Мектеп дейінгі мекемедегі музыкалық тәрбие әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 11:24, реферат

Краткое описание

Л.С. Выготскийдің айтуынша, тұтастай алғанда тәрбие, атап айтқанда, оқыту ісі дамытудан «озық» жүріп отыруы, сөйтіп, оны соңынан ілестіріп отыруы тиіс. Музыкалық дамыту тәрбие мен оқыту процесіне байланысты. Даму дәрежесі балалардың музыка сабақтарындағы мінез-құлқымен, дербес ісіндегі творчестволық көріністермен айқындалады. Егер бала өз талабымен құмарта ән салып, билеп, музыкамен әуестеніп, бұларды мәнерлі де дұрыс істесе, онда оның музыкалық дамуының жеткілікті дәрежеде жоғары екендігі туралы айтуға болады.

Содержание

1 Музыкалық тәрбие және даму
2 Музыкалық тәрбиенің міндеттері
3 Музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды көңіл-күйін дамыту

Прикрепленные файлы: 1 файл

Музыкалық тәрбие.docx

— 30.29 Кб (Скачать документ)

1. Музыкалық шығармалардың  сипатын сезіну: сабақтарымда музыканы  сөзбен ғана сипаттамай бояумен, суреттермен, қимылмен т.б. балаларға  түсінікте етіп сипаттаймын. Арттерапия, музыка терапияны қолданамын. 2. Баланың  тыңдай білу қабілетін арттыру; өз сабақтарымда жарқын және  түсінікті музыканың қолдануды  жөн деп ойлаймын.

2. Балаларды музыкалық  фразаларды тыңдауды, түсінуді үйретемін. Өлеңнің бастамасы, қайырмасы деген  ұғымдарды түсіндіремін, қарапайым  аспаптардың дыбыстарын тыңдатып  тембрінен ажыратуды үйретемін.   

3. Музыканы тыңдай отырып  әнді, көркем кейіпкерді, биді көз  алдына елестете алу: тыңдалған  шығармада немесе ән айту барысында  үркек қоянға, маршпен жүрген  сарбазға, маң-маң басқан аюға  еліктеу және оны өзінше сипттау.

Музыка баланың ішкі жан дүниесіне, сезіміне тікелей әсерін тигізеді. Музыканың адамға деген ықпалы кейде үгіттеуден, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Өзімнің сабақтарымда балаларды мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып олардың ішіндегі сан түрлі сезімдерін оятуға, музыкаға әсерлену қабілетін дамытамын. Музыкалардағы шығармаларды сипаттау кезінде балалардың сан түрлі ой қиялын, ойынан шыққан суреттемелерін барынша демеп қолдап отырамын. Өзімнің әр сабағымда музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды мінез-құлқынын тұрақтануына және сабағымның әр бөлімінде ойын болсын, би болсын баланың көңіл-күйінің көтеріңкі, жағымды болуына көп көңіл бөлемін. Баланың балабақшада шығармашылық тұрғыда қалыптасуы, дамуы бір күндік жұмыс емес, баланың сәбилік жасынан, мектеп жасына дейінгі уақытта жылдар бойы жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс және осындай жүйелі жұмыстың арқасында ғана мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық эстетикалық тұрғыда қалыптасуы мүмкін деп ойлаймын. Өзімнің баяндамамды Мұхтар Әуезовтің: «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі»  деген сөзімен қорытындылаймын.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Музыка әлемі» №4 (12) 2005, №6 (9) 2007.

2. Музыкалық әдістеме 5-сынып бойынша, 1997, Атамұра баспасы.

3. Ән-күй сапары А.Қ. Жұбанов. Алматы 1976.

4. Музыка. А. Жайымов, Б. Ысқақов, Ж. Еңсепов, Ж. Сәрсенбенов.

Алматы. Атамұра. 2000. 5-сынып.

5. Р.Қ. Дүйсембинова «Музыкалық білім беру педогогикасы».- Талдықорған, 2006 ж.

6. Таубалдиева.Ж.Ш «Мектептегі музыкаға тәрбиелеу әдістемесі».- Алматы, 2002 ж.

7. Мектептегі «Музыка» пәнінің оқушыларына арналған методикалық нұсқау. А.Байментаева.- Алматы, 1985 ж.

8. Ғизатов.Б «Мектептегі музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, музыка тыңдау». Методикалық көмекші құрал.- Алматы, 1962 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыкалық тәрбие - тұлғаны қоғамның музыкалық мәдениетіне қатыстыру процесі. Мақсаты - музыкалық тәжірибені (жасау, орындау, қабылдау, музыкалық шығарманы анализдеу) жас ұрпаққа жеткізу. Музыкалық тәрбие дегеніміз индивидке мақсатты түрде педагогикалық әсер ету, ол тұлғаның жалпы үйлесімді дамуының ізгіліктік-эстетикалық сезімінің, идеалдарының, музыкалық талғамы мен талаптарының қалыптасуының бір құралы ретінде қаралады.

Музыкалық тәрбие мазмұны, формасы және әдістері қоғамда танылған әлеуметтік, философиялық, жалпы педагогикалық ұстанымдарға, музыкалық мәдениеттің қалыптасқан типіне, адамды қоршаған музыкалық әрекет түрлері мен «дыбыстық ортаға» байланысты. Музыкалық тәрбие эстетикалық тәрбиенің ерекше саласы. Елеулі компоненті музыкалық қызметпен айналысуға қажет музыка тілін игеруге, музыкалық қабілеттерді дамытуға үйретегін музыкалық оқыту мен білім.[1]

 


Информация о работе Мектеп дейінгі мекемедегі музыкалық тәрбие әдістемесі