 4
1.1 Әуездік репертуардың шығу, қалыптасу тарихы 4
1.2 Әуездік репертуардың жіктелуі, негізгі қағидалары 7
2. Әуездік репертуардағы стильдер мен жанрлар 9
2.1 Әуездік репертуар 9
2.2 Музыкалық білім берудің педагогикалық негізі 10
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 20
Қосымшалар. Қосымша А

Прикрепленные файлы: 1 файл

САЛТАНАТ КР.doc

— 129.50 Кб (Скачать документ)

Өлең сөздері  мен музыка  үні есте сақтау қабілетін жетілдіріп, санасын оятады. Музыкамен  айналысқан балада жамандық қасиет болмайды, сондықтан «Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдылығынан айырылған адамдарды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға қүдіреті әбден жетеді»  деп,  Әл  Фараби  айтқандай,  музыка  арқылы  ауыз  әдебиетін байланыстырсақ көп жетістікке жеткен болар едік. «Музыка  тамшы  сияқты  там-тұмдап  жүрекке  енеді  де,  жанды желпіндіреді»,  –  дейді  Р.Роллан.  Солай  демекші,  әуездік репертуарды балаларға  үйрету  керек,  оны  үйретудің  әдіс-тәсіл  жолдары  мыналар: көрнекті құралдарды көп пайдаланып, аспаптардың түрлерін көрсету, сурет-бейнелер, күйтабақ, үнтаспалар арқылы, не болмаса мүғалім ауызша белгілі бір әуен негізінде балаларға өлең сөзінің ырғағымен орындату, т.т. Сондай-ақ,  ауыз  әдебиетіндегі  өлең  сөздерінің  әр  буындарында музыкалық  дыбыстар  жатыр.  Сол  себепті  ауыз  әдебиет  түрлерін  музыка  арқылы  тәрбиелеуге  ерекше  назар  аударған  жөн. Балаларды  тәрбиелегенде  тәрбиеші  өлеңдерді музыкалы  жай ырғақты дауысқа  салып,  мәнерлеп  оқу  үлгісін  көрсете  білсе,  оны  тыңдап  отырған балалар  естіген  бойда  қайталап  қызыға  жауап  беруге  тырысады.

Фараби  шығармашылығындағы  аса  маңызды мәселелердің  бірі – оның музыка мәселелері жайлы толғаныстары.  Ұлы  ғұламалардың  музыка  саласындағы  еңбектері  жайлы «Философиялық трактаттарының» кіріспесінде былай делінген: «Ибн Синаның даңқы ең алдымен  «Медицина каноны»  арқылы шыққан болса, әл -  Фараби «Үлкен музыка кітабынын» авторы ретінде әйгілі». Ұлы ойшыл музыкалық өнер мәселесін әр түрлі салада береді:  музыка теориясы, оның пайда  болу тарихы,  музыканы қабылдау психологиясы және т.б. Музыка  мәселесі,  соның  ішінде  ауызша  кәсіптік  шығармашылық мәселелері,  музыканттың  көркемдеу  процесіндегі  рөлі,  оның  психологиясы, музыканттарға қойылар талаптар, музыканың адамға эстетикалық әсері туралы мәселелер – Әл – Фарабидің ғылыми мұраларында маңызды орынға ие [7].

Әл  -  Фараби  музыканың  адамға  әсер  ету  күшіне,  оның  моральдық-психологиялық  жағдайына  үлкен  мән  береді.  Фараби  еңбектерінде  музыка адамның эстетикалық сезімдеріне қалайша  әсер  ететіндігі, әртүрлі жағымды, жағымсыз  көңіл-күйлерін  қалайша  туғызатындығы,  адамның  эстетикалық  талғамы, яғни нағыз әсемдік көріксіздікті бағалай алуы, бір сөзбен айтқанда, музыка  адамның  талғамдарын  қалыптастыруға  қалайша  әсер  ететіндігі  сөз болады. Онда сондай-ақ эстетикалық сезімдердің дүниедегі әсемдік  пен  күйкі заттарды  қабылдауда  атқаратын  рөлі,  адам  организмін  бірқалыпты психологиялық күйге келтірудегі рөлі әңгімеленеді.

Әуенді жасаудың негізгі белгісі оны сезіммен қабылдай білу, ол адамда

әртүрлі эмоционалдық көңіл-күй тудыруы қажет. Ол  екі  түрлі  ғылымды  біріктіреді:  біріншісі,  практикалық  музыка, екіншісі музыка жайлы теориялық ғылым. Музыкалық практиканың мақсаты мелодияны есту арқылы қабылданған түрлерін  табу  ғана емес, сонымен бірге оларды жасау.  Фараби  практикалық музыка  өнерінің  туу,  дамуы  жөнінде  былай  дейді:  «Музыка  туа  біткен дарындылық  пен  инстинкт  түйсіну-сезіну  нәтижесінде  дами  келе  ғылым дәрежесіне көтерілді. Кейбір адамдар жағымды  әсер алып,  дем алу, шаршап-шалдығуды,  уақытты  үмыту  үшін  ән  салатын  болған.  Ал,  кейбіреулер  ән арқылы көңіл-күйін көтеруге, құмарлыған басуға, күшейтуге, оны өзгертуге, қоздыруға,  ұмытуға  немесе  жұбатуға  тырысқан.  Үшінші  біреулер  музыка арқылы  өлеңдердің әсерін күшейте түсіп, тыңдаушылардың қиялын одан әрі өрістетуді көздеген...» [8].

Музыка жайлы  теориялық ғылым ақылмен сезу сипатында болады, ол тондар  мен  әуендер  жайлы  жалаң  білім  беріп  қана  қоймай,  мелодияны құрайтын нәрселердің бәрінің себептерін ашады: мұнда олар белгілі аспапқа, материяға  қатыссыз,  дерексіз  түрде  қарастырады.  Бұл  ғылым  мелодияны

қандай  аспаптар  мен  денелер  шығарғанына  тәуелсіз  жалпы  түрде,  дыбыс

қабылдау мүшесінің  пәні ретіңде қарастырады.

Сонымен  қатар,  Фараби  музыканың  дене,  тән  денсаулығы  үшін  де

пайдалы  екендігін  айтады.  Бұл  жерде  оның  медициналық  көзқарастарына

тоқтала  кетсек  болады.  Оның  кеңесі  бойынша,  шығыс  дәрігерлері  сеңдіру  әдісін емдеу кезінде пайдаланған. Музыкада кедергі болса жанда  да  кедергі  бар. Ол  өз еңбегінде,  әсіресе «Музыканың  ұлы кітабында»  әуездің адам сезімдеріне қалайша әсер ететіндігі, оның жағымды, жағымсыз көңіл-күйлерін қалайша  туғызатындығы,  адамның  сұлулық  талғамы,  яғни  әсемдік  пен ұсқынсыздықты, көріксіздікті бағалай алуы, музыканың адам организмін бірқалыпты күйге келтіретіндігі жайынан сөз қозғайды. Эстетикалық талғам мен этикалық түсініктің тығыз байланыстығын айтады. Фараби музыканың адамға беретін әсерінің сырларын адам психологиясына негіздей отырып дәлелдейді. Музыканың адам өміріндегі алатын ғылыми зор маңызын былай түсіндіреді: «Бұл ғылым (музыка, ән) – өзінің байсалдылығынан айрылған адамды түзеуге, қызба  адамды  қалпына  келтіруге,  байсалды  адамды  бір  қалыпты  ұстауға құдіреті әбден жетеді. [9]. Бұл ғылымның адам денсаулығына үлкен пайдасы бар. Егер  тән  ауырса  көңілдің  күрт  түсуі  –  табиғи  құбылыс.  Соңдықтан  сазды әуеннің әсерімен алдымен көңілді сергітеді, соның арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды. Ал адамның жаны біртіндеп жай тауып, өзінің әуелгі сергек қалпына келеді.

 «Музыканың ұлы кітабында» Фараби адамға музыкалық  әсер  етудің үш түрін көрсетеді. «Оның біріншісі адамға жай ғана рахат сезімін тудырады. Ол жанға әдемі, тыныш сезім туғызады, ол біздің есту мүшелерімізге әсер етеді. Екіншісі – құмарлықты, ынтық-іңкәрлікті тудырады. Үшінші түрі қиялды оятып, санада небір ғажайып бейнелердің тоғысуына жағдай  жасайды.  Бұл  музыканың  түрі  біздін  құмарлықтарымызбен,  біздің жанымызбен көрінеді.  Осы  үш жәйтке ие болған  музыка –  кемеліне  келген

музыка  болады,  мұндайда  ол  бізге  күшті  әсер  етеді».  Сондықтан  да майда, қоңыр сезімге шомдыратын әуенді демалыс сәтінде тыңдасаң жаның жадырап, жай  табады.  Ал  кеудеңде  құштарлык  пен  құмарлық  оятатын  музыкалық шабытты  шағыңа  сәйкес келсе,  сондай  бір  ыстық  жалын  лепке  толы  күйге душар  етеді.  Қиялынды  қозғайтын  әуен  өлең  оқыған  кезінде  сөздің  сиқыр күшін еселеп, шешендік өнердің касиетін қүдіреттендіре түседі. Адам дауысы шығаратын музыканы Фараби ең әсем, ең әсерлі деп таниды.

Музыканың үндестігін анықтау үшін  Фараби  көпшілік адамдарға ықпал

ететін мелодия  табиғилығы ұғымын қолданады. Осыған байланысты Фарабиде өте құнды ой –  музыканы  қабылдай білу мәдениетін, адамның эстетикалық талғамын  музыканың  ең  көркем  үлгілері  арқылы  дамыту,  тәрбиелеу  керек деген ой пайда болады. Қабылдау  мен түсіну дәстүрі – адамның  музыканы,  оның құрылымын танитын,  жақсы  әуенді  жаманнан  ажырататын  маңызды  негізі.  Фарабидің көрсетуінше, музыкадағы жақсы немесе жаманды айыра білуді музыкалық өнер қасиеті ретінде есептеуге болмайды, өйткені бұл қабілет адамда табиғатынан болады, оның тәжірибесімен, біліммен жүзеге асады. Әл-Фараби  музыканы  қабылдау  мәселесін  былай  қозғайды:  «...Біз белгілі бір музыканы тындағанда біздің рахаттануымыздың себебі біздің бүкіл түйсінген және қабылдаған нәрселердің себебімен ұқсас болып келеді. Өйткені  ләззат  алу  шындығында  да  кабылдаудың  жетілген  немесе  жетілмегендігіне байланысты...». Адамнын бес сезіміндей есту сезімі де, Фарабидің ойынша, «табиғи және

жасанды»  болып  келуі  ықтимал:  «Адам  түйсіктері  табиғи  және  жасанды

(табиғи  емес)  болып  бөлінеді;  табиғи  түйсіктер   адам  жанын  рахат  сезімге  бөлеп, жадыратады. Бұл түйсік арқылы адам жеке кемеліне жетеді.

Жасанды түйсіктер – бұл адам көңілінде күйініш тудырады, адам табиғи

түйсіктің жеткіліксіздігін сезіп, содан жаман болады; оның кемеліне жетпеуі –күйініш  тудыратынында…»  Музыкалық  ырғақ-толқында  осы  екі  түйсік  қат-қабат кездеседі. Ал музыка теориясы құлақтан кіріп бойды алар саздың барлық сезім-түйсігін  түтас  қарап,  түгелдей  тексереді.  Музыкалық  үн-әуен  табиғи жолмен де (ән), жасанды түрмен де (инструментальды әуен) жасалуы мүмкін. Немесе, Фараби  айтқандай, ол «табиғат туындысы», «өнер туындысы» болып бөлінеді. Осылайша,  Фараби  табиғи,  табиғи  емес  мелодияларды  адамның музыкалық дыбыстарды қабылдауымен байланыстырады, яғни әуеннің табиғи болуы мен жасанды болуы адамның қабылдауына байланысты деген.  Музыка табиғаттың табиғи жемісі ретінде физика, математика заңдарына белгілі  деңгейде  бағынады.  Осыны  ескере  отырып,  Фараби  мынадай қорытындыға  келеді:  табиғи  (музыкалық)  тондарды  табиғи  емес  (шулы)тондардан ажырату үшін тек сезімдік, есту арқылы қабылдау жеткіліксіз. Сондықтан  да  музыкалық  шығарманы  шығарушы  мен  орындаушының негізгі мақсаты «кемеліне жеткен әуен» жасау  болып табылады. Музыка тек белгілі  сезімдерді  жеткізіп  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  оны  «бастан кешіруіне» мүмкіндік береді.

Әл-Фараби  музыка  адамның ең күрделі эмоциялық сезімін білдіруге қабілетті  деп  есептейді.  Ол  музыкалық  қабілетті  дамудың  басты  факторы ретіңде музыкалық ести  білуге үлкен көңіл бөледі:  «Біздің естуіміз  арқылы бізге музыкалық фразаларды тануға, бір шығарманың екіншіден жақсы екенін білуге,  жарасымды,  үйлесімді  жарамсыздан  айыра  білуге  мүмкіндік  беретін қабілеттердің пайда болуына келсек, мұны өнер деп атамайды. Танудың мұндай қабілетінен  ада  әлдебіреуді сирек ұшыратасың: шын мәнінде, егер бұл біздің туа біткен қабілетіміз болмаса, біз бұл кабілетке әдеттену арқылы ие боламыз».

«Музыканың  үлкен  кітабында»  ойшылдын  тағы  бір  музыкалық-

шығармашылық  және эстетикалық көзқарасының шегін  анықтауға болады. Ол –музыка  жасаушының қай жанрда болсын шығарған музыкалық жұмыстарын түсіну. Әл-Фараби ілімі бойынша, музыкалылықтың негізгі белгісі бұл музыканы басынан өткізу, яғни оның негізгі мазмұны ырғақты қабылдау болып табылады. Бұл еңбекте   ол  дарындылық  табиғатының музыка жасап  шығаруға  мүмкіндік  беретінін  жазады.  Музыка  туа  біткен

дарындылықтың арқасыңда дамыды, ғылым болып  қалыптасты. Ұлы ұстаздың музыкалық дарын әуеннің тууы жайлы пікірлеріне келсек, әңгіме, бір жағынан, ақыл  мен  оның  әрекетінен  тұратын  қабілеттілік  жайында  болып  отыр.  [10]. Ал мелодияның  бейнесін  алатын  болсак,  практикалық  нәрселердің  қай-қайсысының бейнесі сияқты оның сезіммен білінерліктей баламасы болатындай етіп шығарылады. Осы тектес бейнелер үнемі сезімге лайықталып жасалынады, ол бейне мен оны жасау әрекетін бір-бірінен бөліп алуға болмайды, сондықтан да  бұл әрекет белсенді  түрде өтеді. Акиқат сезімге  неғұрлым  жақын келсе, мелодияның  бейнесі  де  соншалық  әсерлі  болады.  Қиялда  туған  бейнелерді талғап,  іріктеу  композитордың  өзіне байланысты.  Жалпы  алғанда,  бұл бейнелер,  оларды  сезім арқылы  қайта елестетуге  мүмкіндік беретін дыбыс шығарушы денеге, ол денелердің негізгі және кездейсоқ қасиеттеріне тәуелді болады,  талант  иелері әуенді  өздерінің  қиялдарына  сәйкес  келген  жағдайда ғана аңғара алады, шығара алады.

Қиялды тудыру үшін, өленді күшейте түсіру үшін, осы  мақсатқа арналған музыканы ғана пайдаланып қоймай, сонымен бірге тындаушының құмарлығын баса  алатын  немесе  қоздыра  алатын  қасиеттері  бар,  сондай-ақ  оның  тәтті сезімін оятатын  музыка  түрлерін де пайдалану керектігі де дәлелденген. Бұл тыңдаушының қиялын бағындырып, оның өлендерді ұғынуын жеңілдету үшін, оның көңілдегі әсері үзақ уақытқа сақталуы үшін көмектеседі, оны шаршап-шалдығу мен қайғы-қасіреттен азат етуге жәрдемін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Ән, әуез қазақ халқының аңызы бойынша аспан әлемінен түсіп, ықылым заманнан осы кезге дейін жетіп отыр. Көкте халықтаған ән көшпенді қазақ даласына жетіп, мұны естіген халық сондықтан, үлкен әуендік қасиетке ие болды деп есептеледі. Сондай-ақ, халық арасында: «Әуен мен әуезге деген қабілет дүниеге келгенде бірге дарыған», - деген болжам бар. Қазақ халқының еңкейген кәріден еңбектеген баласына дейін ән, әуен десе ішкен асын жерге қойып, елеңдеп қалатыны жақсы мәлім. Ән - әуен орындайтын топтың өзіндік музыкалық аспаптары мен орындау мәнерлері болған. Балалар саз – сырнайда, тастауықта, үскірікте ойнаған. Бұл аспаптарды шебердің өзі немесе балалар жасаған, олар әртүрлі аңдардың, құстардың, балықтың, көп басты аттың, жарқыраған көздердің суреттерін салған. Балалар әндері мен әуендік ойындар, бесік жыры мен үлкен азаматтардың өсиет - өлеңдері арқылы кішкене бөбектер қоршаған ортаны танып, әлеуметтік мәдени ортаның толық мүшесіне айналған.

 Жастар ойындарына, қайым айтыстарға, тартыстарға қатысу, диалогиялық тұрмыстық әндерді, қара өлеңдерді орындау арқылы жаңа көркемөнерлік білімдер мен тәжірибе жинақталған. Жас кездегі репертуар махаббат лирикасы мен қазақ тойында орындалатын көпбояулы дәстүрлермең әндермен, жар-жармең қалыңдықтың қоштасу әнімен, дабыл, дауылпаз, аңға шығу мен әскери жорық кезіндегі шыңдауыл үнімен толысып, байып отырған. Бұл ретте, өмірлік іс-тәжірибесі мол адамдар қоғамдық істер, ру мүддесін қорғау, айтыстар, халықтық дәстүрлі мереке-мейрамдарды ұйымдастыруға басшылық жасап, халықтық дәстүрлердің сақталымына ерекше мән беріп отырған [11]. Ал, «кәрілік» пен «даналық» туралы әндер жастарға тәлім – тәрбие беру, өмірдің мән – мағынасы туралы ой-толғаулар, жастықтың қайтадан келмейтіндігі жайлы болып келеді. Ұлы Абай:

 «Құлақтан кіріп, бойды алар,

 Жақсы ән  мен тәтті күй,

 Көңілге  түрлі ой салар,

 Әнді сүйсең, менше сүй», - дейді.

 Ұлтымыздың  бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға  дейін жазбасыз түрде дамып,  ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан – шәкіртке, өткеннен болашаққа жеткізіліп отырған. Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және ақындық көркемөнердің біртұтастығын көрсетеді. Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт-дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар – жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды. Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қылқобыз немесе домбыра арқылы орындалған. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық-тұрмыстық эпостар қатарында «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер-Тарғын Қамбар», «Қыз-Жібек», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Еңлік және Кебек» жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологиялық түрде жеткізеді. Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. [12]. Екі дәстүрдің – эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие –Қорқыт есімімен (бірінші жырау және шамаң «күй атасы» және қыл-қобызды жасаушы алғашқы шаман есімімен) байланысты. Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра-қобыздық күйлер – «Қорқыт», «Желмая», «Тарғыл тана», «Елімай», «Ұшардың ұлуы» сияқты және т. Б. Шығармалар қалдырды. Олардың бір бөлігі дыбысты беру сипатымен ерекшеленді және табиғаттың табиғи дауыстарын, өмір, өлім, тұрмыс туралы философиялық ойларды берген.

Информация о работе Әуездік репертуардың жіктелуі, негізгі қағидалары