Хорда дирижерлау пәнінің теориялық негіздері
Доклад, 29 Октября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Музыка мұғалімдерін даярлау саласында колледжде музыкалық білім беру мамандығы бойынша оқытылатын пәндердің бірі- дирижерлау пәні. Оның мақсаты- болашақ мамандарға дирижерлау техникасын меңгерту, мектеп қабырғасында және балалар музыка мектептерінде оқушылар хорын ұйымдастыра білуге баулу.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Хоровое дир7 доклад.doc
— 46.50 Кб (Скачать документ)Хорда дирижерлау пәнінің теориялық негіздері
Музыка мұғалімдерін даярлау
саласында колледжде музыкалық
білім беру мамандығы бойынша
оқытылатын пәндердің бірі- дирижерлау
пәні. Оның мақсаты- болашақ мамандарға
дирижерлау техникасын
Дирижерлау пәнінің керегі қанша? Оның болашақ жұмыс істегенде қажеті жоқ екен деген қате пікір айтылып жүр. Бұл теріс ой, себебі музыка пәнінің мұғалімі колледжді бітіргеннен кейін жалпы білім беру мектептеріне, балалар музыка мектептеріне барғанда көптеген сабақтан тыс жұмыстарды атқаруға тура келеді, хор үйірмесі, түрлі мерекелік іс-шаралардың бәріне музыкант мұғалім араласып, басы-қасында болады. Көркемөнерпаздар байқауына дайындау вокалды топ, хор ұжымын ұйымдастыру кездерінде дирижерлық ету өте қажет.
Сонымен «Дирижерлау» қандай пән және неге үйретеді? Дирижерлау пәні күрделі де жан-жақты процесті қамтиды. Дирижер- хорды басқарушы, яғни музыкалық шығарманы дұрыс орындап шығатын үйірме жетекшісі. Ол өзінің жест қимылы арқылы, орындаушыға әсер етіп, сол арқылы шығарманың дұрыс орындалуын реттеп жүргізіп тұрады.
Хор жетекшісі орындаушыларға
батыл тік қарап, бет-пішіні ашық
мимикалық қозғалыстарды
Дирижер үш процестің (музыкалық
шығарманың композиторы, орындаушылар
және тыңдаушы-көрермен) арасындағы
шығармашылық байланыстың
Дирижер-ол актер, әрі орындалған
шығарманың режиссері деп
Дирижердың (орындайтын шығарманы
хорға үйретпес бұрын өзі
Дирижерлық өнер-өзіне тән
кәсіптік көркемдеуші
Дайындық жұмыстарына мынадай үш кезең кіреді:
- Орындалатын музыкалық образды жасауда істелетін жұмыстың сипаттама- конспектісін жасау;
- Образды жасауда дирижерлық жесті іріктеу және оны дауыспен, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен, қол қимылдарымен техникалық жағынан жетілдіру;
- Дайындық кезіндегі жұмыстарды қосып біріктіру;
Концертке шығудың мақсаты:
алдағы істелген жұмыстарды
Дирижерға қойылатын талаптар:
- музыкалық шығарманың нота текстін іштей естіп, көзбен не дауыспен, немесе аспаппен бірге әндете білуі керек.
- Шығарманың құрылысы, стилі, жанры, композитор туралы мағлұматы болуы;
- Музыканың көркемдік құралдары: екпін, саз, ырғақ, тембр, интонация, әуен, гармония, өлшем, фактурасының музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін талдай білуі;
- Аспапта хор партитурасын сауатты ойнай алуы;
- Дирижерлық техника негіздерін игере білуі (ауфтакт, дыбысты жиыру, тактілей білу дағдысы; т.б)
- Дыбыс жүргізу негіздерінің және шығарманың көркемдік мәнін ашудағы түрлі әдістерін игеруі;
- Кульминация кезеңіндегі дыбысты жасау, шығару жолдарын білуі;
- Дирижерлық психомоториялық шапшаңдық, жүйріктік, білезік және саусақ буындарының майда нақты, қысқа қозғалыстарын игеруі;
- Камертон аспабын пайдалануы;
- Хор ұжымымен вокалды-хор жаттығуларын жасатып, дауыстарын жаттықтыра білуі;
- Қате орындалған дыбыстарды талдап, дұрыс орындау жолдарын таба білуі;
- Дыбыс тазалығын талап ету және оны тегістей білу жолдарын игеруі;
- Дирижерлық аппарат қойылымының негізгі принцптерін білуі керек.
Сахнаға шығар алдындағы дирижерға өте қажетті қасиеттер:
- концерт алдында өзін-өзі дайындауы;
- көрермен толы залдың акустикалық ерекшелігін ескере отырып, орындаушыларды және тыңдаушылардың орындаушыларға деген қатынасын реттеу;
- психологиялық жағынан кез-келген тосын жағдайға дайын болу;
- концерттің өтуін ойша елестету;
- концерт кезінде өзін төзімділікпен ұстай білу, эмоционалды сезіммен беріле орындалуды көрсетуі;
Болашақ үлкен орындаушылар ұжымының жетекшісі ретінде, дирижер көптеген ұйымдастырушылық жұмыстардың әрбір элементін тереңінен ойластыруы керек.
Дирижерлық аппаратқа не жатады?
Дирижерлық аппарат қол, бас (бет және көз) дене (кеуде мен иық), аяқ бөлімдерін құрайды.
Қойылым- аппаратты оның табиғатынажәне белгілі бір эстетикалық талапқа сай сауатты түрде игере білуді қамтиды, бас, кеуде, аяқтың дұрыс қалыпта құрылуынан тұрады.
Хор жетекшісінің дұрыс тұру қалпы: тік, түзу тұру, иық кең ашылған, кеуде көтеріңкі, денені қыспай бос еркін, бірақ жинақы ұстау керек. Иықты өте жоғары көтеруге болмайды, ол арқа еттерінің қатаюына және иықтың шығып кетуіне сонымен бірге, дене бітімінің еріксіз, ыңғайсыз қалыпқа келіп түсуіне әкеліп соғады.
Дирижер хорды басқарып тұрғанда: денесі жан-жаққа шайқалып, бұлғаңдамауы керек. Бүкіл сыртқы болмысы эстетикалық жағынан көркем болуы тиіс.
Қол қойылымы: Қол дирижер аппараттың негізгі және өте маңызды бөлімі. Қол иық, білек және білезік буынан құралады. Дирижерлеу кезінде білезік буыны үлкен маңызды роль атқарады. Ол қолдың еріксіз үнемі қозғалыста болатын бөлігі. Ал иық пен білек, білезік буынымен белгілі бір байланыста болып, білезік буынының қимылы қажет еткен жағдайда көмекші ретінде қозғалыста болады. Қолдың бұл бөлімдерінің қозғалысының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалықты, білезік буынының өте ұзақ қимылдарына (мысалы: жеңіл стаккато ипаниссимо кезінде) иық пен білек буындарының қатысы өте қажет. Білезік буынының қойылымы-дирижерлау кезіндегі алақанның төмен қараған қалпы болып есептеледі. Бұл жағдайда ол салбыраған, қатып қалған, не төмен немесе артық көтеріңкі деңгейде болмауы керек. Үнемі алға бағытталған қалыпта болуы тиіс.
Білезік буынының бос
серпінді, еркін қозғалыстың
Жаттығуларды екі түрге бөлеміз:
- серпінді-созылмалы гимнастикалық жаттығулар
- метроритмикалық жаттығулар
Метроритмикалық жаттығулар, екі қолдың әртүрлі кординациялық қимылдармен метр мен ырғақ сезімдерін жетілдіре отырып, дәл, нақты жылдам қозғалыстарды игеруге бағытталады. Бұл жаттығуларды бастапқыда ұжыммен (групповое дирижирование) жүргізу ұсынылады. Алғашқы кезде оқытушының бақылауымен, үйде өз бетінше айна алдында немесе баспен жауырынды қабырғаға сүйеп тұру арқылы орындау қажет. Жаттығуларды сол қолдан бастаған жөн, себебі оң қол сол қолға қарағанда жақсы жетілген.
Олардың ұзақтығы 8-10 минуттан аспауы керек. Жаттығу жасау кезінде көзбен қабылдағаннан гөрі, буындардың еркін қозғалысын іштей сезіну- өте маңызды және жұмыс қызу түрде сезіммен жүргізілуі тиіс. Жаттығу түрлері «Дирижерлық аппаратты қоюда, қолдың кемшіліктерін жөндеуге көмектесетін жаттығулар» бөлімінде беріледі. Қатты заттың үстінде түрлі қолды босату жаттығуларын жасап жаттыққан соң, қолды ауада қоюға болады.
Қол қойылымының негізгі принцптері:
- қозғалыстың еркіндігі;
- қозғалыстың нақтылығы, дәлдігі;
- жест қозғалысының үнемділігі;
Бастың қалпы: дирижер иекті сәл көтеріңкі деңгейде, көзбен хорға қарап, бәрін көтере алатын ыңғайлы жағдайды таңдап, басты түзу, қыспай еркін бұра алатын қалыпта ұстауы керек.
Дирижерлық аппараттың дұрыс қойылуы және түрлі жаттығулар қолдың біртұтас серпінді, созылмалы қозғалысын, буындардың еркіндігін, бір-бірімен байланыстылығын жетілдіруді көздейді. Алғашқы сатыда бүкіл дирижерлық аппаратты дұрыс қою қажет, сосын дирижерлау техникасын жетілдіруге көшуге болады.