Әншілік өнерге алғаш қадам
Курсовая работа, 28 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.
- студенттердің вокалды – педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.
- вокалдық – музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.
Содержание
І КІРІСПЕ ………………………………………………………....................... 3
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Әншілік өнерге алғаш қадам......................................................................... 5
2.2 Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі........................................................ 9
2.3 Артикуляция, қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау. Тыныс алу техникасын одан әрі жетілдіру.............................................................................
13
2.4 Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға дағдылану..................................................................
15
2.5 Шығарманың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру.............................................
18
2.6 Вокализ – cтудент дауыс диапазонына байланысты В.Зейдлердің және Абтың вокализдік шығармалары........................................................................
21
ІІІ Қорытынды ……………………………………………………………… 23
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………...... 25
Прикрепленные файлы: 1 файл
«ӘН АЙТУДАҒЫ РЕЗОНАТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ».docx
— 67.87 Кб (Скачать документ)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ӘН АЙТУДАҒЫ РЕЗОНАТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ»
Орындаған: Тұрсынбек
А.
ПИК 11-1к тобының студенті
Қабылдаған: Ағабекова
С.С.
Мазмұны
І КІРІСПЕ ………………………………………………………......... |
3 |
ІІ Негізгі бөлім |
|
2.1 Әншілік өнерге алғаш қадам......................... |
5 |
2.2 Ән айтуда дауысты дыбыстардың
ролі.......................... |
9 |
2.3 Артикуляция, қатаң және жұмсақ дыбыстарды
атакалау. Тыныс алу техникасын одан әрі
жетілдіру..................... |
13 |
2.4 Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық
мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға
дағдылану..................... |
15 |
2.5 Шығарманың жанрлық және
стильдік ерекшеліктерін ескере отырып,
көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру..................... |
18 |
2.6 Вокализ – cтудент дауыс
диапазонына байланысты В.Зейдлердің
және Абтың вокализдік шығармалары................... |
21 |
ІІІ Қорытынды ……………………………………………………………… |
23 |
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………...... |
25 |
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік статусын алуы қоғам өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен өзгерістер әкелумен қатар, ғылым мен білім беру саласына жаңа талаптар кояды.
Жас жеткіншектерді биік өнер шыңына терең талғампаздыққа ұмтылуы - эстетикалық тәрбие берудің, тұлғаны жан-жақты, кеңпейілдікке, кішіпейілдікке, мейірімділікке, имандылыққа, инабаттылыққа талпынтудың негізгі нысанасы деп түсінген жөн. Әлбетте, адамның өнерге деген ұмтылысы сана-сезімімен, көркемдік тұрғыда түйсінуі мен талғампаздығы арқылы байқалады.
Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды.
Жалпы адамзат дамуының заңдылықтарына көз жіберсек, жеке тұлғаның рухани дамуына өнер мен мәдениеттің әсері туралы мағлұматтар ерте кезден бастау алады. Бұл жөнінде ұлы ғұламалар (Әл-Фараби, Дәуріш Әли, Ибн Сина т.б) музыка өнерінің теориялык және тәжірибелік негіздерін дамытуда маңызы зор ғылыми еңбектер, тұжырымдар қалдырды.
Халыққа білім беру жүйесінің үнемі дамып, оқу және тәрбие жұмыстарының жақсы жолға қойылып, уақыт талабына сай дамуына қазіргі кезде еңгізіліп отырған мектеп реформасының маңызы зор.
Музыка сабағы үшін ең бір әдемі кең тараған музыкалық тәрбиенің түрі. Студенттер ән айтуды үйренеді, жан тәнімен беріле орындайды, мұның өзі олардың ішкі сезімдерін сыртка шығара білуге, музыканы терең түсіне білуге жол ашады.
Әсіресе студенттердің ән айту қабілетіндегі жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың дауыстарын сақтауға жэне ең жаксы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге мїмкіндік туғызады. Бұл мәселелер И.И.Левидовпен, А.А.Сергеевпен, И.Малининамен, Н.Д.Орловпен, Н.Н.Добровольскаямен, Т.Н.Овчиниковамен жэне басқалармен зерттеліп, бірнеше рет қарастырылған.
Зерттеу жұмысының мақсаты - студенттер дауыстарына деген көбірек қамқорлық көрсету және олардың дауыс ережелерін қатаң сақтауына үнемі көңіл бөліп отыру.
Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы студенттердің дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.
студенттердің вокалды – педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.
вокалдық – музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.
Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, тарихи әдебиеттерді зерделеу, бақылау, әңгіме, озық педагогикалық тәжрибе, мектеп құжаттарын зерделеу.
Кез-келген әдет - ғұрыпты белгілі музыкалық мақаммен атқару ежелден келе жатқан мәдени құбылыс. Мақам бір үлгіде түрленіп қайталана береді. Мұны ғылым тілінде варианттылық немесе вариациялық деп атайды.
Кейде музыкалық мақамда өзара жақын орналасқан дыбыстардың күрделі байланыстарымен арақатынастары (хроматизм) да кезедсіп отырады. Бірақ мақамның ауқымы кең емес. Негізгі басқыштан бесінші басқышқа (примадан квинтаға) дейінгі аралықпен шектеледі. Мұның бәрі ладтық ерекшелікті құрайды.
Кәсіби маман дайындау барысында, студенттердің вокалдық өнер саласында алған білімдерін, дағдыларын мектептегі музыкалық сабақтармен түрлі көркем - өнерпаздық жұмыстарға дарыта білуінің құндылығын ескерсек, пәннің өте қажет екендігі айқындалады.
Жоғарғы оқу білім беру кешеніндегі оқу мақсатынан туындайтын аталған пәннің негізгі міндеті академиялық ән салу мәнерін қалыптастыратын вокалдық-педагогикалық біліммен қаруландыру және осы кәсіби ән салу қағидаларын алған білімдерін оның әдістемелік принциптерін бала дауысымен жұмыс барысында пайдалана алу.
Халқымыз өзінің сан
қырлы әншілік дәстүрін ғасырлар
қойнауынан аялап-сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізді. Әр аймақтың, әр өлкенің
өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері,
композиторлары, суырып салма ақындары
өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың
музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына,
шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп,
қалдырып отырды. Олар шәкірттерін
әр шығарманың өзіндік ерекшелігін
тыңдаушының сезімінің пернесін
дәл басқандай етіп жеткізе
білуге, орындау мәдениеттілігі
мен дауысты жоғарғы шеберлігіне
үйретеді.
Ән айту өнері бұрыннан
келе жатқан өнер. Қазіргі уақыттарда
зерттеу жұмыстары вокалдық педагогиканың
өкілдері тарапынан да көптеп
саналады. Көптеген зерттеушілер
дұрыс ән айтуды тәрбиелеу
олардың дауыстарын сақтау болып
саналады дейді. Ал Т.Н.Овчинникова
әртүрлі жастағы балалардың ән
айту ерекшеліктерін зерттей
келе, дұрыс ән айтуды – олардың
табиғи дауыстарын сақтап, әрбір
оқушының әншілік дауыстарын
дамытуда қамтамасыз етеді деп
көрсетеді.
2.1 ӘНШІЛІК ӨНЕРГЕ АЛҒАШ ҚАДАМ